Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет1/4
Дата21.04.2017
өлшемі2,19 Mb.
#14332
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы






2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының

жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым

негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хат

Астана


2013

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 117 б.

Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.



© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2013



Кіріспе
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы бағытта 2011 жылдан бастап оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады.

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы


23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.Оқушылардың жетістіктері білім мазмұнының базалық деңгейі шеңберінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жарты жыл сайын «сынақ/сынақ емес» жүйесімен бағаланады.

Инклюзивті білім беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 3 шілдедегі №283 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

2013-2014 оқу жылынан бастап 1-сыныпқа«Шетел тілі» пәні енгізіледі.

«Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология пәндерінің аясында іске асырылады, сабақтан тыс мерзімде, сынып сағаттары есебінен іске асырылады.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.

«Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсы 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіру арқылы оқытылады.

Мұғалімдерге көмек ретінде оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарлау үлгілері әзірленіп (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz) тақырыптар мен сағаттардың бөлінісі ұсынылады. Мұғалім ұсынылған жоспар үлгісін өзгеріссіз қолдана алады. Сонымен қатар, пәнді оқуға бөлінген оқу тақырыптары мен сағаттарының аясында оқушылардың тұлғалық ерекшелігін ескере отырып жоспарлық өзгерістер енгізуге болады.

Орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқу қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі болып табылады.

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2013-2014 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен анықталған.

Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады.

Қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының бірі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған жалпы орта білім деңгейіндегі бейінді оқыту болып табылады. Бейінді оқыту жалпы орта білім деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес жоғары сыныптар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша оқытылады. Мектеп екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдай алады.

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда:

1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі;

2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті;

3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін
3-11 сыныптардағы орыс тілі;

4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі;

5) 5-11 сыныптардағы информатика;

6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді);

7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары);

8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады.

Білім беру үдерісінде мұғалімнің оқушылармен қажетті деңгейде назарын аударуы мақсатында дамыуында мүмкіндіктері шектелген балалардың дені сау оқушылармен оқыту кезінде бір сыныптағы мүмкіндіктері шектелген балалар саны 3-тен аспауы керек. Сыныпты топқа бөлу сыныптағы оқушылар санын 1:3 қатынасында жүзеге асырылуы тиіс, яғни сыныптағы дамуында мүмкіндігі шектелген бір оқушыға дені сау үш оқушыдан келеді.

Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 ставка, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандарға жеке курстар мен лекциялар төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді.

Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында көптілділікті оқытудың жұмыс оқу жоспарлары үлгісі ұсынылады (Астана:
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz).

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан асса ғана жүргізіледі.

Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мамандары жүргізеді.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге болмайды. 5-9 сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстары, еңбек сабақтары, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарында рұқсат етіледі. 10-12 сыныптарға қосарланған сабақтарды негізгі және бейінді пәндер бойынша өткізуге рұқсат етіледі.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2014 жылдан бастап оқу жетістігін сырттай бағалау рәсімі шеңберінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығы тексеріледі. Бағаланатын функционалдық сауаттылықтың түрлері: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі), математикалық сауаттылық және жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нəтижелерін (оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама - PISA), 4 жəне 8-сынып оқушыларының математика жəне жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS), («Оқу жəне мəтінді түсіну сапасын зерделеу») (PIRLS) көтеру және жаратылыстану-математика пəндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесін арттыру мақсаты қойылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Өлкетану» (7-сынып), «Алаштану» (9-сынып), «Абайтану» (9-11 сыныптар) таңдау курстарының бағдарламалары мектептердің таңдау еріктіліктеріне ұсынылады.

Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан, ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,


2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда


34 оқу аптасын құрайды.

Оқу жылында 1-11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді.

Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша оқу жүктемесінің үлесі: негізгі орта білім беру кезеңі бойынша: 7(8) сыныпқа – 26 сағат, 8 (9) сыныпқа – 29 сағат, 9 (10) – 31 сағат; жалпы орта білім беру кезеңі бойынша: 10 (11) сыныптарға – 27 сағат, 11 (12) сыныптарға – 29 сағат, 12 (13) – сыныптарға – 29 сағат белгіленсін. Әр сыныпқа сыныпқа сынақтан өткізу үшін аптасына 4 сағат болып қарастырылсын. Сынақ сағаттары мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлінеді, бірақ 8 пәннен көп емес. Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша жұмыс оқу жоспарларының үлгісі ұсынылады (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz).

Жалпы білім беру мектептерінің басшыларына оқыту үдерісін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін келесі нормативтер ұсынылады:






Бақылау нысанасы

Нормасы

1

Сабақтарға және сыныптан тыс шараларға қатысу және оларды талдау

Аптасына 5 сабақ, жылына 170 сағат; 0,5 жүктемесіне – 80 сағат (директор орынбасарлары үшін);

Аптасына 4 сабақ, жылына 136 сағат (мектеп директорлары үшін).



2

Сынып журналдарын тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

3

Оқушылардың күнделіктерін тексеру

Айына 1 рет, жылына 8-10 рет

4

Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру

Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет

5

Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру

Жылына 2 рет

6

Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру

Жылына 1-2 рет



1 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.

Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».




    1. «Тіл және әдебиет» білім саласы


Сауат ашу (оқу, жазу)

Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады.

Пәнінің басты мақсаты - оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру.

Пәнiнiң мiндеттерi:



Әлiппеге дейiнгi кезең: сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны «оқу»; жазуға даярлау (әртүрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазуға үйрету.

Әлiппе кезеңi: құрамында жаңа таныстырылған әрпi бар сөздермен сөздiк қорын байыту; жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; байланыстырылған мәтiндi оқу; жазуға үйрету.

Әлiппеден кейiнгi кезең: оқуға, жазуға,оқушының тiл дамытып, алғашқы грамматикалық мәліметтер беру.

Пәннiң негiзгi ерекшелiгi  әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II жартыжылдық бойы жалғастырылып оқытылуы. Сауат ашу кезеңі қазақ тілінің грамматикасына және әдебиет туралы білім жүйесіне кіріспе болып табылады. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, қарапайым грамматикалық ұғымдармен таныстыру, айтатын ойын толық, түсінікті, жүйелі жеткізе білуге, байланыстыра сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын байыту және белсендіру мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады.



Әліппеге дейінгі кезең:

Тыңдалым. Ауызша сөйлеуде немесе мәтін оқуда сөйлеушінінің немесе мұғалім сөзің аяғына дейін зейін қоя тыңдай білу. Ақпаратты дұрыс қабылдау, негізгі ойды түсіну, жауап беруге дағдыландыру.

Айтылым. Сөздерді, дыбыстарды анық дұрыс айту; мағынасын түсініп, орынды қолдану; тілдік қарым-қатынасқа, диалогқа қатыса білу; оқу міндетіне сәйкес монологтік сөйлеуді меңгеру; өзі, ата-анасы, достары туралы пікір айту, суреттеу, баяндау; сөйлеу мәдениеті нормаларын қалыптастыру; л-р, н-ң, с-ш, ж-ш, п-б дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру.

Оқылым. Сөйлеу, сөйлем және сөз туралы түсінік; сөйлеудің сөйлемнен, сөйлемнің сөздерден, сөздің буыннан құралатындығын графикалық сызба арқылы ұғындыру және оны оқу; сызбаларға сәйкес сөйлем құрастыру; буын туралы алғашқы түсінік; сөзді буынға бөлу, буын санын, буын түрлерін анықтау; буындардан сөз құрау, оқу; дыбыс және әріп туралы алғашқы түсінік; буынның дыбыстардан құралатындығын сызба арқылы ұғындыру; дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатындығы, оларды қалай ажыратуды игеру; дыбыстардың артикуляциясына ерекше мән беру; буындық-дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Жазылым. Жазу жұмысына дайындық жаттығуларын жүргізу; санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау; дәптермен таныстыру; бастырып жазу, үздіксіз жүргізіп сызу, әріп элементтерін жазуға үйрету.

Тіл дамыту. Сөздік қорын байыту; суреттер бойынша кім? не? кімдер? қайтті? не үшін? қанша? сұрақтарға жауап ала отырып, заттардың атын атату, сапалық қасиеттерін, қимыл іс-әрекеттерін айтқызу, сурет ойынша әңгіме құрату, ертегі айтқызу; тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар жаттату.



Әліппе кезеңі:

Дыбыстар мен олардың әріптері оқулықтағы реттілікпен оқытылады.

Әліппеден кейінгі кезеңі:

Оқу. Шағын көлемді тілі жеңіл шығармалар оқу; әдеби жанрлар туралы алғашқы түсініктер; шығармалардағы көркем, бейнелі сөздерді сезіну түйсіну, мәтінді талдау; оқу түрлерін меңгеру; сөздерді тұтас оқу; дауыс ырғағы, нақышын келтіре отырып оқуға машықтандыру.

Жазу. Сөз ішіндегі әріптерді дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі ырғақты жазу дағдысын жетілдіру; шағын мәтінді дұрыс көшіріп жазуға дағдыландыру; есту арқылы жатқа жазу, көргенін есте сақтау сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді жатқа жазу; дыбыстық, буындық құрылымы әртүрлі сөздердегі дыбыстардың ретін анықтай алу; жазғанын өздігінен тексеру; көркем, таза, қатесіз, сауатты жазу; сөздерді тасымалдай білу.

Тіл дамыту. Сөздік қорын жаңа сөздермен байыту, грамматикалық тұлғада жүйелі байланыстырып орынды қолдана білу, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыра білу; сөйлеудің диалогтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; сөйлеудің монологтік түрін практикалық тұрғыда меңгерту; суреттер топтамасы, тірек сөздер, дайын үлгі, жоспар бойынша әңгіме (мәтін) құрастыру, мәтінге ат қою; мазмұндаманың негізгі түрлерімен таныстыру; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дыбыс және әріп. Дауысты және дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы білімдерін жалпылау, пысықтау; жуан және жіңішке дауысты дыбыстар мен әріптер, оларды салыстыру, ажырату; а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі; қосарлы и, ё, я, ю дыбыстары мен әріптері, олардың емлелерін игерту.

Буын; тасымал; тасымалданбайтын сөздер; сөз; сөз және оның қызметі; кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер; бас әріптен басталып жазылатын сөздер; не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер; қандай? неше? нешінші? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы түсінік қалыптастыру.

Сөз және сөйлем; Сөйлем; сөйлемнің бас әріппен басталып жазылып, соңына тыныс белгілерінің қойылатыны; сөйлем түрлері (жай, лепті, сұраулы) жайлы түсінік қалыптастыру.

«Сауат ашу» (оқу, жазу) 1-сыныпта оқу жылы көлемінде аптасына


7 сағаттан, барлығы 231 сағат оқытылатын пән.

Бұл пән дәстүрлі түрде үш кезеңге бөлiнген:

әлiппеге дейiнгi кезең – 14 сағат;

әлiппе кезеңi – 98 сағат;

әлiппеден кейiнгi кезең – 119 сағат.
Қазақ тілі

Қазақ тілі пәні  бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.



Пәнді оқыту мақсаты: тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдылары жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзыреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативтік білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.

Пәнді оқыту міндеттері:

  • оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту, тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш ету сезімдерін қалыптастыру;

  • тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;

  • ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасаудағдыларын жетілдіру;

  • тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік, дағдыларды (өз ана тілінде дұрыс, түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;

  • алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;

  • оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.

Пәнді оқыту ерекшелігі – бастауыш білім беру деңгейіндегі оқу пәні материалдар жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта берілді. Пән тiлдi оқытудың коммуникативтiк-iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң сапалы меңгертілуін қамтамасыз етеді. Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы арқылы оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.

«Қазақ тілі» пәні келесі бөлімдерден тұрады: «Тіл және сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», «Сөз құрамы», «Сөз таптары». Тілдік саладағы барлық тоғыз сөз таптары мен олардың белгілері таныстырылады.

Пәнді 4-сыныпта оқытуда дыбыс және әріп тарауында фонетика термині енгізіліп, фонетикалық талдау үйретіледі; сөйлем тарауында синтаксис ұғымы енгізіліп, синтаксистік талдау жасау үйретіледі; сөз таптары тарауында морфология термині енгізіліп, морфологиялық талдау үйретіледі.

Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі кестеге (1-кесте) түсіріліп, әр сыныпқа тоқсан сайын диктант – 3сағат, мазмұндама – 1 сағат, шығарма – 1 сағат, барлығы – 20 сағат жазба жұмысына берілген.

1-кесте – Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөліну үлгісі

Сыныптар

Жазба жұмыстар

түрлері


Оқу тоқсандары

Барлығы

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

2

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4




5

5

5

5

20

3

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4




5

5

5

5

20

4

Диктант

3

3

3

3

12

Мазмұндама

1

1

1

1

4

Шығарма

1

1

1

1

4




5

5

5

5

20




Жалпы саны:

15

15

15

15

20

Сауаттылықты тексеру қазақ тілі пәнінің міндеті болғандықтан, шығарманың әдебиеттік оқу пәнінде де жазылатыны ескеріліп, шығармаға берілген сағат саны қысқартылып диктанқа бөлінді.

Оқу пәнінің мазмұнында әр сынып бойынша тарауларға берілген сағат сандары өзгертілген.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелер арқылы қалыптасатындығы әр сынып бойынша жеке көрсетілген.

Ескерту: Әр сыныпқа мазмұндама мен шығармаға берілген жылдық сағат саны – 8 (4 мазмұндама, 4 шығарма жұмысы), ал диктантқа (сауаттылықты тексеру және бақылау диктанты) – 12 сағат беріледі.

«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.


Әдебиеттік оқу

Пән – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие,рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

Пәннің мақсаты – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

Пәннің міндеттері:



    • оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    • ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    • ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

    • талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

    • әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    • адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    • оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

    • әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    • тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    • кітапжәне анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.

Пәнді оқыту ерекшелігі . «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұныны ауыз, жазба, балалар әдебиеті үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді. Мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады. Әдеби-теориялық білімдерді игертеді. Монолог, диалог құруға дағдыландырады. Мәтінмен жұмыста шығарма атауын, оның мазмұны мен басты идеясымен байланысын түсінуге үйретіледі.

Пән баланың көркем сөзді түсінуінде «сезімдік» саналарын пайдалану, яғни «сезімге әсер еткен шығарма ғана түсінікті болады» идеясы басшылыққа алынып, мәтінді түсінуде музыка, көркемөнер, сурет туындыларының мүмкіндіктерін пайдалану алдыңғы орынға қойылды.

2-сыныптағы оқытудың басты міндеті - баланы оқуға төселдіру үшін оның жанына жақын, танымына сай ұлттық құндылықтардарды үйрету.

Қазіргі кезде барлық ақпарат құралдарында адамгершілік құндылықтар азайып, қатігездік белең алып отырғаны жаппай жазылып та, айтылып жатқаны белгілі. Әсіресе сондай жат қылықтардың бірегейі - қазақ отбасындағы балалардың ата-анасына деген мейірімділігі азайып, қарттар үйіндегі қазақ аталары мен апаларының санының артуы - дұрыс шешімін табуы тиісті әлеуметтік маңызды мәселе. Осындай күрделі істе оқулықтың, соның ішінде көркем сөздің құдіретін пайдалануға мүмкіндік беретін «Әдебиеттік оқу» пәніндегі көркем шығармалардың мәні өте күшті тәрбие құралы екендігін ескерілген. «Адам болам десеңіз» жалпы бөлімнен басқа жастайынан балалардың бойына ата-анасына, үлкендерге мейірімділік, қамқорлық көрсету мақсатында арнайы «Қадірлі әкелерім, мейірімді аналарым» атты бөлім қосылды.

2-3-сыныпта маусымдық-тақырыптық ұстаным басшылыққа алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі оқиғалардың оқушының көз алдында өтіп жатуы тиістігі ескеріліп, оқу күз айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары «Қыста талай қызық бар», көктем, жаз айлары келбеттері «Туған өлке табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.

«Әдебиеттік оқу» пәні 4-сыныпта оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл материалдарды оқытуда 4-сыныпта жанрлық-хронологиялық ұстаным басшылыққа алынып, қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Әр тоқсан бойынша екі үлкен тараудан топтастырылған материалдарды оқыту көзделген. Әр бөлімге бөлінген сағаттар санында ауызша және жазбаша тіл дамыту, қайталау сабақтары қоса есептеледі.

Бастауыш сыныпта оқушысының дайындық деңгейіне келесі талаптар қойылады:


  1. 2-сыныпта көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау мен әңгімелеуді; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды; 2-3 өлеңді жатқа айтуды. 25-30 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазуды; 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз, екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуы қажет.

  2. 3-сыныпта көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдау және әңгімелеуді; халық ауыз әдебиет үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айтуды; 15-20 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты жатқа айтуды; 30-35 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазуды; 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз, екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды қажет.

  3. 4-сыныпта көркем шығармадан алған әсерін 8-10 сөйлеммен жазбаша түрде орындауды; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазуды;
    4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуықажет.

«Әдебиеттік оқу» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы көлемінде әр сыныпта 136 сағатты құрайды.
Русский язык для школ с нерусским языком обучения

Роль русского языка в школьной системе образования определяется в целом его основной функцией как языка межнационального общения в многонациональном государстве.

Цели обучения русского языка:формирование и развитие элементарной русской речи на ограниченном лексико-грамматическом материале; взаимосвязанное обучение видам речевой деятельности (аудированию, говорению, чтению, письму);практическое усвоение элементов уровней русского языка (фонетики, графики, орфоэпии, лексики, грамматики, словообразования, орфографии, пунктуации);воспитание средствами русского языка коммуникативной, нравственной и эстетической культуры.

Задачи учебного предмета:



  • научить учащихся строить простейшие типовые предложения, широко употребляемые в живой русской речи, обогатить словарный запас учащихся (в пределах лексико-грамматического минимума);

  • научить распространять простейшие типовые предложения за счёт ранее усвоенных слов и словосочетаний по законам синтаксического строя русского языка;

  • сформировать у учащихся элементарные навыки активного пользования синтаксическими конструкциями для выражения собственных мыслей, чувств и наблюдений в рамках тематики для чтения и развития речи;

  • совершенствовать навыки чтения и письма, полученные на уроках родного языка; дифференцировать звуки и буквы в системе гласных и согласных с учётом различий в фонетических системах родного и русского языков.

Содержание предмета состоит из трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и развития речи, охватывающих сферы общения: учебную, социально-бытовую, социально-культурную, игровую. Так как текст выступает как единица обучения и развития речи, для отбора рекомендуются адаптированные тексты из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки), сказки.

При отборе содержания обучения русскому языку как второму следует учитывать сферу речевой деятельности младших школьников, уровневые минимумы (лексический, грамматический, тематико-ситуативный, фонетико-орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и интерференции.

Ведущими компонентами при отборе языкового материала являются словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития речи.

На начальном этапе обучения русскому языку как второму учащиеся должны усвоить 1000 лексических единиц (в каждом классе примерно


450-500 слов).

Особенности предмета русского языка: Содержание предмета состоит из трех блоков: речевой деятельности, языкового материала и текстов для чтения и развития речи, охватывающих учебную, социально-бытовую, социально-культурную, игровую сферы общения. Так как текст выступает как единица обучения и развития речи, для отбора рекомендуются адаптированные тексты из произведений детских писателей прозаического характера, стихотворения, а также произведения малого жанра (пословицы, поговорки, загадки, сказки).

При отборе содержания обучения русскому языку следует учитывать сферу речевой деятельности младших школьников, уровневые минимумы (лексический, грамматический, тематико-ситуативный, фонетико-орфоэпический и др.) для начального этапа обучения, явления транспозиции и интерференции.

Ведущими компонентами при отборе языкового материала являются словарь (список слов для активного усвоения) и тематика для чтения и развития речи.

На начальном этапе обучения русскому языку учащиеся должны усвоить 1000 лексических единиц (в каждом классе примерно 450-500 слов).

В содержание предмета внесены следующие коррективы:

-дается подробное пояснение к структуре речевых моделей (синтаксических конструкций на основе единого грамматического минимума).

- внесены дополнительные лексические единицы, список слов для активного усвоения на основе учёта как речевой деятельности, так и единого лексического минимума по русскому языку для начального этапа обучения русскому языку как второму.

В тематику для чтения и развития речи учащихся внесены новые темы – это «День за днём», «Ключ к счастью – в труде » и другие.

Материал фонетики дан с учётом дифференцации звуков и букв, представляющих трудность для младших школьников казахской школы.

В соответствии с действующим базисным учебным планом общее количество часов распределено конкретно по разделам.

Русский язык вводится с 3- го класса, то для итогового контроля после 4-го класса разработаны требования к владению речевыми умениями и навыками (аудирование, говорение, чтение, письмо), а также к усвоению языковых знаний (элементарные сведения по фонетике, грамматике, лексике и синтаксису).

На основе текстового материала выявляются знания о символике РК и этнокультуроведческие материалы.

Учащиеся 3-го класса должны понимать прослушенное сообщение, речь учителя, звукозапись продолжительностью звучания 1-2 минуты; составлять высказывание из 2-4 предложений; сознательно, плавно читать вслух небольшие тексты, соблюдая паузы, словесные ударения; учить наизусть небольшие стихотворения; задавать друг другу вопросы, отвечать на поставленные вопросы; пересказывать прочитанный текст; писать по образцу и под диктовку слова и предложения, написание которых не расходятся с произношением; техника чтения составляет не менее 40-50 слов в минуту;

Учащиеся 4-го класса должны уметь выделять основную мысль и структурные элементы текста, пересказывать прочитанное; составлять связное монологическое высказывание из 3-4-х предложений, составлять рассказ-описание, рассказ-повествование; писать под диктовку небольшие тексты из 30-40 слов и изложение из 5-6 предложений; зрительные, зрительно-слуховые, словарные, картинные диктанты; строить диалог; выразительно читать текст; знать наизусть не менее трёх стихотворений в четверти; техника чтения составляет не менее 50-60 слов в минуту.

Русский язык в школах с нерусским языком обучения в 3-4 классах, изучается по 2 часа в неделю, общее количество часов в году составляет 68ч.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет