БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстандағы қосымша білім берудің жылдар бойғы қалыптасу тарихы және қазіргі жағдайына талдау оның төмендегі өзара әрекет етуші элементтер жиынтығынан тұратын белгілі бір жүйе ретінде қарастырыла алатынын көрсетеді: түрлі деңгейдегі және бағыттағы білім беру бағдарламалары; балаларға қосымша білім беру ұйымдары; білім беруді басқару органдары; қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырушы
балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық бірлестіктері.
Қазіргі уақытта адамның білімділігі тек арнайы (пәндік) білімдермен анықталмайды, отандық және әлемдік мәдениетте, құндылықтардың заманауи жүйесіндегі бағыт-бағдары бар, қоғамда әлеуметтік белсенді бейімделуге, өмірлік таңдау жасауға, өздігінен білім алуға және жетілуге қабілетті тұлға ретінде жан-жақты дамуына байланысты.
Сондықтан жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үдерісі тек нақты бір білімге, біліктер мен дағдыларға ғана бағытталмай, сонымен қатар баланың әртүрлі жоспарлы дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктеріне, қабілеттіліктерін ашуға және адамның жеке даралығына жататын тұлғалық бастамаларына, өздігінен әрекет жасауына, қиялына, өзіндік ерекшелігіне бағытталуы қажет. Мектептің білім беру жүйесі бала тұлғасының жан-жақты дамуын, білім беруді дараландыру мен дифференциациялау проблемаларын шешуді ескермей, білім беруді транцляциялауға бағыттағанға дейін, оқушылардың өзін-өзі анықтауы және өзін-өзі іске асыруы жарияланған ұран қалпында, жеке тұлғаға бағытталған тәсіл – орындалмайтын тапсырма күйінде қалуы мүмкін.
Бүгінгі тәжірибеде адамның білімділігіне қойылатын талаптар базалық білім берумен ғана қанағаттандырылмайтынын көрсетеді. Базалық білім беру адамның бейімділіктерін, қабілеттіліктерін және қызығушылықтарын, оның әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі тануын дамытудың негізгі факторы болып табылатын қосымша формалды емес білім беруді қажет етеді.
Республикада алғаш рет негізгі (базалық) және балаларға қосымша білім беру тең құқылы, әрбір баланың тұлғалық және жеке даралық дамуына қажет бірін-бірі өзара толықтыратын компоненттер ретінде қарастырылуда және осыған байланысты бірыңғай білім беру кеңістігін құрайды. Осы жағдайда мектеп білім алушылардың дамуындағы зияткерлік қателіктерді жеңе алады және оларды қоғамда сәтті әлеуметтендіру негізін жасай алады.
Жаңа білім беру стандарттарын енгізу жағдайында балаларға қосымша білім беруді негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының құрылымына енгізу өзектілігі мектепте алған білімнің тәжірибелік жағын, білік пен дағдыларын, білім алушылардың танымдық мотивацияларын ынталандыруға жағдай жасайтын жалпы білім берудің вариативтік құрамдас бөлігін күшейту қажеттілігімен байланысты. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
шығармашылық әлеуеттерін, заманауи қоғамға бейімделу дағдыларын дамыту және бос уақыттарын толық ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Бала тұлғасын «жақын арадағы даму аймағы» ретінде балаларға қосымша білім беру, балалардың қалауларымен қажеттіліктерінің әрқашан ұштасатын, білім беру үдерісін жекелендіруді, мектептің, ауданның, өңірдің білім беру үдерісінде әр балаға жеке білім беру траекториясын жасап шығаруды қамтамасыз ете алады.
Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеуде қосымша білім берудің рөлі ұлғайып келе жатыр. Олардың өмірде өздігінен дамуын қамтамасыз ететін балалардың қабілеттіліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға және дамытуға байланысты әлеуметтік проблемаларды шешеді.
Балаларға қосымша білім беру, тұлғаны оқытудан, тәрбиелеуден және шығармашылық дамытудан басқа, әлеуметтік маңызы бар басқа да проблемалар қатарын шеше алады, олар: балалардың бос уақытын қамтуды, олардың өздігінен жетілуін және әлеуметтік бейімделуін, салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, бақылаусыздықтың, құқық бұзушылықтың және балалар мен жасөспірімдер арасында бейәлеуметтік көріністердің алдын алады. Балаларға қосымша білім беру негізінде таңдау бойынша сапалы білім беруді қамтамасыз етеді, балалар мен жанұялардың әлеуметтік экономикалық проблемаларын, жалпы қоғамның сауықтыру проблемаларын шешеді.
Балаларға қосымша білім беру балаға өзінің жеке дара білім алу жолын анықтауға, өзінің қабілеттеріне сәйкес, оқу үлгеріміне қатыссыз, табысқа жету мүмкіндігін береді. Қосымша білім беруде бала сабақтың түрлерін, мазмұнын өзі таңдайды, сәтсіздіктен қорықпайды. Осының барлығы табысқа жетудегі психологиялық ахуал тудырады, бұл өз кезегінде оқу ісіне оң әсерін тигізеді.
Қосымша білім берудің міндеттерін іске асыруда, мектеп, бір жағынан, білім беру стандарттарын меңгерту қажеттілігімен, екінші жағынан, білім беруді ізгілендірудің негізі болып табылатын білім беруді жаңғыртудың маңызды принциптерінің бірі – тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау арасындағы барлық қарама-қайшылықтарды шешеді. Гуманистік педагогика баланы жеке дара тұлға ретінде қабылдауға, оның өздігінен дамуы және өзін-өзі анықтау құқығын қорғауға бағытталуымен ерекшеленеді. Қосымша білім беру саласының осы өлшемдерге ең көп жауап беретіндігі анықталды. Мектеп стандарттарын меңгеруге, пәнге бағытталған, базалық білімге қарағанда, ол өзінің мағынасына байланысты тұлағаға бағытталған болып табылады. Тек мектеп қабырғасында білім берудің екі түрінің түйісуі негізінде бөлек бір баланың, сондай-ақ барлық білім беру ұйымдарының дамуына септігін тигізе алады. Бұл жағдайды түсіну – қосымша білім беруді негізгі білім берумен тең дәрежеде қабылдау жолындағы мектеп педагогтерінің психологиялық бөгеулерді жеңу негізі.
Қосымша білім беру қызметінің негізгі мақсаты балаларға өз ойларын білдіруге, өздігінен дамуға және өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Бұл мақсатты іске асыру үшін білім алушыны объект ретінде қарастырмай, белсенділік, дербестік, коммуникативтілік сияқты жеке қасиеттерді дамытуда мүмкін болып
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 195
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
табылатын оқытудың субъектісі ретінде қарастыру қажет.
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде білім беру үдерісі нақты өзіне ғана тән сипаттамалық ерекшеліктері бар:
негізгі оқу уақытынан бос уақытта балалармен іске асырылады, бағыт және қызмет түрлерін таңдау, жыл бойы қызмет көрсету саласын ауыстыру мүмкіндігі болуымен ерекшеленеді;
еркіндікпен, бастамалармен және барлық қатысушылардың белсенділігімен (балалардың, ата-аналардың, педагогтердің), қатаң реттелмеуімен және қатаң талаптардың жоқтығымен сипатталады;
білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған танымдық қызығушылықтарын дамытады және білім алушыларға сабақтардың түрлі бағыттары мен түрлерін үйлестіру құқығын береді;
оның барлық қатысушыларына формалдық емес жайлылық сипатта
болады.
Тек білім беру үдерісіне ғана сенім артуға болмайтыны туралы айтатын уақыт туындады, қосымша білім беруді екінші кезекте қабылдау стереотипін артта қалдыру қажет және оның оқытудың, тәрбиелеудің, баланы дамытудың ортақ үдерісіне біріктіре алатын объективті мүмкіндігін түсіну қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде балаларға қосымша білім берудің толық дамуы келесі міндеттерді орындайды:
1) қосымша білім беру жүйесі әр балаға көңіліне жақын сабақты таңдауға, оқушылардың бос уақыттарын толық қамтамасыз етуге, көптеген пәндерді терең оқуға мүмкіндік береді;
2) мектепте қосымша білім беру аясында оқушылармен жұмыс жасау маңызды тәрбиелік міндеттерді атқарады: оқушылардың бос уақытын мақсатқа сәйкес ұйымдастырады, шығармашылық тұлғаны қалыптастырады, әлеуметтік, мәдени және кәсіби өзін-өзі анықтауға жағдай жасайды, бейәлеуметтік тәртіпті алдын алады;
3) биология, физика, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі және басқа пәндер бойынша пәндік кеңес беру осы пәндерден оқушыларға жобалық және зерттеушілік қызметтердің негіздерін оқуға мүмкіндік береді;
қосымша білім беру жүйесі педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеттерін жоғарылатуға, педагогикалық үздік тәжірибені анықтауға және таратуға мүмкіндік береді;
инновациялық педагогикалық идеяларды, білім берудің модельдері мен технологияларын белсенді қолдануға жағдай жасайды.
Балаларға қосымша білім беру жүйесінің қызметі Қазақстан
Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерімен
реттеледі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы (19-бап);
«Қазақстан Республикасында баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы (19-бап);
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (№ 1, 4, 5, 6, 11, 14,
23, 28, 37, 51, 52, 63, 65-баптар);
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 196
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
4) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
қаңтардағы №148-ІІ Заңы;
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдегі № 591 (12-бап) Заңы;
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсаннан №1400 қаулысы (6-бап);
«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының
тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысы ( Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары
тараудың 29-бабы);
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы;
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы;
«Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы, сондай-ақ ҚР басқа да нормативтік және құқықтық актілері.
2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне мектептен тыс ұйымдар желісін кеңейтуді тапсырды (2012 жылғы 13 қарашадағы № 03-10.5 ДСП).
Қосымша білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында және белгіленген міндеттерді есепке ала отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстанда балаларға қосымша білім беру жүйесін дамыту стратегиясы, Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстан Республикасындағы балалар-жасөспірімдер туризмін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдері әзірледі.
Жоғарыда аталған құжаттарда балалар мен жастардың әлеуметтік және
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 197
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
кәсіби өзін-өзі анықтауында икемділігін, қабілеттілігін және қызығушылықтарын дамытуға мүмкіндік беретін балаларға қосымша білім беру жүйесінің маңыздылығы мен мәні анықталған.
Негізгі және балаларға қосымша білім беруді интеграциялау заманауи педагогикада ең маңызды мәселелердің бірі болып табылатын тәрбие, оқыту және дамыту үдерістерін жақындастыруға мүмкіндік береді. Негізгі білім мазмұнына сүйену білім беру ұйымдарында балаларға қосымша білім беруді дамытудың маңызды рөлі болып табылады.
Бұл бағытты дамыту қажеттігі білім беру қызметтерінің қосымшалылығын қамтамасыз етудің негізіндегі ұйымдар қызметінің әртүрлі типтер мен түрлерін вертикалды және горизонталды үйлестіру принциптерін жүзеге асыру контекстінде бірыңғай білім беру кеңістігін сақтау идеясына негізделеді.
Қазақстандық білімді дамытудың жаңа мақсатты тұжырымдау контексінде құзыреттілік тәсілді қамтамасыз етуге бағытталған тұлғаның білімділік мағынасын ашып көрсететін тіршілік әрекетінің (танымдық, еңбек, азаматтық-қоғамдық, тұрмыстық, мәдени-бос уақыт) әр түрлі саласындағы түрлі қиындық деңгейіндегі міндеттерді шешу қабілеттілігі, қосымша білім берудің талабы айтарлықтай өсіп келеді.
Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығының жоғары деңгейін қалыптастырудың қажет жағдайында қызмет бағыттарының спектрін кеңейту баланы оқыту және тәрбиелеу үдерісінде тұлғаға бағдарланған тәсілдің өзектілігін, оның шынайылығы мен нәтижелілігін қамтамасыз ету негізгі (жалпы және кәсіби) және қосымша білім беруді интеграциялау есебінде мүмкін болатынын болжайды.
Академизм және мектеп білімі жағдайынан ерекшеленетін білім беру үдерісін ұйымдастырудың қатаң түрлері оқытуда қызметтік тәсілді шамалы қамтамасыз ете алмайды.
Қазіргі мектепте мазмұн мен технологияларды мақсатты тұжырымдау контексінде өзгертудің инновациялық сипаттамасы айтарлықтай дәрежеде қосымша білім беру есебінен күшейтілуі мүмкін, оның сипаты қызмет түрлерін еркін таңдауды, білім алушылардың жоғары бейімділігін, яғни, жеке тұлғаның нақты шығармашылық ашылуын болжамдайды.
Қосымша білім беру жүйесі білім алушылардың дамуына елеулі үлес қосуға икемді, олардың білім беру кеңістігін кеңейту негізінде жеке тұлға дамуының мақсатты тұжырымдау және мақсатты жүзеге асыру субъектісі ретінде қажетті ақпарат көздер санын көбейту, пәнаралық және пән үстілік білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру.
Бұл түрлі типті және түрлі ұйымдардың республика, облыс, қала, кент, ауыл, аудан білім беру кеңістігі жағдайында білім алушылардың білім бағдарын тұрғызуда интеграциялық байланысын күшейту есебінде мүмкін болады.
Қосымша және жалпы орта білім беру ұйымдарының дәстүрлі әрекеттестік бағыты біріккен қызметтің мазмұнды бағытын дамыту негізінде: интегративтік білім беру бағдарламаларын құру және жүзеге асыруы айтарлықтай кеңейтілуі
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 198
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
мүмкін.
Негізгі білім берудің қосымша білім беру белгілі бір жас ерекшелігі жағдайларында жеке тұлғаны дамытудың мақсатты тұжырымдау ерекшелігіне сүйене отырып, өзінің мазмұндық модулін ұсынуға қабілетті:
мектепке дейінгі білім беру деңгейінде – мектепалды дайындығы; бастауыш білім беру деңгейінде – оқушының өз ұстанымын меңгеруіне
көмектесу: әртүрлі білім беру қоғамдастықтарына қосу; негізгі орта білім беру деңгейінде – жеке тұлғаның өз орнын табу процесін
қолдау: әртүрлі қызмет салаларында маңызды проблемалар спектрін кеңейту және оларды шешудің тәжірибесіне ие болу;
жалпы орта білім беру деңгейінде – оқушылардың кәсіптік айқындалу процесін сүйемелдеу, кәсіпке дейінгі дайындықпен қамтамасыз ету.
Білім беру бағдарламаларын жобалауда интегративті тәсілді мазмұнның метапәндік немесе пәнүстілік деңгейлеріне шығуға мүмкіндік беретін, білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен құзыреттілігін (құқықтық, ақпараттық, экологиялық, этикалық, көркем, дене шынықтыру) және тиісінше зерттеу, жобалық, рефлексивті сияқты меташеберлігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін метабағдарламалар құру негізінде қамтамасыз ету мүмкін. Осындай нәтижелерге жету құнды-мағыналы келісім мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрі, білім алушылардың жетістіктерін бағалау формасы есебінде мүмкін болады. Бұл мектеп, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдары жағдайында белгіленген қадамдарды бірігіп талқылау және жүйелі түрде жүзеге асыруды болжайды.
Жұмыстың жаңа бағыттарының тиімділігі ұйымдардың желілік әрекеттестігінің адекваттық үлгілерін жүзеге асыруды болжайды. Біріккен ұйымдастыру қызметінің негізгі нәтижелері ретінде, оның мәнін түсіну және сапалы жүзеге асыру жағдайында білім беру қызметінің барлық тұтынушыларына сапалы білім алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретін оның элементтер құрылымына кіретін интеграциялық әсерді күшейту есебінде білім беру жүйесін дамытудың жаңа деңгейі болуы мүмкін.
Білім берудің әр кезеңінде білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері есебінде қосымша білім беру міндеттері өзгереді:
бастауыш мектеп - балалардың танымдық мүмкіндіктерін кеңейту, олардың жалпы және арнайы мүмкіндіктерін диагностикалау, қосымша білімді кезекті таңдауға жағдай жасау.
негізгі мектеп - теориялық білім мен практикалық дағдылары қалыптастыру, қызметтің таңдалған саласында тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін ашып көрсету.
орта мектеп – таңдалған салада білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне жету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі анықтауына, және кәсіптік бағдарына жағдай жасау.
Балаларға қосымша білім берудің басқада маңызды рөлі – оның ең басты құрамдас бөлігі. Ересек пен баланың біріккен шығармашылық қызметі үдерісінде тұлғаның адамгершілік сапасы дамиды.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 199
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
Бұл жағдаймен балаларға қосымша білім беру жүйесінің тағы бір ерекше рөлі тығыз байланысты – өтемдеуіш (немесе психотерапиялық), сондықтан дәл осы салада мектеп жағдайында білім алатын балалар білім беру үдерісінде әрдайым ала бермейтін қолдаудың жеке даму қабілеттілік мүмкіндігін алады. Негізгі мектеп пәндерінен шамалы үлгерседе, көркем студия немесе спорт секцияларынан ол көшбасшылар қатарынан көрінуі мүмкін.
Эмоциялық қанықтық – жалпы білім беретін мектеп жағдайында балаларға қосымша білім беруді дамытудың тағы бір ерекшелігі. Әлемге эмоциялық-құнды қарым-қатынас баланы толғандыратын сұрақтарға жауап іздеуге көмектесетін жарқын тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына үндеу үдерісінде қалыптасуы мүмкін. Хрестоматиялық оң үлгілер мысалдарында тәрбиелеудің орнына нақты, шынайы бар адамның уайымы мен толғануына, оның ізденістері, қателіктері, шарықтауы мен құлауына жүгінсе ғана, балалар оның тағдырына, күресіне, мұратына сенеді.
Балаларға қосымша білім беру тағы бір маңызды рөлді атқарады – мектептің мәдени кеңістігін кеңейтеді.
Осы салада баланың мәдениет құндылықтарымен танысуы оның жеке қызығушылықтары, ұлттық ерекшеліктері, микросоциум дәстүрлері есебінде болады.
Білім беруге мәдениеттанушылық тәсіл баланың ақпаратпен аса қанығуына қарсы тұруға мүмкіндік береді, тиісінше оның жанының азуына, мәдени-тарихи тәжірибе мұрагерлігінің барлық жүйесінің күйзелісіне, ұрпақ байланысының үзілуіне, дәстүрдің жоғалуына әкеп соғады. Балаларға қосымша білім беру тарих пен мәдениеттің: орыс және көрші халықтардың шынайы өзара әрекеттілігі мен баюын орнатуға мүмкіндік береді. Балаларға қосымша білім берудің бұл ерекшелігі жас ұрпақтың мемелекеттік білім беру стандартының өңірлік кешенінде оған ерекше орынды қамтамасыз етеді.
Балаларға қосымша білім берудің ерекше орны оқушылардың әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуге және кәсіби өзін-өзі анықтауында болып табылады.
Қосымша білім берудің рөлі – жасөспірімдерге дұрыс таңдау жасауға көмектесу. Сондықтан қызығушылығы бойынша сабақтардың ішінде бүгін тәжірибеге бағытталған әртүрлі курстарды (автомобиль жүргізу, теле- және радиоаппаратураны жөндеу, тоқыма тоқу, дизайн және т.б.) кездестіруге болады. Тағы бір үлкен сәттілік, әсіресе жоғары сынып оқушылары іскерлік өмірде (компьютер және байланыстың электрондық құралдары, іс-қағаздар, бухгалтерлік есептің қыр-сырын меңгеру) табысты қамтамасыз ететін білімге ие. Өзінің әлеуетті қабілеттерін ашу және мектеп жылдарында оларды жүзеге асыруға тырысу бітіруші үшін қоғамда шынайы өмірге жақсы дайындалу, қойылған мақсаттарға жетуге үйрену, өркениетті және оның жетістіктерінің құнды құралдарын таңдау болып табылады.
Оқушылардың әлеуметтік бейімділігі үшін қызығушылығы бойынша әртүрлі шығармашылық бірлестіктер жұмысына қосылу маңызды, заманауи жағдайда ерекше құндылыққа ие болатын әртүрлі жастағы қарым-қатынас
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 200
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
кеңістігінде табылады: бұнда балалар өз ынтасын білдіре алу, дербестік, көшбасшылық қасиеттер, басқалардың қызығушылығын есепке алып ұжымда жұмыс істей алу.
Мектепте балаларға қосымша білім беруді дамытудың ерекшеліктері:
негізгі білімнің құндылықтарын позитивті қабылдау және оның мазмұнының табысты меңгеруі үшін кеңейтілген жалпы мәдениет пен эмоциялық-бояулы фонды құру;
«жалықтырмайтын» тәрбиені жүзеге асыру – өскелең ұрпақтың «байқалмайтын» адамгершілік, рухани, мәдени бағдарын қалыптастыру үдерісіндегі балаларды қызметтің тұлғалық маңызды шығармашылық түрлеріне қосу арқасында болады;
қызметтің барлық түрлеріне (көркемдік, техникалық, спорттық және т.б.) ерекше қызығушылық білдіретін, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында өз қабілеттерін жүзеге асыратын оқушылардың бағдары;
оқушыларға жеке білім беру жолын анықтау, өмірлік және кәсіби жоспарды нақтылау, маңызды тұлға қасиетін қалыптастыру үшін қажет болатын негізгі білім беруде барлық оқу курстарының (негізінен гуманитарлық бағыт) болмауын өтеу.
Қосымша білім беру балалардың рухани, зияткерлік, дене даму тұрғысында, шығармашылық және білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қосымша мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Балаларға қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - әр балаға білім беру салаларын, қосымша бағдарламаның бейінін және оны меңгеруге кететін уақытын еркін таңдауға мүмкіндік жасау. Бұл мақсатты орындау қызмет түрлерінің алуандығын, білім беру үдерісінің тұлғаға бағытталу сипаттамасын, оның тұлғасын тануға және шығармашылыққа деген уәждемесін дамытуға бағытталуына, балалардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, оларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, білім беру ұйымдарындағы балаларға қосымша білім беру өзіндік құндылықты меңгерген сала болып табылады, сондай-ақ бірыңғай білім беру кеңістігін құруға бағытталған және оқушыларда әлемді қабылдаудың біртұтастығын қалыптастыру; тұлғаның жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытуға жағдай жасау.
Заманауи мектепте балаларға қосымша білім беруді ұйымдастырудың жолдары.
Балаларға қосымша білім беруді дамытуды зерделеу қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептерде оны ұйымдастырудың негізгі төрт моделі бар екендігін көрсетеді. Қосымша білім берудің бағдарламалары бойынша жұмыс жасайтын балаларды сабақтан тыс жұмыстар жүйесіне тарту нақты әрбір мектеп қарастыратын қосымша білім берудің қандай деңгейді көздеулеріне сәйкес, өзінің ерекшеліктері болуы мүмкін және әртүрлі тәрбиелік қорытындыларға жетуі мүмкін. Олар мынадай болуы мүмкін:
1) жұмыстары бір-бірімен сәйкес келмейтін және сол уақытта бар кадрлық және материалдық жағдайларға толығымен тәуелді үйірмелер, секциялар, клубтарды кездейсоқ ашу;
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 201
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
балалар шығармашылық ұжымдарының және бірлестіктерінің жұмыстарын ішкі шоғырландыру, олардың қызметтерінің әртүрлі бағыттарға бағытталуы;
балаларға қосымша білім беруді дамытуды мектептің жеке бөлімшесі ретінде қарау;
негізгі және балаларға қосымша білім беруді кіріктіру, мектептің негізгі құрылымының мазмұндық және ұйымдастырушылық бірлестігі.
Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоғарыда көрсетілген барлық ұйымдастырушылық модельдерді қолдануға болады. Қазіргі кезде мектептерде қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші екі деңгейіне артықшылық береді. Кіріктіру үдерісін іске асыру жағдайында үшінші және төртінші деңгейлер өздерінің жеке тәрбиелік жүйесін құруға бағытталған мектептерге тән.
Әр модель, кім оларды жобалап және алдыңғы уақытта тәжірибеде іске асыратын болса, барлығы үшін нақты бір құндылықтармен қамтамасыз етеді. Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастырудың бірінші деңгейі негізіндегі модельдердің нақты бір мән-мағынасы бар, өйткені, балалардың бос уақытын қамтамасыз етеді және олардың сабақтан тыс жұмыстарының спекторларын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі модельдер балаларды, сонымен қатар балалар мен ересектерді біріктіретін (қауымдастықтар, шығармашылық зертханалар, экспедициялар, шеберханалар және тағы басқалар) өздерінің өзгешелік түрлерімен ерекшеленеді.
Ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерінде құрылған модельдер балалардың қосымша білім беруге әртүрлі сұраныстарын қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және сонымен бірге бұдан да маңызды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жетістіктерге жету тәрбиелік бағдарламалардың мазмұнын бірлесе әзірлеу арқылы барлық субъектілер жұмыстарының бірлігі есебінен мүмкін болады. Бірінші жағдайда, ортақ бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын, тәрбиелік қызметтің жалпы мектептік компоненті ретінде қарастырылатын, барлық қосымша білім беру педагогтері қызметтерінің бірлігі есебінен іске асырылады. Екінші жағдайда – мазмұн деңгейінде, сондай-ақ технологиясы деңгейінде негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын қосымша білім берумен кіріктіру есебінен іске асырылады.
Ішкі, сондай-ақ сыртқы механизмдерді қолданатын ұйымдастырушылық әрекеттестіктің үшінші және төртінші деңгейлерін іске асырумен құрастырылған модельдер, басымдық ретінде қарастырылады, себебі олар мектептегі білімнің барлық деңгейлерінде жаңа стандарттармен қарастырылған тәрбиелік жүйе құруға бағытталған.
Мектептегі қосымша білім беру міндетті түрде қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын басшылыққа алатын, қызығушылықтары бойынша құрылған балалардың түрлі шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілері іске асырылады.
Мектептегі қосымша білімнің бағыттары: көркем-эстетикалық, әлеуметтік-
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 202
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
педагогикалық, туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, спорттық-сауықтыру және тағы басқа.
Сабақтан тыс жұмыстар мен қосымша білім берудің маңызды байланыстырушы буын пәндік үйірмелер болып табылады: бұл міндетті оқу материалымен байланыс; білімге, біліктікке, дағдыға және жеке дамуға бағытталу; сабақтарға міндетті немесе ерікті қатысу; білім беру материалының көлемін және оны меңгеруге кететін уақытты таңдау мүмкіндігін береді. Бір жағынан бұл пән бойынша сабақтан тыс жұмыс, ал басқа жағдайда – қосымша білім берудің бөлімі.
Білім беру үдерісінің баланың дамуына, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашуға бағытталғандығы маңызды. Мұнда білім беру үдерісінің нысандалған сипаты аз, сондықтан ол бала дамуының табиғи негізіне жақын болып келеді. Білім алушы қызметтің белсенді субъектісі болып табылады, білім алу міндеттерін белсенді шешеді: бақыланатын көріністердің мәнін және себептерін түсіндіреді, қызметті орындау түрлерін анықтайды, бақылау объектілерінің арасындағы тәуелділікті және тағы басқаны зерттейді.
Егер мектепте оқытуды жекелендіру ережесіне сәйкес бастама мұғалім тарапынан болатын болса, ал балаларға қосымша білім беруде, өзіне қызықты қызмет түрін анықтау, ең алдымен, баланың тарапынан болады. Педагогтің позициясы өзгереді:ол тек қана білім тасымалдаушысы ретінде қарастырылмай, сонымен қатар оқушының тұлғалық қалыптасуына көмекші ретінде қарастырылады: ынтымақтастықтың, формалдық емес қарым-қатынастың идеясы бекітіледі. Қосымша білім берудің педагогі кеңес берушінің қызметін орындауда балаларға тұлғалық тұрғыда жиі және қатты әсер етеді. Осы жерде оның тұлғалық қасиеттеріне жоғары талаптар қойылады.
Баланы дамыту мақсатына жету үшін білім беру үдерісінде ұйымдастырудың жеке және ұжымдық түрлерін, оқытудың проблемалық түрлерін (жұптық әрекеттестік, шағын топтар, топтар арасындағы әрекеттестік) қолдану қажет. Оларды қолдану білім алушы мен педагог позицияларын ауыстырады, олардың әрекеттестіктерінің субъект-субъектілік сипаттамаларын іске асыруға көмектеседі, қарым-қатынас жасаудың демократиялық стилін және педагог қызметінің ашық диалог және рефлексивті түрлерін күшейтеді.
Оқытудың жекелендіру мен дифференциациялау проблемаларын, өзін-өзі анықтау және тұлғаның өзін-өзі іске асыруды шешу жағдайында балаларға қосымша білім берудің мәні ұлғая түседі.
Қосымша білім беру педагогінің қағидалық ұстанымы – бала тәрбиелеу, бұл жағдайда пән мақсат емес, ол тұлғаның барлық қырларын: ой-өрісін, тәжірибелік ақылын, еңбексүйгіштікті, дене дамуын және өзін-өзі жетілдіру, мінезі мен рухын қалыптастыру, дамыту және жетілдіру құралы болып табылады.
Басқаша айтқанда, қосымша білім беру – баланың бай ішкі жан дүниесіне еніп, оны түсіну және мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.
Қосымша білім беру жүйесіне тиісті технологияларды мектептің оқу үдерісіндегі сабақтарда қолдануға болады. Олар кешенді сабақтар, оқу
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 203
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
жобалары, дискуссиялық технологиялар, ойындар, пәндік технологиялар болуы мүмкін. Олар әдеттегідей сабақтың шегінен шығатын оқытушының басшылығымен білім алушылардың өзіндік жеке және топтық іс-әрекетін қарастырады. Сонымен қатар, мектеп сабақтары оқу сабақтарының аясында материалдың мазмұнын тереңдету мен кеңейту арқылы және сабақтан тыс қызметтеріндегі әртүрлі нысандарда мектеп сабақтарының бөлек элементтерін қолдану арқылы қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үдерісінде жалғасын табуы мүмкін.
Бір жағынан негізгі және қосымша білім беруді кіріктіруді дамыту мектептің әртүрлі мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарымен әрекеттесу қызметі болып табылады. Бұл оқушыларды көркемөнер, спорт, туристік-өлкетану және басқа қызметтерге тартудың өте жақсы мүмкіндігі. Әрекеттесу қызметі жұмыс жоспарын үйлестіруге, мектеп және қосымша білім беру ұйымдарының мүмкіншіліктерін ескеруге мүмкіндік береді.
Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру кезеңдері
Егер мектепте бұрын қосымша білім беру блогы болмаған жағдайда, әкімшілік кезең-кезеңімен келесі талдамалық және ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді жасауы керек.
1-кезең – талдамалық.
Осы кезеңдегі дайындық жұмыс келесіні қамтиды:
мектептің мақсаты мен міндеттеріне мұқият талдау жасау. Балаларға қосымша білім берудің бағыттарын педагогикалық ұжымның мақсатына, бағытына, міндеттеріне, жоғары сыныптардағы бар немесе жоспарлаған бейінінің сипатына байланысты тандаған мақсатты болады;
қосымша білім беру қызметтеріне балалардың және ата-аналардың сұранысын анықтау. Олардың қажеттіліктерін сауалнамалар, ауызша сұрау, ата-аналар жиналыстарында ұжымдық талқылау арқылы анықтау;
мектептегі бар факультативтік курстарды, сонымен қатар жұмыс істейтін үйірмелерді, секцияларды анықтап, оларды балалардың және ата-аналардың сұраныстарымен салыстыру;
балаларға қосымша білім беру ұйымдары ұсынатын қосымша білім беру қызметтерін зерттеп, олармен біріккен жұмыстардың түрлерін ойластыру;
мұғалімдердің, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетіне талдау жасау;
мектептің материалдық-техникалық мүмкіндіктеріне баға беру;
директордың ғылыми және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасарларының, қосымша білім беру педагогтерінің, сынып жетекшісінің, ұзартылған топтың тәрбиешісінің, тәлімгердің, қосымша білім беру әдіскерінің лауазымдық міндеттеріне талдау жасау;
балаларға қосымша білім беру ұйымдары бойынша негізгі құжаттарды (заңдар, қаулы, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер), сонымен қатар республикалық және өңірлік деңгейдегі бағдарламалық құжаттарды оқып білу;
Алдын ала жасалған талдау қосымша білім беру қызметтеріне әлеуметтік тапсырыстар мен мектептің нақты мүмкіндіктері туралы түсінік береді.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 204
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
2-кезең – жобалау.
Осы кезеңнің негізгі міндеті – мектепте қосымша білім берудің жалпы сызбасын дайындау. Оны дайындау үшін келесі сұрақтарға жауап беру керек:
мектепке қосымша білім берудің қандай бағыттары қажет және қандай шамада мақсаттары мен міндеттерін іске асырады;
осылардың қандай бағыттарын және қандай формада мектеп базасында, қандайын балаларға мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының базасында іске асыру қажет;
қайсысын педагогтердің, шақырылған мамандардың, ата-аналардың, жоғары сынып оқушыларының көмектері арқылы іске асыруға болады;
балаларға қосымша білім беру саласында мектептің негізгі материалдық-техникалық базасын қандай шамада қолдануға болады;
не арқылы оны дамытып, жетілдіруге болады;
бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды қосымша білім беру бағыттары мен формаларында қалай қалыптасуды үйретуге болады;
білім алушылардың сұраныстарына сәйкес қосымша білім беру арқылы қандай кәсіби деңгейге дейінгі немесе кәсіптік бейімделу жұмыстарын ұйымдастыруға болады.
Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, мектептегі сабақ кестесі мен тәрбие жұмыстарының жоспарын байланыстырып, қосымша білім беру блогының жұмыс кестесін құру.
3-кезең – мектепті қосымша білім берудің ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелікпен қамтамасыз ету.
Жобалау кестесі іске аспай тұрып үйірмелердің, студиялардың,
секциялардың, клубтардың жұмыстары ұйымдастырушылық және бағдарламалық-әдістемелік қолдау алу керек. Біріншіден, ол үшін мектеп жарғысына қосымша білім беру блогын ұйымдастыру жөнінде бап енгізу керек.
Бұл бап әр мектепте іске асырылатын қосымша білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мен түрі анықталғыш бағыты бар аса маңызды жеке сипаты болады. Сонымен қатар, тұжырымында бірнеше міндетті жағдайларды айқындау қажет:
білім беру ұйымдары қандай мақсатпен қосымша білім беру бағдарламаларын (тұлғаның жан-жақты дамуы, өздігінен білім алуда балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқытуда бейіндікті қамтамасыз ету және т.б.);
мектептерде балаларға қосымша білім беру қандай бағыттарда жүзеге асырылады;
оның мазмұны қандай бағдарламалардың (үлгілік, модификацияланған, авторлық) түрлерімен анықталады;
балалар бірлестіктерде (үйірмелер, клубтар, студиялар, секциялар т.с.с.) қосымша білім беру аясында білім беру үдерістері қандай нысанда іске асырылады;
қосымша білім бағдарламалары бойынша кім білім алады;
педагогикалық қызметтерге осы бағдарламаларды іске асыру үшін кім
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 205
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
жіберіледі;
мектепте балаларға қосымша білім беру қандай негізде (ақылы, тегін, аралас) іске асырылады?
Бапты тұжырымдау неғұрлым кәсіби тұрғыда болуы үшін, оны дайындағанда мақсатты нормативтік құқықтық құжаттарды қолдану.
Екіншіден, мектепте қосымша білім берудің блогы туралы Ереже дайындау.
Үшіншіден, мектеп бір немесе бірнеше арнайы ұйымдармен – балалар шығармашылық орталығымен (үйлерімен), балалар спорт мектептерімен, мұражайлармен, кітапханалармен тағы с.с. әрекеттесу туралы шарт жасау;
Төртіншіден, қосымша білім беру блогында жұмыс істейтін барлық педагог қызметкерлерге лауазымдық нұсқаулар дайындау.
Сонымен қатар, лауазымдық нұсқаулар олардың мақсаттарын, қызметтерін, құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін белгілейді және келесі жағдайларда қажет:
мектептегі қызметкердің мәртебесі мен жұмысының көлемін анықтау
қажет;
оның кәсіби міндеттерін көрсеткенде, белгісіздікті жою және қызметтердің шеңберіне шек қою.
Білім беру үдерісін ұйымдастыру.
Қосымша білім беру блогының жұмысы жылдық және жоспарлардың басқа түрлерімен, мектеп директоры немесе оның қосымша білім беру жөніндегі орынбасары бекіткен қосымша білім беру бағдарламалары және жоспарлары негізінде іске асырылады.
Қосымша білім беру блогында оқу жылы 15 қыркүйекте басталады және ағымдағы жылғы 25 мамырда аяқталады. Жазғы каникул кезінде білім беру үдерісін (білім беру бағдарламаларында қарастырылған жағдайда) жорық, жиындар, плэнерлер, экспедициялар, түрлі бағыттардағы лагерлерде және тағы с.с. жалғастыруы мүмкін. Осы кезеңде білім алушылардың құрамы өзгермелі болуы мүмкін. Көп күндік жорықтарға шыққан жағдайда педагогтің жүктемесін көбейтуге рұқсат етіледі.
Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі сабақ кестесі балалардың және жасөспірімдердің міндетті оқу жұмыстарына қосымша жүктеме болып табылатынын ескере отырып құрастырылады.
Осыған байланысты, әрбір баланы бірлестікке қабылдағанда, денсаулығының жағдайы туралы анықтаманы және таңдаған бейіні бойынша қосымша білім беру топтарында оқуға мүмкіндіктері туралы дәрігерден қорытындысын көрсетуі қажет.
Сабақ кестесін оқу жылының басында білім алушылардың ең қолайлы еңбек және демалыс тәртіптерін ескере отырып, педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша әкімшілік құрастырады. Сабақ кестесін мектеп директоры бекітеді. Сабақтарды ауыстыру немесе сабақ кестесін өзгерту қосымша білім беру блогы бойынша әкімшілік келісімі бойынша жасалады және құжатпен ресімделеді. Мектептегі каникул кезіңде сабақтар арнайы кесте бойынша
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 206
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
өткізіледі.
Балалар бірлестігінің тізімдік құрамы:
бірінші оқу жылы - 12-15 адам;
екінші оқу жылы- 10-12 адам;
үшінші және оқытудың кейінгі жылдары - 8-10 адам;
Оқу-зерттеу қызметіндегі балалардың тізімдік құрамы 8 адам (мұндай топтарда білім алушылардың саны, оқу топтарына қарағанда аздау, 4-8 адам; сабақтар 2-4 адамнан тұратын топтарда өткізілуі мүмкін.
Қосымша білім беру блогында қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға қатысатын балалармен жеке жұмыс жасау қарастырылған (аптасына 2-ден 6 сағатқа дейін).
Жыл бойы сабаққа қатысуы төмендеген жағдайда, топтарды біріктіруге немесе таратуға болады. Бұл жағдайда артылған қаражат балалардың жаңа бірлестіктерін ашуға жұмсалады.
Аптадағы сабақтардың ұзақтығы мен саны қосымша білім беру педагогінің білім бағдарламаларымен, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарындағы балалардың қызметтерінің тәртібі мен талаптарына сәйкес анықталады.
Сабақтарда компьютерлік техникаларды пайдалану Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуы керек.
Бағдарламаға сәйкес педагогке білім беру қызметіндегі әртүрлі нысандарды: аудиториядағы сабақтар, дәрістер, семинарлар, жаттықтыру сабақтары, экскурсиялар, концерттер, көрмелер, экспедициялар және т.б. пайдалануға болады. Сабақтарды барлық топпен, сондай-ақ 3-5 адамнан тұратын топтарда немесе жеке өткізуге болады.
Педагог өз бетінше баға қою жүйесін тандауға, білім алушыларды аттестаттауға құқылы. Қосымша білім беруде аттестаттаудың келесі формалары: тест, сауалнама, сынақ, сұхбаттасу, баяндама, реферат, олимпиада, байқау, көрме, конференция, концерт, басылым және т.б. пайдаланады.
Білім алушыларды балалар бірлестіктеріне бағдарламада қарастырылған мерзімге қабылдайды. Мектеп жарғысын, Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда білім алушыларды бірлестіктен шығарады. Білім алушы науқастанған жағдайда немесе шипажайлық-курорттық емдеуде болғанда, бірлестікте орны сақталады.
Оқушылардың қызметтері бірдей жастағы және қызығушылықтары бойынша әртүрлі бірлестіктерде (оқу тобы, клуб, студия, ансамбль, театр және т.б.) іске асырылады. Бірлестіктің жұмысына тізімдік құрамына кірмесе де, педагогпен келісіп, ата-аналарға да қатысуға болады.
Әрбір білім алушы бір уақытта болатын әртүрлі бағыттағы бірлестіктерде оқуға, сонымен қатар оқытудың бағытын өзгертуге құқығы бар.
Балаларға қосымша білім беру бірлестіктеріндегі білім беру үдерісінің мазмұны
Қосымша білім беру жүйесінде көркем-эстетикалық, экология-биологиялық, тарихи-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық, дене шынықтыру – сауықтыру және т.б. бағыттардағы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 207
Қазақстан республикасының жалпы білім беретін мектептерінде балаларға қосымша білім берудің ерекшеліктері
Бірлестіктерде сабақтарды бір тақырыптық немесе кешенді (біріктірілген) бағдарламалар бойынша өткізуге болады.
Кешенді білім бағдарламаларын іске асыру үшін 2 немесе одан көп педагогті тартуға болады, оқу жүктемесі қосымша білім беру бағдарламасында көрсетіледі.
Педагог бағдарламаның Түсінік хатында көрсетілген білім беру міндеттерін, психологиялық-педагогикалық мақсаттылығын, санитарлық-гигиеналық нормаларды айқындайтын қосымша білім беру бағдарламасының мазмұны, оны іске асыру, әдісі мен формасы, бірлестіктің санын және жас ерекшеліктерінің құрамын өзі анықтайды.
Педагог қызметкерлер өздері дайындаған білім бағдарламаларын пайдалануға немесе мектеп директоры бекіткен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының бағдарламаларын қолдануына болады.
Балаларға қосымша білім беру жүйесінде ұйымдастырылған білім беру үдерісі келесі талаптарға сәйкес болу керек:
дамытушылық сипаттың болуы, яғни балалардың табиғи қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытуға бағытталған (білім беру үдерісінде білім алушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейі өзіндік мақсаты, балалардың тұлғалық көп қырлы дамуы мен қабілеттеріне сәйкес жетістіктері);
формалары бойынша әртүрлі болуы (топтық және жеке, теориялық және практикалық, орындаушылық және шығармашылық сабақтар), сонымен қатар мазмұны бойынша (балалардың жалпы және арнайы қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды);
қосымша білім беру бағдарламаларының алуан түрлілігі — жобалық, модификацияланған, авторлық бағдарламаларына негізделуі; олардың барлығы білім алушының дене және психикалық денсаулығына зиян келтірмеуі үшін білім беру үдерісіне енгізбестен бұрын әдістемелік немесе педагогикалық кеңесте қарастырылуы;
балаларды оқытудың дамыту әдістеріне негізделуі; қосымша білім беру педагогіне пәндік салада сабақ беретін білімі жеткіліксіз: балаларға қосымша білім беруден оқытудың дамыту жүйесіне ауысуы әр оқытушыдан өз жұмысында психологиялық және дидактикалық принциптерді және балалардың қабілеттерін дамыту әдістерін, олардың жеке басының өсуіне ептілігін пайдалануды талап етеді;
әртүрлі қызығушылықтары мен проблемалары бар балаларға жүрегіне жақын іспен айналысу үшін балалардың мүдделері мен уәждемелерінің диагностикасын пайдалану.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 208
ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) орта білім беру ұйымдарын (шағын жиынтықты мектептерден басқа) жан басына нормативтік қаржыландыруға көшіру көзделген.
Жан басына нормативтік қаржыландырудың мақсаттары:
балалардың МЖМБС талаптарына сәйкес орта білім алуына базалық шығыстарды анықтаудың бірыңғай тәсілімін қалыптастыру;
аймақтар бойынша орта білім беруге базалық шығыстарды теңестіру;
мекемелерді емес, балаларды сүйемелдеудің атаулы жүйесіне көшу және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес оқушы басына жоспарлау;
мектептер арасындағы бәсекені дамытудың арқасында білім беру сапасын көтеру;
мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін арттыру, шешім қабылдауда ашықтық;
бюджет қаражатының ашық және әділ жұмсалуы, мектептерге бюджеттік қаражатты бөлу кезінде ЖАО тарапынан сыбайлас жемқорлық факторын болдырмау;
мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне сараланған жалақы төлеу (лауазымдық қызметақы және нәтижелер үшін ынталандыру үстемақысы), орта білім беру жүйесінің педагогикалық әлеуетін нығайту.
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру білім беру процесіне (МЖМБС-ны іске асыруға) шығыстарды республикалық деңгейде орталықтандыруға және мектептерге бюджет қаражатын жылына 1 оқушыға шаққандағы есеппен бөлуге негізделеді.
Бөлінетін бюджеттік қаражаттың көлемі мектептерде білім алатын оқушылардың санына байланысты.
Білім беру процесіне шығыстар мектеп қызметкерлерінің жалақысымен, оқу шығыстарымен байланысты шығындарды, сондай-ақ мектептердің педагогикалық қызметкерлеріне олардың жұмыс нәтижелері мен көрсететін білім беру қызметтерінің сапасына қарай төленетін сыйлықақылар мен ынталандыру үстемеақыларын қамтиды.
Мектептердің білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша қызметтер (коммуналдық қызметтер, ағымдағы жөндеу, ғимаратты ұстау және күту, оқушыларды тасымалдау және тамақтандыру, басқадай қызметтер) өңірлердегі орта білім беру ұйымдары желісінің жағдайы мен дамуына жауапкершілікті сақтау, мектептердің материалдық базасы мен инфрақұрылымын қолдау мақсатында жергілікті атқарушы органдарының құзыретінде қалады.
Жан басына нормативтік қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа нысаны
Пилоттық білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
емес, бұл білім беру процесін іске асыру үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің тетігі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкеріне жалақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Білім беру процесін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативінің мөлшерін (яғни, 1 оқушыны оқыту құнын) ҚР Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы №440 бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінің негізінде бір оқу жылына есептейді.
1 оқушыны оқыту құны мыналар бойынша ажыратылады:
іске асырылатын білім беру бағдарламаларының түріне қарай: жалпы білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру оқыту бағдарламалары, үйде жеке оқыту;
білім беру бағдарламасының іске асырылу орнына қарай: қала, ауылдық
жер.
Мектептердің білім беру процесін қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мен жалпы көлемін есептеу кезінде ҚР БҒМ мыналарды ескереді:
мектеп қызметкерлерінің еңбек жағдайы үшін барлық қосымша ақылары мен үстемеақылары;
қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптардың нормативтік толымдылығы (қалада - 24 адам, ауылда - 20 адам);
сыныптардың шекті толымдылығы (25 адам). Сыныптың шекті толымдылығынан тыс, яғни асып түскен оқушыларды оқыту құны азаяды.
Жан басына шаққандағы нормативтің мөлшеріне сүйене отырып және жергілікті атқарушы органдары ұсынған сыныптар бойынша оқушылардың саны туралы деректердің негізінде, БҒМ жан басына шаққандағы нормативті нақты мектептің оқушылар санына көбейту арқылы (білім беру деңгейіне, білім беру бағдарламасының түріне байланысты) әр мектепте жан басына қаржыландыруды іске асыруға (білім беру процесін қаржыландыруға) республикалық бюджет қаражатының жалпы көлемін есептеуді жүргізеді.
Мектеп деңгейінде жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізуді ұйымдастыру және мониторингілеу «Қаржы ортлығы» АҚ-ға тапсырылды.
2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап орта білім беруді жан басына
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 210
Пилоттық білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
қаржыландыру сынақтан өткізілуде. Оған 5 облыстан (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары) 63 пилоттық мектеп қатысуда. 2015 жылға дейін сынақ 1-11 сыныптарда өткізілді.
2013-2014 оқу жылына сынақтан өткізудің аралық нәтижесі пилоттық мектептердің білім беру қызметінің сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің оң динамикасын көрсетті. Осыған қарап, қаржыландыру принципін өзгерту мен білім беру деңгейінің жоғарылауы арасындағы өзара тікелей байланыс туралы қорытынды жасауға болады (9-кесте).
9-кесте. Сынақтан өткізудің аралық нәтижесі
№
|
Көрсеткіш
|
2012/2013
|
2013/2014
|
|
|
|
|
оқу жылы
|
оқу жылы
|
|
|
|
|
|
|
1
|
Біліктілігін арттырған қызметкерлер
|
21%
|
26%
|
|
|
|
|
|
|
2
|
Дәрежесі бар педагогикалық қызметкерлер
|
58%
|
60%
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Мектептерде ашылған және жұмыс істейтін балаларға
|
780
|
953
|
|
арналған үйірмелер мен секциялар саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар үшін өткізілген танымдық және тәрбиелік іс-
|
|
|
|
4
|
шаралардың, оқытушылар үшін өткізілген
|
445
|
651
|
|
|
треннингтердің саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Педагогикалық қызметкерлердің шығарылған
|
|
|
|
|
жарияланымдары (газеттерде, конференциялардың
|
|
|
|
5
|
жинақтарында, оқу журналдарында, мектеп сайтында),
|
1 251
|
2 492
|
|
|
әдістемелік құралдары (жинақтар, кітапшалар,
|
|
|
|
|
электрондық құралдар).
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Байқаулар мен сайыстарда (спорттық, пәндік, ғылыми,
|
17%
|
23%
|
|
зияткерлік) жеңімпаз атанған оқушылар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
ҰБТ-дағы орташа көрсеткіші (балдары)
|
71
|
76
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Педагогтардың орташа айлық жалақысы (мың теңге)
|
72
|
105
|
|
|
|
|
|
|
2013-2014 оқу жылы сынақтан өткізу барысында Үлгілік қағидаларға сәйкес (19.01.2012ж. № 127 ҚР ҮҚ) 1-9 сынып оқушыларын мектепке қабылдау аймақтық принцип бойынша жүзеге асырылатындығы мектептер арасындағы оқушылар үшін бәсекенің дамуына кедергі келтіретіндігі анықталды. Яғни, аталған мектепте бос орын болған жағдайда ғана аймағы жағынан басқа мектепке жататын өзге оқушылар қабылдануы мүмкін, 10-11 сыныптарға ғана қабылдау кезінде оқушының тұрғылықты орны ескерілмейді және мектеп жоғары сыныптарға оқушыларды өз өлшемдері бойынша қабылдай алады.
Осыған байланысты, ҚР Үкіметі орта білім беруді жан басына қаржыландырудың сынағын 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап 63 пилоттық мектептің 10-11 сыныптарында ғана (5 295 оқушы) жалғастыру туралы шешім қабылдады. Өйткені, мектептер арасындағы оқушылар үшін бәсекелестік принципі жоғары мектепте әсіресе тиімді жұмыс істейді деп жорамалдануда.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 211
Пилоттық білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
Пилоттық мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізумен қатар мектептерде мектеп қызметінің мәселелері бойынша шешімдердің жекедара директор тарапынан емес, алқаластық қабылдануын қамтамасыз ететін басқарудың корпоративтік нысанын енгізуге негізделген қамқоршылық кеңестерінің қызмет етуін сынақтан өткізу жүргізілуде. Бұл пилоттық мектептердегі жалпы ұйымдастыру процесін басқарудың тиімділігін арттыруға оң ықпал етеді. Қамқоршылық кеңестерінің негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары, мектептің оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
демеушілік, қайырымдылық және басқа да көмекті үлестіру;
білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу және оның жобасын алдын ала келісу;
жан басына қаржыландырылатын білім беру ұйымының қызметкерлеріне, басшысына, оның орынбасарларына олардың жұмыстарының нәтижелері бойынша ынталандыру қорының қаражатынан лауазымдық жалақыға сыйлықақылар және ынталандыратын үстемеақылар белгілеуге қатысты шешім қабылдау.
Қамқоршылық кеңестерінің құрылуы мектептерде ішінара дербестіктің дамуына әкелді. Пилоттық мектептердің педагогикалық қызметкерлерін олардың қызметінің нәтижелері бойынша тәуелсіз және алқалы бағалаудың, сондай-ақ мектептің білім беру процесімен байланысты мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мүмкіндігінің пайда болуына байланысты мектеп қызметкерлерінің арасында олар ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға қызығушылықтың күшейгендігі байқалып отыр.
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізуге дайындау және кейін оны іске асыру мақсатында мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді:
1) «Білім беру ұйымдарындағы қамқорлық кеңестердің жұмыс істеуін сынақтан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 19 тамыздағы №350);
Орта білім беруді жан басына қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазандағы № 439) – пилоттық мектептерге бөлінетін қаражатты жоспарлау, жұмсау және есебін жүргізу процестерін реттеу бөлігінде өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде;
«Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 30 қазандағы № 440) – қайта қарау, есептеу формуласына қосымша коэффициенттерді енгізу және басқа да мәселелер бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде;
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 212
Пилоттық білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
«Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын өткізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы (2013 жылғы 4 қарашадағы № 447);
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 598 қаулысы.
Пилоттық мектептерде білім беру процесін жан басына нормативтік қаржыландыру республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің есебінен іске асырылады.
Орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудағы негізді қиындықтар:
бір пилоттық елді мекенде оқушылар саны шектеулі болғандықтан пилоттық мектептердің арасында оқушылар үшін бәсекенің жоқтығы;
жан басына қаржыландыру формуласы сыныптарының толымдылығы төмен (ШЖМ емес) және сыныптары шектен тыс толы мектептерге қатысты жетілдірілмеген. Мұның салдары шағын мектептердің жеткілікті қаржыландырылмауына және сыныптары шектен тыс толы мектептердің артық қаржыландырылуына әкеп соғады. Жан басына қаржыландырудың іске асырылуын тәуелсіз бағалаудың жоқтығы;
пилоттық мектептер директорларында басқарушылық білімнің, икемділіктің және дағдының, ал бухгалтерлерде бюджеттік заңнамадан білімдерінің жеткіліксіздігі. Пилоттық мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмысы жеткілікті деңгейде ашық емес;
мектептердегі педагогикалық қызметкерлердің лауазымдық жалақысының мөлшерлері қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесімен реттелген және шектелген. «Мемлекеттік мекеме» ретінде белгіленген мектептердің қолданыстағы ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мектептердің бюджет қаражатын игеруін қиындатады, мектептердің бюджет қаражатын айлар бойынша жылжыту және қажеттілігіне қарай ресурстармен өз бетінше операциялар жүргізу мүмкіндігін шектейді. Жеке мектептерді орта білім беруді жан басына қаржыландыру жобасына қосу оларда мемлекеттік тапсырысты бөлудің заңнамалық түрде белгіленген тетігі болмағандықтан мүмкін емес.
Жан басына нормативтік қаржыландыру тетігінің тиімділігін арттыру мәселелерін қараумен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан арнайы құрылған Жұмыс тобы айналысады. Оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдарының, жергілікті атқарушы органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.
Қалыптасқан мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастаған бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарлануда:
1) 2016-2018 жылдары орта білім беруді жан басына нормативтік қаржыландырудың сынағын әу бастан сынақ өткізіліп жатқан 63 пилоттық
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 213
Пилоттық білім беру ұйымдарында жан басына нормативтік қаржыландыруды іске асырудың ерекшеліктері
мектептің және республиканың 2 қаласындағы сынаққа жаңадан қосылатын 63 пилоттық мектептің (Қарағанды қ.– 44 мектеп, Түркістан қ.– 19 мектеп) 10-11 сыныптары негізінде жалғастыру;
2015-2018 жылдары жан басына қаржыландыру сынағының өткізілуін және тетігін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту, сондай-ақ жан басына қаржыландыру формуласын жетілдіру;
2016-2019 жылдары мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес мүшелерін жан басына қаржыландыруға оқыту;
2018 жылдың соңына дейін – заңнаманы мына бөліктерде жетілдіру:
– жоғары мектептің (10-11 сыныптар) ұйымдастырушылық құқықтық нысанын өзгерту және байқау кеңестерін құрумен жоғары мектепті бастауыш және негізгі мектептен бөліп алу;
– 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап (2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап) барлық мектептерде (ШЖМ-дан басқа) 10-11 сыныптарда (жоғары мектепте) жан басына қаржыландыруды толық ауқымда енгізу.
Жан басына ноомативтік қаржыландыру тетігі «ақша оқушының соңынан жүреді» принципіне негізделген. Мектептерде жан басына нормативтік қаржыландырудың тетігін енгізуден күтілетін нәтиже мынадай болмақ:
– оқу орындары арасында бәсекелестік дамиды, өйткені оқушылар мен олардың ата-аналары ең жақсы мектепті таңдау мүмкіндігіне ие болады, ал ақша мектепке оқушымен бірге келеді;
– білім беру үдерісінің сапасы жоғарылайды, өйткені оқушылардың кетіп қалу қауіпі мектептердің әкімшіліктері мен жергілікті билік органдары үшін мектептегі мұғалімдер құрамын, материалдық базаны және оқу жағдайларын жақсартуға түрткі болады.
Мектептер арасындағы оқушылар мен педагогтар үшін «талас» білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты болмақ. Жан басына нормативтік қаржыландыру жағдайында мектеп білім беру сапасын арттыру үшін мыналарды ұсынады:
– педагогикалық қызметкерлерге: оқуға және біліктілігін арттыруға, кәсіби өсуге мүмкіндіктер; жұмыс нәтижелері мен білім беру қызметтерінің сапалық көрсеткіштеріне қол жеткізуі бойынша сыйлықақылар мен ынтландыру үстемеақылары;
– оқушыларға: сан түрлі, оның ішінде халықаралық деңгейдегі байқауларға және жарыстарға қатысуға мүмкіндік; сапалы педагогикалық құраммен, оқу материалдарымен, оқу құрал-жабдықтарымен және жаңартылған материалдық
техникалық базамен қамтамасыз ету .
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы 214
ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН АПРОБАЦИЯДАН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және Білім мен ғылымды дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттарын іске асыру аясында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда алдымен «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін республиканың жалпы білім беретін
мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (бұдан әрі –
МЖМБС) жаңарту «өмірлік білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасына қарай өтуге; білімді үнсіз тыңдаудан ынталылыққа, білімнен құзыреттілікке бағытталған.
Бүгінгі таңда бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ББ МЖМС) әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілді.
МЖМС-ның инновациялық сипаты оның тек білімді меңгертуден алған білімді өмірде қолдана алу парадигмасына ауысуымен танылады. Оның түп мәні оқытудың мақсаттары кең ауқымды дағдыларды қалыптастыру арқылы оқытудың нәтижесіне қарай бағытталуында.
МЖМС тұжырымдамалық негіздері:
қоғамның даму үрдісі мен заманауи шынайылығы көрініс табатын мектептегі білім берудің құндылығы, мақсаты мен міндеттері анықталған;
тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік аспекті күшейтілген;
Қазақстанның тұтас ұлтты ұйыстырушы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет көрсету, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтар арқылы жүзеге асыру қамтамасыз етіледі;
кең ауқымды дағдылар түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері анықталған (білімін функционалдық тұрғыдан қолдану, АКТ дағдысы, зерттеушілік, коммуникативтік, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, топпен және жеке жұмыс істеу дағдылары);
қоршаған ортаны біртұтас қабылдау үшін пәндер мен мазмұнның кіріктірілуі қарастырылған;
пән бағдарламалары нақты күтілетін нәтижемен қамтамасыз етілген, ол білімін практикада қолдана алуға, зерттеушілік және жобалау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді;
білім беру саласында күтілетін нәтиже қызметтік әрекет, яғни, оқушылардың «білуі», «түсінуі», «қолдануы», «талдауы», «жинақтауы», «бағалауы» арқылы көрініс табады;
бастауыш сыныптар бағдарламасына дұрыс және қауіпсіз қолдануға басымдық беріле отырып, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бойынша пәндер енгізілген, сонымен қатар ерте жастан қоршаған орта туралы бүтін түсінік қалыптастыру үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша да пәндер енгізілген;
үштілді білім беруді енгізу, тілді оқытуда коммуникативтік аспект күшейеді (тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);
оқушының дамуына, оның оқуға деген ынта-жігерін, қызығушылығын арттыруға бағытталған оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Қазіргі заман мектептеріне бес балдық бағалау жүйесі бағаның шынайылығын анықтауға мүмкіндік бермейді.
ББ МЖМС негізінде «НЗМ» ДББҰ жаңашыл тәжірибелерін есепке алумен бастауыш білім берудің жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктердің білім мазұнының тақырыптары мен сыныптар бойынша тігінен және көлденеңнен біртіндеп күрделенуі;
таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың ішкі пәндік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беруі;
білім саласындағы пәндер арасында «ортақ тақырыптардың» пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында болуы;
пәннің білім мазмұндары мен тақырыптарының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аударуы;
ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде оқу үдерісін технологияландыруы.
«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №159 бұйрығына сәйкес 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап республиканың 30 пилоттық мектептерінде (бірінші сыныптарда) жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациядан өткізу басталады. Орта білім берудің жаңартылған мазмұнын апробациялау бойынша 30 пилоттық мектептердің тізімі қоса берілген (5-қосымша).
2016-2017 оқу жылынан бастап республиканың барлық бірінші сыныптары жаңартылған білім мазмұнына өтеді, екінші сыныпта апробация жалғасады.
Эксперименттік пилоттық мектептер апробация және жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарларын енгізу кезінде «Білім туралы» ҚР Заңын, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
|
216
|
«Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын апробациялау жөніндегі ережені» және «Бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын енгізетін 30 пилоттық мектеп педагогіне консультативтік қолдау көрсету үшін Үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі №160 бұйрығын басшылыққа алады.
Эксперимент барысында:
жаңартылған мазмұнды үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын апробациялау;
сынама оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарын апробациялау;
оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін апробациялау;
мектеп басшыларын, мұғалімдер мен әдіскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
эксперимент режиміндегі оқыту сапасына тұрақты мониторинг жүргізу жоспарланған.
ББ МЖМС-ға сәйкес әзірленген үлгілік оқу жоспарына «Жаратылыстану» (жаратылыстану ғылымдар негіздері) (1-4-сынып), «Дүние тану» (қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар негіздері) (1-4-сынып), «Ақпараттық-коммуникациялық технология» (3-4-сынып), «Қазақ тілі (Т2)» «Орыс тілі (Я2)» «Ағылшын тілін» (1-4-сынып) деңгейлік оқыту оқу пәндері енгізілді.
Бастауыш мектеп үшін оқу пәндері мазмұнының әдістемелік ерекшелігі:
Қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілін, орыс тілді емес мектептерде орыс тілін және ағылшын тілін бірінші сыныптан деңгейлік оқыту. Тілдерді оқыту барысында сөйлеу қызметінің - тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым төрт дағдысын дамытуға арналған коммуникативтік тәсіл күшейтілген. Бірінші, екінші, үшінші тілдерді оқытудың оңтайлы тұстары сөздік қорын кеңейтуге, кіріктірілген тілдік тақырыптардың аясында коммуникативтік дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін бірыңғай сөйлеу-тақырыптық режимін енгізу болып табылады. Пәндерді оқыту CEFR (тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық рамкасы) сәйкес жүзеге асырылады;
«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесінде оқушылардың қарапайым ғылыми білім деңгейін қалыптастыруға бағытталған. Ол – «Биология», «Физика» және «Химия» оқу пәндерін өз бетімен меңгеруге бағытталған кіріспе курс. Бұл курс оқудың келесі деңгейлерінде кез келген білім саласында маңызды болып табылатын зерттеушілік дағдыны қалыптастырады;
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні ақпараттық-
коммуникациялық технологияның қарапайым құралдарын – іздеп табу, таңдау, ақпарат беру, нысандар мен үдерістерді жобалау, мәліметтерді көрсету, интерпретациялау және талдау үшін кесте, сызба, график, диаграммалармен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған;
«Дүниетану» пәнінің мазмұны өзгертілді. Аталған оқу пәні қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар курсының кіріспесі болып табылады. Ол Қазақстан тұрғындары өмірінің жалпы әлеуметтік, моральдік, шығармашылық және
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
|
217
|
коммуникативтік жағын көрсетеді, оқушылардың өзі, үйі, отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді;
«Музыка» оқу пәні музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық дағдыларын және оқушылардың жеке шығармашыл тұлғалық қабілетін көрсететін музыкалық мәдениетін дамытуға бағытталған.
«Бейнелеу өнері» оқу пәні оқушының шығармашылық, кеңістікте образды ойлау, рухани-адамгершілік құндылығы және қоршаған ортаны эмоционалды-эстетикалық тұрғыдан қабылдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған;
«Еңбекке баулу» оқу пәні технологиялық білім мен дағды негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеп, оқушылардың технологиялық мәдениеті мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасалған. Сурет салу, т.б. қатысты материалдарды, құралдарды, техникаларды қолдану оқушылардың көз өлшемінің нақтылығын, қолмен жұмыс істеу қабілетін, сезінуін дамытады.
Оқу бағдарламасына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардан тұратын ұсынымдық сипаттағы оқу жоспары қоса беріледі. Оқытудың мақсаттары мен тәсілдеріне негізделген жоспарларда мұғалімдер үшін әрбір бөлім мен тақырыптарды өткізу, оқушылардың сабақта білім алуын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілген, сонымен бірге оқу ресурстары енгізілген (интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудио материалдары т.б.).
Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын мұғалім орта мерзімді жоспардың соңында ұсынылған үлгіге сай өзі әзірлейді. Мұғалім қысқа мерзімді жоспар дайындағанда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып саралай оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасап отыруы керек.
Қысқа мерзімді жоспарды құрғанда, мұғалім төмендегі ұсыныстарды
басшылыққа алуына болады:
сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарындағы
мақсатты басшылыққа алуы керек;
сабақ мақсатының анық болуы (S.M.A.R.T. принципі бойынша), яғни анық, өлшенген, қол жетімді, шынайы мақсаттың қойылуы;
орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият танып білу;
мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекеттер түрі қажеттілігіне қарай толықтырылып отырады.
Әр оқу пәні бойынша мазмұнды жобалаудың ұстанымдары өзгерді: сызықтық ұстаным спиральдік (шиыршық) принципіне алмасты, яғни білім мен біліктің бірте-бірте тігінен және көлденеңінен (сынып, тақырып бойынша дағдыларының күрделенуі) ұлғайтылуы. Осыған байланысты, оқу бағдарламасы мазмұнының құрылымына негіз болған спиральдік (шиыршық)
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
|
218
|
принципін ұстанған жөн. Меңгерілетін оқу материалының, құрылымының, сынып және тоқсан бойынша ұсынылған пәнаралық ортақ тақырыптардың спиральдік (шиыршық) принципімен берілуін ескеру қажет.
Сабақты жоспарлаудағы барлық жұмыс оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін ескере отырып жүзеге асырылады. Сондықтан жаңартылған білім беруді жүзеге асыруда озық іс-тәжірибелер, оқыту мен үйретудегі жаңа технологиялар мен тәсілдер, бағалаудың жаңа жүйесі енгізіледі, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту (бұдан әрі – АКТ) және оқытуда әртүрлі сандық білім беру ресурстарын қолдануды кеңейту, мектепаралық желілік өзара әрекеттестік, мектепаралық оқу жоспарлары мен бағдарламалары, «мұғалімдермен алмасу», мектепте оқытудың жаңа технологияларын қолдану бойынша шеберлік сыныптарын өткізу.
Мұғалім білім беруші ретінде емес, оқушының белсенді оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.
Мұғалімдерді қолдау үшін ББ МЖМС, оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары (ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар үлгісі), критериалды бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдар, сандық білім беру ресурстары ұсынылады. Зияткерлік мектептердің ресурстық орталықтары арқылы мұғалімдерді оқыту жүзеге асырылады, сонымен қатар мұғалімдерге арналған онлайн платформалар дайындалады. Білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру барысында әдістемелігімен бірге мониторинг жасау жоспарлануда.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында жаңартылған білім мазмұнынын апробациялау мониторингісін жүргізу бойынша «Тіл және әдебиет» білім саласы пәндерінен, «Математика», «Дүние тану», «Жаратылыстану» пәндерінен қысқа мерзімді жоспар әзірлеу бойынша әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етіп, мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірленді. Аталған құралдар Академия сайтында орналастырылған (www.nao.kz).
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесін енгізу аясында Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – Орталық) және «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 қаңтардағы №1 бұйрығымен бекітілген Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Орталық Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірлеген ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын (3 айлық деңгейлік курстар) өтікізуде. 2011 жылдан бастап қазіргі заманғы технологиялар мен оқыту әдістемелері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды жобалар басталды. Берілген бағдарлама аясында «НЗМ» ДББҰ-ның Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттырудың
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
|
219
|
ұлттық орталығы» АҚ базасында Республикамыздың 39,3 мың мұғалімі 3 деңгейлік оқу курсынан өтті. Мектеп басшыларынан 916 адам өтті.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пилоттық мектептердің педагогтерін оқыту курсынан 90 мектеп басшысы, 116 бастауыш мектеп мұғалімдері, 1890 пән мұғалімдері өтті. 2015-2017 жылдары 205 мың педагог курстан (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлар біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары) өтеді.
Осыған байланысты, жаңартылған білім беру мазмұнын апробациялау мен енгізу мақсатында деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өткен мұғалімдер өз жұмысында жаңа оқыту әдістерін қолданып, осы бағытта әріптестеріне де көмектесулері ұсынылады, яғни мұғалімдердің пәндерді оқытуда сөйлеу қызметінің барлық түрлері, сын тұрғысынан ойлауды дамытуы, өз бетімен ізденіс жүргізіп, ақпаратты жан-жақты іздей алуы, пәндерді оқыта отырып функционалдық сауаттылықты (оқу, математикалық, жаратылыстану сауаттылықтары) дамытуы, пән аясында зерттеу дағдыларын дамытуы, жобалау қызметін қарқынды меңгеруі, АКТ-ны қолдануы, оқу үшін және оқыту үшін бағалауы, балалардың жас ерекшелігіне сай оқытуы, оқытуды басқару мен көшбасшылығын дамытуға бағыт ұстанғаны дұрыс.
Жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу үдерісі мониторингпен қолдау көрсетілуі қажет, себебі бұдан кейінгі жалпы орта білім беру мектептеріне аталмыш үдерісті енгізу жаңа бағдарламаның тиімділігінің анықталуы негізінде жүзеге асатын болады. Апробациялау үдерісін мониторингілеу барысында жыл бойы жинақталған ақпараттар түйінді мәселелерді анықтауға, оны дереу шешуге қажетті шараларды қарастыруға пайдаланылады, сонымен қатар шешіміне көп уақыт және ақпараттарды қажет ететін (білім берудің белгілі деңгейі аяқталғанға дейін) мәлелелерді шешу үшін аса қажет. Мониторинг ақпараттары білім беру үдерісін, оның құрылымын және оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының мазмұнын, бағалау жүйесін, оқу-әдістемелік кешендерін, мұғалімдердің және мектеп басшыларының біліктілік арттыру курстары мазмұнын жетілдіру мақсатындағы ұсынымдардың негіздемесі ретінде қолданылатын болады.
Апробациялау мониторингісі жаңартылған білім мазмұнының жетістіктері мен оны енгізудің тиімділігіне тәуекелдің ықпалын анықтауға мүмкіндік береді. Ең ықтимал тәуекелділіктерге төмендегілерді жатқызуға болады:
– заманауи педагогикалық әдістерді пайдалануды қажет ететін жаңа білім беру бағдарламасымен жұмыс жасауға педагог мамандардың жеткіліксіз даярлығы;
– жаңа білім беру бағдарламасына сәйкес келетін білім беру ресурстарының төмен болуы;
– БАҚ беттерінде апробация нәтижелерінің көлеңкелі тұстарын жариялау мүмкіндігіне байланысты жаңа білім мазмұнын еліміздегі қоғамның дұрыс қабылдамауы.
ББ МЖМС апробациялау мониторингісінің мақсаты 30 пилоттық мектептің білім беру үдерісіне жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларын, ОӘК және критериалды бағалау жүйесін енгізудің тиімділігі
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
|
220
|
мен сапасына баға беру және ары қарай еліміздегі барлық білім беру ұйымдарына енгізу үшін барлық элементтерін жетілдіре түсу болып табылады.
ББ МЖМС апробациялау мониторингісінің міндеттері:
1) әзірленген оқу бағдарламаларын, ОӘК және критериалды бағалау жүйесін енгізудің тиімділігін іс-тәжірибе жүзінде тексеру:
– мұғалімдер үшін оқу бағдарламалары мен жоспарлардың қолжетімділігі (жарамдылығы, ыңғайлылығы, қарапайымдылығы, түсінікті болуы және т.б.);
– оқыту мақсаттарының сапалы болуы (ОМ нақтылығы, бір тоқсандағы ОМ санының оңтайлылығы, ОМ өлшемділілігі);
– оқу жоспарларындағы тақырыптардың бірізділігі (қисындылығы, өзара байланысы және т.б.);
– ОӘК сапасы (әзірленген оқу-әдістемелік кешен мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігі, ОӘК оқыту мақсаттарына жетуге бағытталғандығы, дизайн);
– критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі (оқыту мақсаттарына сәйкес келуі, формативті бағалаудың қолданбалылығы, табысқа жету критерийлерінің жарамдылығы);
– білім беру үдерісіне оқушылардың эмоционалдық қарым-қатынасы (қабылдаулары, қызығушылықтары, мотивациялары, белсенділігі);
– мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің және ата-аналардың білім беру үдерісіне қанағаттануы (жетістікке жету, бейімделу, тұрақты сұраныс);
оқу материалдары мазмұнының және оның жүзеге асырылуының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяның құндылықтарына сәйкестігі деңгейін анықтау:
– оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяның құндылықтарын түсінуі;
– сабақ беру, білім алушылардың жобалау-зерттеу және сабақтан тыс іс-әрекеттері арқылы «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеяның құндылықтарын жүзеге асырудың әдістері, құралдары, формалары;
апробациядан өтетін оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік кешендердің ББ МЖМС негізгі ережелеріне сәйкестігі деңгейін анықтау;
оқыту әдістері мен бағалаудың (түсіну және қолдану) ұсынылған оқу бағдарламаларына сәйкестігі деңгейін анықтау;
жаңа білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың оқу нәтижелеріне талдау жасау (білім алушылардың білім сапасы, оқыту мақсатына жетістіктері, білім беру бағдарламасы бойынша оқу үдерісінің оқушылар денсаулығына әсер етуі);
білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын, ОӘК пысықтау бойынша ұсынымдарды әзірлеу (қажеттілігіне қарай);
30 пилоттық мектептердің оқу үдерісіндегі мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету;
еліміздегі мектептерде білім беру үдерісіндегі жаңа оқу бағдарламаларын пайдаланудағы келешегін, мүмкінді тәуекелділіктерін анықтау.
ББ МЖМС апробациялау мониторингісін «НЗМ» ДББҰ-мен келісе отырып
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
|
221
|
ҰБА өткізеді.
Мониторингке қатысушылар: жаңа білім беру бағдарламасын апробациялауға жетекшілік жасайтын эксперименттік және бақылау сыныптарының мұғалімдері, пилоттық мектептің директоры мен оның орынбасары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бастаған бес институттық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарлануда:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың білім саласы бойынша бес институттық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде мыналар жоспарлануда:
12 жылдық білім беруді енгізу, функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептік білім беру стандарттарын жаңарту бойынша:
12 жылдық білім беруді 2015-2016 оқу жылынан бастап 2021-2022 оқу жылдарына дейін кесте бойынша кезеңмен енгізу (2022 жылдан бастап ҚР барлық мектептері 12 жылдық оқыту моделіне көшеді);
Қарастырылған бюджет аясында инфрақұрылымды дамыту (2015-2018 жылдары);
«Мәңгілік Ел» құндылықтары ескерілген жаңа МЖМБС, оқу бағдарламалары мен оқулықтары (2015-2022 жылдары);
Қарастырылған бюджет аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру (2016-2020 жылдары);
Жаңартылған білім мазмұнын енгізуді мониторингілеу (2016-2020 жылдары).
Жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға көшу бойынша:
1) 2017-2018 оқу жылы 5 сыныпта, 2018-2019 оқу жылы 6 сыныпта «Информатика», «Жаратылыстану» пәндерінен терминологияны оқып білу;
2) 2019-2020 оқу жылы 7 сыныпта «Информатика» пәнінен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу және «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінен терминологияны оқып білу;
2020-2021 оқу жылы 8 сыныпта «Информатика» пәнінен элективтік курстар жүргізу және «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыру мен өткізу;
2021-2022 оқу жылы 9 сыныпта «Биология», «Физика», «Химия» пәндерінен элективтік курстар жүргізу;
2022-2023 және 2023-2024 оқу жылдары 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға толығымен көшу.
Әдістемелік-нұсқаулық хатǀ2015-2016 оқу жылы
|
222
|
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |