2020-2021 оқу жылы бойынша қазақ әдебиеті пәнінен диагностикалық бақылау тапсырмасы.
7-сынып қазақ әдебиеті (8-сынып үшін)
«Күлтегін» жырының тақырыбын анықтаңыз.
А) әділдік
В) даналық
С) махаббат
Д) ел бірлігі
2. Ш. Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің негізгі сарыны қандай?
А) ескілікті көксеу
В) саясатты сынға алу
С) жаңашылдыққа ұмтылыс
Д) заман ағымына ілесуге шақыру
3. Берілген өлең шумағы кімге тиесілі?
Боз жапалақ сен едің,
Қияқты сұңқар мен едім.
Тырнағыма ілінсең,
Қалмайды желкең қиылмай!
А) Жамбыл
В) Қатаған
С) Сүйінбай
Д) Шортанбай
4. «Батыр Баян» дастанының тақырыбын анықтап көріңіз.
А) қос ғашықтың махаббат жолындағы күресі
В) қазақи рух пен жігер, ел намысын қорғау
С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік
Д) ел бірлігін нығайту, жерді қорғау
5. «Тәмпіш қара» повесіндегі шығарманың шешімі –
А) Ертай салған суреттің «Октябрь балалары» газетіне шығуы
В) Иманбектің Шаншатайдан кешірім сұрауы
С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы
Д) Балалардың мақаланы Теке қарттың үйіне барып оқуы
6. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасында келтірілген әке үкіміне негіздей отырып, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазыңыз.(2балл) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. «Қыз Жібек» жырындағы Жібектің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?
Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем).
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |