ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет3/12
Дата13.11.2016
өлшемі1,88 Mb.
#1679
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Қайталау сұрақтары


1. «Православие» ұғымы нені білдіреді?

2. Православиелік дінтанудың ерекшеліктері қандай?

3. Православиелік шіркеу қалай басқарылады?

4. Қазіргі кезде қандай православиелік шіркеулер бар?

5. Ескі ғұрыптары қандай?

6. Ресей Федерациясында православие шіркеуінің рөлі қандай?

Әдебиеттер:

Бессонов Б. Н. Православие в наши дни. М., 1990.

Булгаков С.Н. Православие: Очерки учения православной церкви, М., 1991.

Голубинский Е.Е. История Русской церкви, М.. 19011902, т. 1-2.

Иоанн Домаскин. Точное изложение православной веры. Ростов-на-Дону, 1992.

История Русской православной церкви в документах религиозных архивов России. Аннотированный справочникуказатель, М.,1993.



Карташев А.В. Очерки по истории Русской церкви, М.,1993, т.1-2.

Лосский О.Н. Очерк мистического богословия Восточной церкви. Догматическое богословие, М.,1991.

Поспеловский Д.В. Русская православная церковь в XX веке. М.,1995.

Правда о религии в России. М., 1942.

Православная церковь в истории России, - М.,1991.

Тақырып 5. Католицизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Католицизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.

1. Дін ерекшеліктері.

2. Ватикан. Шікеу жүйесі.

3. Ресейдегі католицизм.

3. Католиктік шіркеудің қоғамдағы мәселелері.

Католицизм. Рим-католик шіркеуі Батыс Европада XVI ғасырға дейін айырықша үстемлік етті.

Католик шіркеуінің басшысы – Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады. Оны кардиналдар коллегиясының жиыны – конклав сайлады. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық қатынас жасайды. Өткен ғасырдың аяғында Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды. Бұл христиандықтың өзге салаларынан католицизмнің басты айырмашылықтарының бірі болып табылады.

Бірақ, католицизмнің ең басты айырмасы – Қасиетті Рухтың Әке – Құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен де таралуы (филиокве – сөзбе-сөз-ұлынан да) туралы түсінік. Бұл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды. Сол сияқты католиктер Көне Өсиеттің көптеген кітаптарын бұлжымас қасиетті ілім ретінде қабылдайды. Яғни, Інжілдің редакциясы православиеден гөрі өзгеше.

Аса маңызды догмат – “шамадан артық қажет істер” туралы ілім. Католиктердің түсінігінде шіркеудің ұзақ тарихында Ғайса, Құдай-ана және әулиелер жасаған игі істер шамадан артылады. Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстіне осы “жақсылықтарды” өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды. Бірақ таубаға келу күнәдан біржола арылта алмайтындықтан игі істердің қажеттен артықтығы теориясына индульгенция беру тәртібі орнықты. Индульгенция латын тілінде қайырымдылық деген сөз. Индульгенция немесе Папаның арнаулы грамотасы осыған дейін жасаған және болашақта жасауы мүмкін күнаға да кешірім береді.

Табыныушылардың мақсаты – діншілдердің сана- сезіміне әсер ету. Сондықтан христиан діні басқа діндер сияқты табыну салттарына көп көңіл бөледі. Оның әдеп ғұрыптары “Жеті құпия сыр” деген атпен белгілі. (шоқыну, хош иісті май жағу, жалбарыну, құдаймен қатысу, некелесу, қол қусырып мінәжәт ету және шырша майымен тазарту.)

Шоқындыру - құпия сырлардың бріншісі. Дін иелері бұл ғұрыпты адамның болашақ қасиетті рухани өтуінің салтанатты кезеңі дейді. Тек христиан дініне тән деп уағыздайды. Шын мәнісінде шоқындыру ғұрпының ертедегі магиялық сиқырлық сенімдерден алғанын көреміз.Судың тазартқыштық қасиетіне сену Христиан дінінен кейіннен енген.



Ватикан (Латынша: Status Civitatis Vaticanæ) Еуропада орналысқан ел. Ватикан - бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел.Рим католик шркеуінің орталығы болып табылады.

Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті –католик шіркеуінің орталығы,Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км²). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері:латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялы монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).


Қайталау сұрақтары


1. Католиктік діннің ерекшеліктері қандай?

2. Папа қашан және қалай пайда болды?

3. Католиктік және православиелік шіркеулердің айырмашылықтары қандай?

4. Инквизиция деген не?

5. Католиктік шіркеуде ең танымал ордендар?

6. Бейбітшілік және соғыс мәселесін католиктік шіркеу қалай қарастырады?

Әдебиеттер:

Арну А. История инквизиции. СПб,1995.

Боргош Ю. Фома Аквинский. М.,1975.

Гергей Е. История папства. М.,1996.

Григулевич И.Р. Папство: век XX.М., 1978.

Заборов М.А. Крестоносцы на Востоке.М., 1980.

Иоанн Павел II. Единство в многообразии: Размышления о Востоке и Западе. М.,1993.

Казакова А. Второй Ватиканский собор. М.,1973.

Ковальский Я.В. Папы и папство. М.,1986 .

Красиков А.А. Ватикан: история современности. М.,1991.



Тақырып 6. Протестантизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Протестантизм діні. Тақырыпты оқутыдың әдістемесі.

1. Дін ерекшеліктері.

2. Шікеу жүйесі.

3. Ресейдегі протестанттар.

3. Протестанттық шіркеудің қоғамдағы мәселелері.

Реформация ( лат reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қасы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырда діни - қоғамдық қозғалыс Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.

Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-котоликтік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.

Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең — Реформация дәуірі болып саналады. Реформация — XVI ғасырда алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап, жаңғыртуға бағытталған. Бұл қадам Римдік-католиктік шіркеудің шектен тыс шығушылығынан, оның қарама-қайшылықтарға толы идеологиясына көңілі толмаушылықтан туған еді. Өзінің мәні жағынан алып қарағанда, Реформация буржуазия табының ескі орта ғасырлық тәртіптеріне қарсы болатын. Христиан дінін қайта қарауды, адамның дүние-танымы мен сана-сезімін өзгертуді мақсат еткен бұл діни қозғалыс жаңа капиталистік қарым-қатынастарға жол ашып берді. Реформацияның ең басты мәселелерінің бірі — христиан дінінің жаңа үшінші бағыты — протестанизмнің католиктерден алшақтай бастауы. Сонымен қатар, папа бастаған Римдік католик шіркеуінің билігіне шек қойылды, одан қалды кез келген шіркеу билігі мен байлығына тосқауыл жасалды. Реформация қозғалысының мазмұны мен мәні — оның объективтік қорытындылары сияқты осы қозғалысқа қатысушылармен қатар, бұл қозғалысқа дем беруші — идеологтарға да түсініксіздеу болып қалған сияқты. Олай болса, мәдени-тарихи процесс үшін Реформацияның маңызын анықтау — бүгінгі таңдағы тарих және мәдениеттану ғылымдарының үлесіне тиер келелі мәселе болып қалары сөзсіз.

Реформацияның басталуы — «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс — «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозға- лыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы — гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі — әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам — құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын — оның жасампаздық, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбекпен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету — адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам ұлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация — адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу — протестанттық ағымның тосқауылына жолықты.



«Ақыл-ой» иелерін жек көру, ғылымға деген өшпенділік етек алды. Өз қабілеттерін қажырлы да, табанды еңбегімен дамытып, алға қойған мақсатынан қайтпайтын, өздеріне сенімді Реформация қайраткерлерінің өздері де халықтың арасынан шыққан адамдар болатын. Осы жағынан алып қарағанда, олар — білімді ақсүйектер қатарына жататын, философия, поэзия және т.б. ғылым салаларын жетік меңгерген Қайта жаңғыру заманының гуманистерінен аралары едәуір алшақ болатын. Осы орайда мынандай орынды сұрақтар туындайды. Адамның ұлылығын дәріптеген, болашақ ұрпаққа өнердің тамаша ескерткіштерін, өнердің сан-саласынан баға жетпес асыл мұралар қалдырған Қайта жаңғыру дәуірінің гуманистік мәдениеті мен реформаланған христиандық гуманизмнің аясында қалыптасқан, дүние- танымы өзгеше, жаңа дін мен адамның арасында қандай үқсастық бар? Осыдан келіп екінші сұрақ туындайды. Ақсүйектік — элиталық мәдениет пен дүниеге діни көзқарастың жаңа тәсілінің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұрақтарға жауапты күні өтіп бара жатқан феодалдық қоғам мәдениетіне қарама-қарсы енді ғана қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қоғамның қойнауында туындаған Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің жаңа бағыттарының: ақсүйектік (гуманистік) және діни (реформация) табиғатынан іздеуіміз керек.

«Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бұл діни қозғалыстың дем берушісі — Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс — католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «протестанизм» деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты.

Дін тарихында «протестанизм» деген атау 1529 жылы Шпейер рейхстагында алғаш рет қолданылды. Мұнда Лютердің жақтастары осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін тұту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бұзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын.

Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы — католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтып, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан» жасауға дайын тұрды.

Бұл реформалардың негізгі мақсаты — жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқаңдардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бұл саясаты протестанизммен ашықтан-ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты.

Тридент соборының шешімдерімен және иезуит орденінің (Иисус қоғамы) жеңістерімен рухтанған бұл діни қарсылық «контрреволюция» деген атаққа ие болды. Собор шешімдерінде католиктік шіркеудің принциптері нығайтылып, протестанттармен қатар, гуманистер де қатал сынға алынып, оқуға тыйым салынған кітаптардың тізімін шығарып тұру туралы шешім қабылданды. 1564 жылы папа Пий IV-нің кезінде «Тыйым салынған кітаптардың индексі» толықтырылып қайта басылып шықты. Олардың ішінде Коперниктің атақты еңбектері, Дантенің «Құдіретті комедиясы», Боккаччоның «Декамероны» және т.б. гуманистердің құнды еңбектері болды.

Иезуит орденінің қызметін көзге елестету үшін тарихта белгілі «Варфоломей түнінің» уақиғаларын айтсақ та жеткілікті сияқты. Франциядағы протестанизмнің жеңістерінен қатты қауіптенген католиктік шіркеу протестанттар қозғалысын аяусыз басып-жаншуға иезуиттерді аттандырды. Айуандыққа толы бұл уақиғалардың нәтижесінде 1572 жылдың екінші тамызында бүкіл Франция елі қанға боялды; бірнеше сағаттың ішінде ғана Парижде екі мың адам, Лионда — 800, Орлеанда — 500 адам өлтірілді, ал осыдан кейінгі уақиғалар барысында небәрі екі аптаның ішінде 30 мың протестант қанға боялды. Рим бұл жеңісті папаның нұсқауымен тойға айналдырып, қанды қырғынға қатысқаңдарға медальдар тапсырды.

Осы бір жеңістердің нәтижесі болар, XVI ғасырдың аяғына қарай католиктік шіркеу өзін еркін сезіне бастады және өз ықпалын Италия, Франция, Германия сияқты Еуропа мемлекеттерінде күшейтуге барынша күш сала бастады. Еуропа мәдениетінің одан әрі қалыптасу процесіне христиан дінінің католиктер және протестанттар болып екіге бөлінуі өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Бір ескерте кететін жайт, осындай қанды уақиғалар кезінде гуманистер екі жаққа да қосылмай бейтарап қалды. Бірақ гуманистер мен протестанттар арасындағы пікір таластары бір сәтке де толастамады. Оған гуманист Эразм Роттердамский мен Мартин Лютердің «Адам еркінің бостандығы» төңірегіндегі таластары дәлел бола алады. Бұл талас барысында Лютер Эразмды папаның саясатын қолдады деп айыптаса, Эразм өзара талқыға түскен мәселенің мүлде басқаша екендігін дәлел-деуге тырысты.

Бірақ орын алған қарама-қайшылықтарға қара- мастан гуманистер де, протестанттар да өздерінің іс-әрекеттері арқылы, идеялық бағыттары арқылы менталитеттің жаңа түрінің қалыптасу процесін жылдамдата түсті, соның нәтижесінде болашақ XVII ғасырдағы мәдениетінің жаңа үлгісінің қалыптасуына жол ашып берді. Ол адамның ақыл-ойының жемісі, оның шығармашылығының ерекше саласы — ғылым мен өзінің кәсіби қызметінде шіркеу ықпалынан тәуелсіз, өзін еркін сезінетін ғалымдардың жаңа типі болатын. Мұндай ойшыл-ғалымдардың қатарына ғасырлар бойы білім дариясынан сусындаған гуманистерді жатқызамыз.

Галилейдің пайымдауынша, барған сайын табиғаттың өзі де білім көзіне айналып, кітаппен сабақ- тастық табады, өйткені табиғаттың өзінен-ақ оның өз заңдылықтарын танып-білуге болады.

Гуманистер де, протестанттар да нағыз білім көздерін ашуға әрекет жасады. Бұл міндетті жүзеге асыру барысында олардың арасында қайшылықтар болмады десе де болады, бар болғаны гуманистер көне классикалық әдебиет пен философияға, ал реформаторлар Библияға жүгінді. Бірақ бұл айырмашылыққа қарап, олардың арасында байланыс болмады, гуманистер Библияны оқымаған екен, ал протестанттар Платон мен Аристотельді білмеген екен деген асығыс қорытынды шығаруға тағы болмайды. Әрине, олардың дүниеге көзқарастары әр түрлі болды, сондықтан да болар олар әр түрлі мәселелер төңірегінде қызу таластарға дейін барды, бірақ олардың рационалдық білім жүйелерінің, мөлшері мен әдістерін қалыптастыру жолындағы мөдени қызметі қарқынды жүргізілді. Солай десек те, гуманистер мен реформаторлардың ғылым мен білім жолындағы ізденістерінде айтарлықтай айырмашылықтарды да байқауға болды.

Гуманистер классикалық әдемі тілді, көне заман мен христиандық мәдениет даналығын өз бойына сіңіре білген әрі бай, әрі әдемі латын тіліне бас иді. Олар танымның мәнін адамның бұл дүниеде алатын орнымен байланыстыра қарастырып, білімнің адам өмірін қайта өзгертудегі атқарар қызметінің ұшан- теңіз екендігіне баса назар аударды.

Ал реформаторлар болса Христосқа деген өз сенімдерінің ақиқаттығын басты орынға қойды және оның ілімін насихаттай отырып, біліммен қатар адамгершілік қасиеттерді, сеніммен өмір сүруді алға тартты. Олар айтылған ойдың ақиқаттығы көне заман даналары мен осы заманның ғалымдарының, одан қалды Рим шіркеуінің діни қайраткерлерінің беделімен, немесе солардың айтқан қағидаларына сүйену арқылы дәлелдену керек деп санады. Олардың пікірінше, құдай сөзі әрбір адамға арналған, соған бағытталған, ал өз кезегінде кұдай сөзін шын жүректен қабылдап-ұғыну, оған сеніммен қарау — әрбір адамның өзіне байланысты. Жеке адамның сенімі құдай жайындағы ақиқатты білуді қажет етеді, демек Лютердің жолын қуушы әрбір адам бұл қағиданы ескере отырып, Библияның мән-мағынасын, мазмұнын жете түсініп, оны меңгере білу қажет.

Протестанттардың ілімі бойынша, өмір мен сенімнің ережелері мынандай: шіркеуге де, схоластарға да, көне заманның даналарына да сенбе, тек өз басыңның сенімімен айқындалған ақыл- ойыңа сен, бірақ оның барлығы Библияның қағидаларына сәйкес келуі қажет, өйткені Библия — ақиқаттың айнасы, олай болса оны танып-білу процесі шексіз болып келеді. Мұнда реформаторлар беделінің Библия беделінен әр уақытта төмен болу керек екендігін естен шығармау баса айтылады. Демек, протестанттық ілімінің бұл принциптерінен жаңа заманның ғалымдары мен философтары үлгі тұтарлықтай біршама қағидалар мен ғылым жолына бағыт берер ережелерді аңғарьш-байқауға болатын сияқты.

Шынында да, Лютер іліміне сүйенсек, адамның құдаймен тілдесуі — адамның жеке басының сенімі негізінде ғана жүзеге асырылады, ал сенім мәселелерінде адаспас үшін, оның акиқаттығына көз жеткізу үшін, әрдайым Библияға жүгіну қажет. Лютердің жолына түскен әрбір адамның сенім және адамгершілік мәселелерінде тәуелсіз болуын жақтай отырып, ар-ұждан болатындығын алға тартты. Лютер Библияны неміс тіліне аударып, оны неміс халқының игілігіне айналдырды.

Реформацияны одан әрі түбегейлі жалғастыруға бағыт алғандардың бірі — Ж. Кальвин (1509—1562 жылдары) протестанизмнің беделді ағымының негізін қалады. Жаңадан қалыптасқан «кальвинизм» ағымы христиан дініне табыну мен шоқыну рәсімдерін одан әрі жеңілдетті, шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында оны мемлекеттен бөлді және шіркеуге республикалық сипат (шіркеу басшыларының сайланып тағайындалуы) берді.

Ол «Адам тағдырының жазмышқа тәуелділігі жөніндегі» ілімді одан әрі тереңдетіп, оны абсолюттік фатализм дәрежесіне жеткізді. Әрбір адамның тағдыры, оның өмірге келуі, азабы мен қуанышы және т.б. алдын-ала белгіленген, оны ешкім де өзгерте алмайды, өйткені бәрі де бір құдайдың қолында. Кальвинизм адамның өмірлік қажеттіліктерін шектеуді уағыздады, өмірдің рахатынан бас тартуды талап етті, табанды еңбек етуге, азаматтарды өзінің кәсіби шеберлігін ұдайы арттырып отыруға және Библияны оқып-білуге шақырды. Осы игілікті істердің толық жүзеге асырылуы — адамның құдай алдындағы мерейін көтерсе, ал жалқаулық, қызық- құмарлық, өмір рахатына тоймаушылық сияқты қасиеттер адамды күнәға батырып, кедейлікке апарар жол деп саналып, ал ақшаны ысырапсыз шашу, той-думанмен уақытты босқа өткізу, дүниені бостан-босқа талан-таражға салу күнә болып есептелінді. Кальвинизмнің байлық пен думаншылдықты сынауы мәдениет пен өнердің әр саласына өз әсерін тигізбей қойған жоқ, сондықтан да болар, той-думандарға тыйым салынып, дін жолындағы адамдардың сүреңсіз, қызықсыз өмірі басталды, ал оған қарсы шыққандар қатаң жазаланды.Буржуазиялық өмір салтына сай келетін «кальвинизм» негізінде түрлі ағымдар мен протестанттық секталар пайда болды. Олар баптистер, адвентистер, конгретационалистер, пуритандар және т.б. Осылардың ішінде рухани жағынан ғана емес, барлық жағынан алғанда кальвинизмге ең жақын келетіні — «пуританизм» (ағылшынның «таза», «шынайы» деген сөздерінен шыққан) ағымы болды. Оның негізін қалаушы ағылшын Д.Ноке болды.

Пуританизм уағыздаған құндылықтар мен өмір сүру салты жоғарыда көрсетілген көптеген ағымдарға ортақ болды. Ендігі жерде кальвинизм шіркеуінің дүниетанымы мен өмір салтын қабылдап, соның жолын қуушылар пуритандар деп атала бастады. Жаңа ағым «бұқаралық аскетизмді» асыра бағалаумен, діни салт-жоралардың қаталдығын фетишизациялаумен, үнемшілдікпен, діни ынта-жігермен және т.б. байланысты болды.

Пуританизм этикасы риторизммен сипатталды, ол адамдар арасындағы қарапайым қарым-қатынастарды жақтап, өмірлік қажеттіліктерді барынша шектеуді уағыздады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, пуританизм этикасы байлыққа, ысырапшылдыққа, думаншылдық пен сауықшылдыққа жол бермеуге барынша күш салды. Пуританизм өкілдері ұқыпты болды және белгіленген салт-жораларды қатаң орындап, құдайға құлшылық етіп, тақуалақ қарапайым өмірге бет бұрды.

Бірақ бұл қарапайымдылық пен байсалдылықтың астарында астамшылық байқалды, өйткені олар христиан дінінің бір саласының ғана өкілдері екендігін місе тұтпай, өздерін құдайшылдық миссияны (міндетті) дүниежүзілік тарихи көлемде атқарушылармыз деп санады. Олар адамзатты құтқарудың ақиқат жолын жүзеге асыруды құдайтағала католиктерге емес, протестанттарға жүктеген деп мәлімдеді. Ал бұл жағдай олардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, дін жолынан таймайтындай дәрежеге жеткізді.

Олардың бойында жан-дүние дәрменсіздігі, күмәндану, толқу сияқты қасиеттер болмады десе де болады. Сондықтан да 1620 жылы діни саяси қуғындардың нәтижесінде Еуропадан Солтүстік Америкаға қоныс аударуға мәжбүр болған христиан дінінің радикалдық протестанттық-пуритандық тармағының өкілдері жаңа ұлт пен ұлттық мәдениеттің қалыптасуына ұйытқы болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет