Оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде



бет46/202
Дата07.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#161772
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   202
Байланысты:
Әд нұс 20-21

Диктант (грамматикалық тапсырмаларымен)

- мәтінді бұрмалаусыз жазады: әріптерді қосу және ауыстыру, тастап кету;
- әріптер мен дыбыстар арақатынасын белгілей біледі;
- грамматикалық тапсырмаларды орындайды;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;
- жазу кезінде сөздерді дұрыс жазады;
- сөздерді жазу барысында орфографиялық нормаларды сақтай біледі.


Сөздік диктант

  • сөздерді қатесіз жазады;

  • ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.


Ескерту диктанты – есту диктантының түрі. Мақсаты – мәтін, сөз жазғанға дейін орфограммаларды түсіндіру арқылы қателерді ескерту. Тақырыпты өтудің бастапқы кезеңдерінде қолданылады. Жазу алдында орфографиялық талдау жүргізіледі – білім алушылар сөздің қалай жазылғанын және неге екенін түсіндіреді.

- тексерілетін емлеге сай ережені біледі;
- сөздерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады;
- өтілген материал аясында тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
- ережеге бағынбайтын сөздерді дұрыс жаза алады.


Еркін диктант мәтінді жазу барысында білім алушылар жекелеген сөздерді ауыстыра алады, сөйлемнің құрылымын өзгерте алады. Мәтін әуелі тұтас оқылады, сонан соң бөліктері бойынша (3-4 сөйлем); әрбір бөлігі қайталап оқығаннан кейін жазылады. Білім алушылар мәтіннің әр бөлігін есте сақтау арқылы жазады. Бұл жұмыс түрі білім алушыларды мазмұндама жазуға дағдыландырады.

- сөздерді мағынасы жағынан таңдай біледі/алмастыра алады;
- мәтіннің бөлігі бойынша есте сақтай отырып, жаза біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережелерді қолданады;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қоя біледі.




Көру диктанты
Бұл диктант түрі білім алушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.

- есте сақтау арқылы мәтін жаза біледі;
- емлені жазу кезінде ережелерді қолдана біледі;
- оқылған материал бойынша тыныс белгілерін қояды;
- жазылған мәтін үлгісі бойынша тексереді.


Суретті диктант (дыбыссыз диктант) – мұғалімі үнсіз пәндік суретті көрсетеді, білім алушылар заттың атауын жазады.

- суреттегі бейнені сөздермен сәйкестендіре біледі;
- бейнеленген суретті сөздермен жаза біледі;
- емлені жазу барысында ережелерді қолдана біледі.


Іріктеу диктанты – есту немесе көру диктантының түрі. Бүкіл мәтінді жазу емес, тек қана оқылған ережелер орфограммасы бар сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді жазғызу. Қосымша тапсырма қоса жүруі мүмкін.

- оқылған орфограммалары бар сөздерді таңдай біледі;
- сөзді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана біледі.


Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, білім алушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.

- белгілі бір сөзді немесе грамматикалық нысанды таңдай біледі;
- сөздерді жазу кезінде орфографиялық ережені қолдана алады.




Дұрыс құралмаған сөйлемдерден байланысқан мәтін құрау

- дұрыс құралмаған сөйлемдерден мәтін құрай алады;
- мәтін құрылымын сақтайды;
- құралған мәтінді қатесіз көшіре алады.


Қысқартулармен көшіру

- сөйлемнің жеңілдетілген түрін жаза алады;
- сөзді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.


Сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді көшіру



- сөздерді қосу арқылы сөйлемдерді жаза алады;
- сөйлемдерді жазу кезінде емле ережелерін қолданады.


Мазмұндама

- мазмұндау кезінде ойды өзгертпей сақтай біледі;
- орфографиялық нормаларды сақтайды.


Шығарма

  • жоспар құра алады;

  • ой бірізділігін сақтай біледі;

  • орфографиялық нормаларды сақтай біледі.

Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді көздейді. Төменде бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау саны көрсетілген (11-кесте).


11-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны





Сыныптар

Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны

ТЖБ балдары

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

әр тоқсанда

2-сынып

2*

2*

2*

2*

14 балл

3-сынып

2*

2*

2*

2*

16 балл

4-сынып

2*

2*

2*

2*

18 балл

*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет