ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ 1, 2-СЫНЫПТАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ ПӘНДЕРІ МАЗМҰНЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет17/29
Дата08.09.2017
өлшемі10,81 Mb.
#30920
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29

4.1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ 1, 2-СЫНЫПТАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚУ ПӘНДЕРІ МАЗМҰНЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ САЛАСЫ
Сауат ашу

«Сауат ашу» пәні – бастауыш білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. «Сауат ашу» пәні – «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерінің құрамдас бөлігі, тіл және әдебиет туралы білім жүйесіне дайындық, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.

Дыбыс және әріппен таныстыруға бөлінетін сағат санын білім алушылардың оқу материалын, оқу мақсаттарын меңгеру деңгейіне және әр кезеңнің тапсырмаларын орындау деңгейіне байланысты мұғалімнің өзі реттей алады.

І жартыжылдықта оқу жылдамдығын тексермеуге болады. ІІ жартыжылдықтың соңында оқу дағдысының қалыптасу нормасы минутына 25 және одан артық сөзді құрайды. Ескерту: Шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Пәнді оқытудың ерекшелігі оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру болып табылады, ол оқу мен жазу бойынша алған білім, білік, дағдыларын түрлі өмірлік жағдаяттарда пайдалануға мүмкіндік береді.

1-сынып білім алушылары:

1) 2-6 сөзден тұратын сөйлемдерді буындық тәсілмен тұтас оқу;

2) 4-8 сөйлемнен тұратын қысқаша мәтіндерді буындық тәсілмен тұтас оқу;

3) сөйлем, шағын мәтіндер (3-4 сөйлем) құрастырып жазу;

4) есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз) жатқа жазу;

5) жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу;

6) баспа әріптерімен берілген мәтінді (10-15 сөз) көшіріп жазу;

7) күрделі, айтылуы мен жазылуы әртүрлі сөздерді тыңдау арқылы жазу (8-10 сөз);

8) сөйлемдерді (3-4 сөзден тұратын), шағын мәтіндерді (10-15 сөз) тыңдау арқылы жазу;

9) белгілі бір тақырыпқа сөйлемдер құрастыру және жазу (2-4 сөйлем) жұмыстарын орындай алуы керек.

Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны әрбір оқу пәні бойынша бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда реттеліп, ұсынылған.


56-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны

Пән/Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

Сауат ашу,
1-сынып

-

-

2*

2*

* – Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағат, оқу жылына 198 сағатты құрайды.
Қазақ тілі (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)

«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.

Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады. Мысалы, мына тапсырма үлгілері жазылым дағдысын дамытуға ықпал етеді:

1) оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;

2) газет-журналдарға шағын хабарлама, мақала жазу;

3) белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;

4) оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;

5) грамматикалық және ортақ тақырыптар аясында шығармашылық тапсырмалар (ребус, пиктограмма, сөзжұмбақ, сәйкестендіру және толықтыру тест тапсырмалары) құрастыру;

6) ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;

7) жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестерінен сөздік құрастыру;

8) сұхбатқа жазбаша сұрақтар дайындау.

9) диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау ретіндегі көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.

Пән бойынша 2-сыныпта жүргізілетін жазба жұмыстарының көлемі:

1) сөздік диктант – 6-8 сөз;

2) диктант – 25-30 сөз;

3) мазмұндама – 40-60 сөз;

4) шығарма – 25-35 сөз.

«Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау жиынтық жұмыстарын жүргізуді көздейді. Бірақ қажеттілігіне қарай мұғалім қосымша жұмыстар (диктант, мазмұндама, шығарма және т.б.) жүргізе алады, олардың нәтижелері сынып журналына қойылмайды. Ол білім алушылардың жетістіктеріне аралық мониторинг жүргізудің бір түрі және жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін ұсына отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кері байланыс болып табылады.
57-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны


Пән/Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

Қазақ тілі,

2-сынып


2*

2*

2*

2*

* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау шеңберінде бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің жіктелуі:

Қателер:


  • сөздегі әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, артық әріптерді қосып жазу, сөздердің жазылу ережесін бұзу сияқты өрескел қателер;

  • емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер;

  • мәтінде өтілген тыныс белгілерінің болмауы (сөйлемнің соңында) және бас әріптің сөйлем басында жазылмауы;

  • орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; бір ережеге сәйкес келетін сөздердің әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады;

  • бірдей әріптен жіберілген қате үш рет қайталанса, екі қатеге есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді;

  • мазмұндама жазу кезінде шығарманың мәнін, мазмұнын өзгертетіндей, алшақтайтындай авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулардың болуы;

  • бөлімдердің арасында байланыстың болмауы, сөздік қоры жұтаң, мазмұнының негізгі бөлімінің болмауы, автор мәтінінде көрсетілген маңызды оқиғалардың қалдырылуы;

  • мазмұндамада сөздердің сәйкес мағынада қолданылмауы.

Диктантта мына қателер бір қате ретінде саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; бір сөзден жіберілген қатенің қайталануы; екі өрескел емес қате.

Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы; сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы, аяқталмаған сөз.

Кемшіліктер: келесі сөйлем бас әріппен жазылған жағдайда сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы; азат жолдың болмауы; мазмұндама жазу кезінде авторлық мәтіндегі оқиға қисынының шамалы бұзылуы.

Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өтілген сабақтардың материалдарында қарастырылмаған жағдайда жіберілген қателер диктантта қате деп саналмайды.



Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу

2-сыныпта оқушылардың өз ойын жазбаша тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады. Үйрету сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 15 күнде бір рет.

Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.

Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері

Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет. Сонымен қатар бастауыш сынып білім алушыларына әртүрлі жағдайларда қауіпсіз іс-әрекеттер туралы және қауіпсіз іс-әрекеттер жасау мәдениеті туралы шығармалардың тақырыптары ұсынылады.

Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктантардың мазмұнын жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.

«Қазақ тілі» пәні 2-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды.


Әдебиеттік оқу

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін, мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне байланысты сабақтар санын анықтайды.

Қорытынды тексеруді ұйымдастыру үшін және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:



  • кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін);

  • әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру үшін);

  • өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тест тапсырмалары;

  • дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары бар мәтіндер;

  • оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және тест тапсырмалары;

  • дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдық соңында);

  • оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдық соңында);

  • қорытынды тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстардың бір түрі);

  • оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын тексеруге арналған бақылау жұмыстар (2-сыныптың І жартыжылдығының соңында)

2-сыныптың ІІ жартыжылдығынан бастап балаларға арналған кітаппен жұмыстар бойынша тапсырмалар оқырмандық біліктіліктерін және оқыған шығармалары жөніндегі ағымдық және қорытынды тексеруге жатады.

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің классификациясы

Қателер:

  • қате оқу (әріптерді ауыстыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);

  • мәтіннің бәрін мағыналық кідіріссіз оқу, дауыстап оқығанда сөздің айтылуын ырғағы мен анықтығын бұзу;

  • қойылған оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;

  • мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды көрсете алмау;

  • оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінуді білдіретен мәтіндегі сөз және сөйлемді таба алмау;

  • мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу;

  • жатқа айтуға дайындалған мәтінді толық білмеу;

  • бірсарынды оқу, мәнерлеп оқи алмауы.

Кемшіліктер:

  • дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының бұзылуы;

  • белгіленген уақыттан біршама артық уақытта оқылған мәтінді түсінуі;

  • шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік; мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкер мінезін көрсетудегі мәнерлеудің жеткіліксіздігі.

«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу дағдысының қалыптасуының шамалық нормасы:

2-сыныптың І жартыжылдығының соңында минутына 40 және одан артық сөз оқуды; ІІ жартыжылдығының соңында 50 және одан артық сөз оқуды меңгеруі қажет. Ескерту: шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны осы пәнге арналған критериалды бағалау жүйесі бойынша әдістемелік құралда көрсетілген.
58-кесте – Жиынтық бағалаудың рәсімдер саны


Пән/Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

Әдебиеттік оқу,

2-сынып


2*

2*

2*

2*

* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою

2-сыныпта «Әдебиеттік оқу» аптасына 3 сағаттан оқытылып, оқу жылында 102 сағатты құрайды.


Орыс тілі (оқыту орыс тілінде емес сыныптар үшін)

Целью обучения учебному предмету «Русский язык» является формирование навыков аудирования (слушания), говорения, чтения и письма в соответствии с правилами речевого этикета и нормами употребления языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на ситуацию общения.

Важность предмета «Русский язык» в образовательной программе определена тем, что он используется как средство межнационального общения в Республике Казахстан и играет немаловажную роль в создании полиязычного пространства.

Изучение предмета «Русский язык» способствует:

- развитию коммуникативных навыков в устной и письменной речи;

- развитию связной речи (монолог, диалог, беседа);

- развитию осознанного, правильного, беглого, выразительного чтения;- развитию творческого воображения;

- формированию общечеловеческих ценностей.

Положительным в обучении первому, второму и третьему языкам является введение единого речетематического режима, позволяющего расширить словарный запас, отрабатывать коммуникативные навыки в рамках интегрированной речевой тематики. По окончании начальной школы ученики должны владеть языком на элементарном уровне А1, А2 (начальный уровень) согласно системе уровней «Общеевропейской рамки владения языками» (CEFR).

Задачи обучения учебному предмету «Русский язык»:

1) развивать навыки аудирования (слушания), говорения, чтения, письма, необходимые для общения в социально-бытовой, социально-культурной, научно-популярной, учебной сферах жизни;

2) формировать знания о единицах языка, правилах их сочетания, функционирования, навыках и умениях строить синтаксически правильные предложения в соответствии с нормами и правилами русского языка;

3) формировать и развивать навыки логического мышления, направленные на анализ, синтез, оценивание, интерпретацию полученной информации с учетом возрастных особенностей обучающихся;

4) формировать навыки поискового, ознакомительного, исследовательского чтения, составления диалога и монолога по прочитанной информации;

5) обогащать словарный запас учеников коммуникативно-актуальной лексикой и фразеологией русского языка;

6) формировать и развивать навыки использования информационно-коммуникационных и компьютерных технологий;

7) формировать понимание ценностей культур казахского, русского и других народов.

Программа способствует сознательному отношению обучающихся к языку как духовной ценности, средству общения для получения знаний в разных сферах человеческой деятельности. Программа способствует сознательному отношению обучающихся к языку как духовной ценности, средству общения для получения знаний в разных сферах человеческой деятельности.

Объем учебной нагрузки по предмету «Русский язык» составляет:

в 1 классе – 2 часа в неделю, 66 часов в учебном году;

во 2 классе – 2 часа в неделю, 68 часов в учебном году.

Ағылшын тілі

Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқыту оқушылардың өзге тілге және қоршаған әлемге деген қызығушылығын оятады. Балалар тілді белсенді ойындар, әндер, өлеңдер, жобалық жұмыстар сияқты түрлі тәсілдер арқылы меңгереді.

Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың бастауыш сынып деңгейінде тілді түсіну дағдыларын дамытуға және оны оқуға деген қызығушылығын тудыруға көмектесе алады.

Бастауыш мектептегі ағылшын тілі бағдарламасы оқушыларға төмендегі тәсілдер арқылы тілді А1 деңгейінде меңгертуге бағытталған:

- талдау, бағалау және шығармашылық ойлау дағдыларының дамуына ықпал ететін әртүрлі тапсырмалар;

- ауқымды жазбаша және ауызша дереккөздермен жұмыс жасау.

1,2-сыныптар үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейлері Шет тілін меңгерудегі жалпыеуропалық құзіреттілік деңгейлеріне (Common European Frameworkof Reference – CEFR) сәйкес болады.
59-кесте – Ағылшын тілін  меңгеру деңгейі (1, 2-сыныптар)

Сынып

Ағылшын тілін  меңгеру деңгейі «кірерде»

Ағылшын тілін  меңгеру деңгейі «шығарда»

1-сынып

starter

towards А1

2-сынып

towards А1

low А1

Бастауыш мектепте оқу бағдарламасының мазмұны білім алушылардың ағылшын тілін күнделікті жағдаяттарда қолдана білуін дамытуға және одан әрі үйрену үшін берік негізін қалауға бағытталған.

Ағылшын тілін меңгеру арқылы білім алушылар:

- ағылшын тілін қолдана отырып, ойындар ойнауға мүмкіндік беретін нұсқауларды;

- қысқа диалогтерде күнделікті қолданылатын жалпы сөйлемдерді;

- ауызекі ағылшын тілін және аудиожазбаларды;

- әңгімелерді;

- ағылшынша мультфильмдерді, фильмдер мен бағдарламаларды түсіне алады.

Білім алушылар ағылшын тілінде:

- оқиғалар мен қысқа мәтіндерді әңгімелей алады;

- берілген үлгілер негізінде сөйлемдерді жаза алады;

- әңгімелерді, қысқа пьесаларды, әндерді, ұйқастырмаларды сахналай алады;

- қысқа диалогтердегі күнделікті қысқа сөйлемдерді қолдана алады.

Білім алушылар сандар, түстер, уақыт, ауа райы, тағам, киім, жануарлар, өсімдіктер, дене мүшелері, жеке ақпараттар, отбасы, достар, мектеп, ойындар, спорт, мерекелер, салт- дәстүрлер, ғимараттар, өнер, музыка, зерттеушілер мен өнертапқыштар, мифтер ұғымдарына байланысты тақырыптарға негізделген лексиканы меңгереді.

Бастауыш мектепте ағылшын тілі дағдыларының дамуы үш тілде ортақ тақырыптарды оқу арқылы іске асады.

Бастауыш мектептің оқу жоспарларындағы пәнаралақ байланыс (Cross Curricular Links) әр тақырыпта көрсетілген.


60-кесте – 1, 2-сыныптардың оқу бағдарламасындағы пәнаралық байланыс


Тақырыптар (Units)

Пәнаралық байланыс (Cross Curricular Links)

1-сынып

All about me

The cross curricular links in this unit are learning the colours of the rainbow and performing simple addition and subtraction operations

My school

The cross-curricular dimension in this unit relates to links with early literacy in other subjects focusing on recognizing letter shapes as sound pictures and forming letters of regular size and shape between lines

My family and friends

The cross-curricular element in this unit relates to understanding and talking about kinship

The world around us

The cross-curricular links here are to aspects of geography relating to weather, seasons and types of terrain and habitat and to themes of cultural identity and international words

Travel

The cross-curricular links relate to means of transport and staying safe

Tradition and folklore

The cross-curricular themes in this unit relate widely to the themes of seasonal changes, traditional masks and the fairy tale genre

Food and drink

The cross-curricular links in this unit relate to foods which go together and animal food chains

2-сынып

All about me

The cross-curricular focus in this unit is different customs (greetings) in different countries

My family and friends

The cross-curricular elements in this unit relate to learning about script and using an alphabet code

My school

The cross-curricular elements in this unit relates to performing simple maths operations in English and talking about spaces and behaviour in school

The world around us

The cross-cultural elements in this unit are geography skills in terms of the political map and environmental awareness through the recognition of the shape and meaning of signs

Health and body

The cross-curricular elements relate to maths in measuring lengths and tabulating data and awareness of different types of sport

Tradition and

Customs


The cross-curricular focus is Kazakh history and legends and cultural differences

The natural

environment



The cross-curricular element relates to seasonal changes and the different types of limb that animals have

Travel

The cross curricular focus is mathematical in terms of learning the names of and spotting shapes and the making and design of moving parts of a vehicle

1, 2-сыныптарға арналған оқу жоспары бойынша сабақтарды жоспарлауға ұсынымдар:

1) сабақта ұсақ моторикасын дамытуға байланысты ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;

2) білім алушылардың оқу тапсырмаларын орындауда ынталандыру, білім алушыларды әртүрлі мадақтау түрлерін және қолдау тәсілдерін пайдалану арқылы қолайлы орта құру;

3) бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;

4) бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзіреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі оқушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болып табылады;

5) білім алушыларға сабақта таныс сөздерді, фразаларды және нұсқауларды ағылшын тілінде жиі қолдану қажет, бұл білім алушылардың үй тапсырмаларын орындаған кезінде сөздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тануына мүмкіндік береді;

6) өз сөзін модельдеу, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуы және ым-ишараларды пайдалана отырып, сөздер мен фразаларды баяу және анық айту;

7) мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті көрнекі құралдарды белсенді пайдалану (суреттер, ойыншықтар, постерлер), себебі олар білім алушылардың назарын жаңа сөздерді үйрену процесінде тиімді шоғырландырады;

8) білім алушылардың қызығушылығын арттыру және жұмыс нәтижелерін көрсету, өтілген материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бөлінген орынға («сөйлейтін қабырға», көрме және т.б.) білім алушылардың жұмыстарын орналастыру және жаңартып отыру.

«Ағылшын тілі» оқу пәні білім алушылардың өз халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарын, ұлттық бірегейлігін, азаматтығын, адамгершілік нормаларын және сөйлеу мәдениеті туралы білімін қалыптастыруға көмектеседі.

Табиғи сөйлеу ортасы болмаған жағдайда ағылшын тілін үйрену процесін табиғи жағдайға жақын етіп құру үшін мына дидактикалық оқу принциптерін басшылыққа алу қажет: оқу материалын барынша азайту, коммуникативтілік және функционалдық, кешенділік, тәрбиелей отырып оқыту, белсенділік, көрнекілік, материалдың тақырыптық-жағдаяттық ұйымдастырылуы, жүйелілік және дәйектілік, меңгерудің беріктігі, қолжетімділік (шамасының жетуі), дараландыру және саралау.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 66 сағатты;

2-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

«МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА» БІЛІМ САЛАСЫ
«Математика» оқу курсының негізгі мақсаты – білім алушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және білім алушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді.

1, 2-сыныптарда жиынтық жұмыстар басқа оқу пәндеріне қарағанда жиынтық жұмыстардың саны көбірек болады.
61-кесте «Математика» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны.


Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

1-сынып

-

-

3

3

2-сынып

3

3

3

3

«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 132 сағатты;

2) 2-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.



«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Жаратылыстану

«Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы жаратылыстану ғылымы бойынша білім беру бастауыш мектеп жасындағы білім алушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем туралы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына ықпал етуімен анықталады.

Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылымдық білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсінуге бағытталған.

Бастауыш мектептегі «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен процестерін түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.

«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту және мақсаттарын іске асыру кезінде экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне, денсаулық сақтайтын технологияларына, зілзалалардың қауіп-қатерін азайту мен қауіпсіз ортаны құру мәселелеріне ерекше назар аударылуы тиіс.

«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
62-кесте «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны


Сынып

Жиынтық бағалаудың рәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

1-сынып

-

-

2

2

2-сынып

2

2

2

2

Оқу пәні білім алушылардың адамның табиғи және әлеуметтік ортасы туралы білім жүйесі, табиғат пен қоғамның өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысындағы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты;

2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.


«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дүниетану

«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.

Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар цикл пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалық пән.

Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушыларда қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.

«Дүниетану» пәні бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігі қалыптастырушы бағалау шеңберінде сұрақ-жауап нәтижелері, бақылау жұмыстарының, тест тапсырмалары, практикалық жұмыстар мен диктанттар нәтижелері бойынша кері байланыс беру және білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті форматтағы сабақты құру мақсатында, сонымен қатар, рәсімдер саны нақты анықталынған жиынтық бағалау шеңберінде бағаланады және сынып журналына балл қою қарастырылады.
63-кесте «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны

Сынып

Жиынтық бағалау рәсімдері

І тоқсандағы

ЖБ саны


ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

1-сынып


-

-

2

2

2-сынып

2

2

2

2

«Дүниетану» оқу пәні жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыруына бағытталған.

«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.


Өзін-өзі тану

Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани-білім нақты білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш мектепке арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып, адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, тілектестік таныту, өзіне және басқаларға қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілікті таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, жасампаздық, өзіне жауапкершілік алу, ынтымақтасу, кемелдену қабілеттерін ашуды көздейді.

Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:

1) «Ғасырлар даналығы»;

2) «Тату отбасы»;

3) «Адам болам десеңіз»;

4) «Қандай ғажап әлем!».

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, бұл курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.

Қорытынды қайталаудың сағаттарын оқушылардың портфолиосында байқалатын шығармашылық қызметінің нәтижелерін көрсету мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.

Портфолио – оқушылардың өзін-өзі тану процесіндегі жетістіктерін бейнелейтін шығармашылық жұмыстарының жиынтығы. Шығармашылық жұмыстар жеке, топтық және ұжымдық сипатта болуы мүмкін.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылардың білімін бағалау Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың танымдық қызметін дамыту мониторингінің, өмірде жалпыадамзаттық құндылықтарға және қоғамға қызмет ету дағдыларына ұмтылудың критерийі болып табылады.

Аталған пәнді оқудың қорытындысы бойынша әрбір жартыжылдықтың және оқу жылының соңында «сынақ» қойылады. Егер білім алушы білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың жалпы көлемінің кемінде 2/3-не сәйкес келетін жетістіктерді көрсете алса, оған «сынақ» қойылады.

Оқушыға «есептелінді»/«есептелінген жоқ» белгілерін қоюда оның пән бойынша шығармашылық қызметін көрсететін портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын талдауда оқушының ұжымдық және топтық шығармашылықтағы белсенділігі, сондай-ақ жеке шығармашылық қызметте проблеманы ұғыну тереңдігі, оның ойының бағдарлығы, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығының мазмұны, адамға және қоршаған әлемге сүйіспеншілік негізінде сабақта қойылған проблемаларды шешу жолдарын іздестіру басты назарда болады.



«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ
Музыка

«Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде білім алушылардың музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған.

«Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың музыка бойынша негізгі білімі мен біліктерін, музыкалық іс-әрекеттерінде шығармашылық пен өз ойын жеткізу және қарым-қатынас жасау тәсілдерін меңгеру, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің адамгершілік-эстетикалық құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

«Музыка» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады. «Музыка» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/ «есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.

«Музыка» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.


Көркем еңбек

Бастауыш сыныптардағы жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін «Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін енгізу болып табылады. Ол әртүрлі шығармашылық әрекет барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің маңыздылығы шынайы болмысты эстетикалық қабылдауды және еңбекқорлыққа тәрбиелеуді, адамның қоршаған әлеммен өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы болып табылады.

«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік-образдық ойлауын, көркемдік-технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.

Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті, бейнелеу, сәндік.

«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.

«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.

Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.

«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;

2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.



«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру

«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Дене шынықтыру мұғалімі денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ ұйымдастыру үшін дене жаттығуларының өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін ықпалы туралы жеткілікті білуі тиіс.

Дене шынықтыру мұғалімдері оқушы организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.

Арнайы медициналық топтағы білім алушылардың шалдыққан сырқаттарының ауырлығына және сипатына байланысты дене шынықтыру сабақтарында дифференциалды оқыту үшін оларды А және Б кіші топтарына бөлу ұсынылады:

1) А кіші тобы – денсаулықтары түрлі сырқаттармен әлсізденген, бірақ қалпына келтіруге болатын ауытқулары бар білім алушылар;

2) Б кіші тобы – сыртқы ағза мен ішкі органдар жүйесінде ауыр сырқатқа шалдыққан, қалпына келтіруге болмайтын өзгерістері бар білім алушылар (жүрек-қан тамырлары ауруы, несеп шығару жолдарының аурулары, бауыр аурулары; көз түбінің өзгеруі салдарынан көру қабілетінің жоғары деңгейде бұзылуы).

«Дене шынықтыру» пәнінің мұғалімі білім алушыларды олардың денсаулық жағдайларына сәйкес кіші топтарға бөледі; сырқаттану диагнозына байланысты білім алушыларға жаттығуларды белгілейді; оқыту, сабақ беру және бағалау процесіндегі әдістерін дараландырады; сабақтарда орындалатын қимыл-қозғалыс әрекетінде өз білімдерін жетік қолдана алатын, медициналық білімі бар мамандардың қолдауымен сабақ өткізеді.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша тоқсан соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына:

- 1-сыныпта 3 сағат, оқу жылында 99 сағатты;



-2-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағатты құрайды.



4.2 5, 7-СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Назар аударыңыз!

Мұғалімдер бір бөлім көлеміндегі тақырыптардың оқытылу ретін және әр тақырыпты оқытуға берілетін сағат санын өздерінің мүмкіндіктеріне қарай анықтай алады.



ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. Оқу 5, 7-сыныптарда оқу процесі «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді.

«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

2) 7 - сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.



«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

«Қазақ тілі» пәнінің 5-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:

1) тыңдалым және айтылым: тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды; негізгі ойды анықтайды; негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды; қыстырма, қаратпа, одағай сөздер арқылы өз ойын білдіре алады;

2) оқылым: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді; лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтін арқылы таниды; хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы, жанрлық ерекшеліктерін, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндер; оқылым стратегияларын қолданып, қажетті ақапаратты таба біледі;

3) жазылым: мәтін бөлімдеріне (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) жоспар құруды; хат, хабарлама, жарнаманы жанрлық ерекшеліктеріне сай етіп жазуды; сюжетті суреттер негізінде әңгіме жазуды; эссенің бөлімдерін меңгеруді (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды); мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазуды үйренеді.

4) әдеби тіл нормалары бойынша білім алушылар:

1) орфографиялық норма бойынша қазақ тілінің дыбыстар жүйесі; үндестік заңы; емле заңдылықтарын үйренеді;

2) орфоэпиялық норма бойынша ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлерін ажырата алады;

3) лексикалық норма бойынша сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздер мен синоноим, омоним, антоним туралы білімдерін кеңейтеді;

4) грамматикалық норма бойынша туынды сөздер; күрделі сөздер: зат есімнің мағыналық түрлерін; сын есім, шырай категориясы; сан есім, мағыналық түрлерін; төл сөз бен төлеу сөз, автор сөзі туралы білімдерін кеңейтеді;

5) пунктуациялық норма бойынша төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдануды үйренеді.

«Қазақ тілі» пәнінің 7-сыныптағы базалық мазмұны бойынша білім алушылар:

1) тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша мәтін негізінде оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды; әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды; факті мен көзқарасты ажыратады; дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтайды; дәлелді жауап береді, салыстырады, талқылайды; коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білуді үйренеді;

2) оқылым дағдысы бойынша мәтіндік және графиктік ақпаратты интерпретациялайды; тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін таниды; хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; мәтіннің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды; мәтін негізінде проблемалық сұрақтар құрастырады; комментарий жасауды, іріктеп оқу, зерттеп оқу; сілтеме жасауды үйренеді.

3) жазылым дағдысы бойынша күрделі жоспар құруды; шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазуды; графиктік мәтін түрінде берілген процесті сипаттап жазуды; дискуссивті эссе жазуды; жинақы мәтін жазуды; мәтін негізінде лексикалық түзетулер енгізуді, редакциялауды үйренеді.

4) әдеби тіл нормалары дағдысы бойынша :

1) орфографиялық норма бойынша жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады;

2) орфоэпиялық норма бойынша сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады;

3) лексикалық норма бойынша фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;

4) грамматикалық норма бойынша есімше; көсемше; тұйық етістік; шақ, рай түрлерін; еліктеу сөздер; шылау түрлерін; одағай; оқшау сөздер туралы білімдерін кеңейтеді;

5) пунктуациялық норма бойынша сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдануды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет