Митральді стеноз болжамы
Митральді стеноз ревматизм қайталану салдарынан дамуға бейім. Көптеген науқастар жүрек астмасынан, жүрек жеткіліксіздігінен өледі.Хирургиялық ем болжамды жақсартады, бірақ өте жақсы жасалған операциядан кейінде рестеноз дамуы мүмкін.
Еңбекке жарамдылық
Митральді стенозбен ауыратын науқасқа физикалық және эмоционалдық күш түсетін жұмыстарға тиым салынады. Асқыну болса , еңбекке жарамсыз болып саналады.
Профилактика
Профилактика ревматизмге және стрептококкті инфекцияға қарсы жүргізіледі.Барлық науқастар жүйелі түрде емханада кардиоревматологиялық кабинетте есепте тұрады.
Аритмия түрлері. Негізгі себептері. Экстрасистолияның анықтамасы. Жіктелісі. Экстрасистолияның клиникалық көріністері. Жүрекшелік және қарыншалық экстрасистолияның диагностикасы, емі. Диспансеризация. Дәрігерлік-еңбек сараптамасының сұрақтары. Алдын алуы. Болжамы.
Жауап: Жүрек аритмиялары – жүректің электр импульсінің жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болу көзінің патологиялық өзгерістерімен сипатталатын күй. Қалыпты жүрек ырғағы жүйелігімен сипатталады және жүректің жиырылу жылдамдығы 1 мин.та 60 пен 90 арасында болады. Сонымен қатар, жүректің қозу көзі синус түйіні болып табылады. ЭКГ-дағы Р тісшесі мен QRS комплексінің арасындағы реттілік өзгермеген, PQ аралығының ұзақтығы 0,12 с пен 0,20 с арасында болады және RR аралықтарының арасындағы алшақтық оның орташа ұзақтығынан 10% артық өзгермейді. Бұл көрсеткіштерден кез-келген ауытқу жүрек аритмияларына жатады.
Этиологиясы және патогенезі. Кез-келлген жүрек ауруы жүрек аритмиясының себебі бола алады. Жүрек ырғағы бұзылуының алуан түрлі себептерін 3 топқа бөлуге болады: 1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар. 2. Экстракардиальды патологиялық процестерде (нейрогендік, гуморальдық, эндокриндік реттеудің өзгеруі, электролит алмасуының, қышқыл – негіз күйінің өзгеруі) жүрек – тамыр жүйесінің реттелуінің бұзылуы: неврозда, психопатияда, вегетативтік дисфункция синдромында болатын психогендік әсерлер; ОНЖ мен вегетативтік нерв жүйесі зақымданғанда болатын нейрогендік әсерлер; асқазан – ішек жолы зақымданғанда (өт тасы ауруы, диафрагма жарығы т.б.) байқалатын рефлекторлық факторлар; эндокриндік және зат алмасу ауруларында болатын әсерлер; интоксикацияларда және т.б. болатын әсерлер. 3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер: кофеинге, никотинге, алкогольге т.б. асыра сезімталдық; дәрілердің аритмогендік әсерлері; гипоксия; гипо және гипертермия; механикалық әсерлер (жарақат, вибрация); иондаушы радиация, өте жоғары жиіліктегі электр алаңы т.б.
Жүрекаритмияларыныңклассификациясы : І. Импульс түзілудіңбұзылуыА. СА – түйініавтоматизмініңбұзылуы (номотоптыаритмиялар): 1. Синустік тахикардия 2. Синустік брадикардия. 3. Синустік аритмия 4. Синус түйініәлсіздігі синдромы Б. Эктопиялықорталықтаравтоматизмініңбасымболуынантуындайтынэктопиялық (гетеротоптық) ритмдер: 1. Баяу (орнынбасушы) сырғып кету комплекстері мен ырғақтары: а) жүрекшелік б) АВ – құрамынан в) қарыншалық 2. Тездетілгенэктопиялықритмдер (пароксизмальдыеместахикардиялар): а) жүрекшелік.б) АВ – құрамынан.в) қарыншалық 3. Суправентрикулярлық ритм жетекшісініңкөшпелілігі
Достарыңызбен бөлісу: |