Оқу-әдістемелік кешен «Жаратылыстану ғылыми пәндер негіздері»


Баға қою саясаты. Студенттердің білімін бағалау – тапсырмаларды орындау және есепке алу



бет2/6
Дата08.06.2018
өлшемі0,55 Mb.
#41650
1   2   3   4   5   6
Баға қою саясаты. Студенттердің білімін бағалау – тапсырмаларды орындау және есепке алу
арнайы шкала бойынша қойылады. Барлық тапсырмалар уақытында орындалуы тиіс. Берілген талаптарды орындаған студент сессияға жіберіледі.
Рейтинг шкала

№ р/н

Көрсеткіштер

Саны

Ұпай саны

Ұпайлар

1
Лекцияға қатысу

15

1

15

2

Зертханалық сабақтарға қатысу, тапсыру, орындау

15

4

60

3

Тапсымаларды орындау және тапсыру:

СОӨЖ


СӨЖ

14

12



4

4



56

48






Барлығы:







179

Студенттің білімін бағалау.

Білімді бағалау шкаласы.


Баға

Орташа ұпай

Проценті (%)

Баға мазмұны

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Аттестация 1-30 балл

} – 60 балл (60 %)

Аттестация 2-30 балл
АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАҒАНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-30 БАЛЛ)


Аттестация

0-14

15-22

23-26

27-30

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы

ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-40 БАЛЛ) Емтихан – 40 балл (40 %)




Балл

0-19

20-29

30-36

37-40

Баға

қанағаттанарлықсыз

қанағаттанарлық

жақсы

өте жақсы


Студенттің білімінің емтихандық бағасын анықтау.

қорытынды бағаға кіреді:



  • қорытынды межелік бақылау – 60 %;

  • емтихан - 40 %.



7.Курстың саясаты.

  • Сабақты босатпау, ауыру бойынша болса справка әкелу және сабақты тапсыру (отработка).

  • Сабаққа кешікпеу.

  • Сабақта сөйлемеу.

  • Сағыз шайнамау.

  • Ұялы телефонды өшіріп қою.

  • Оқу процесіне белсенді қатысу.

  • Үй тапсырмасын, СӨЖ дұрыс орындау және уақытында тапсыру.

  • Тапсырмаларды орындау барысында ғылыми материалдарды максимальды қолдану.

  • Уақытында орындалмаған тапсырмалар бағасы төмендетіледі.

Сабақты босату – минус 1 ұпай.
Рейтинг көрсеткіші (балл есебімен)
2 кредит: 121балл
Дәріс 8 балл (0,5)

Практикалық балл 45 (2)

СОӨЖ 32(2,3балл)

СӨЖ 45(2 балл)

Аралық бақылау 50 балл (25 балл)
І-аттестация: ІІ аттестация:

7дәріс х 0,5 -4 б. 8дәріс х 0,5 -4 балл

7 практкалық х 1,5 -11балл 8 практикалық х 1,5 - 12 балл

7 СОӨЖ х 1,5 –12 8 СОӨЖ х 1,5 – 13 балл

22 СӨЖ х 0,5 - 12 23 СӨЖ х 0,5 -13балл

Рубеждік бақылау 20 балл Рубеждік бақылау 20 балл

Барлығы 59 балл Барлығы: 62балл
Рейтинг көрсеткіші




Лекция

семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Рубеждік

бақылау


жиыны

сағ

балл

сағ

балл

Сағ

Балл

сағ

балл

балл

балл

1-МБ

7

4

7

11

7

12

22

12

20

59

2-МБ

8

4

8

12

8

13

23

13

20

62

2.СӨЖ және СОӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұскау.

Негізгі талаптар:

1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы кажет.

4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

2.1.Реферат жазуда не ескеріледі?

1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.

2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.

3. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.

4. Фактілер, фактілік материалдарды ірікгеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.

5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет.

6. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Жұмыстың мұндай түрі, формасы, нұсқасы студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
Рефератты талқылау — шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және төрбиелік мән-мазмұны зор әрекет, жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай, нақты, тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
Рефератты талқылып, қорытындысын шығару — маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттін, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толыктырады, өзгертеді.

2.2. Студенттердін өздік жүмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уакыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.



Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

• Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

• Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

• Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

• Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

• Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

• Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуте дағдыландыру;

• Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

• Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

3. Студенттің жұмыс жоспары

3.1. Курс саясаты:

Барлық тапсырамаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты институт саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алыдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі.



Кеңестер: оқу үрдісінде, қарым-қатынаста компетентті болыңыз; топта және оқытушылармен ашық, сыпайы, шыншыл болыңыз; оқу процесіне белсенді қатысу, топпен жұмыс істей білуіңіз керек; тапсырманы шығармашылылықпен орындаңыз.

Курсқа қойылатын талаптар. Курсты толықтай игеру мақсатында студенттер қойылған талаптарды орындаулары тиіс.

Сабаққа қатысу: дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу. Егер студент белгілі бір себептер мен сабаққа қатыса алмаса,барлық өткен материалдар бойынша жауап беру тиіс.

Тәртіп: сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.

Бақылау жұмыстары: бақылау жұмысын студент міндетті түрде орындап, белгіленген уақытта тапсыруы тиіс.

Межелік бақылау: межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа қатысуын, өздік жұмысты уақытында орындауын, сабақта ауызша және жазбаша түрде жауап беруін ескере отырып қойылады.

Емтихан: емтихан барлық студенттер үшін билеттік жүйе негізінде жүргізіледі. Билеттің әрбір нұсқасы үш сұрақтан тұрады.

Мазмұны


1-ші бөлім Пән бойынша Глоссарий
2-ші бөлім. Қысқаша дәрістер мәтіні
3-ші бөлім. Зертханалық және сарамандық жұмыстар жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау
4-ші бөлім. СООӨЖ –ді орындауға арналған әдістемелік нұсқау
5-ші бөлім. СӨЖ-ді орындауға арналған өздік жұмыс
6-ші бөлім. Бақылау -өлшеу құралдары

1-ші бөлім Пән бойынша Глоссарий

Абрикос-раушан гүлділер тұқымдасына жататын ағаш өсімдік

Агама-агамалар тұқымдасына жататын кесірткелер туыстастығы

Адаптация-тірі организмдердің белгілі бір жағдайға бейімдліуге мүмкіндік беретін белгілер жиынтығы

Антеридий- споралы өсімдіктер мен кейбір саңырауқұлақтардың аталық органы

Ауксины-өсімдіктердің түзуші ұлпаларында қалыптасып, сабақтың, жапырақтың , тамырдың өсуін қамтамасыз етеді

Ареал -жер бетінің жануар өсімдік белгілерінің бір түрлері тіршілік ететін түрлері.

Аллювий- ұдайы немесе анда-санда болып тұратын ағыстардың шөгінділері. Бұл шөгінділер малта тастан, қиыршық тастан, құм мен саздан құралады.

Абсалют биіктік- мұхит деңгейінде есептелетін биіктік. Одан жоғары жатқан нүктелердің абсолют биіктігі-оң (+).төменгі жатқан нүкте теріс (-) болады.

Абсалют максимум-көп жыл ішіндегі ең жоғары метеорологиялық көрсеткіш.

Абсалют минумум- көп жыл ішіндегі ең төменгі метеорологиялык көрсеткіш.

Аңғар- табаны ылғалданып кететін ұзынша ойыс. Өзен және тау аңғары болады.

Арал-құрлықтың жан-жағынан сумен қоршаланған шағын бөлігі.

Аралас орман-қоңыржай белдеудегі орман зонасының қылқанды және жалпақ жапырақты ағаш тұқымдар аралас өсетін өңірі (кіші зона).

Арна- аңғардың табаныңдағы суағып жатқан ойыс судың жолы.

Атырау- өзен ағысының ерекше түрі өзен теңіздің немесе көлдің таяз бөлігіне құяр жерінде таңбалардың арасымен тармақталып ағыуының нәтижесәнде пайда болуы.

Ауа массасы-тропосфераның температурасы, ылғалдылығы, мөлдірлігі т.б. ірі бөлігі.

Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері абсолют және салыстырмалы ылғалдылық болып ажыратады.

Ауа райы- атмосфераның қыска мерзімдегі жай-күйі.

Багрянкалар-балдырлар бөліміне жататын қоңыр балдырлар

Барибал-сүт қоректілердің аюлар тұқымдасына жататын қара аю

Бацилла-таяқша тәрізді бактериялар

Барисфера-жердің ядросы мен мантиясының қамтитын ішкі бөлігі-темір, никель, уран секілді ауыр металдардан тұрады.

Бора-теңіздердің жағасындағы, тау жотасының беткейінен төмен қарай соғатын және қыста күнді суытып жіберетін қатты өтпе жел.

Бриз- теңіздердің ірі көлдердің жағасында күндіз құрлықтан суға , түнде судан құрлыққа қарай соғатын желдер.

Бухта-мұхит теңіздерден аралдар немесе мүйістер арқылы мықтап бөлінген кішігірім шығанақ, әдетте желден жақсы қорғалған және порттар кұруға жиі пайдаланады

Гюрза-леванттық жылан

Глетчер- аңғар мұздығы.

Гумалиттер- жоғары сатыда дамыған өсімдік қалдығынан тұратын қазба көмірлер тобы.

Губа(ерін)-ресейдің солтүстігінде кең таралған шығанақтың аты. Ол құрлықка тереңдей кіріп жатқан оған өзендер келіп құяды.

Кар-мұздықтар мен қардың әсерінен аяздан үлгіуден таудың қар сызығынан жоғарғы аймақта пайда болған астау тәріздес ойыс.

Кварцит-тұтас тығыз масса болып біріккен кварц түйіршектен тұратын қатты тау жынысы.

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы- өсімдіктің құрылысын зерттейтін ғылым

Прозенхималық клеткалар- ұзындығы енінен біршама артық клеткала

Лейколпласт –тасымалдаушы қызметін атқарады

Дентри-нейрон қысқа бұталанған өскіні

Детрит-су тұнбаларында жиналған ыдырап кеткен өсімдіктер мен жануарлар қалдығы

Донник- бұршақ тұқымдастардың тусы

Дрейсендер—қос жақтаулы аюқұлақтар

Женьшень-панакс туысына жататын көпжылдық өсімдік

Зигота-гаметалардың қосылу нәтижесінде түзілген қосылыс

Құраңғар-гидрографиалық желінің беткейлерінің симметриялылығымен және ирек арналы уақытша ағын сумен сипатталатын аңғар алды буыны.

Қалдық-өзеннің негізгі арнасы мен өзеннен бөлініп қалған ескі өзен арасындағы жайылманың бір бөлігі.

Қайыр-өзен арнасының саяқ бөлігі, су тартылған кезде судан босап, құрғақ аралға айналады.

Ландшафт-құрамдың, қүрлымдың бөліктердің баламалары қайталанбайтын нақтылы теория табиғат кешені.

Лагуна-теңізден құм тасқыңдары белдерімен оқшаулаған бұғаз арқылы қосылып жатқан тайғыз теңіз шығанағы.

Лаккомет-жердің терең қойнауындағы жер қыртысының беткі қабатқа дейінгі көтерілген магмадан тұратын күмбез тәріздес қүмпиген дене.

Лиман-өзеннің немесе сайдың теңіз суы басып тайыз сулы шығанаққа айналған кеңіген сағасы.

Лава-(италиянша-лава-тасып басатын) жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат, екінші сөзбен айтқанда, жер бетіне шығып, газынан айырлған магма.

Лайлық-өзеннің көлденең қимасында, ұзына бойына әрі мерзімдік аса құбылмалы көрсеткіш.

Морфология-грек-«морфо»-пішін, «графа»-белгіні білдіреді.

Мелиорация-ауыл шаруашылығын үшін қолайлы жағдай мақсатымен териториядағы су режимін жақсартуға бағыталған шаралардың жүйесі.

Мирабилит немесе глаубер тұзы- күкріт қышқыл натрий тұзы. Ол суда тез ериді. Шыны, химия және металургия өнеркәсібінде пайдаланады.

Масштаб-(неміше мас-өлшеу,штаб-таяқ) жер бетінде өлшеген қашықтықта қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі.

Меридиан-(лат. меридия нус —солтүстік) жер бетінде полюстен полюске дейін ойша жүргізілген сызық.

Метеор-(грек. метеор-аспан құылысы) планетааралық кеңістіктен жер атмосферасының үлкен жылдамдығы жарқырап жанып кететін денесі.

Метеорология-(грекше метеор-аспан құбылысы лотос-ғылым) атмосфера құблыс жайындағы құблыс.

Муссон-(арабша-маусым)-қыста құрлықтан құрлыққа қара соғатын тұрақты желдер.

Мұгалжар желі- Мұғалжар тауынан соғады жылдамдығы сек 50м/сек қатты дауыл оңтүстік және оңтүстік батыстан соғады.

Миграция -адамдардың бір ауданнан басқа ауданға қоныс аударуы.

Перидотит-көбінесе түйіршікті минерал-аливиеннен тұратын тереңдік малмалық тау жынысы, қоңыр түсті келеді.

Полесы-ежелгі мұздың ерігенде астынан шыққан шөгінді тұратын ежелгі мұздылық алды ойпатты жазықтары. Оны орман, көбінесе қарағай орманы және батпақ басып жатады.

Промилы-қандай болмасын бір санның мыңнан бір үлесі белгісімен белгілінеді. Терең судың тұздылығын анықтайтын промиле саны.

Жайылмалық арна-мезгіл су тасуы немесе тасқын кезінде су басатын арнаны айтады.

Жеңсала-арал мен бөлінген өзеннің бір бөлігі, әдетте өзеннің негізгі арнасы мен жеңсаласын бірінен бірін айыру қиынға түседі.

Жағажай-кең, тиіс келген, өзен тасындыларынан құралған өзен жағалауындағы жолақ.

Жаға-көлді қорғай орналасқан, әр түрлі құламалығымен сипатталатын беткей түріндегі құрлықтың бір бөлігі.

Жағалау-толқындар әрекетінің зонасы.Бұл зонаның тек күшті толқын кезінде ғана жағаға жететін бөлігін құрғақ жағалау дейміз.

Жарамсыз жер-нашар жер деген сөзінен шыққан тік қабырғалы жыралары көп, өте күшті тілімденген жер бедері.

Өзен қабаты-(грекше өзен аңқыған) стросферада 10-15 км биіктік аралығында өзен газы шоғырланған қабат.

Ойпат-абсолюттік биіктігі 200 м-ден аспайтын жазық.

Ойпат батпағы-жер бедерінің ойыстарын алып жататын, көбінесе Еспе суымен молығатын батпақ.

Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера бір-бірімен жанасатын және әрекеттесетін қабат.

Жалпы географиялық карта анықтамалық, оқырмандарға елді мекендердің орналасқан, топырақ өсімдік жамылғысы туралы мәлімет беру.

Жыралар жер бетінің жауын-шашын, қарсуының бұзылу әрекетінен пайда болған тік қабырғалы ойпаң формасы.

Бір жылдық өсімдік өзінің тіршілік циклін бір өніп өсу кезеңі ішінде аяқтап үлгеретін өсімдік.

Орташа биік таулар-биіктігі 1000м-2000м дейінгі таулар.

Эпицснтр-Жер сілкінудің жер қойнауындағы ошағының үстінде жатқан жер бетіндегі орны.

Эстуарий-өзеннің теңіз жағына қарай беретін воронка тәріздес сағасы.

Этнография-(грек. этнос-халық, графо-сипаттау)-халық құрамы, шығу тегі, мәдениет,тарихина байланысты ғылым.

Эрозиялық аңғар-деп ағын сулардың әрекетінен пайда болатын аңғарларды айтамыз.

Фарватер-кемелердің қауіпсіз жүргізуіне тереңдігі жеткілікті су алқабының учаскесі, өзенде ағысы ең қатты су алқабы

Фиорд- әдетте мұздықтың табаны болған өзі тар әрі терең теңіз шығанағы.

Тымық-желсіз немесе өте баяу жел әдетте антициклондардың іш жақтарында байқалады.

3еогеография-жануарлар жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым физикалық географияның бір саласы.

Үстірт- үсті тегіс немесе белесті, маңайындағы жазықтардан жарқабақпен оқшауланып тұратын қыраң жазық .



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет