Оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекболатова Ботагоз Кунанбаевнаның І жартыжылдық бойынша шығармашылық есебі



бет1/2
Дата04.07.2018
өлшемі1,58 Mb.
#46482
  1   2
2016-2017 оқу жылында

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бекболатова Ботагоз Кунанбаевнаның

І жартыжылдық бойынша

шығармашылық есебі
Бүгінгі күні жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер мен этнопедагогикалық құндылықтарды негізге ала отырып, ұлтжанды, жан-жақты қабілетті жаңа заманның жеке тұлғасын қалыптастырудың заманға негізделген жаңа жолдарын іздестіру, отансүйгіш, жан-жақты білімді шәкірт оқыту – ұстаз жұмысының басты мақсаты.

Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруы, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдер мен ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгере білуі керек.

Осыған орай, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың мазмұны мен әдістемесі» және «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» курстарынан өтіп, үйренген әдіс –тәсілдерді күнделікті сабақта қолданып отырамын.

« Дауға салса, алмастай қиған,ойға салса, қорғасындай балқыған ,өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған –Ана тіліміз », - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей, ана тілінің мәртебесін көтеру қазақ тілі мамандарының басты міндеттерінің бірі.

Осыған сәйкес, жылдағы дәстүр бойынша Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, үш тілдік саясатты дамыту мақсатында аталмыш оқу жылының алғашқы мерекесі – Тілдер мерекесі өз деңгейінде өтті. Бастауыш сынып пен жоғарғы сынып оқушылары ұлттарға бөлініп, кезекпен әр ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, өнерін ортаға салып, тамашалады.




Осы жылдың қазан айында пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру мақсатында «Тіл – ұлттың тірегі» атты қазақ тілі апталығы өткізілді. Жоспарға сай 5-7- сыныптар аралығында «Сөз мерген» сайысы, 7-9- сыныптар аралығында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысы, 5-7-сыныптар аралығанда «Мақал –сөздің азығы, Жұмбақ –ойдың қазығы» сайысы, 5-9-сыныптар аралығында мәнерлеп оқу, шығармалар сайысы ұйымдастырылып, белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Сондай-ақ, сабақ – оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы мен орталығы»,- деп айтпақшы, қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында технологиялық әдіс тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың сөйлеу тілдерін шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 7-сыныпта А. Байтұрсынұлының «Екі шыбын» өлеңі, 5-сыныпта «Лексикадан өткенді қайталау», 9-сыныпта «Айтыс. «Біржан- Сара» айтысы тақырыптарында ашық сабақ өткізілді. Аталған сайыстарда

Сондай-ақ, сыныптан тыс 6-7- сыныптар аралығында «Тіл білгірі» атты викториналық ойын, 7-9-сыныптар аралығында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жоспарға сай қараша айында мектепішілік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 7-9-сынып оқушылар арасынан Әнесова Ә., Маратова А., Шаймұрат А., Жақсылық А., Кешуова Т., Кусаинова А., Айкен Е. қатысты. Ал 9-сынып оқушысы Шаймұрат А. аудандық пән олимпиадасына қатысып келді.



Темірхан Аружан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында өткізілген «Ақмола жұлдыздары» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет