ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ҧйымдарында оқу-тәрбие процесін


Білім  беру  -  бҧл  тәрбие  мен  оқытудың  біртҧтас  жҥйесі,  бҧл  екі



Pdf көрінісі
бет35/48
Дата23.10.2019
өлшемі5,04 Mb.
#50520
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48

Білім  беру  -  бҧл  тәрбие  мен  оқытудың  біртҧтас  жҥйесі,  бҧл  екі 

қҧрамдас бӛлікті бӛлуге болмайды. Қҧнды және жеке тҧлғаға бағытталған 

тәсіл оқу-тәрбие процесінің негізіне жатады.  

Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беру  жүйесі  алдында  ұлттық 

сана-сезім мен отаншылдықтың дамуының жоғары деңгейіндегі, инновациялық 

экономика  жағдайында  табысты  еңбек  ететін,  жалпыадамзаттық  және  ұлттық 

құндылықтарды бойына сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар 

қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерін тәрбиелеу міндеті тұр. 

Орта  білім  беру  ұйымдарында  тәрбие  жұмысының  жүйесі  келесі 

нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі: 

1)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2019  жылғы 

15 сәуірдегі  № 145  бұйрығымен бекітілген   «Рухани жаңғыру» бағдарламасын 

іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; 

2)  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2019  жылғы 

15  сәуірдегі  №  145  бұйрығымен  бекітілген,  2019-2024  жылдарға  арналған 

«Рухани  жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге  асыру  аясында    тәрбиенің 

Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың  іс-шаралар жоспары; 


 

306 


 

3)   Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 

1  қазандағы  №  525  бұйрығымен  бекітілген,  Қазақстан  Республикасында 

ӛлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.  

Жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысы келесі бағыттар бойынша 

жүзеге асырылады: 

1. Жаңа  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтыққа  тәрбиелеу, 

құқықтық тәрбие. 

2. Рухани-танымдық тәрбие. 

3. Ұлттық тәрбие. 

4. Отбасылық тәрбие. 

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 

6. Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие. 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. 

8. Дене тәрбиесі, салауатты ӛмір салты. 

 

 

Жаңа  қазақстандық  патриотизм  мен  азаматтыққа  тәрбиелеу, 



құқықтық тәрбие. 

2019-2020  оқу  жылында  аталған  бағыттың  аясында  НЗМ  АҚ  тәжірибесі 

бойынша  «Ұлы  дала  мұрагерлері»  тәрбиелік  азаматтық-патриоттық  жобасын 

жүзеге  асыру  ұсынылады.  Қазақстандық  қоғамға  және  ұлтқа  адалдық, 

болашаққа  деген  берік  сенімділік,  туып-ӛскен  жерге  деген  сүйіспеншілік 

сезімін  қалыптастыру  бұл  жобаның  мақсаты  болып  табылады.  Ауқымды 

жобаның  аясында  келесі  үш  ішкі  жоба:  «Туған  елге  тағзым» 

жалпыреспубликалық  экспедициясы,  «Тарих  тағлымы»  және  «Қазақ 

мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары жүзеге асырылады. 

2020  жылы  республикада  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы 

Жеңісінің 75 жылдығы аталып ӛтеді.  Осыған орай 2019-2020 оқу  жылындағы 

тәрбие жұмысының негізгі бӛлігін мектептегі, аудандағы (қаладағы), облыстағы 

патриоттық  іс-шаралардың  басым  бӛлігін  Ұлы  Жеңіске  құрмет  кӛрсетуге 

бағыттап ұйымдастыру және ӛткізу қажет.  

Орта  білім  беру  ұйымдарында  әскери-патриоттық  клубтардың  жұмысын 

белсендендіруге,  патриоттық  клубтардың,  үйірмелердің  және  бірлестіктердің 

слеттарының барлық сатыларының ӛткізілуін қарастыру. 

Мемлекет Басшысының  2018 жылғы  5  қазанындағы Жарлығын орындау, 

сонымен  қатар  ӛскелең  ұрпақтың  патриоттық  тәрбиесін  жетілдіру  мақсатында 

ағымдағы  жылы  «Жас  сарбаз»  кадет  сыныптарын  және  «Жас  сарбаз»  әскери-

патриоттық клубтарын ашу ұсынылады.  

Жергілікті  жерлерде  қорғаныс  органдарымен  бірлесіп  «Жас  сарбаз» 

қозғалысы аясында «SMART-SARBAZ» үйірмелерін құруды жандандыру. 

«Туған елге тағзым» жалпыреспубликалық экспедициясы аясында топтар 

ӛз  ӛлкесін  зерделейді,  оның  флорасы  мен  фаунасын,  тарихи  орындарының 

маңызын,  мәдениетін,  инновациялық  нысандарды,  сәулет  ғимараттарын  және 

басқаларды (экономикалық бағыт бойынша – ӛнеркәсіп нысандарын, мәдениет 

–  аймақтың  сәулет,  тарихи  ескерткіштерін,  білім  -  мұрағат,  ескерткіш, 



 

307 


 

археологиялық  қазбалар)  зерттейді.  «Тарих  тағылымы»  әлеуметтік  жобасы 

қалалардың,  ауылдар  мен  кӛшелердің,  сонымен  қатар  мемлекеттің,  аймақтың, 

спорттың,  мәдениеттің,  білімнің  дамуына  үлес  қосқан  тұлғалардың  тарихын 

зерделеуге  мүмкіндік  береді.  «Қазақ  мәдениетінің  антологиясы»  жобасы  ӛз 

ӛлкесі  ақындарының,  жырауларының,  күйшілерінің  шығармашылығы  арқылы 

ұлттық фольклорды зерделеуге бағытталған. 

Патриотизм  кіндік  қаның  тамған  жеріңе,  ӛскен  ауылыңа,  қала  мен 

ӛңіріңе,  яғни  кіші  отаныңа  деген  сүйіспеншіліктен  басталады.  Туған  жерге, 

оның  мәдениеті  мен  салт-дәстүрлеріне  айрықша  іңкәрлікпен  атсалысу  – 

шынайы патриотизмнің маңызды кӛріністерінің бірі. Патриотизмнің  ең жақсы 

кӛрінісі  –    туған  жердің  тарихын  оқып-білу.  Білім  алушылар  арасында 

ӛлкетанулық  білімді  насихаттау  мен  тарату  мәселелері  Қазақстан 

Республикасында  ӛлкетануды  дамытудың  Тұжырымдамалық  негіздерінде 

кӛрініс тапқан. 

Білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті 

қалыптастыру  мен  дамытуда  әскери-патриоттық  клубтар,  балалар  мен 

жасӛспірімдер  қозғалыстары,  оның  ішінде  «Жасұлан»,  «Жас  қыран»,  «Жас 

сарбаз», «Ұлы даланың скауттары», «Жұлдыз» және т.б. қозғалыстар үлкен рӛл 

атқарады. 

Мемлекет Басшысының  2018 жылғы  5  қазанындағы Жарлығын орындау,

 

сонымен  қатар  ӛскелең  ұрпақтың  патриоттық  тәрбиесін  жандандыру 



мақсатында  республикада  «Жас  сарбаз»  балалар  мен  жасӛспірімдер  әскери-

патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «Жас 

сарбаз» бірлестігі) құрылды. 

14  облыс,  Нұр-Сұлтан,  Алматы  және  Шымкент  қалаларында  «Жас 

сарбаз»  бірлестігінің  аймақтық  филиалдары  ашылды  және  жастардың  әскери-

патриоттық  тәрбиесін  жетілдіру  бойынша  аймақ  әкімдерінің  басшылығымен 

Координациялық кеңестер құрылды. 

«Жас  сарбаз»  бірлестігінің  жұмысы  мемлекеттік  органдармен  және 

мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесіп білім алушылардың әскери-патриоттық 

тәрбиесіне бағытталған ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық іс-

шаралар кешенін қамтиды. 

Әрбір  халықтың,  әрбір  ӛркениеттің  баршаға  ортақ  қасиетті  жерлері 

болады,  оны  сол  халықтың  әрбір  азаматы  біледі.  «Қазақстанның  киелі 

орындары»  («Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»)  жобасы  арқылы 

жалпыұлттық  киелі  жерлерді  бекіту  керек.  2017  жылы  Қазақстанның 

жалпыұлттық  киелі  орындары  мен  кешендерінің  100  нысанының  тізімі 

әзірленді.  Ұлттық  санада  Ұлытау  айналасындағы  ескерткіштердің  біріккен 

кешені мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Тараздың ежелгі ескерткіштері мен 

Бекет-Ата  мазарын,  Шығыс  Қазақстанның  ежелгі  кешендері  мен  Жетісудың 

киелі  мекендерін  және  басқа  да  жерлерді  ӛзара  сабақтастыра  отырып,  ұлт 

жадында  біртұтас  кешен  ретінде  орнықтыру  маңызды.  Олардың  бәрі  біздің 

ұлттық  бірегейлігіміздің  тірегін  құрайды.  Қазақстанның  қасиетті  жерлерінің 

мәдени-географиялық  белдеуі  –  неше  ғасыр  ӛтсе  де  бізді  кез  келген  рухани 

жұтаңдықтан  сақтап,  аман  алып  шығатын  символдық  қалқанымыз  әрі  ұлттық 



 

308 


 

мақтанышымыздың қайнар бұлағы.  



Құқықтық  білім  берудің  маңызды  міндеті  –  кәмелетке  толмағандар 

арасындағы  құқық  бұзушылық  пен  қылмысты  болдырмау.  Оқыту  мен  тәуекел 

факторларының, түзеу-ағарту жұмыстарының, жасӛспірімдердің мектептен бос 

уақытында  жұмысқа  орналасуын  қамтамасыз  етудегі  проблемаларды  анықтау 

диагностикасын қамтуы тиіс. 

Әдетте  тәрбиелік  іс-шараларға  қатысудан  тартынатын  «қиын» 

балалардың  ата-аналары  ерекше  санатта  тұрады.  Бұл  жерде  отбасының 

мәртебесін арттыратын, ата-аналар мен балалардың, сонымен қатар мектеп пен 

отбасы  арасындағы  қарым-қатынасын  нығайтуға  бағытталған  жеке,  сондай-ақ 

ата-аналармен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру маңызды болып табылады. 

Жасӛспірімдердің девиантты мінез-құлықтары - бұл мектептегі маңызды 

мәселе, ол жеке адамға да, басқаларға да қауіп тӛндіреді. «Қиын» балалардың 

пайда  болуының  басты  себебі  отбасыдан  шығады:  балаларға  назар  аудармау, 

қақтығыстар,  ата-аналардың  тәрбие  туралы  білімінің  жетіспеушілігі, 

авторитарлық  тәрбие  т.б.  Қазіргі  кезеңде  отбасымен  жұмыс  істеу  қиынға 

айналып, жаңа тәсілдерді қажет етеді. 

Жасӛспірімдер арасындағы деструктивті құбылыстардың алдын алу және 

дер  кезінде  түзету  ең  алдымен,  мектеп  пен  отбасы  арасындағы  тығыз  қарым-

қатынасты, 

сондай-ақ 

әлеуметтік 

қызметкерлердің, 

педагогтердің, 

психологтардың, дәрігерлердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің 

ӛзара  іс-қимылына  барып  тіреледі.  Баланың  әлеуметтік  бейімділігін  дамытуға 

әсер ететін факторларды үнемі қадағалау және талдау, тәуекел топтарына назар 

аудару,  қажетті  әлеуметтік  тәжірибені  алу,  білім  беру  процесін  жүйелі 

ұйымдастыру, оның сабақтастығы мен үздіксіздігі үшін балалардың осындай іс-

шараларға қатысуы маңызды. 

Девиантты  мінез-құлықтың  алдын  алу  бойынша  бағдарламалар  әзірлеу 

және  іске  асыру  «қиын  балаларды»  әлеуметтік  ортамен  ӛзара  әрекеттесу 

дағдыларын 

үйренуге 

арналған: 

коммуникативті 

дағдылар, 

ӛзін-ӛзі 

ұйымдастыру  дағдылары,  қақтығыстарды  басқару,  жалпыға  бірдей  заңды 

әдістер  және  тәсілдер  арқылы  проблемаларды  шешу,  «салауатты  ӛмір  салты» 

модельдері  т.б.  Мұндай  бағдарламалар  әрбір  жасӛспірімнің  жеке 

траекториясына  дейін  дифференциалды  кӛзқараста  болуы  керек.  Мұндай 

бағдарламалармен ата-аналарды және оларды үйретуді қамту маңызды. Алдын 

алу  әдістері  психологиялық  тренингтерді,  тәрбиелік  әңгімелесулерді, 

лекцияларды  қамтиды.  Отбасылық  тәрбие  мәселелері  маңызды  аспект  болуға 

тиіс.

   


Ата-аналар  лекторийлері,  ата-аналардың  қатысуымен  жаңа 

форматта бірлескен іс-шаралар ӛткізу ҧсынылады.

   

 

 

Ата-аналар  лекторийлері,  ата-аналардың  қатысуымен  жаңа  форматта 



бірлескен іс-шаралар ӛткізу ұсынылады. 

Тәрбие жұмысының түрлерін, ата-аналармен, балалардың отбасыларымен 

ӛзара  қарым-қатынас  формаларын  сапалы  түрде  түрлендіру;  сыныптан  тыс 


 

309 


 

және  тәрбиелік  іс-шараларды  ӛткізу  тәсілдерін  қайта  қарау  қажет.  Бұл  ата-

аналар  жұмысбастылыққа  салынған,  отбасылық  тәрбие  мәселесі  күннен-күнге 

ӛзекті болып  отырған,  ӛздерінің  шешімін  таба  алмаған  мәселелерімен балалар 

жиі  оңаша  қалатын  жаңашыл  ғасырмен  тікелей  байланысты.  Бұл  әлеуметтік 

мәселе  білім  саласына  теріс  ықпалын  тигізеді.

 

Жасӛспірімдер  арасында 



қатыгездік,  ӛзіне-ӛзі  қол  жұмсау,  ұсақ  қылмыс  пен  құқық  бұзушылық, 

бұзақылық,  булинг,  жоғары  сынып  оқушылары  бастауыш  сынып 

оқушыларынан  ақша  талап  ету  жағдайлары  кӛптеп  белең  алды.  Бұған 

педагогикалық  әрекет  ету  қажет.  Әрине,  бұл  құбылыстардың  туындауының 

басты  себебі  мектеп  емес,  бірақ  балалардың  ӛмірі  мен  қауіпсіздігі  үшін  білім 

беру ұйымдарының жауапкершілігін алып тастауға болмайды.  

Бұл  кӛрсеткішке  әсер  ететін  факторлар  арасында    –  отбасындағы  және 

мектептегі  тәрбиенің  жеткіліксіздігі,  Интернет  желісіндегі  жағымсыз 

ақпараттар  ағымы,  қазіргі  жаhандану  мен  интенсификация  дәуірінің  жастарға 

ұсынатын кӛптеген міндеттер мен проблемалар бар. 

Жағымсыз  мінез-құлықтарды  алдын  алу  жұмыстары  жүйелілік  пен 

бірізділікті  талап  етеді.  Ол  тренингтер,  пікірталастар,  әңгімелер,  түзету 

жұмыстары,  ата-аналар  жиналысы,  суреттер  кӛрмесі,  шығарма  жазу  байқауы 

сияқты  формаларды  қамтуы  тиіс.  Ұжымның  бірлігіне,  оның  моральдық 

ахуалын жақсартуға, құрдастар арасындағы достықты нығайтуға, ӛзара кӛмекті 

және  түсінушілікті  дамытуға,  салауатты  ӛмір  салтын  насихаттау  іс-шаралары 

дені сау тұлға қалыптастыруға бағытталған. 

Девиантты  мінез-құлық  пен  суицидке  бейім,  сонымен  қатар  зорлыққа 

ұшыраған  балалармен  жұмыс  жасауға  арналған  («Ерекше  білім  беруге 

қажеттілігі  бар  балаларды  оқыту,  тәрбиелеу,  дамыту  және  әлеуметтік 

бейімдеуді  педагогикалық  қолдау  моделі  (оралман  балалар;  мигрант  балалар; 

ӛмірдің  қиын  жағдайын  кӛрген  балалар)  әдістемелік  ұсынымдамасы  Ы. 

Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында орналастырылған https://www.nao.kz . 

Мектепте  штаттық  бірліктердің  жеткілікті  саны  бар,  қажетті 

ҥйлесімді жҧмыс жоқ. Жаңа оқу жылында әрбір білім беру ҧйымы барлық 

білім  алушылардың  қалыпты  мінез-қҧлқын  қамтамасыз  ету  ҥшін 

психолог,  әлеуметтік  педагог,  медициналық  қызметкер  және  кәмелетке 

толмағандар  істері  жӛніндегі  инспектор  (келісім  бойынша),  сынып 

жетекшілері, директордың тәрбие жҧмысы жӛніндегі орынбасары және т.б. 

әлеуметтік-психологиялық қызметтің жҧмысын ҧйымдастырады.  

Мектептердің  әлеуметтік-психологиялық  қызметтерінің  жұмысы  қайта 

қаралатын болады. НҚА-ға тиісті ӛзгерістер енгізілетін болады.  

Рухани-танымдық тәрбие. 

Тәрбие  жұмысының  екінші  бағыты  «Рухани-адамгершілік  тәрбиені» 

жүзеге асырудың негізгі механизмі ретінде ар-намыс пен мінсіз қызмет кӛрсету 

туралы  бірыңғай  сабақ  жүргізуді  қарастырады.  «Ӛзін-ӛзі  тану»  рухани-

адамгершілік білім беру бағдарламасы шеңберінде Отан мен ерлік; әлеуметтік, 

қайырымдылық жобаларына қатысу, «Қоғамға қызмет» волонтерлық балалар 

қозғалысы  әлеуметтік  жобасын  дамыту  -  «Мектепке  жол»,  «Қамқорлық», 

«Мектепке  жиналуға  кӛмектес»,  «Адамдарға  қуаныш  сыйла»  акциялары. 



 

310 


 

Волонтерлық  қозғалысты  ұйымдастырға  арналған  әдістемелік  нұсқаулық 

ретінде  «Білім  беру  саласындағы  волонтерлік  пен  қайырымдылық  және 

олардың  қазіргі  жағдайда  білім  беру  жүйесін  жаңғыртудағы  рӛлі»  атты 

әдістемелік ұсынымдарды ұсынамыз (

https://www.nao.kz

). 

Рухани-адамгершілік тәрбие беруде кездесу кештері, «Қазақстанның ұлы 

ақындары  мен  жазушылары»,  «Адамзаттың  ұлы  ұстаздары»,  «Қазақстанның 

ұлы  ойшылдары  мен  философтары»  әдеби  кештері,  «Сұлулық  әлемді 

құтқарады»  поэзиялық  кештері,  «Мейірбандық  -  адамның  барлық 

адамгершілігіне  түрткі  болатын  негіз»  әдеби-музыкалық  композициясы, 

сынақтар  және  «Махаббат  -  адам  ӛмірінің  негізі»,  «Қайырымдылық  жасампаз 

күш»  адамгершілік-рухани  мазмұндағы  әңгімелер  айтарлықтай  маңызды  рӛл 

атқарады. 

Қазақтың  ұлы  ақыны,  ағартушы  Абай  Құнанбайұлының  туғанына  175 

жыл  толуына  орай  кӛпшілік  іс-шаралар  ӛткізу  ұсынылады:  Абай 

шығармашылығының  онлайн  конкурсы,  әлеуметтік  желілер  арқылы  үздік 

жұмыстар,  ӛлеңдерді  тарату,  жобалық  жұмыстар,  лекториялар, 

тақырыптық салтанатты жиындар, әдеби оқулар, «Абай – ӛз халқының және 

барша адамзаттың баласы» атты тақырыпта ұлы ойшылдың шығармалары 

бойынша викториналар мен байқаулар ӛткізу ұсынылады.

 

Ӛскелең  ұрпақтың  рухани-адамгершілік  және  мәдени  құндылықтарын 

сақтау  мен  арттыру  мына  жобалар  арқылы  жүзеге  асырылады:  «Туған  жер», 

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»,  «Жаһандық әлемдегі заманауи 

қазақстандық мәдениет», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Жаңа гуманитарлық 

білім.  Қазақ  тіліндегі  100  жаңа  оқулық»,  «Мемлекеттік  тілді  латын  әліпбиіне 

кӛшіру».

 

    

Назар аударыңыздар!

 

 

Жаңа  оқу  жылында  кітаптың  мәртебесін  кӛтеру  және 



кітап оқуды қолдау мақсатында білім алушылардың арасында 

«оқу  сәнін»  қалыптастыру  бағытында  оқу  сағаттары  дәстҥрлі 

болуы  тиіс.  Кітаппен  алмасу  ҥшін  арнайы  –  буккросинг  орындарын 

ҧйымдастыру,  кітапқа  деген  ортақ  қызығушылық  негізінде  білім 

алушылар мен ересектердің (кітапханашы, мҧғалім, ата-аналар және білім 

алушылар) бірлескен іс-әрекеттерін, кітап кӛрмелері мен кітап ӛнімдерінің 

ашық  таныстырылымдарын;  «Кітап  оқитын  мектеп»  конкурстарын, 

кітапханаларға  кітап  сыйлау  бойынша  акциялар;  білім  алушылардың 

кітапханашылармен  кездесулерін,  сонымен  қатар  отбасылық  оқуларға 

арналған  кітаптардың  тізімін  қҧрастыруды,  ата-аналармен  бірге 

кітаптарды  оқу  және  талқылау,  альбомдар,  буклеттер,  кино-видео 

материалдар әзірлеуді ҧйымдастыру қажет.  

Ұлттық тәрбие. 

Тәрбие  жұмысының  үшінші  бағыты  «Ұлттық  тәрбие»  оқушыларға  қазақ 

тілін  білу,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  атрибуттары  мен 


 

311 


 

мемлекеттік  рәміздері  туралы  жарыстар  мен  олимпиадалар  ӛткізу,  әрбір 

мектепте  музейлер  ашу,  атақты  спортшылар,  ғалымдар,  кӛрнекті  тұлғалар, 

«Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  жоба  жеңімпаздарымен    кездесулер,  сонымен 

қатар,  ӛлкенің  тарихи-мәдени  мұраларына  жататын  объектілерінде  мектеп 

оқушыларына  ӛлкетану  бойынша  тақырыптық  сабақтар  ӛткізу  арқылы  жүзеге 

асырылады.  Аталған  бағыт  шеңберінде  мынадай  жобаларды  жүзеге  асыру 

ұсынылады: «Менің Отаным  – Қазақстан» балалар мен жасӛспірімдер туризмі 

және  ӛлкетануды  дамыту,  экспедиция,  жорықтар,  экскурсиялар  ұйымдастыру, 

«Тарих  мұрасы»,  «Ӛз  жеріңді  таны»  (ӛлкетанулық  білімін  және  мектеп 

туризмін,  тарихи-археологиялық  қозғалысты  арттыру,  туған  ӛлкенің  тарихын, 

мәдениетін  және  дәстүрлерін  терең  зерттеу)  «Табиғат  бесігі»  (туған  жерге 

жауапкершілікпен және аялап қарау). 

Мұғалімдер  әдістемелік  кӛмек  ретінде  Академия  әзірлеген:  «100  жаңа 

есім» жобасының қаһармандары – «ұлттың «алтын» қоры», «Қазақстанның 

киелі  орындары  -  Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы»  жобасы 

бойынша  тәрбие  жұмысының  құрылымдық  жүйесін  ұйымдастырудың 

модельдері» 

әдістемелік 

ұсынымдамаларды 

пайдалана 

алады 

(

https://www.nao.kz

). 

Отбасылық тәрбие 

Тәрбие  жұмысының  тӛртінші  бағыты  ата-аналарды  ағарту  мақсатында, 

олардың  психологиялық-педагогикалық  құзыреттілігін  және  мектепте 

балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған. 

Отбасы  –  адамның  бастапқы  әлеуметтенуінің  негізі.  Мектептің  ата-

аналармен  ӛзара  әрекеттесуі  баланы  тәрбиелеуге,  сенімге,  сыйластыққа, 

шыдамдылыққа  және  бір-біріне  қолдау  кӛрсетуге  ӛзара  мүдделілік 

қағидаттарына  негізделуі  керек.  Қазіргі  уақытта  мектеп  пен  ата-аналардың 

құқықтары  мен  міндеттерін  реттеу  үшін  олардың  арасындағы  үлгі  шарт 

міндетті  түрде  жасалады.  Осы  құжат  негізінде  ата-аналар  оқушыға  білім  беру 

мен  тәрбиелеу  мәселелері  бойынша  білім  беру  ұйымымен  бірлесіп  әрекет 

жасауға,  ҚР-ның  қолданыстағы  заңнамасында  қарастырылған  ата-аналар 

комитетінің,  қамқоршылық  кеңестің,  ата-аналар  жиналыстары  шешімдерін 

ескеру,  ата-аналар  комитеттері  арқылы  білім  беру  ұйымдарының  басшы 

органдарының  жұмысына  қатысу  тәрбие-білім  беру  процесін  жүзеге  асыруға 

қатысуға міндетті. 

Мұғалімдердің  ата-аналармен  ынтымақтастығы  тәрбиелеу  міндеттерін 

және  баланың  даму  бағдарламасын  айқындау,  сондай-ақ  осы  міндеттерді 

бірлесіп  жүзеге  асыруды  қарастырады.  Ата-аналардың  интеллектуалдық  және 

материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте 

балаларды  тәрбиелеудегі  ұстанымы,  отбасымен  қарым-қатынас  жасауда 

жекелеген  әдіс-тәсілдері  мұғалімдер  мен  сынып  жетекшісінің  қызметі  үшін 

негіз  болуға  тиіс.  Бұл  үшін  балаларды,  үйде  білім  алатын  оқушыларды  тарту 

арқылы отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің келесідей топтық және 

жеке  түрлері  пайдаланылады:  тәжірибе  алмасу  конференциялары,  тренингтер, 

ең  табысты  ата-аналардың  шеберлік  сабақтары,  пікірталастар,  сұрақ-жауап 

кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесулер, ата-аналар 


 

312 


 

жиналысы,  сондай-ақ,  ата-аналар  мен  балалардың  қатысуымен  іс-шаралар 

ұйымдастыру.  

Әрбір  оқу  тоқсанының  қорытындысы  бойынша  дәстүрлі  қоғамдық 

тыңдаулар  (ашық  баяндамалар)  ӛткізу  және  ата-аналар  қоғамдастығының 

алдындағы  қамқоршылық  кеңестің  ашық  есеп  беруі,  Білім  күніне  арналған 

жалпыұлттық сынып сағаттары (Білім күні), «Менің отбасым» «Жылдың үздік 

жанұясы»,  «Жазда  жанұямызбен»  жас  ата-аналар  фестиваль-байқаулары, 

«Жылдың  ең  үздік  ата-аналар  кеңесі»,  «Жылдың  үздік  қамқоршылық  кеңесі» 

слеттері, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: 

«Әкем, анам, мен – спорттық жанұя», «Кӛңілді старттар», ірі жарыстар (оқушы 

ата-аналарының  командалары,  мұғалімдер)  ӛткізіледі.  Осының  барлығы 

отбасылық  тәрбие  мәселелері  бойынша  ата-аналық  жауапкершілік  пен 

құзыреттілік деңгейін кӛтеруге ықпал етеді. 



Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 

Тәрбие  жұмысының  бесінші  бағыты  білім  алушыларда  кәсіби  ӛзін-ӛзі 

анықтауға 

деген 


саналы 

кӛзқарастарын 

қалыптастырады, 

адамның 


экономикалық  ойлау  мен  экологиялық  мәдениетін  дамытады.  2019-2020  оқу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет