ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша


ҒТП-ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі



бет5/11
Дата18.06.2017
өлшемі2,41 Mb.
#19436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2.ҒТП-ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі

Экономикалық нәтижелік –бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарлды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеиіту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелік – бұл кәсіпорын ресурстарда босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.

Техникалық нәтижелік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелік – бұл халықты материалдық және мәдени – тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету және т. б.

Экономикалық катынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түпкі нәтижелері өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі жоғары технологиялы өнім көлемі - елдін экономикялық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.

Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.

Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету. Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізгі себебі шағын кәсіпорынның әдетте, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алмауында болып отыр.

Шағын кәсіпкерлікті ірі кәсіпорындармен біріктіру (коперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектілерінің негізхгі қызметіне қатыссыз қызметтер көрсету жөніндегі функцияларын шағын бизнес субъектілерінің бәсекелестік ортасына беру тетігін әзірлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді, оның ішінде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу, және шағын және ірі бизнестің франчайзингтік қатынастырының кең таралуы есебінен дамыту үшін жағдай жасау керек.

Қазақстандық өндірушілерге ғылыми әдістемелерді рыноктік тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі жетіпсейді, менеджмент, маректинг және талдау саласындағы жоғарғы білікті мамандар жеткіліксіз. Осыған байласты қазақстандық мамандарды жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдарға жіберу және отандық кадрлар даярлау үшін республикаға жоғары біліктішетел мамандарын тарту тәжірибеге енгізілетін болады.

Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзірлемелер мен қажетсіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әулет және оны пайдалану инновациялық қызметті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс. Зияткерлік меншікті пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен ғылыми-техникалық зерттеулерді дамытуды, оларды өнеркәсіпте іске асыруды, бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.

Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі және сыртқы инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке зерттеулерге негізделген өзіндік технологияларын белсенді жетілдіретін алдыңғы қатардағы елдерге тән. Технологиялардың трансферті стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулі елдерде де іске асырылады.

Сонымен, ғылыми-техникалық және қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:


  • Мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

  • Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандарымен әдістерін әзірлеу;

  • Инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;

  • Өнеркісіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру

  • Технологиялардың өркенитетті нарығы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының тренсфертін ынталандыру

  • Отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандартына өтуін жандандыру

  • Халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы – несие және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылуы тиіс.

«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Республикамыздың 2003-2015жж. Индустриалды-инновациялық дамуы Стратегиясының басты мақсаты да тұрақты өсім траекториясына шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу мақсатында өндіріс салаларын диверсификациялау көзделген. Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: əлемдегі өнеркəсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, əлемде жаһандану процесінің өріс алуы, Қазақстанның БСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркəсіпті бəсекелестікке дайындау қажеттілігі жəне бəсекеге қабілетті еңселі елу елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету. Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясаты 2010 жылға дейiнгi кезеңге арналған стратегиялық жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзудi қамтамасыз етуi, сондай-ақ одан кейiнгi жылдары қазақстандық экономиканың сервистiк-технологиялық бағыттылығын қалыптастыру негiздерiн құруы тиіс.
Саясаттың басты мақсаты шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс. Саясат мынадай қағидаттарға негiзделедi:

 жеке сектормен серiктестiк;

 инвестициялық және инновациялық ұсыныстардың өнеркәсiптің шикiзаттық емес салаларында өндiрiлетiн тауарлар мен қызметтердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыруға бағытталуы;
 өнеркәсiптi жаңғыртуға, оларға қолдау көрсету жөнiндегi рәсiмдердiң жариялылығы мен ашықтығына бағытталған жобаларды iске асыруға мемлекеттiк қаржылық және өзге қолдау көрсету;

 қосылған құн тiзбегiн дамытуды қамтамасыз ететiн салаларға мемлекеттiк қолдау көрсету шараларының кешендi сипаты;

 тең бәсекелестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету;

 қандай да болсын жеке сипаттағы жеңiлдiктерден және преференциялардан бас тарту;


 индустриялық саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы. Индустриалды-инновациялық саясат индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар болуы тиiс:

1.Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.

2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.

Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.


4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың жаңа материалдар мен химиялық технологиялар және ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.

  1. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.

  2. Индустриалдық - инновациялық саясатты iске асыру нәтижесi 2015 жылы мұнай және газ кен орындарын қарқынды игеру кезiнде өнеркәсiп өндiрiсi мен экономика құрылымының түбегейлi өзгеруiне әкелмейдi.

Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асыру:

 ЖIӨ құрылымындағы өнiмдердi шығарудың үлес салмағын 2015 жылы 46,5 %-тен 50-52 %-ке дейiн ұлғайту;

 ЖIӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлес салмағының қызметiн 2000 жылы 0,9 %-тен 2015 жылы 1,5-1,7 %-ке дейiн көтеру;
 ЖIӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiн 2000 жылы 13,3 %-тен 2015 жылы 12-12,6 %-ке төмендеуiнiң қарқынын баяулату (осы көрсеткiш салыстыру үшiн индустриялық саясатты жүргiзбесе 2015 жылы 10,9 %-тi құрайтын болады);
 Индустриалдық-инновациялық саясатты iске асырмаса, өнеркәсiп өндiрiсiндегi тау-кен салаларының қосылған құн үлесi 2015 жылы 55-56 %, оның ішiнде 2000 жылы 31,0 % және 25,6 % салыстырғанда мұнай өндiру - 50-51 % жетедi. Стратегияны iске асыруды ескере отырып, тау-кен өндiрiсi 45-47 % ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өндiрiстiң үлесi 2000 жылы ЖIӨ 0,1 %-тен 2015 жылы 1-1,4 %-кe дейiн өседi. Өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құн құрылымында сапалы өзгерiстер болады. Металлургия және металдарды өңдеу үлесi өңдеу өнеркәсiбiнiң қосылған құнының жалпы көлемiнен 40,1 %-тен 27-28%-кe дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң үлесi 38,1 %-тен 45-46 %-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды қажетсiнетiн және жоғары технологиялы өнiм 2000 жылғы 0,6 %-ке қарағанда 9-11 %-тi құрайды.
Бұл ретте күнкөрiстiң төменгi деңгейi, ең аз жалақы және зейнетақы өседi. Ел тұрғындарының нақты ақшалай табысы 2,1-2,4 есе ұлғаяды.
Индустриялық-инновациялық саясат Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.

Дәріс 9. Мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік және инвестициялық саясаттарын қалыптастыру мен жүзеге асыру механизмдері

Дәріс мазмұны
1. Инвестициялардың түрлері және атқаратын қызметі

2. ҚР-ның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру негіздері

3. Инвестициялық саясатты мемлекеттік құқықтық реттеу жолдары
1.Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметінің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік теңділікке толық жеткізілетін қызметін басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрлері. Капиталдың өз ішіндегі эк-ға ұзақ мерзім жұмсалуы. Инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялар б.б.

Нақты инвестициялар – капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б. жұмсалуы.

Қаржылық инвестициялар – мем-н басқа бір кәсіп-ң инв-лық қорларды, бағалы қағаздар мен инв-ды сатып алуға бағытталған.

Коммерциялық тәжірибелер мұндай инвестициялық түрлері бар:

1) Табиғи активтерге инвестиция

2) Ақша активтеріне инвестиция

3) Материалдық емес активтерге инвестиция.

1) Табиғи активтерге - өндірістік ғиматтар мен құрылымдар қызмет ету уақыты 1 жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабд-р және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

2) Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғ-н ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.

3) Фирма жұмыстарының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жасау тапқыштың потентер мен лицензиялар. Өнеркәсіп өнімдерінің куәлік алу, өнімге сертификат алу. Олар жерді қолдану құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.


2.Инвестициялық саясат маңызды 3(үш) бағытта жүргізіледі:

1) Мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы

2) Ішкі несие қорларымен жеке, заңды тұлғ-ң өзіндік қаражаттарын тиімді қолд-ды ынталандыру арқылы

3) Шетелдік инвестициялар тартумен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық-салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үлесімін қамтамасыз ету мемлекеттің инвес-қ қамтамасыз ету-мемлекеттің инвестициялық саясатын негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында ҚР-ның президенті бөлетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске, асыру қажеттілігіне ескеріледі қазіргі жағдайда, ҚР-ң үкіметінің құрылымдық саясаты келесідей желеледі дамытуға тиіс:

1. Дайын өнім шығару арқылы ғы-ты арттыратын салалар дамуына басымд. беру.

2. Ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және шен-ты алмастыру өнім өндірісін кеңейту

3. Негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық салалардың өндірістік аппаратын жаңарту

4. Халық қажеттіліктерін қанағаттандандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету

5. Экономикасыны аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру жәнеэкономикасыны тиімді басқару жүйесіне шетелдердің капиталын саналы тарту жатады. Өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі – шетел инвестицияларындағы тарту мен пайданың оңтайлы жолын табу болып табылады

Шетел инвестицияларын пайдалану ел экономиканың, халықаралық еңбек бөлінісінің жүйксіне қатсуымен және капиталдың кәсіпкерлік үшін бос салаларға құйылуымен анықталатын объективті қажеттілік болып табылады Қ-да басқа елдер сияқты шетел инвестицияларын келесі факторлар есебінен қарастырады:

1) экономикалық және техникалық өзгерісті жеделдету

2) өнеркәсіптік аппаратты жаңарту және жаңғырту

3) өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерін өңдеуі

4) нарықтық экономиканың талаптарына сай кадрлар дайындауды және жұмыспен қамтуды іске асыру.

Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекшс коңіл бөлу керек: біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсср етс алмайды, сондықтан бұл өзгерістерді мемлскет тарапынан реттеу қажет; екіншіден, өзгерістсрді инвестициялық процестермсн жәнс шаруашылық жүргізуші субъектілердің инпестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ ондірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай-ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгсрістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын корсеткіштер жүйссі мен дсңгейі кобінесс мсмлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мсн болашақтағы кезендерге белгіленген мақсаттарга қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік экономикалық саясат — макроэкономикалық, салық жәнс аймақтық дсңгейлердс құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі болып табылады.

Макроэкономикалық түрғыдан алғанда қүрылымдық саясатты қалыптастыру нсгізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар мәселелер жатады. Олар: қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері арасындағы, аралық және дайын өнім, өнсркәсіптсгі өндіріс құралдарының өндірісі ("Л" тобы), үлттық табыстағы тұтыну қоры мсн қор жинау, өндірістік және өндірістік емес күрдслі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шыпғын жұмсау арнларындағы қатынастар. Олардың негізінде тиімділікке қол жеткізу дсгеніміз - қоғамның табиғи-шикізат, материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларын қолдана отырып, халықтың материалдық жәнс мәдени қажсттіліктерін, жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету. Мұнда аталған мәселені шсшуді тездетудің, негізі әрдайым аз шығын жұмсап коп нәтижсге қол жсткізуге бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық моделі.

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына да әсер етеді. Өйткені мұнда өзгсрістсрді жүзегс асырудың маңызды тетігі - макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер етстін салалық басымдықтарды ғьлыми негіздеу болып табылады. Рсспубликамыздын, жағдайында салалық құрылымның тиімді жағдайын анықгау экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнсркосіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Болашақтағы салалық өзгерістерді нсгіздеуде ескерілетін маңызды фактор - жиынтық сүраныс құрылымы жайлы болжамды мәлімсттср. Олар ішкі қорлар мен импортты алмастыратып өндірісті ұйымдастыру сссбінен тиісті жиынтық үсыныс құрылымын қажст стсді. Әлемдік тәжірибс, басқа елдсрдсн алынатын ресурстар экономикалық егемеңдікті нығайтуға септігін тигізбсйтіндігін долелдеп отыр. Ал, егсрде мәселе азық-түлік онімдеріне деген сұранысты өтеу жонінде болса, онда импортқа бағытталу елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін айтарлықтай нашарлатады.


3. Бүгінгі күнде ҚР-ң инв. саясаты арнайы бекітілген нормативті жағдай белгіленеді: жалпы инвестициялық саясаты шаруашылық қызметті, заңдылықты, салықтық-валюталық, банктік заңдылықтарды реттейді. Қ-ғы мемлекеттік инв. жүйесін оңтайландыру мақсатымен инв. басқарудың заң шығаратын негізгі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешенін қабылдануда. Соның ішінде – «Шетел инвестициялар туралы ҚР заңы» (1991ж.).

- «Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі ереже» (1993ж.)

- «ҚР-ң шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы» ҚР-ң Президентінің жарлығы (1992ж.)

- «Инвестициялар бойынша ҚР-ң Мемлекеттік Комитетін құру жөніндегі ҚР-ң Президентінің жарлығы» (1996ж.)

- «ҚР-ғы инвестициялық қорлар туралы ҚР Заңы» (1997ж.)

- «Шетелдік инв. туралы ҚР-ң Заңы» (27 желтоқсан 1994 ж.)

- «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы ҚР-ң Заңы» (28 ақпан 1997 ж.)

- «Инвестиция туралы ҚР-ң Заңы» (8 қаңтар 2003ж.)

Инвестицияларды мемлекеттік қорғаудың мақсаты – экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы замнғы техникларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, жаңа жұмыс орындарын сақтауға сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инв-ды ынталандыру болып табылады Инв-ды мемлекеттік қолдау инвестициялық референциялар:

• инвестициялық-салықтық реф-р

• кеден баждарын салудан босату

• мемлекеттік заттай, гранттар

Инвестициялық реформалар:

1) көзделетін инвестициялық қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болған

2) осы заманғы технологиялар қолданыла отырып, ҚР-сы заңды тұлғасының тіркелген активтерінен жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұруларын кеңейту және жаңарту үшін инвестициялар жүзеге асырылған

3) инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық қаржылық , техникалық және ұйымдастырушылық мүмк-ң болуын растайтын қажетті құжаттар табысы берілген жағд-да беріледі.


СӨЖ: ҚР-ң инвестициясының құрылымы және динамикасы


10. Дәріс. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Дәріс мазмұны
1. Агроөнеркәсіп кешенің экономикасын мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру алғышарттары

2. Аграрлық сектордың мемлекеттік реттеуінің негізгі қағидалары

3. Аграрлық секторға мемлекеттік қолдау көрсету механизмі
1. Аграрлық сектор – мемлекеттік реттеуді аса қажетті реттеу, нарық жағдайында мемлекетті реттеу экономиканың мүмкін коньюктуралық құлдырауына көтерілуіне мемлекеттік түзету енгізіп отыратын делдал ретінде жүргізіледі. Баға белгілеудің мемлекеттік реттеу міндетті бағаға инфляцияның жоғарғы деңгейі болдырмауы керек. Ауыл шаруа-ғы өндірушілерінің қажетті табыстылығын қамтамасыз етуге болып отыр. Мемлекеттiк баға реттеудiң басты объектiсi ауыл шаруашылық өндiрiсi болып табылатынын бүкiл дүнижүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндiрiсiнiң бiрқатар ерекшелiктерiн бөлiп көрсетедi. Бiрiншiден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелдiлiк фермердiң және аграрлы сектор субъектiсiнiң табиғи-климаттық фактордың қолайсыз жағдайға да табыс пен пайда табуын объективтi және өзектi проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнiмдерiне бағаны мемлекеттiк реттеуi және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерiнiң еңбегiн ынталандыру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнiмге баға деңгейiн анықтау “шығын қосылған табыс” қағидасы қолданылады. Демек, фермер әр түрлi шығындар кезiнде немесе өндiрiске әсер ететiн табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткiзе алады. Әлеуметтiк бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерiнiң тұрақтылығы, олардың шеберлiгi өседi және де ұйымдастыру мен өндiрiстiк технологияның сабақтастығы қамтамасыз етiледi.

Екiншiден, тұрғындардың тамақ өнiмдерiне қажеттiлiгiн уақытында қамтамасыз етiлуiнде (сондай-ақ өндiрiс тауарларына) ауыл шаруашылық өнiмдерiн табиғи өңделген түрлерiне негiзгi көңiл бөлiнедi. Әлеуметтiк түрдегi мiндеттердi шешуде және тұрғындардың өмiрiн қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнiмдерiне баға құру процесiнде негiзгi мемлекеттiк басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объективтi араласу әр түрлi басымды механизмдерде әкiмшiлiк, экономикалық, тiкелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады.Олар көбiнесе әр елдiң әлеуметтiк –шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшелiктерiне байланысты.

Үшiншiден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттiң қолдауына мұқтаж, әсiресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету бағыты мен нақты инновациялық – инвестициялық шараларды iске асыруда. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттiк дотацияның үлес салмағы төрттен бiрге жетедi, ал Еуропалық экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердiң барлық табыстарының төрттен үшiн құрайды. Канадада бүл көрсеткiш деңгейi шамамен 40 % жетедi. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру механизмiн жеке, кәсiпкерлiк және жалпы мемлекеттiк мүдделерiн байланыстыруда қолданады.

ЕЭО елдерiнде ауыл шаруашылығы министрлерiнiң Кеңесiнiң шешiмiмен сала өнiмдерiнiң бағасы 95 % дейiн реттеледi және бұл жерде назар аударарлық нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейi базар деңгейiнiң бағасының өзгеру деңгейiне байланысты негiзделедi. Негiзгi ауыл шаруашылығы өнiмдерiне (ет,сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады. Баға құру басылымдық болған жағдайда “сиқырлы төртбұрышта” (тұрақты өсу қарқыны, жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың мiндетi кеңейедi. Қытай Компартиясы бесжылдық экономикалық реформалардың қорытындысын жасай отырып және көрсетiлген төртбұрыштың нақты “бұрыштары” басымдылықтарын анықтай отырып, өздерiнiң шешiмдерiне (қазан 1984 ж.) “бүкiл экономикалық жүйелердегi реформа баға жүйесiн реформалауға байланысты”, деп ерекше көңiл аударған. Бұл шешiмдердiң нәтижесiн жүзеге асыруда екi жылдың iшiнде бағаның төрт түрi құралды “ бiрыңғай жоспарлы баға, шартты баға, еркiн нарық бағасы “жүзетiн ” жоспарлы баға”. “Жүзетiн” және нарық бағасының жұмыс iстеу аясының кеңеюi тауарлар номенклатурасының қысқаруымен, бiрыңғай жоспарлы бағамен “қызмет ету” бағытын алған. Бұл толығынан ауыл шаруашылық өнiмдер бағасына қатысты, яғни жоспарланған түрде белгiленген сатып алу бағасын қабылдамау өзара шартты (жоспарлы мемлекеттiк сатып алу үшiн ) және нарықты (сатып алу өзара шарттың үстiнен ) бағаны қабаттас енгiзу. Ауыл шаруашылық қызметкерлерiнiң өндiрiс қызметтерiн ынталандыруда еркiн баға үлкен рөл атқарады.

Дамыған елдердiң шаруашылық тәжiрибесi көрсеткендей, iшкi нарықтағы тауар өндiрушiлердiң ықыласын қорғауда және сыртқы экономикалық қатынастардың тиiмдiлiгiн арттыруда лицензиялық, кедендiк кiрiстер және тарифтiк реттеу механизмдерiн қолдану әр елдiң геосаясатының, табиғи – тарихтық, табиғи-экономикалық және әлеуметтiк –мәдени ерекшелiктерiне байланысты. Сонымен қатар әлемдiк нарық пен әлем шаруашылық интеграциясына кiру ықыласы ескерiледi.

Мемлекеттің ауыл шаруашылығы экономикасына араласуы нарықтық қатынастар дамуымен анықтайды. Директивті түрде бағаны орнату сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдік заңын мойындалады. Бағаны мемлекеттік реттеудің жалпы құн қағидаларын пайдалана отырып, құрған яғни бағдарламалық тұрақтандыру және төмендету.

Республикамыздың агроонеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жолдауында Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Ауыл дегеніміз - сайып келгенде, халықтың тұр-мыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғүрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді", -деп атап көрсетті. ("Егемен Қазақстан" газеті, 30 сәуір, 2002 ж.) Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірдсн-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көшу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" ескерілмеді: - эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге даиын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды.

Жоғарыда жүргізілген талдау мәліметтері көрсеткендей, Қазақстан ауыл шаруашылығының "құлдырауына" не себеп болды?



Біріншіден,жекешелендірілген ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүшелерінің негізгі бөлігінің өз бетімен шаруашылық жүргізуге дайын болмауы, нарық жағдайына өтуге ауыл шаруашылық жұмысшыларының психологиялық дайындықсыздығы, еңбекті ұйымдастырудың ұжымдық формасына дағдыланғандықтан өз шаруашылығын ұйымдастыру тәжрибесінің жеткіліксіздігі.

Екіншіден, іс жүзінде жекешелендіру формальды түрде, яғни тек сыртқы көрінісін, түрін өзгертумен шектелді, оның түрлері мен әдістері біржақты сипат алды. Алғашқы кезеңде жеке шаруашылық жүргізу үшін жағдайлар жасалмастан негізінен ірі кәсіпорындарды ұсақ және шағын кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына бөлшектеу қалыптасқан өндіріс процесінің бұзылуына, ішкі және сыртқы байланыстарының үзі-луіне алып келді. Оның үстіне, ауыл шаруашылығында айналым заттарының қоры болмауы мен баға қайшылығынан жағдай қиындай түсті.

Үшіншіден, жекешелендіру бағдарламасы тұтастай аграрлық саясат пен экономиканы тұрақтандыру шараларымен нығайтылмады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дамуын мемлекеттік қолдау деңгейі анықталмады. Жекешелендірумен Мемлекеттік мүлік комитеті жеткілікті мөлшерде негізделген экономикалық есептеусіз айналысты. Аграрлық кәсіпорындар деңгейінде жекешелендіру жұмыстарының жағымсыз зардаптарын болдырмау шаралары жасалынбады және өндірістік бөлімшелердің қызмет көрсетуші, қосалқы, көмекші көсіпорындармен өзара қарым-қатынас механизмі дайын-далмады.

Төртіншіден, АӨК-тің өндеуші кәсіпорындарын жекешелендіру де жеткілікті экономикалық негіздеусіз жүргізілді, нәтижесінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің өніміне төменгі сатып алу бағалары және өз өнімдеріне жоғары өткізу бағалары монопольды жағдайда белгіленді. Бұл ауыл тауар өндірушілерін әділетсіз, ауыр жағдайларға душар етті. Бұл жерде ұтымды тәжірибе ретінде, кезінде Алматы темекі фабрикасын басқаруға алған американдық "Филипп Морис" компаниясының қызметін атауға болады. Компания темекі өсіруші шаруашылықтармен фючерстік келісім-шарттар жасап, күзде алынатын өнім есебінен олардың көктемгі жұмыстарын қаржыландыру шараларын жүргізді, темекі түқымымен, тыңайтқыштармен, басқа да заттармен қамтамасыз ете білді. Сатып алынған өнімнің ақысын уақыт өткізбей төлеп отырды. Соның салдарынан темскі дақылының түсімі 2000 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге өсті.

Жоғарыда айтылғандарды және аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжрибесін ескере отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:



  • аграрлық сектордың өндірістік-әлеуметтік ерекшелігіне қарай онда нарықтық механизмді ешқандай шектеусіз және түзету енгізусіз "таза күйінде" пайдалану өндірістік потенциалды қолдану тиімділігінің төмендеуін және әлеуметтік мәселелердің шиеленісуін тудырады;

  • меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлері мен әдістерін өзгерту процесі бәсекелес нарықтық орта құрудың алғы шарты ретінде мемлекеттің бағыттауы мен қолдауы нәтижесінде біртіндеп дамуы тиіс; сондықтан көпукладтылық, ұсақ тауарлы жеке және ірі өндірістің (ерікті кооперация негізінде) үйлесуі ұзақ мерзімге сақталады;

- аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің
бастапқы алаңы" рстінде нарықтың дамуы үшін
рсттсу мсн қолдаудың ерекше мемлсксттік саясаты енгізілетін экономиканың бірінші саласы болуы қажст; оның мәні-әкімшілік емес, экономикалық құралдарды (баға, салық, несис,т.б.) өзара байланысқан жүйе ретіндс пайдалану болып табылады.

Ең алдымен экономикалық рсттеудс жер реформасы - мемлекет деңгейіндегі үлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік төжірибеде жерге шексіз жеке мсншіктік құқығын бермей, мемлекет және қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар. Мүндай құқықты беру - иқсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын құрал. Ауыл тұрғандарын көбірек толғандыратын мәселе жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түсксн нотижеге иелік ету қүқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бүрынғы тәжірибені, яғни алдымен ауылдың бар онімін, пайдасын алып қойып, соңынан дотация, қарыздарын отеу түрінде біртіндел қайтарудан арылу мүмкіндігін беру қажет болды.

Ауыл еңбеккерінің жсрді сенімді пайдалануы үшін республикамыздың Ата заңына сойкес жерді үзақ мсрзімге жалға, нсмесс омірлік мүрагерлікке беру оте тиімді екенін баса айту керск. Сондықтан жер туралы заңда бүл процссті аягына дейін жеткізу моселесін қарастыру оте маңызды іс екені белгілі.

Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары:



а) ауыл шаруашылыгында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің багасын апықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу;

б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, оның ішінде жердің қүнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әу баста жіберіп алған баға қайшылыгы құн заңын сақтамаудың, ал нақтырақ айтқанда, ерікті бага белгілеудің қагидасын дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болганын өмір корсетіп отыр. Ауыл шаруашылық онімінің бағасын реттеу жүйесі түтынушылардың да, ондірушілердің де мүдделерін қорғауы керек. Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп , кешенінің 2-саласында баға құрылу процесі барынша срікті болғаны тиімді.

2. Аграрлық сектордың негізгі қағидалары



  1. Аграрлық протекционизм 2 аспектісі

1) а) ішкі экономикалық аспект

б) Ауыл шаруашылығының басқа салаларымен өзара қатынасын қамтиды.

Оларға өнд-ң жоғарлауының агроөнеркәсіптік кешенін 3 саласының салыстырмалы дамуы және себептерді таңдау мүмкіндігін болмауы. Ауыл шаруашылығы қорғау қажеттгін талап етеді.

2) Сыртқы экономикалық аспект.

Ауыл шаруашылығы салаларының экспорты мен импортына қатысты болады. Дағдарыс кезінде тіпті жоғарғы сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелден сатып алу отандық ауыл шаруашылығы салаларын өндірушілердің қаржылық жағд-на қосымша жағымсыз әрекет етеді.


  1. Экономикалық және әлеуметтік мақс-ды үйлестіру. Мемлекеттік реттеу шараларымен экономикалық реттеуді шешуде ғана бағытталып қоймай ауыл шаруашылығы әлеуметтік психологиялық және ұлттық ерекшеліктерін назарға алуы к-к.

  2. Бағдарламалық реттеу.

Ауыл шаруашылығымен оған қатысты салаларды реттеу жүйесінің маңызды элементі мемлекеттік бағдарлама болып табылады Мемлекеттік бағдарлама агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды жалпы ұлттық міндеттемелеріне қол жеткізуге бағытталған. Мемлекеттің өзара байланысқан шараларымен істеу жүйесін көрсетеді.

11. Дәріс. Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру

Дәріс мазмұны

1. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні.

2. Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшелігі.

3. Бәсекелік орта, оның түсінігі және негізгі көрсеткіштері.
1. Монополияға қарсы реттеу-нарықтық бәсекелестіктің дамуы және монополиялық қызметтішектеу үшін жағд. қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын экономикалық-әкімшілік актілердің кешені.

Монополияға қарсы реттеу таза монополия санасында бағаланған саясатты қосады. Сонымен қатар монополияға қарсы реттеу бұл заңдылық фактілерін және нақты құқықтық нормалар негізінде заңды ісі бойынша жеке шешімдерді дайындау және қабылдау бойынша монополияға қарсы органның біліктілік қызметі.


Монополияның негізгі түрлері


Жабық

Ашық

Таза

Басқа бәсекелестерден заңды қорғалуға ие монополия

Нарықта қандай-да бір өнімді жалғыз сатушы болып табылатын, бірақ бәсекелестерімен нақты қорғалуға ие емес монополия

Монополия ұзақ мерзімді ұстанымда минималды тек қана фирма бүкіл нарықта қамтамасыздандырған


Таза монополия – нарық тауарлардың жағдайын көрсете алады. Таза монополия саласында тұтынушылар мен таза монополия субъектілерін қосатын құқықтық қатынасқа қатысушылардың ерекше субъективті құрамы әрекет етеді.

Тұтынушыларға таза монополия субъектілерімен өндірілетін тауарды және заңды тұлғалар жатады. Таза монополияның субъектісі бұл таза монополия жағд-да тұтынушыларға жұмыс және қызмет көрсетуді ұсынатын, тауар өндірумен айналысатын заңды тұлға және жеке кәсіпкер болып табылады

Кәсіпорын монополиялары мен басқарудың әкімшілік жүйесінің механизмдері мен өзара әрекетінің схемасы.


Экономикалық әдіс Салааралық әдіс Институционалды әдіс

салықтық-бюджеттік, инв-лық және тарифтік саясаттары- Ұйыждастырушылық-құрылымдық

ның тиімділігі ішкі жүйе және т.б. институтционалды

механ. тиімділігі


Кәсіпорын, монополия Экономика «мемлекет-субъект- Трансакционерлік ұста-

қызм. тиімділігі монополист» ішкі жүйе нымдардың тиімділігі

тиімділігі


Баға жасау және өнім стратегиясы Ішкі фирманың менеджменті


- макродеңгейі

- тура өзара байланыс.

- ақпараттық өзара байланысы.


Таза монополия субъектінің қызметтеріне мемлекеттік реттеу «Таза монополия туралы Қазақстан Республикасының Заңына» сәйкес жүргізіледі:

  • тарифті баға алу ставкаларды бекіту.

  • тарифтік сметаны бекітумен.

  • уақытша төмендетілетін коеффициентті орнату.

  • шығындардың қалыптасуының ерекше тәртібімен.

Монополияның қоғамға тиімді әсері қалай сыртқы болса солай ішкі факторларының оптималды сәйкес келген негізінде мүмкін.

Компания қызметін ретту тікелей монополия салалар нарығында ерекшеленетін 2 модельге сәйкес жүргізе алады. Оның:

1) табыс формаларын реттеу

2) тарифтеу


2. ҚР-дағы монополияға қарсы заңдар қалыптасу жолдарында біздің мем-дегі монополияға қарсы заңдар жүйесіне кіретіндер:

1) 1995 ж. 30 тамыз айындағы ҚР конститутция

2) 2001 ж. 30 қаңтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі

3) 2001 ж. 19 қаңтар «Монополиялық қызметтік шектеу және бәсекелестік туралы ҚР заңы»

4) 1998 ж. 9 шілде «Таза монополия туралы ҚР заңы»

5) 1998 ж. 9 маусым «Жағымсыз бәсеке туралы ҚР заңы»

6) ҚР-ның Президентінің жарлықтары

7) ҚР-ның Үкіметінің үкімдері ведомветааралық сипаттағы нормативтік құжаттар.




ҚР монополияға қарсы заңдылықтары, әрине, басқа елдердің заңдылықтарынан ерекшеленеді. Батыс Европада монополияға қарсы заңдар негізінен бәсекелестікті қолдау бойынша міндеттерді шешеді.

ТМД-ның басқа да елдердегі сияқты Қ-да монополияға қарсы органдар бәсекелестіктің дамуы және таза монополия субъектілерін белгілеу үшін жағдай жасау бойынша міндеттерді шешеді. Монополияға қарсы заңдылықтар өзіне материалдық және процесуалды құқық нормалары қосады. Материалдық нормалары құқықтық қатынасқа қатысушылардың олардың мазмұнды жағын анықтау арқылы құқықтары мен міндеттерін шешеді. Процесуалдық құқық нормалары б-са мемлекеттік биліктің өкілеттік органдарының және басқаруды материалдық-құқықтық нормалары реттеу бойынша нарық субъектілерін жекеше құқықтық қатынастары субъектілердің құқыққа қарсы әрекеттерін шектеу қиылысу және ескерту мақсатындағы монополияға қарсы ұғым-ң шешімі.

ҚР-дағы монополияға қарсы заңдылықтың актілері экономиканың әртүрлі салаларындағы қатынастарды реттейді. Мысалы, таза монополия саласында, бәсекелестік саласында және мемлекеттік монополия.

Нарықты монополизациялау мүмкіндігін шектейтін әкімшілік- экономикалық санкциялау жоғарғы баға жасау

моноплияға қарсы күресу үшін 3 жағдайда қолданылады:

1) нарыққа кіру үшін кедергілерді төмендету

2) монополист – кәсіпорын түрлендіру бұл егер к.о. жеке зауыттардан тұрса немесе тігінен бөлену нарыққа жаңалардың кіруі үшін жағдай жасаса

3) бағаны реттеу немесе бақылау.


СӨЖ: ҚР-ң монополияға қарсы реттеудің ерекшелігі. «Тұрақты даму», «Класстерлік саясат»



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет