Оқу жылдарында Семей қаласындағы «Кен зерттеу» техникумында оқыған



Дата29.07.2022
өлшемі188,41 Kb.
#147851
Байланысты:
Ұлықбек Байырбекұлы винил стенд (1)


Ұлықбек Байырбекұлы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ ССР-інің «Оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері», аудандық кеңес депутаты, «Ерлігі үшін» медаль иегері.


1961 жылдан КСРО-ның Санкт-Петербургтағы географиялық қоғамының корреспондент мүшесі болған. Россияда ашылған бұл қоғамға Шоқан Уалиханов та мүше болған.
1920-1925 оқу жылдары А.Байтұрсынов еңбегімен жеткен «төте оқуды» Көкбай Жанатайұлының медресесінде оқып, Көкбайдан дәріс алған. Орысша, латынша, арабша оқиды. Кейін Есентай Бердин ашқан бастауыш мектепте оқиды.
1929-1930 оқу жылында Абай ауданындағы шаруа жастар мектебінде жетім бала ретінде интернатта оқып бесінші сыныпты бітірген.
1932-1939 оқу жылдарында Семей қаласындағы «Кен зерттеу» техникумында оқыған.
1934-1936 оқу жылдарында Семей қаласындағы мұғалімдер дайындайтын пединститутта география-тарих факультетін бітірген.
1936-1937 оқу жылында Саржал мектебінде тарих, география, математика, жаратылыс пәндерінен мұғалім.
1937-1939 Саржал мектебінде директор және мұғалім.
1939-1941 Абай ауданындағы Абай атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі және мұғалім.
1941-1942 Абай аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі
1942-1944 Ұлы Отан соғысына қатысып, 1944 жылы ауыр жарақат алып, ІІ топтағы мүгедек ретінде оралған.
1944-1948 Абай аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі.
Зейнеткерлікке шыққан соң аудандық спорт мектебінде арнайы класс ашып, оқушыларды қазақтың ұмытылып бара жатқан «тоғызқұмалақ» ойынын оқытумен айналысты.

Фотоның астына (03.05.1915 -10.08.1999)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет