Оқу жылына «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне «Жалпы дәрігерлік тәжірибе негіздері» пәні бойынша аралық бақылаудың емтихан сұрақтары


Ювенильді қан кету. Этиологиясы, диагностикасы. ЖТД тактикасы



бет83/127
Дата19.12.2022
өлшемі1,14 Mb.
#163382
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127
Байланысты:
Емтихан билеттері терапия толық қалғандарын өздерін оқып алындар

Ювенильді қан кету. Этиологиясы, диагностикасы. ЖТД тактикасы.

Жауап: 10. Ювенильді қан кету-бұл қыз балаларда жыныстық жетілу кезінде менархеден 18 жасқа дейінгі жатырдан дисфункционалды қан кету.
Этиологиясы :
- перинатальды кезеңнің қолайсыз ағымы,
-гипоталамустың функционалдық жетілмеуі,
- созылмалы және жедел инфекциялық аурулар ,
-созылмалы соматикалық инфекциялар ,
- эндокринді бездердің функциясының бұзылысы ,
-балалар психогені, стресстер, физикалық травмалар ,
-гиповитаминоздар және алиментарлы факторлар,
-иммунды жүйенің дисфункцииясы, аутоиммунды аурулар ,
- дәнекер тканның туа пайда болған дисплазииясы.
Диагностика :
1.Екінші жыныстық белгілердің даму дәрежесін бағалау.
2. Физикалық даму дәрежесін бағалау.
3. Аспаптық зерттеу әдістері:
-түрік ер-тоқымының проекциясы бар бас сүйегінің рентгенографиясы;
-эхоэнцефалография,
-гипофиздің ісігіне күдік туындаған кезде компьютерлік томография,
-қолдардың рентгенографиясы (сүйек жасын анықтау),
- бүйрек үсті безі мен қалқанша безінің эхографиясы.
4. Гинекологиялық тексеру:
• ректальді-абдоминальді тексеру;
• вагиноскопия;
• Жамбас мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі (жатырдың мөлшерін, аналық бездердің көлемін анықтауға, олардың құрылымын бағалауға мүмкіндік береді).
5. Зертханалық зерттеулер:
• гемосиндромы бар қанның клиникалық талдауы;
• қанның биохимиялық талдауы, коагулограмма;
• қандағы және несептегі фолликулостимуляциялаушы (ФСГ), лютеинизациялаушы (ЛГ) пролактин, эстрагендер, прогестерон, кортизол, 17-КС гормондарының деңгейін тәуліктік несепте анықтау.
6. Мамандардың кеңесі(невропатолог, эндокринолог, окулист).
ЖТД тактикасы: қан кетуді тоқтатуға утеротоник (окситоцин) , гемостатикалық препараттармен қоса витаминотерапия және темір препараттарын тағайындау. Әсер болмаса төмен дозадағы монофазалық КОК гормоналдық препараттар тағайындайды.Егер қан жоғалту сақталса, гистероскопия туралы мәселе ең соңғы шешіледі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет