ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет34/50
Дата06.12.2019
өлшемі3,46 Mb.
#53115
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50
Байланысты:
ИМП-каз-сонгы-15.07


Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар  

 

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық 

Жалпы орта білім беру аяқталғанда білім алушы: 

1)  әскери  іс,  белгілеуді,  ұйымдастыру  құрылымын,  штаттық  

қаруландыруды  және  техниканы,  төменгі  тактикалық  буын  бөлімшесінің 

мүмкіндіктерін,  бағдарлау  құралдарын  қолдануды,  робототехника  және  IT-

технология  негіздерін,  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  қорғанысын 

ұйымдастыруды;  қазіргі  заманғы  зақымдау  құралдарын  қолданғанда, 

террористік қауіп-қатерді және табиғи апатты хабарлау жүйесін және  әрекет 

ету тәртібін; табиғи апаттардың сипаттарын, зақымдау ошақтарында құтқару 

және  апаттан  кейінгі  қалпына  келтіру  жұмыстарын  шұғыл  ұйымдастыруды; 

штаттық  қаруды,  қорғанудың  дербес  және  ұжымдық  құралдарының, 

радиобелсенді  және  химиялық  бақылау  құрылғыларының  атқаратын 

қызметін,  құрылысы  мен  қолдану  тәртібін,  сондай-ақ,  тұрғындарды 

эвакуациялауды, жергілікті жерде орналастыруды ұйымдастыру және өткізу 

тәртібін;  алғашқы  медициналық  көмектің  міндеттері  мен  түрлерін,  жолда 

жүру ережесін біледі; 

2)  әскери  іс,  робототехника  және  IT-технология  негіздерін,  ядролық, 

химиялық,  биологиялық  (бактериологиялық)  қарулардың  және  басқа  да 

адамдарды  зақымдаудың  қазіргі  заманғы  құралдарының  әсер  ету 

ерекшеліктерін,  оларды  қолданған  кезде  шаруашылық  нысандарына, 

қоршаған  ортаға  және  экологияға  тигізетін  әсерін;  табиғи  және  техногендік 

сипаттағы  төтенше  жағдайдың  салдары  мен  келтіруі  мүмкін  экономикалық 

және экологиялық шығынын түсінеді;  

3)  орын  алған  әртүрлі  жағдаятта  ұрыс  алаңында  сарбаздың  рөлінде, 


269 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



радиациялық  және  химиялық  бақылау  жүргізу  бекетінің  құрамында 

барлаушы  ретінде  әрекет  етуді;  штаттық  қаруды,  жеке  және  ұжымдық 

қорғану құралдарын, жараланғанда, қан кеткенде, күйік шалғанда және үсік 

шалғанда,  күн  өткенде,  электрлі  жарақат  алғанда,  суға  батқанда  алғашқы 

медициналық көмек көрсетуді; дененің түрлі бөліктері жараланғанда байлап, 

таңуды;  дененің  түрлі  бөліктерінде  сынықтың  ашық  және  жабық  түрі 

бойынша  алғашқы  медициналық  көмек  көрсетуді;  интернет  байланысты, 

аудио-визуалды  технологияларды  пайдаланады,  робототехника  дағдыларын 

меңгереді, сандық фото және бейне жабдықтарды қолданады; 

4)  зақымдаудың  қазіргі  заманғы  құралдарын  қолданғанда  туындауы 

мүмкін  тосын  жағдайды;  табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше 

жағдайдың салдарын талдайды; 

5) зақымдаудың қазіргі заманғы қаруын қолданғанда туындауы мүмкін 

тосын  жағдайда  әрекет  ету  алгоритмін;  табиғи  және  техногенді  сипаттағы 

төтенше жағдай туындағанда әрекет ету алгоритмін жинақтайды; 

6) қабылданған шешімнің салдарын бағалайды. 

 

4.4  «ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ  ЖӘНЕ  ДІНТАНУ  НЕГІЗДЕРІ»  ФАКУЛЬТАТИВ 

КУРСЫ  

 

2019-2020  оқу  жылында  жалпы  білім  беретін  мектептердің  9-



сыныбында  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014 

жылғы  


15  шілдедегі  №281  бұйрығына  сәйкес  «Зайырлылық  және  дінтану 

негіздері» факультативтік курсы оқытылады. 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын міндетті 

түрде  оқыту  үшін  9-сыныпта  үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік 

компоненті  есебінен  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бөлінеді. 

Курсты  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бойынша  біліктілікті 

жетілдіру  курсынан  өткен,  сертификаты  бар  «тарих»  пәнінің    мұғалімдері 

жүргізеді. 

Осы факультативтік курс сыныптың оқу журналына жазылады.  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсының  мәні  және  маңызы 

оның  қазіргі  қоғам  қажеттілігі  мен  тұрақтылығының  ғылыми  тұғырнамасы 

ретіндегі  өзектілігінен,  қоғам  тарихы,  мәдениеті  мен  рухани  құндылығын 

анықтайтын  бастаулардан  тұрады.  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері» 

курсы  жалпы  орта  білім  жүйесіндегі  әлеуметтік-гуманитарлық  және 

қоғамтанулық білімнің құрамдас бөлігі болып табылады. 

2019/2020  оқу  жылында  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері» 

курсы  бойынша  оқу  процесін  ұйымдастыруда  келесі  оқу  бағдарламасы 

қолданылады:  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 

шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 9-

сыныбына  арналған  «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсының  оқу 

бағдарламасы. 


270 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Білім  беру  ұйымдарының  жетекшілерінеосы  курсты  жүргізетін  тарих 

пәні  мұғалімдерінің  мамандандырылуын  тереңдетіп,  басқа  мұғалімдердің 

ауыстырылуына жол бермеу ұсынылады.  

«Зайырлылық 

және 

дінтану 

негіздері» 

курсының 

оқу 

бағдарламасы  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының 

сайтында 

орналастырылған(

https://www.nao.kz

/

Білім 

беруді 

оқу-

әдістемелік  қамтамасыз  ету/  Оқу  бағдарламалары./

Қолданбалы  курстар 

бойынша оқу бағдарламалары / Зайырлылық және дінтану негіздері 

 «Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын 

оқытудың мақсаты: 

-  білім  алушыларды  «зайырлылық»  принципін  құндылық,  яғни 

мемлекет баяндылығының басты тұғыры ретінде қабылдауға, дінді зайырлы 

таным аясында тануға үйрету;  

-  діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 

қозғалыстардың  тарихы  мен  қазіргі  жай-күйі,  теріс  пиғылды  діни  ағымдар 

мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы білім беру;  

-  білім  алушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 

идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 

негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 

дүниетанымын қалыптастыру.  



«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын 

оқытудың міндеттері: 

1) білім алушыларға діннің мәні, тарихы  және  оның қазіргі  қоғамдағы 

рөлі жөнінде жүйелі білім беру; 

2)  зайырлылықты  мемлекеттілік  пен  тәуелсіздіктің  негізі  ретінде 

таныта отырып, осы бағытта білім беру; 

3) зайырлылық тұрғысынан діни сана, діни сенім, діни таным және діни 

тәжірибе негіздерін салыстыра білу дағдысын қалыптастыру;  

4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдениеттану  және  адамгершілік  мәнін 

түсіндіру; 

5)  білім  алушыларды  діни  сенім  бостандығын  құрметтеуге, 

толеранттылыққа  баулу  арқылы  қазіргі  қоғамдағы  діни  ағымдарға 

зайырлылық принципі негізінде баға беру дағдысын қалыптастыру; 

6) Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық 

нәтижесі  ретінде  таныта  отырып,  білім  алушылардың  бойында  азаматтық 

мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу; 

7)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық 

жағымсыз  құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке, 

зайырлылық  принципіне,  қоғам  тұрақтылығына  төндіретін  қауіп-қатерін 

түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет принципіне құрмет сезімін тәрбиелеу; 

8)  құқықтық  сауаттылықтың  қоғам  өміріндегі  маңызын  түсіндіру,  осы 

тұрғыдағы білімін арттыру. 

Бағдарламада  берілген  оқу  материалын  меңгеру  аясында  «Қазақстан 

тарихы»,  «Дүниежүзі  тарихы»,  «Адам.  Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті» 

пәндерімен  және  «Абайтану»  курстарымен  пәнаралық  байланыс  пен 



271 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



сабақтастық принципін орнату қарастырылған.  

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұндық желісі 

Бағдарламада дін тарихын, оның жекелеген бағыттары мен ағымдарын 

егжей-тегжейлі  сипаттау  міндеті  қойылмайды,  тек  жалпы  мәліметтер 

беріледі.  

Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда болуы, нығаюы және 

дамуы  бойынша  тарихи  шолумен  қатар:  Зайырлы  мемлекет  және  дін, 

зайырлық  этикасы  негіздері,  адамның  рухани  өмірі  мен  қоғамдағы  діннің 

рөлі,  діни  бірлестіктер  мен  ағымдар,  жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі  діни 

жүйелердің  танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-

қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.  

Білім  алушылардың  жоғары  рухани-адамгершілік  қасиеттерін 

қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Ясауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 

сияқты  көрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 

мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 

Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың, 

бірлестіктердің  белгілері  мен  салдарларын  танып  білуіне,  діни  экстремизм 

мен  терроризмнің  ұлттың  қауіпсіздігі  үшін  қатерлілігін  білім  алушылардың 

ұғынуына айрықша назар аударылған.  

«Қазақстан  –  дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі.  Қазақстан 

Республикасының дін туралы заңнамалары. Зайырлылық – ұлттық қауіпсіздік 

пен мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты жолы 

болуы тиіс.  

Курстың  мазмұнында  білім  алушылардың  өзіндік  зерттеу  әрекеттерін 

ұйымдастыратын  шығармашылық жобалар  қарастырылған.  Шығармашылық 

жобаларда, түрлі нысандағы ұйымдастырылған өздігінен жасалынған зерттеу 

жұмыстары  барысында  діндер  мазмұнындағы  рухани  құндылықтар  мен 

Қазақстанның  дінге  қатысты  саясатының  мәні  мен  мақсатын,  діни 

бірлестіктер  мен  ағымдардың  қызметі,  мүддесі  мен  мақсатын  ашып 

көрсетеді.  

Курстың  мазмұнын  жүйелі  және  толық  игерген  жағдайда  білім 

алушылар  өмірге  қажетті  Қазақстан  аумағындағы  діндер  мен  діни 

бірлестіктердің  мақсаты  мен  ерекшеліктері,  Қазақстан  Республикасының 

дінге  қатысты  саясатының  мақсаты  мен  мәнін  түсінетін  мағлұматтар  мен 

білімді  меңгереді.  Сонымен,  жүйелі  түрде  игерілген  білім  кез  келген  білім 

алушыға  Қазақстан  Республикасының  толыққанды  азаматы  ретінде  рухани 

толысуға,  өз  халқының  рухани  мәдениетін  деструктивтік,  радикалды  діни 

бірлестіктердің  зиянды  әрекетінен  сақтану  және  қорғау  мүмкіндіктерін 

қалыптастыруға  мүмкіндік  алады,  екінші  жағынан,  адамның  қандай  дінге 

жататынын  анықтау,  діни  сана-сезім,  басқа  діндерге  көзқарас  және  ізгілікті 

қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.  

Бұл 

қурс 


білім 

алушылардың 

гуманистік 

дүниетанымға, 

жалпыадамзаттық  құндылықтарға  және  толеранттыққа  қайшы  келетін 

ұстанымдар туралы ұғымдарын қалыптастырады.  



 

272 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық. 

Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқу  процесін  келесі  дидактикалық 

принциптерге  сәйкес  ұйымдастыру  ұсынылады:  ғылыми  негізділік  және 

қолжетімділік;  жүйелілік  пен  сабақтастық;  көрнекілік  және  абстрактылық; 

зерделілік  және  танымдық  белсенділік;  білімді  меңгерудің  орнықтылығы; 

пәнаралық  және  пәнішілік  байланыс;  табиғи  сәйкестілік  принципі; 

проблемалық принципі; саралау және даралау; оқу тапсырмалары деңгейінің 

әртүрлілігін қамтамасыз ету. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсының  оқу 

процесін  ұйымдастыру  барысында  пікірталас,  дөңгелек  үстел,  топпен 

талқылау,  шағын  жобаларды  қорғау,  рөлдік  ойын  және  т.б.  оқыту 

формаларын қолдану тиімді.  

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін 

бекіту мақсатында білім алушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша 

шығармашылық-жобалық жұмыстарын жасауға болады.  

Жобаларды жеке және ұжыммен орындай алады. Олардың саны алған 

білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек.  

Жобалар:  

-  дін  мәселелері  бойынша  ғылыми-көпшілік  басылымдар,  журналдар, 

газет  мақалаларына  талдау  жасау,  таңдап  алынған  тақырыптары  бойынша 

ауызша және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау; 

дәстүрлі  діндердің 



біртұтас  платформалары  мен  жалпы 

тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру; 

- еліміздегі және өңірлердегі діни жағдайларды сараптау;  

- Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау; 

толеранттылық  және  дінаралық  келісім  орнаған  еліміздегі 



зайырлылықты дәлелдейтін мысалдар дайындауды қамтуы керек.  

Оқу барысында:  

мәдени-тарихи, 



өркениеттілік 

мәніндегі, 

дін 

саласындағы 



Қазақстанның қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;  

-  пәнді  оқыту 

барысында  қандай  да  бір  діни  бағыттарға 

артықшылықтар бермеу;  

- жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;  

-  ақпарат,  дін,  рухани  құндылықтар,  мәдениет  саласына  қатысты 

заңнамалар талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлу қажет. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқытуда  білім 

алушының  құбылыстарды  бүтіндей  тұтас  қабылдауын  қалыптастыру  үшін 

білім  алушының  келесі  пәндерді  зерделеудегі  пәнаралық  білімін  кіріктіріп 

қолдану ұсынылады:  

«Қазақ тілі», «Орыс тілі»: 

−  білім  алушылардың  сөздік    қорын  зайырлылық  және  дін  саласына 

қатысты терминдермен толықтыру; 

−  ұлттық мәдениетке және басқа халықтардың рухани - мәдени қайнар 

көздеріне құрмет пен ашықтыққа тәрбиелеу. 


273 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



«Әдебиет»: 

-  дін қайраткерлерінің шығармаларын - қосымша көркем әдебиеттерді 

зерделеу,  олардың  жұмыстарын  қазіргі  рухани  құндылықтар  мен 

зайырлылық тұрғысынан бағалауды іске асыру;  



«Тарих»: 

- зайырлылық  пен  діндердің  пайда  болуы,  таралуы  және  даму 

процестерін тарихи негіздеу; 

- қоғамдық  қатынастарға  тарихи  талдау  жасау  арқылы  адам  мен  қоғам 

өмінідегі зайырлылық пен діндер рөлінің мәнін түсіну; 

«География»: 

-  діндердің  таралуының  тарихи-географиялық  кеңістігін  дұрыс 

анықтау. 

 

Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:  

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсын  оқу  нәтижесінде  білім 

алушылар:  

ғылыми  тұрғыдан  алғанда  негізгі  діни  терминдер  мен 



құбылыстарды; 

зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын; 



-  мемлекет,  дін  бірлестіктері  және  мәдениет  арасындағы  қарым-

қатынасының мәнін; 

-  діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін; 

-  қазақ мұсылмандығының танымдық ойларын; 

-  «Діни 

қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан 

Республикасының Заңын; 

-  Әл-Фарабидің,  Қожа  Ахмет  Ясауидің,  Абайдың,  Шәкәрімнің, 

Ыбырай Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын; 

-  республикадағы  мемлекет,  мәдениет  және  діни  бірлестіктер 

арасындағы қарым-қатынастың жайын; 

-  Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

конфессияаралық 

келісімін, 

елдегі 


және 

халықаралық 

деңгейдегі 

тұрақтылықты  сақтау,  елдегі  және  халықаралық  қауымдастықтағы 

адамдардың шынайы діни сенімдеріне деген сыйластықты көрсету саясатын; 

-  экстремистік, 

террористік, 

теріс 


сипаттағы 

ұйымдардың 

ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі. 

Сонымен бірге білім алушылар : 

-  зайырлық,  діни  сана-сезім,  діни  сенім,  діни  тәжірибе,  діни  ой-сана 

ұғымдарының ара жігін ажырату, 

-  экстремистік,  террористік  сипаттағы  діни  топтар  мен  ағымдар 

идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитетін қалыптастыру; 

-  діни,  рухани  маңызды  мәселелер  бойынша  әртүрлі  ой-талқы  жасау, 

пікір-таластыра  білу,  осы  саладағы  маңызды  оқиғалар  мен  құбылыстар, 

тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу; 

-  өз  бетімен  зайырлық  және  діни  шығармалар  туралы  қажетті 

ақпараттық  деректер  нұсқасында    тауып  және  оларды  сараптай  отырып 



274 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



қолдана біледі. 

 Оқыту  барысында  мұғалім  білім  алушының  бойында  экстремистік, 

террористік  діни  топтар  және  ағымдар  идеологиясы  мен  тәжірибелеріне 

қарсы имунитет қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс. 



 

 

 



275 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 





ШАҒЫН 

ЖИНАҚТЫ 

МЕКТЕПТЕРДЕ 

ОҚЫТУДЫҢ 

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Шағын  жинақты  мектептерде  білім  беру  қызметін  ұйымдастыруда 

«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы,  Мемлекеттік  жалпыға 

міндетті білім беру стандарты, «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, 

негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік 

қағидаларын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы (3-қосымша) (бұдан 

әрі – Үлгілік қағида) басшылыққа алынады. 

«Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  шағын  жинақты 

мектепті  білім  алушылар  контингенті  шағын,  біріктірілген  сынып 

жиынтықтары  және  оқыту  сабақтарын  ұйымдастырудың  арнайы  формасы 

бар жалпы білім беретін мектеп ретінде анықтайды.  



Шағын жинақталған мектептер мен тірек мектептердің (ресурстық 

орталық)  қызметі  жалпы  білім  беру  ұйымдарының  (бастауыш,  негізгі  орта 

және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің Үлгілік қағидаларға 

сәйкес және мектеп жарғысымен жүзеге асырылады. 

«Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы 

орта  білім  беру)  түрлері  бойынша  қызметінің  Үлгілік  қағидаларына  сәйкес, 

шағын жинақты мектепте:  

ШЖМ-да жекелеген пәндерді оқыту кезінде және сыныпта 10-16 білім 

алушы болған жағдайда кіші топтарға бөлуге жол беріледі; 

Сыныптарды  бір  сынып-кешенге  қосу  және  біріктіру  жағдайында 

әртүрлі жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс; 

ШЖМ-дағы сыныптардың толымдығына 3-10 және одан да көп адамға 

дейін рұқсат беріледі; 

Үш  немесе  төрт  сынып  біріктірілген  жағдайда  оқу  сабақтарын 

ұйымдастырудың өзгермелі кестесі қолданылады. 

ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 наурыздағы № 91 бұйрығына сәйкес оқытуды 

ұйымдастыру  шарттары  бойынша  білім  беру  ұйымы  қызметінің  үлгілік 

қағидаларының  13-тармағы  жаңа  редакцияда  жазылсын:  «Әртүрлі  жастағы 

оқыту әдістемелерін қолдану кезінде сыныптарды біріктіруге жол беріледі». 

Сондықтан  сыныптарды  біріктірудің  тиімді  нұсқаларын  мектеп 

анықтайды.  Мектептің  әдістемелік  бірлестігінің  отырысында  және 

педагогикалық  кеңесінде  комплектация  саны  мен  ондағы  балалар 

контингентінің 

толымдылығына  байланысты  сыныптарды  біріктіру 

жолдарын талқылау ұсынылады.  

ШЖМ педагоктың кәсіби жұмысында келесі дағдылар міндетті: 

білім  алушылардың  оқу,  жобалау,  зерттеу  және  басқа  да  қызметін 

ұйымдастырудың  педагогикалық  негізделген  түрлерін,  әдістері  мен 

тәсілдерін қолдану; 

оқытудың  заманауи  техникалық  құралдарын  және  білім  беру 

технологияларын  (оның  ішінде  қажет  болған  жағдайда  ақпараттық-

коммуникациялық  технологиялар,  электрондық  білім  беру  және  ақпараттық 


276 

Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019-2020 оқу жылы 

 

 



ресурстар  және  т.  б.)  бейімделген  білім  беру  бағдарламалары  бойынша, 

біріктірілген  сыныптарды  есепке  ала  отырып,  педагогикалық  процестің 

ерекшеліктеріне қарай қолдану. 

Қазіргі  жағдайда  жаңартылған  білім  беру  мазмұны  шағын  жинақты 

мектеп  педагогтері  біріктірілген  сыныптардағы  сабақта  бағдарламалық 

материалдың өзіндік жұмысының шекті жол берілетін ұзақтығын өз бетінше 

анықтайды.  Біріктірілген  сыныптардағы  оқу  ерекшелігі  үнемі  өз  бетінше 

жұмыс  істеуге  негізделген.  Сондықтан  жаңартылған  білім  беру  мазмұны 

аясында  ұсынылатын  стратегиялар,  оқыту  әдістері  мен  технологиялары 

ШЖМ  жағдайында  жұмыс  істеу  үшін  де  қолайлы.  Алайда,  барлық 

стратегиялар  білім  алушылар  саны  аз  сыныптарда,  сынып-кешендерде 

қолданылмайды. Бұл жағдайда педагогпен шығармашылық тәсілге баса назар 

аудару  қажет.  Егер  сабақта  жұмыс  түрлері  бұрынғы  болса,  онда  олардың 

мазмұны өзгереді. Осылайша, өз бетінше білімді проблемалық тапсырмалар, 

бағдарламалау,  зерттеу  элементтері  бар  шығармашылық  есептер  арқылы 

алуға  болады.  Сабақта  жаңа  материалды  бекітуді  әртүрлі  жаднамалар, 

алгоритмдер,  схемалар  мен  кестелер,  презентациялар  және  т.  б.  қолдану 

арқылы  жүргізу  қажет.  Қайталау  кезінде  нұсқауларды,  үлгілерді, 

органайзерлерді және т. б. пайдалануға болады. Сонымен қатар, жаңартылған 

білім  мазмұны  аясында  оқудан  өткен  мұғалім  арсеналында  жұптар  мен 

шағын  топтарда  жұмысты  ұйымдастыру  үшін  белсенді  әдістердің  әртүрлі 

түрлері бар. 

ШЖМ-да  жаңартылған  білім  беру  бағдарламалары  бойынша  оқытуды 

ұйымдастыру  мәселесі  өзекті  болып  табылады  және  біріктірілген 

сыныптардың  жағдайларына  бейімделу  мәселесін  шешу  бағытында  арнайы 

әзірлемелерді талап етеді. 

Оқу  бағдарламаларын  бейімдеу  үшін  жаңартылған  білім  беру 

мазмұнындағы 

5-8 

сыныптардың 



негізгі 

пәндері 


бойынша 

оқу 


бағдарламаларын  оқытудың  тақырыптары  мен  мақсаттарына  салыстырмалы 

талдау  жүргізілді.  Негізгі  орта  мектеп  деңгейінде  ШЖМ  біріктірілген 

сыныптары  үшін  бірпәндік  және  біртақырыптық  сабақтарды  өткізуде 

оқытудың  тақырыптары  мен  мақсаттарын  біріктіруге  мүмкіндіктер 

анықталды. 

Салыстырмалы  талдаулар  5  пен  6-сыныптағы  жаңартылған 

бағдарламаларда оқыту мақсаттарының сәйкес келмеуі 50% -ды құрайтынын 

көрсетті.  Әсіресе,  тақырыптарда,  оқыту  мақсаттарында,  мазмұнында 

айырмашылық  байқалады:  5-сынып  «Қиял  әлемі»  және  6-сынып 

«Қазақстанның  көрнекті  тұлғалары»;  «Кәсіптер  әлемі»  (5-сынып)  –  «Жаңа 

жылды тойлау дәстүрі» (6-сынып). 

Сонымен қатар ұзақ мерзімді жоспарда «Тірі организмдер: өсімдіктер» 

5-сынып  және  «Тірі  организмдер:  жануарлар»  6-сынып  тақырыптарын 

біріктіру  мақсатында  «Спорт  және  диета»  және  «Тірі  организмдер  мен 

жануарлар» 6-сынып тарауларын ауыстыруға ұсынылды.  

Қалған  5  және  6-сынып  бөлімдерінде  біріктіретін  тақырыптар  оңай 

көрінеді. 


277 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет