ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы



бет4/24
Дата31.12.2019
өлшемі4.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Назар аударыңыздар!

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында: футбол және басқа да спорттық ойындар бойынша жарыстардың, мектепішілік спартакиадалардың, республикалық және халықаралық сайыстар сияқты спорттық іс-шаралардың қорытындысын білім алушылардың мектептеріндегі спорттық жетістіктері ілінетін стендте хабардар етіп отыру ұсынылады.

2018-2019 оқу жылында «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» кіріктірілген оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ӨҚН) міндетті түрде оқыту қамтамасыз етілуі тиіс, бұл ретте білім алушылардың төтенше жағдайларда (өрт, жер сілкінісі және т.б) практикалық дағдыларының қалыптасуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Осыған байланысты «ӨҚН» курсын оқыту:

– 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында;

– 5-9-сыныптарда – «Дене шынықтыру» пәні аясында;

–10-сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында жүзеге асырылады.

Бұл ретте «ӨҚН» курсы бойынша өткізілген тақырыптар, мектеп журналына міндетті түрде жазылуы тиіс.

Құрамына барлық мүдделі министрліктер (ҚР ІІМ, ҚР ДМ, ХҚК және т.б.) кіретін жұмыс тобы «ӨҚН» жаңа бағдарламасын қайта қарау және бекіту жұмыстарын жүргізуде.

2018-2019 оқу жылында «ӨҚН» курсы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастау жоспарлануда.

Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес ӨҚН-нің әр тақырыбын «Дүниетану», «Дене шынықтыру» және «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндерімен байланыстыру қарастырылады, бұл білім беру курсының оқу міндеттілігін қамтамасыз етеді.

2019-2020 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «ӨҚН» курсы 10-сыныпта «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» жаңа пәнінің аясында оқытылады.


Назар аударыңыздар!

2018-2019 оқу жылында 4 және 9, 10-сыныптарға арналған білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларының, оқулықтардың және ОӘК апробациясы 30 пилоттық мектептерде жүзеге асырылады.



Назар аударыңыздар!

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және бастауыш білім беру ұйымдарында ата-аналар өткізетін мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде, соның ішінде балалардың туған күндерін қоса алғанда, тек сол білім беру ұйымдарының қызметкерлері, балалардың ата-аналары шақырылады. Мерекелік іс-шараларды білім алушылардың қатысуымен және тек сол ұйымның әлеуетін пайдалана отырып өткізу ұсынылады.



Аниматорларды шақыру ұсынылмайды. Сыйлықтарды сатып алуға ақша жинауға болмайды.
Назар аударыңыздар!

Жаңа оқу жылында республиканың барлық жалпы білім беру мектептеріне «Бір-бірімізге жақын, зиянды әдеттерден аулақ болайық» профилактикалық бағдарламасын енгізу қарастырылып жатыр.

Аталған профилактикалық бағдарлама 2016-2017 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептерінде апробациядан өткізілді және сараптама нәтижесі бойынша жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие процесінде қолдануға ұсынылады.

Профилактикалық бағдарлама ата-аналармен жұмыс істеуге арналған және сынып жетекшісі бір тоқсанда 1 рет өткізетін үш кездесуден тұрады.

Ата-аналарға арналған сабақтар, білім алушылардың үлгерімі немесе басқа да мәселелер қарастырылатын, жоспарланған ата-аналар жиналыстарымен бір уақытта өткізілмеуі тиіс.

Сынып жетекшілеріне көмек ретінде төмендегідей әдістемелік материалдар әзірленді:

– «Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағдарламасы»;

– «Ата-аналарға арналған кітапша».



Сынып жетекшілеріне көмек ретінде «Бір-бірімізге жақын тұрып, зиянды әдеттерден аулақ жүрейік» профилактикалық бағдарламасы ҚР БҒМ сайтына орналастырылады.

Назар аударыңыздар!

«Ұсынылған пәндік олимпиадалардың, кәсіби конкурстардың, ғылыми жобалардың, спорттық жарыстардың және басқа да шығармашылық іс-шаралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м. а. 2018 жылғы 9 тамыздағы № 394 бұйрығына өзгерістер енгізіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 24 мамыр №226 бұйрығымен бекітілді.


Назар аударыңыздар!

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес педагог мәртебесін арттыру мақсатында мектеп мұғалімдері аттестациясының жаңа жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 633 Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық жоспарының іс-шарасымен педагогтерге арналған ұлттық біліктілік тестін әзірлеу және оны өткізу бойынша іс-шаралар қарастырылған. Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесі екі кезең бойынша жүзеге асады.

Бірінші кезең - Ұлттық біліктілік тестілеуі. Бұл рәсім білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын педагог қызметкерлері кәсіби құзыреттілігінің деңгейін айқындауға бағытталған.

Мұғалімдерге берілетін тест сұрақтарының 70-і өз пәндері бойынша және 30-ы педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша ұсынылады.

Екінші кезең қызметтің қорытындыларын кешенді аналитикалық қорытындылау – келесі көрсеткіштер негізінде педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыретін жүйелі, бірізді және объективті зерделеу: білім алушылардың білім сапасы, іскерлігі мен дағдылары, жетістіктері, сабақ беру сапасы және аттестаттау кезеңіндегі кәсіби жетістіктері.

Аттестациядан өткен мұғалімдерге жаңа жүйе бойынша біліктілігіне қосымша үстемақы белгіленді:

30% - «педагог-модератор»;

35 % - «педагог-сарапшы»;

40% - «педагог-зерттеуші»;

50% - «педагог-шебер».

Жаңа жүйе бойынша өтетін аттестацияны мезгілінен бұрын тек өздерінің жалақысын көбейткісі келетіндігін білдірген пән-мұғалімдерінің қалауы бойынша өткізіледі.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 51 бабына сәйкес, педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар аттестацияны 5 жылда 1 рет және мезгілінен бұрын қалауы бойынша өтеді.

Бұл ретте 2018 жылы кезекті аттестациядан өтетін мұғалімдер (жаңа санатқа ие болу және қазіргі санатын растау), 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін іске қосылған форма бойынша аттестациядан өтті. 2018 жылы берілген және расталған біліктілік категориялары 5 жылдың ішінде күшін жоғалтпайды.

Мұғалімдердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі тестілеуден өткен және аталған категорияны растаған мұғалімдер жалақысына 30-50 пайызға дейін қосымша ақы алуға мүмкіндік береді.

Аттестацияның жаңа жүйесі тек жоғарыда аталған категорияларды ғана қарастырады. Аттестацияның жаңа жүйесінің ережелеріне сәйкес:

1. Дипломында екі пән бойынша мамандығы бар мұғалімдер, мысалы, «химия және биология мұғалімі», «тарих және география мұғалімі», «математика және информатика мұғалімі», бір мезгілде екі пән бойынша аттестациядан өте алады, аттестацияның оң нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, олар бірден екі пән бойынша қосымша ақы алады.

2. Егер екі пән бойынша дипломы бар мұғалім тек бір ғана пәнді жүргізетін болса, ол өзі жүргізетін бір пән бойынша ғана аттестациядан өту құқығына ие; аттестацияның оң нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, тек бір пән бойынша ғана қосымша ақы алады.

Назар аударыңыздар!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру және «Орта білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің жекелеген санаттарының жүргізуі үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығымен мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында төмендегідей құжаттарды жүргізу белгіленді:



  • сынып журналы;

  • тақырыптық-күнтізбелік жоспар;

  • күнделікті жоспарлар (қысқамерзімді жоспар);

  • қритериалды бағалау бойынша құжаттар (қалыптастырушы және жиынтық бағалау);

  • білім алушылардың күнделігі.

Оқу жылының ішінде барлығы білім алушылардың білім сапасына назар аударуға тиіс және сынып жетекшілеріне, мемлекеттік грант бойынша жоғары оқу орындарына түсудің механизмі ретіндегі, ҰБТ (бұдан әрі – ҰБТ) бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Мектеп бітіруші түлектер ата-аналарымен бірге оқуға түсуге қалай дайындалатынын, құжаттарын қашан тапсыратынын өздері анықтайды.

Орта білім беру ұйымдары ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындау үшін байқау түрінде өткізілетін тестілеу жұмыстарын жүргізуге қатыспайды, ал мұғалімдер мектеп бітіруші түлектермен бірге ҰБТ тапсыратын орындарында болудан және ҰБТ базасын толтырудан босатылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығының 2.2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылғандардан басқа, педагог қызметкерлерді өздерінің кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыс түрлеріне қатыстыруға болмайды.

Қазіргі кезде ҰБТ және КТ өткізу ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілуде.
Оқу жүктемесін төмендету
Оқу жүктемесін төмендету мақсатында орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілген.

Үй тапсырмасын орындауға жұмсалатын уақыттың көлемі шамамен екі есеге қысқартылды.

2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы» Жарғысына сәйкес орта білім беруде оқу жүктемесінің төмендетілуіне байланысты шаралар қабылданды.

Осыған орай барлық сыныптарда жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі –ҮОЖ) әзірленді. ҮОЖ жобалары еліміздің барлық аймақтарының педагогикалық қоғамдастығымен талқыланып, келісілді.

Бастауыш мектепте жүктеменің төмендетілуі: 1, 2-сыныптарда – аптасына 2 сағат, 3, 4-сыныптарда –3 сағатты құрайды.

Негізгі мектепте 5-7–сыныптарда жүктеме 3 сағатқа, 8-9-сыныптарда 4 сағатқа қысқартылды. Инварианттық жүктеме барынша қысқартылып, білім алушыларға тереңдетіп оқу үшін пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі.

Білім беру ұйымдарына жүктемесі төмендетілген ҮОЖ таңдаған кезде тереңдетіп оқыту үшін инвариантты компоненттен қосымша пәндерді таңдауға мүмкіндік беріледі. Осылайша, бірқатар оқу пәндерінің сағаттары қысқартылмайды.

1-11-сыныптарда «Дене шынықтыру» пәнінің вариативке түсірілген 3 сағатының 1 сағаты міндетті түрде спорт ойындарын өткізуге арналады.

Бастауыш мектептің жүктемесі дамыту түріндегі жеке және топтық сабақтарды алып тастауға байланысты азайтылды, өйткені бастауыш сыныптарда, ең алдымен, бағдарламаның негізгі материалын меңгерту маңызды болып табылады.

Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы бойынша «Жаратылыстану» пәні бастауыш мектеп курсына енгізілген. Бұдан бөлек, егер бұрын бұл пән тек 5-сыныпта оқытылса, енді 1-ден 6-сыныпқа дейін оқытылады.

Жүктемесін төмендетуге болатын пәндерді анықтауда, ең алдымен, коммуникативтік оқытуға бағдарланған екінші тілді оқытудың жаңа әдістемесі ескерілді. Бұл білім алушылардың тілдік теорияны жаттау емес, екінші тілде қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру дағдыларына ие болады дегенді білдіреді.

Осыған байланысты, білім мазмұны жаңартылған оқу бағдарламаларын әзірлеуде коммуникативтілікке бағдарлану грамматикалық материалдарды айтарлықтай қысқартуға жол ашты.

Қазіргі уақытта 5-9-сыныптарда бейіналды даярлық жүргізілмейді, қабілеті әртүрлі балаларға арналған бір Үлгілік оқу жоспары әзірленді. Сондықтан 7-9-сыныптарда ҮОЖ әзірлеу барысында инварианттық компонентте жаратылыстану циклі пәнін меңгеруге бөлінген сағаттар саны қысқарды. Алайда, 7-9-сыныптардың ҮОЖ вариативті компонентіне инвариантты компоненттен таңдау бойынша пәндер енгізілді, әрқайсына 2 сағаттан. Барлығы – 6 сағат.

Осылайша, білім алушының инвариантты компоненттің тізімінен қосымша 3 пәнді таңдап алуына мүмкіндігі бар. Егер білім алушы, мысалы, физика, химия, биология пәндерін таңдайтын болса, бұл 2 сағат инвариантты компоненттің 1 сағатына қосылады. Осылайша, білім алушы бұл пәндерді 3 сағат көлемінде, яғни қолданыстағы ҮОЖ-мен салыстырғанда көп көлемде оқиды.

Білім алушының тереңдетіп оқуы үшін тілдік цикл пәндерін де таңдап алуға мүмкіндігі бар. Мысалы, егер білім алушы мемлекеттік тілді, Мемлекеттік білім беру стандарты қамтамасыз ететін деңгейден де жоғары деңгейде білгісі келсе, Мемлекеттік стандартта әр пән бойынша инвариантты компоненттердің сағаттарына сәйкес минимум көрсетілетіндіктен, ол қазақ тілін екінші тіл ретінде таңдай алады.

Қазақстан тарихы бойынша сағаттарға қатысты мәселелер. Қазақстан тарихынан әңгімелер бұрын 5-сыныпта оқытылатын болса, енді білім мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектептің «Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасына кіріктіріліп, 5-сыныптан бастап Қазақстан тарихы – ежелгі Қазақстан тарихы, 6-сыныпта – орта ғасыр тарихы, 7-сыныпта – жаңа заман, 8, 9-сыныптарда - қазіргі заман тарихы жүйелі оқытыла бастайды.



Қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша қазіргі заман 9-сыныпта оқытылады және оған 2 сағат бөлінеді. Сондықтан, жалпы Қазақстан тарихының сағаттары қысқартылған жоқ.

Назар аударыңыздар!

Жалпы білім беретін мектептердің 7-9-сыныптарына арналған ҮОЖ инвариантты компоненттерді таңдау бойынша ескерту көрсетілген, мұнда бейіндік оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинациясы) ұсынылады.

Бейіндік оқу пәндерінің қиыстырылуы (комбинациясы) ҰБТ шеңберіндегі пәндерді таңдауға бағдарланған.

10, 11-сыныптарда ең жоғары жүктеме 39 сағаттан 35 сағатқа дейін төмендетілді.

Жаратылыстану-математика бағытындағы10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 4-тен 3-ке дейін (бағдарламадан жоғары математиканың элементтерін шығарып тастау керек), қазақ тілі мен әдебиеті 5-тен 3-ке дейін (негізгі мектеп курсында білім алушылар қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларына ие болуы тиіс), ағылшын тілінен 3-тен 2 сағатқа дейін (ағылшын тілінде оқытылатын пәндер қосылады), Қазақстан тарихы 2-ден 1 сағатқа дейін азайту жоспарлануда.

Қазақстан тарихы курсында «Өркениет: даму ерекшеліктері», «Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер», «Мемлекет тарихы және қоғамдық-саяси ойдың дамуы», «Мәдениет, білім және ғылымның дамуы» бөлімдері оқытылады. Мұнда негізгі мектепте оқытылған материалдар жинақтап қорытылады, сондықтан бір сағат жеткілікті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда алгебра және анализ бастамалары 3-тен 2-ге дейін, информатика 2-ден 1 сағатқа дейін, әдебиеттен 3-тен 2сағатқа дейін, қазақ тілі мен әдебиетінен 5-тен 3 сағатқа дейін азайтылуда.

Сонымен қатар 10-11-сынып білім алушыларына пәндерді таңдау ұсынылады: 2 пәнді үш сағат оқыту, бір пәнді 2 сағат оқыту.



Гимназия/лицейлердің де жүктемесі өзгертілді. Бастауыш сыныптарда гимназия компонентін 8,5 сағаттан 4 сағатқа дейін, 5-11-сыныптарда 5 сағатқа қысқарту ұсынылады. Бірінші сыныптың жүктемесі 26,5 сағатты құрайды (32,5 болған), екінші сыныпта – 28 (33,5), 3-4-сыныптарда – 30 сағаттан (37,5 болған) тұрады.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет