243
4. «Қолданбалы кіріктірілген ғылымдар» бӛлімі келесі бӛлімшелерден
тұрады: м
олекулалық биология мен биохимия;
жасушалық биология;
микробиология және биотехнология;
биомедицина және биоинформатика.
«Биология» оқу пәнінің жаңартылған бағдарламасына келесідей жаңа
тақырыптар енгізілді:
Полимеразды тізбекті реакцияны қолдану
Биомеханиканы робототехникада қолдану
Адам денесіндегі қан мен басқа сұйықтықтарды жасанды тазарту.
Диализ әдісі
Грамм оң және грамм теріс бактериялар және олардың құрылыс
ерекшеліктері
Биомедицина және биоинформатика
Миелинденген және миелинденбеген нейрондар
Қартаю үрдісі
Негізгі бӛлімдер жылдан жылға қайталанып, әрбір бӛлім бойынша оқу
мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып
күрделенетініне назар аудару керек.
Әрбір бӛлімдегі оқу мақсаттары білім алушылардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып, оқудың әр кезеңінде маңызды түсініктер жүйелі түрде
қайталанып отырады.
Жалпы 10-11 сыныптарда екі бағытта да бағдарлама мазмұны бірдей.
Айырмашылық
оқу
мақсаттарының
санында,
мысалы
10-сыныпта
жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламада 62 оқу мақсаты, ал
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарламада 47 оқу мақсаты бар. Ал 11-
сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарламада 45 оқу
мақсаты, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарламада 38 оқу мақсаты
бар.
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі – теориядан гӛрі тәжірибеге қарай
бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана
қоймай, алған білімдерін болашақта ӛмірінде қолдана алатындай жағдай жасау.
Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, ӛз қолдарымен тәжірибе
жасауға баулу.
Тӛмендегі кестеде зертханалық жұмыстардың саны ұсынылады.
84-кесте. «Биология» пәні бойынша зертханалық жұмыс саны
Достарыңызбен бөлісу: