Оқу жылы Абай атындағы орта Нововладимир орта мектебінде Қазақстан «Тілдер» мерекесіне орай өткен онкүндігінің қорытынды есебі



бет1/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,72 Mb.
#24968
  1   2   3
2016-2017 оқу жылы Абай атындағы орта Нововладимир орта мектебінде Қазақстан «Тілдер» мерекесіне орай өткен

онкүндігінің қорытынды есебі
Қазақстан Республикасының «Тілдер» мерекесіне арналған іс-шараны тәрбие ісінің меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Махаббат Қ. ұйымдастырып, ұжымның әр мүшесі мен оқушыларды жұмылдырды.Онда өткізілген іс-шаралар: Қазақстан халқы «Тілдер» мерекесіне арналған онкүндік өткізу туралы ұжымға ақпарат беріліп, жұмыс жоспары таныстырылды. Мерекенің ашылу салтанатына арналаған оқушылардың әзірлеген әдеби-музыкалық монтажы ұсынылды.

«Тіл-тарихи құндылық» тақырыбы аясында бастауыш сыныптар мен

5-11 сыныптар арасында қабырға газеттері шығарылып, ең үздік қабырға газетін шығарған бастауыш сынып оқушылары марапатталды.

Мектебіміздің кітапханашысы Көлший Берекегүлдің ұйымдастыруымен «Тіл- әр халықтың байлығы» атты көркем шығармалар топтамасынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар мен ұстаздардан кітапты көп оқитын оқырмандарға алғыс жарияланды. Ғасырдың ғаламат ақыны, тілжанашыры, ұлтжанашыры, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ақынның шығармашылығына арналған 7-11 сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, дөңгелек үстел барысында оқушылар ақынның шығармашылығы, өмір белестері туралы сондай-ақ тілжанашыры ретінде сіңірген еңбектері туралы өзара пікірсайысқа түсті. Онда Адал С. Береке М. Болатхан Т. Бекболат Ұ. Байтомар С. Тұрсынбай Ү. –тер ақынның шығармашылығыннан тереңнен сыр шертіп, өлеңдері оқылды.

9-11-сынып оқушыларының арасында «Ана тілім-асыл қазынам», «Тіл-халық жанын танудың кілті», «Тіл-қоғам үні» тақырыптарында шығармалар байқауы өтті. Шығарма жазған 11-сынып оқушысы Оралжан Жәнібек, 10-сынып оқушысы Саулетхан Марат, 9-сынып оқушысы Бернал Алемнұрлардың шығармашылығы үздік деп бағаланды.

3-7-сыныптар арасында «Тіл тағдыры-ел тағдыры», «Үштұғырлы тіл-ел болашағы» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті. 7-сынып жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жиеналиева Н.А. «Үштұғырлы тіл-ел болашағы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын берді. Үш тілде оқушылардың тіл туралы өлеңдері оқылып, ән-билерге кезек берілді. 3-сынып жетекшісі ТүтенбаеваЭ.Т. «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.Сабақ жүйелі жоспарланып, оқушылардың білімі мен өнері ұштасып, үш тілде қамтылған.

«Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл» тақырыбында көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы өткізілді. Осы сайыста жүлдегер болған 6-сынып оқушысы Солдатхан Аян аудандық Тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Көркемсөз оқу» сайысына қатысып, І орын иеленіп, аудан әкімінің дипломымен марапатталды. 9-сынып оқушысы Бернал Алемнұр Тілдерді дамыту бөлімінің басшысының алғыс хатымен марапатталды.

11-сынып оқушысы Бақытбеков Ерболдың ұйымдастыруымен

9, 10,11- сыныптар арасында «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» атты пікірсайыс болып өтті. Бұнда даттаушы да, жақтаушы да өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жанат А. «Мәңгілік ел-мәртебелі ел» тақырыбы аясында мектепішілік қорытынды кешті жоғарғы деңгейде ұйымдастырып өткізді.Бұл кештің негізгі мазмұны онкүндік жұмыстың қорытынды есебі ретінде іс-шараға белсене қатысқан оқушылар мен сынып жетекшілеріне алғыс жарияланып, өткізілген жұмыстың қорытындысы жасалды. Жүргізушілер іс-шараны қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде жүргізіп, мектебімізде үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлестерін қосқанын байқауға болады.

Тіл-қоғам өмірін ұйымдастырушы басты күш болумен қатар әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.




«Тілдер» мерекесінің онкүндігі







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет