«Қазақ әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде)
2019-2020 оқу жылында «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 5-9-сыныптар
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларымен оқитын болады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
сайтында орналастырылған (https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік
153
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
қамтамасыз ету/Оқу бағдарламалары/Негізгі орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ әдебиеті).
Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер:
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты –
оқушыларды шығармашылық ойлауға бағыттау, олардың өз ойларын ауызша
еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру,
салыстыру және талдау, бағалау дағдыларын қалыптастыру.
5-9-сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған
жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің
үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі м.а. 2017
жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінде 2017
жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі орта білім беру
деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасымен» жүзеге асырылады.
Назар аударыңыз!
Аталған бұйрық бойынша 9-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті»
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында К. Гамсунның «Аштық» романының
орнына Қажығали Мұхамбетқалиевтің «Тар кезең» романы енгізілді.
Жалпы білім беретін мектептерде әдебиетті оқытуда қазақ әдебиетінің
мазмұнын, стилін, идеяларын және жанрын бағалай білуге, талдау жасауға,
шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген,
яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу
кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен
дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта
қарастырылады.
Әр сынып бойынша дағдыларды қалыптастырып, дамыту үшін оқу
мақсаттарының жүйесі берілген.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және
ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат
саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілді.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында
гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу;
ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен
таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра
отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен
көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы
ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін,
театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді,
сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес
154
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті»,
«География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен
байланыстыра отырып, жүзеге асыру көзделеді.
Негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның)
үлгілік
оқу
жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны
басшылыққа алады:
1) түсіну және жауап беру;
2) анализ және интерпретация;
3) бағалау және салыстыру.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім
алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:
- көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау;
- әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу;
- көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау;
- шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
«Анализ және интерпретация» бойынша:
- әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді
талдау;
- шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау;
- көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын
талдау;
- көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс
жазу.
«Бағалау және салыстыру» бойынша:
- шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
-
әдеби
шығармаларды
заманауи
тұрғыда
салыстырып,
жаңашылдығына баға беру;
- шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу;
- әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және
сыни мақала жазу дағдыларын дамыту.
Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері
мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу,
тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын
қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған.
Үлгілік бағдарламада көркем шығарма санының аз болуы ұлттық
құндылықтарымыздың оқушы бойына сіңірілуіне еш кедергі келтірмейтінін,
ғылыми таным мен түсінік, салт-дәстүр мен ұлттық сана әдеби туындыларды
талдап, зерделеп және бағалап, зерттей оқу арқылы ғана көңілге
тоқылатынын ескеру керек.
155
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын
жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау,
сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам
басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда
көрсетілген тізімге сай жүзеге асады.
156
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және әр тоқсан сайын 1 рет тоқсандық
жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде оқу пәнінен
бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты
саны көрсетілген.
40-кесте. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің
саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаурәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
2
2
2
2
6-сынып
2
2
2
2
7-сынып
2
2
2
2
8-сынып
2
2
2
2
9-сынып
2
2
2
2
Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ
әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары
кіріктірілген.
Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы,
экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті
және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана
үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке
қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді.
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында
әзірленген «Өлкетану» материалдарын оқыту:
- білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі
туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері
мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру;
- туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени
нысандары туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен
өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту;
- туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет
сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға
бағытталған.
Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат
көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының
базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына
енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім
ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде
болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады.
157
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері:
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың
маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың
мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени
ақпарат көзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға
мүмкіндік береді.
6-сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені
сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің
табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық
шығармаларды,
туған
өлкенің
ақындары
мен
жазушыларының
шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер
жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері
негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады.
7-сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған
өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде
шығатын газет-журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас
тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы,
мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға,
энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды
іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық
жұмысына қатысуға баулу ұсынылады.
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік
бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру
мектебі, шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен
теориясының келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау
мен критериалды бағалау;
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және
оны шешу жолдары;
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен
сабақтастырудағы шеберлік;
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті»
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім
158
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
мазмұны мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, өз
пікірін айтуға, өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы
өмірлік ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша
ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен
тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2019-2020
оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар
аударуды ұсынамыз:
2019 жылғы 9 шілде – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі,
жазушы, публицист, драматург Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 130 жыл
(1889 - 1931);
15 қазан – қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына
95 жыл
(1924-1991);
15 қазан – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын,
жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл
(1894-
1939);
22 қазан – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, қазақ
әдебиетіне зор үлес қосқан тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 95 жыл
(1924);
15 қараша – қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Бейімбет
Майлиннің туғанына – 125 жыл (1894-1938)
25 желтоқсан
–
халық жазушысы, қазақ ақыны, журналист, Қазақстан
Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованың
дүниеге келгеніне 80 жыл
(1939 - 2014);
2020 жылғы 10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба
қазақ әдебиетінің, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор,
аудармашы, саяси қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл
(1845 -1904).
2020 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай
Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық
және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 2019
жылғы 30 мамырда «Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын
мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы жарық
көрді. Қаулыда 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында Абай Құнанбайұлының
175 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық
конференция өткізу, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын
Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі
ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ)
аясында мерекелеуді ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілген.
5 қазан – ақын, жауынгер, Қазақстан Республикасының халық
жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, КСРО және ҚазКСР
Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», II
дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет Белгісі» ордендері мен бірқатар
медальдардың иегері Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл (1920 -
1988).
159
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге
асады:
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде,
мұражайларда;
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен
олимпиадалар жүргізу;
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене
білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады
және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.
«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу
тілін дамыту мақсатында жазғы демалыс кезінде оқитын оқу
бағдарламасына қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылды.
Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі
сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар
ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары
бойынша «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда
көрме өткізуге болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша
шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама,
сурет т.с.с. түрде жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы
сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған
шығарманың мазмұнын:
•
сұрақ қою;
•
тірек сөздерді жазу;
•
оқиғаның түйінін жазу;
•
оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.
Шығармалар тізімін мына сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын
сайттар:
1. http://nao.kz
-
Ы.Алтынсарин
атындағы
Ұлттық
білім
академиясының ресми сайты;
2. http://ustazuni.kz - мұғалімдерге арналған сайт;
3. https://infourok.ru/ - ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар
сайты;
4. http://mugalimder.kz - республикалық сайт;
5. http://bilimland.kz – ұстаздар мен білім алушыларға арналған сайт;
6. http://abai.kz- ақпараттық-танымдық сайт;
7. http://bilimger.kz- білім порталы;
8. http://ustaz.kz - ашық сабақтар сайты;
9.
http://sabak
- сайт творческих учителей Казахстана;
160
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
10. http://sabaqtar.kz/kazaksh/
-
Қазақстан ұстаздарына арналған
әдістемелік сайт;
11.
http://bilimsite.kz/ustaz - білімділер сайты;
12.
http://ped.kz - ұстаздардың әлеуметтік порталы;
13.
http://oqu-zaman.kz
- ұстаздар мен білім алушыларға арналған
қосалқы білімді сайт;
14.
http://tarbie.org
- ұстаздар сайты;
15.
http://kazbilim-edu.kz
- оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі
сабақтарында тиімді пайдалану;
«Абайтану» курсы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115
бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы
жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға
бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын
жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия
сайтына (
www.nao.kz
)орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 9-сыныбына арналған «Абайтану»
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген
негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік
компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.
Курс жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау,
сондай-ақ емтихан жүргізілмейді.
«Орыс тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тіліндегі мектептер үшін)
«Орыс тілі мен әдебиеті» оқыту қазақ тіліндегі мектептер үшін 5, 6,
7, 8, 9 классы
Важность учебного предмета «Русский язык и литература» для
школ с нерусским языком обучения определена приоритетным статусом
русского языка как средства межнационального общения в Республике
Казахстан и его значимостью в создании полиязычного пространства.
Изучение учебного предмета «Русский язык и литература»
способствует развитию коммуникативных навыков в устной и письменной
161
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы
речи.
Учебный предмет «Русский язык и литература» способствует
становлению мировоззрения учащегося, дает возможность пользоваться
информацией различных сфер: социально-бытовой, социально-культурной,
научно-технической, учебно-профессиональной; помогает ориентироваться в
общемировом образовательном пространстве.
Овладение русским языком поможет учащимся адаптироваться к
условиям современного мира, успешно регулировать речевое поведение в
соответствии с коммуникативной ситуацией; научит пользоваться
различными источниками информации и современными информационными
технологиями для выражения и обоснования собственного мнения.
Целью учебной программы по учебному предмету «Русский язык и
литература» является формирование коммуникативных навыков, основанных
на владении системой разноуровневых языковых средств, соблюдении
правили норм русского литературного языка, правил речевого этикета,
употреблении языковых единиц в речевой деятельности, ориентированной на
ситуацию общения, что способствует развитию функциональной
грамотности учащихся. Учебная программа направлена на развитие всех
видов речевой деятельности: слушания, говорения, чтения и письма.
Обновленное содержание обучения предполагает реализацию
комплексного подхода в развитии языковой, речевой (в том числе
этнокультурной), коммуникативной компетенции на основе функциональной
грамотности и в общем направлении воспитания языковой личности;
актуализацию
самостоятельной
работы
учащихся
по
лингво-
коммуникативному развитию и совершенствованию.
Вся методическая система обновленного содержания обучения
русскому языку строится на основе учета теории обучения второму языку,
при котором соблюдается главное условие
– коммуникативная
направленность презентации всего языкового материала. Так же, как и в 5,6,7
и 8 классах, в 9 классе изучаемый курс представлен как интегрированный
курс русского языка и литературы. Программа предусматривает
планирование такого урока, в котором сочетается материал по чтению и
грамматике. Это определяет его структуру: каждое занятие должно
содержать работу над текстовым материалом и работу над языковым
материалом (орфографические, грамматические правила, определения,
упражнения по развитию устной и письменной речи). Реализация основной
цели обучения русскому языку как неродному – формирование навыков
речевой деятельности – обеспечивается охватом таких сторон в изучении
языка, как расширение словарного запаса, приобретение навыков
самостоятельной передачи мыслей на русском языке.
Учебный материал должен подаваться с учетом ведущих принципов
современной русской лингводидактики, среди которых имеется в виду
рациональный отбор лексики; взаимосвязанное изучение лексики и
грамматики, целесообразная дозировка теоретических сведений и
практических заданий, направленных на активизацию всех видов речевой
162
Достарыңызбен бөлісу: |