Әдістемелік нұсқаулар: Мектеп курсы математикасында функцияны оқыту төмендегідей методикалық схемамен жүргізіледі:
I. Берілген функция ұғымына келтіретін нақты ахуал (не есеп) қарастырылады.
II. Берілген функцияның анықтамасын беру; Формуласын жазып көрсету және оның құрамындағы параметрлерді зерттеу.
III. Оқушыларды берілген функцияның графигімен таныстыру.
IV. Функцияның негізгі қасиеттерін зерттеу: анықталу және өзгеру облыстары, өсуі және кемуі, таңбасының тұрақты аралығы, нөлдері, экстремумдары, жұп не тақтығы, периодтылығы, шектелгендігі, үзіліссіздігі.
V. Функцияның анықталған қасиеттерін есеп шығарғанда қолдану
Келтірілген методикалық схеманың барлық деңгейінде инновациялық әдістерді қолдануға болады.
Әдебиеттер:
Əбілқасымова А.Е. Математиканы оқытудың теориясы мен
əдістемесі: дидактикалық əдістемелік негіздері. – Алматы, 2013. – 225 б.
Теория и методика обучения математике: общая методика : учеб. пособие / Е. А. Суховиенко, З. П. Самигуллина, С. А. Севостьянова, Е. Н. Эрентраут. − Челябинск: Изд-во «Образование», 2014. − 65 с.
Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы. Оқу құралы. – Алматы: «Отан» баспасы, 2015. -304 бет
Достарыңызбен бөлісу: |