4) Отбасылық тәрбие: толыққанды отбасын құру үшін денсаулық құндылығы; рухани байлық; неке құндылығы және отбасы мүшелерін құрметтеу, туыстары мен жақындарына деген адалдық сезімі; отбасылық дәстүрлер; мұралар мен салт-дәстүрлерді ұқыпты қарау; ана қасиеті; махаббат, адалдық, достық – сезімдері құндылығы.
Әрқашанда отбасы институты адамзат қоғамында ерекше және маңызды орынға ие болды: мемлекет отбасын сақтауға және нығайтуға мүдделі және жасына қарамастан әр адам мықты, сенімді отбасыны қажет етеді. Алайда, бүгінде ажырасулар мен тіркелмеген некелер саны өсуде, ана мен әкенің рөлі төмендеуде, қазіргі жастарда отбасын құрудың құндылық бағдарлары жүйесі өзгеруде, оның құндылықтарын меңгеріп, мойындауы азайып келеді. Сонымен қатар, өскелең жас ұрпақ үшін отбасы басымдыққа ие болып қала береді. Отбасында құндылықтардың тұрақты жүйесінің болуы жағымсыз әсерлерге қарсы тұра алады және жас ұрпақты байсалды тәрбиелеудің кепілі бола алады. Бұл жағдайда жас ұрпақ арасында отбасылық құндылықтарды ояту және орта білім беру ұйымдарының оқу процесінде отбасы институтының білім беру жүйесінің субъектісі ретіндегі шешуші рөлін мойындау басымдыққа ие болады
2020-2025 жылдарға арналған БҒДМБ сәйкес білім беру ұйымдарының оқу процесінде отбасылық құндылықтар мен отбасы институтының маңыздылығы басым болады. «Құндылықтарға негізделген білім беру» бағдарламасы аясында мектептерде «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебі», «Аға мектебі», «Жеңге мектебі» құру қажет. Бұл мектептерді құрудың мақсаты бала тәрбиесіндегі отбасы ролін көтеру болып табылады. Балаларды рухани-адамгершілік және әлеуметтік тәрбиелеуде отбасы тәрбиесінің ролі әрқашанда жоғары тұрады. Ата-аналар өз балаларының әдепті және өнегелі болуында алғашқы мұғалім болып табылады. Сондай-ақ, балалардың байқау арқылы үйренетіні де белгілі. Сондықтан ересектердің үйде, мектепте және қоғамда жағымды мінез-құлық белгілерін көрсетуі өте маңызды.
Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА әзірлеген отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша ұсынымдамалар орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмыстарында отбасылық құндылықтарды жүзеге асырудағы жетекші құрал болып табылады. Әдістемелік құрал білім беру ұйымдарында білім аулшыларға отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер, модельдер, формаларды іріктеуге көмекші құрал болады.