Жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің тамыз отырысында қарастыруға төмендегідей тақырыптар ұсынылады:
1.Білім мазмұнын жаңарту аясында (7-9-сыныптарда) жаратылыстану пәндері оқу бағдарламасының ерекшеліктері.
2. STEM – білім беру – проблемасы және келешегі.
3. Жаратылыстану-ғылыми білім беру және CLIL - технологиялар.
Жаратылыстану мұғалімдерінің оқу жылы ішінде әдістемелік құрылымдарының (әдістемелік бірлестіктер, жас маман мектебі, педагогикалық шеберлікті жетілдіру мектебі, шығармашылық топтар және т.б.) отырыстарына ұсынылатын тақырыптар:
Жаратылыстануциклыпәндерін оқыту жәнеSTEM-білімінің артықшылығы
Қазақстанда өндірілетін жаңартылатын энергия көздері.
3. Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту әдістемесі: ерекшеліктері, артықшылықтары, әдістері, жүзеге асыру тәсілдері.
«Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 58-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
58-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
|
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
|
1-тоқсан
|
2-тоқсан
|
3-тоқсан
|
4-тоқсан
|
5-сынып
|
2
|
1
|
2
|
2
|
6-сынып
|
2
|
1
|
2
|
2
|
Достарыңызбен бөлісу: |