ОҚу жылында жүргізілген жұмыстар туралы есебі оқУ-Әдістемелік жұмыстар бойынша



бет8/8
Дата17.11.2016
өлшемі2,21 Mb.
#1946
1   2   3   4   5   6   7   8

ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША

Алдағы уақытта елімізде ғылым басым бағыттардың біріне айналып, ел экономикасын өркендетуге үлес қосуы тиіс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауымен танысып шыққан адам осындай тұжырымға тоқтайтыны анық. Осы мүдде-мақсаттықолдау мен іске асыру барысында жасалып жатқан қадамдардың бірі ретінде институтымызда болып жатқаннақты көрсеткіштерімізді атап өтуге болады:

1. Ғылыми қызметтегі маңызды жетістіктер


  • ф.-м.ғ.к., доцент Бижігітов Т.Б., п.ғ.к., доцент Оспанбаева М.П., п.ғ.д., профессор Бұзаубақова К.Ж. ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2014" грантының иегерлері атанды:

  • "Химия және ХОӘ" кафедрасының доценті х.ғ.к. А.Мәжібаевтың жетекшілігімен аталған кафедра оқытушылары "Кадмия сульфидінің пленкасын алудың тәсілі" инновациялық патентін алды;

  • ф.-м.ғ.к., профессор К.Жолдасова «Электронды оқулықты өңдеу әдістемесі» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама)атты электрондық оқулығына авторлық куәлік алды (ҚР Әділет министрлігінің 2015 жылдың 11 мауысымындағы №1170 авторлық куәлігі);

  • «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы аталған кафедраның меңгерушісі п.ғ.д., профессор Клара Жайдарбекқызы Бұзаубақованың жетекшілігімен педагогика саласы бойынша алты ғылыми туындының авторлық құқығына ие болды.

  • «Музыкалық білім» кафедрасының доценті Малдыбаев Аман Шонбайұлы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шешімімен зияткерлік меншік құқығыныңсегіз куәлігіне ие болды;

  • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен«Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті

Исматова Сарсекуль марапатталды;

«Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен:«Информатика және ЕТ» кафедрасының доценті Тучин Александр Васильевич марапатталды;



  • Жас ұрпақты оқытужәне тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының доцентіМусилимов Билибай марапатталды.

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен:

1. Бегалиева Сайлаукул – «Биология және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушысы;

2. Козыкеева Багимгул Тобажановна – «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы марапатталды.



  • «Орыс филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Г.А.Бедусенко «Инновационные технологий ХХІ века» атты білім саласы қызметкерлерінің IV халықаралық конкурсында І орында жеңіп алып, төсбелгі және дипломмен марапатталды (Ғылыми ойлар орталығы, Таганрок қ., Ресей);

  • Махашова Патима Қырғызстан Республикасы, Бішкек қаласында 13.00.01 - "Жалпы педагогика, педагогика мен білім беру тарихы" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады;

  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдарымен 6 студентіміз марапатталды.

Ғылымды дамыту мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені белгілі. Бұл ретте ғылыми-техникалық саясаттың қалыптасуында мемлекет әрқашан маңызды рөл атқарып келді. Турасында, ғылымның ұйымдық құрылымы елдегі мемлекеттік басқару күші мен жағдайын айқындайды.

Ғылымға дұрыс әдіспен және дұрыс ұйымдастырушылықпен көмектесуді көздеген Елбасы ғылымды және ғылыми ұйымдық мекемелерді қаржыландыруға баса назар аударған болатын. Осы орайда елімізде ғылымға бөлініп жатқан гранттық қаржыландырулар оң нәтижесін беруде.

Бұл ретте институтымыздың профессор-оқытушылар құрамы белсенділіктерін танытып, мемлекет тарапынан жарияланған гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысып, өз жобаларын іске асыруға қаржы ұтып алуда. Конкурсқа қатысу мен ұтып алу туралы мәліметті келесі кестеден көруге болады:




2012-2013 оқу жылы


2013-2014 оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

қатысқаны

ұтқаны

қатысқаны

ұтқаны

қатысқаны

ұтқаны

9

0

16

2

12

3

Гранттық қаржыландырулар конкурстарында ұтып алынған әрбір жоба институтымыздың ғылыми әлеуеті мен беделін көтеруге үлкен септігін тигізері анық. Осылайша, институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлеміне тоқталар болсақ, 2013-2014 оқу жылында гранттық қаржыландыру бойынша ұтып алынған екі жобаның ортақ сомасы - 10 млн. теңгені құраса, есепті 2014-2015 оқу жылы бұл көрсеткіш орта есеппен - 24 млн. теңгені құрап отыр.


Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру



Қаржыландыру

жылдар

2013-2014

оқу жылы


2014-2015

оқу жылы


Ғылыми-зерттеу жұмысының қаржылай жалпы көлемі, тенге

10000 000

24 000 000

1 профессор оқытушы құрамына шаққанда, тенге есебінен

29 762 тг.

70 381тг.

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялайтын «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қалыптасқан үрдіске сәйкес, институттағы ПО штатына байланысты қатысуға мүмкіндік алған 6 үміткер уақтылы құжаттарын жинап, байқауға жіберді. Төмендегі кесетеде байқауға соңғы үш оқу жылында қатысқандар мен ұтқандардың саны көрсетілген. Кесте 3 (Слайд 3).

ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына соңғы үш жылда қатысқандар мен ұтқандар мәліметі


2012-2013оқу жылы

2013-2014оқу жылы

2014-2015 оқу жылы

қатысқаны

ұтқаны

қатысқаны

ұтқаны

қатысқаны

ұтқаны

4

0

4

0

6

3

Кестеден көріп отырғандарыңыздай, соңғы жылдары қолжетімсіз болған жетістікке есепті оқу жылында жетіп, қатысқан алты үміткердің тең жартысы грант иегері атанды.

Ғылыми зерттеулердің нәтижелілігінің маңызды бір индикаторы патенттердің болуы. Патенттер тек қана өнертапқыштың құқығын қорғап қана қоймай, сондай-ақ технологиялық ақпараттың бірегей көзі болып табылады, патентті құрайтын мәліметтер бұрын еш жерде ұсынылмаған, және, оған қоса патенттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске ендіруден екі-үш жыл алдын ала жүреді, бұл технологиялық инновациялардың мүмкіндіктерін алдын ала ескеруге мүмкіндік береді.

Бұл сала бойынша да институтымызда айтуға тұрарлықтай жетістіктеріміз бар.

Төмендегі кестеден патент алу ісі бойынша соңғы үш есепті жылдардағы салыстырмалы көрсеткішті байқауға болады:

ПАТЕНТТЕР САНЫ

2012-2013оқу жылы

2013-2014оқу жылы

2014-2015оқу жылы


1. Г.Зияева - "Ақтөбе шәйін алудың тәсілі";

2. Г.Зияева - "Способ получения гибридов пшеницы"



1. Г.Зияева - "Ақтөбе" сабынын алудың тәсілі " 2. Г.Зияева - «Алматы» қантын алудың тәсілі»

1. А.Мәжібаев - "Кадмия сульфидінің пленкасын алудың тәсілі"

Есепті оқу жылы өзге жылдармен салыстырғанда авторлық куәлік алу жағынан ең озық жыл болып тұр. Институтымызды мұндай белестен көруге себепші болған доцент Малдыбаев Аман Шонбайұлының 8авторлық құқықкуәлігін, ф.-м.ғ.к., профессор К.Жолдасованың «Электронды оқулықты өңдеу әдістемесі» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама) атты электрондық оқулығына авторлық куәлігін, «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор Клара Жайдарбекқызы Бұзаубақованың жетекшілігімен педагогика саласы бойынша алты ғылыми туындының авторлық құқығы куіліктерін атауға болады.

Кесте 5. (Слайд 5)

Авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы



КУӘЛІКТЕР

1

ЖолдасоваКульжамила, Сарбасова Айбала Есенғалиқызы, Нышанбаева Кундызай Кеңесбаевна-«Электронды оқулықты өңдеу әдістемесі» (ЭЕМ-ге арналған бағдарлама – электрондық оқулық)

2

Бұзаубақова Клара Джайдарбековна-«Педагогикалық жағдаяттар» (ғылыми туынды)

3

Бұзаубақова Клара Джайдарбековна, Кашкынбаева Загира Кожабергеновна, Кумисбекова Жазира Науатбековна-«Педагогика: семинар сабақтары»(ғылыми туынды)

4

Бұзаубақова Клара Джайдарбековна, Кашкынбаева Загира Кожабергеновна, Кумисбекова Жазира Науатбековна- «Қызықты педагогика» (ғылыми туынды)

5

Бұзаубақова Клара Джайдарбековна-«Оқытудың педагогикалық технологиялары»(ғылыми туынды)

6

Бұзаубақова Клара Джайдарбековна-«Білім берудегі инновациялық технологиялар» (ғылыми туынды)

7

Бұзаубақова Клара Джайдарбековна, Кашкынбаева Загира Кожабергеновна- «Педагогика» (ғылыми туынды)

8

Малдыбаев Аман Шонбайұлының -"Шырайлым-ай" (мәтіні бар музыкалық туынды)

9

Малдыбаев Аман Шонбайұлының -"Қайдасың еркем?" (мәтіні бар музыкалық туынды)

10

Малдыбаев Аман Шонбайұлының -"Сүю жазы" (мәтіні бар музыкалық туынды)

11

Малдыбаев Аман Шонбайұлының-"Алданған арман" (мәтіні бар музыкалық туынды)

12

Малдыбаев Аман Шонбайұлының - "Бәйшешек" (мәтіні жоқ музыкалық туынды шығарма)

13

Малдыбаев Аман Шонбайұлының-"Тай шолпы" (күй) (мәтіні жоқ музыкалық туынды шығарма)

14

Малдыбаев Аман Шонбайұлының-"Шоқай датқа" (күй) (мәтіні жоқ музыкалық туынды шығарма)

15

Малдыбаев Аман Шонбайұлының -"Гулдерайым" (күй) (мәтіні жоқ музыкалық туынды шығарма)

Өткен оқу жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жоспарға сәйкес 3 конференция өткізілді.


№ 6 кесте(Слайд 6)

Өткізілген ғылыми іс-шаралар



1.

28-қараша2014 ж. - «Білім беру мен оқытуды жаңаша үйлестіру: бүгіні мен болашағы» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы.

2.

19 ақпан 2015 ж. - «Евразиялық экономикалық ықпалдастық: қазақстанның даму болашағы» атты дистанционды Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

3.

14-15 мамыр 2015 ж. - Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жас ғалым-2015» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.

Ғылым аясын реформалаудың маңызды аспектісі–әлемдік ақпараттық ресурстар құралдарын қолдануға рұқсат алу арқылы ғылымның дамуын ақпараттық қамтамасыздандыру.

Қазіргі уақытта елдегі немесе аймақтағы, ұйымдардағы зерттеулердіңғылыми белсенділік сапасын және дәрежесін бағалау мақсатында екі негізгі критерий қабылданды. Оның бірі - рейтингтік журналдардағы жарияланым саны, екіншісі - жарияланымдардың қолданылуы, яғни басқа мақалаларға сілтемелер саны.

Біздің институтымызға таңдаулы әлемдік ақпарат базаларында тіркелген журналдарға мақалаларын жариялау үрдісі жылдан-жылға оң шешімін тауып келеді. Осы есепті жылы да халықаралық мәліметтер базасындағырейтингтік журналдарда жариялану белсенділігі қанағаттанарлық. Мұндай журналдарда институт профессор-оқытушыларының жеті мақаласыжарық көрді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:


Кесте №7 (Слайд 7)

2014 жылы шетелдік рейтингті ғылыми журналдарда жарыққа

шыққан мақалалар

ТІЗІМІ




Аты-жөні

Журнал атауы

Жыл

Мақала атауы

1

К.Б. Сматова


Life Science Journal 2014;11(4s).- Р.350-353


2014

Peculiarities of cognitive processes in the educational process in primary school students

2

М.Б.Мұратбеков

Б.М.Мүсілімов

А.Сүлеймбекова


AIP Conference Proceedings. – 1611. – P. 105-111.


2014

Existence of solutions and estimates of the velocity of convergence of approximate solutions of nonclassical type nonlinear degenerate equations

3

М.Б.Мұратбеков

А.Б.Шырақбаев

А.Сүлеймбекова


AIP Conference Proceedings. – 1611. – P. 100-104.


2014

On spectral properties of a class of differential equations with operator coefficients

4

М.Б.Мұратбеков


Complex Variables and Elliptic Equations, Volume 60, Issue 1, ISSN:1747-6933, Pages 38-44

2015

On bounded invertibility of a class of degenerate elliptic differential operators in L-p

5

Сматова К.,

Оразбаева А.



Japanese Psychological Research, Wiley-Blackwell, 2015, ISSN:0021-5368,

2015

The Study of Axiological Orientations of The Kazakh Diaspora Abroad

6

Қарымбаева Г.,

Мақұлова Л.



International Education Studies; Vol. 8, No. 8; 2015 ISSN 1913-9020 E-ISSN 1913-9039 Published by Canadian Center of Science and Education 183.

2015

Theory and practice of competencybased approach in education

7

Ахметова Г.Т.

Procedia - Social and Behavioral Sciences Volume 171, Pages 203-208, 2015. ISSN: 1877-0428

2015

Psychological Features of Gender Relations in Self-regulation of Personality

Қалыптасқан үрдіс бойынша республикада және шет елдердегі академиялық ғылыми ортадағы басылымдарының дәрежесі ғалым-педагогтың ғылыми белсенділігін танытатын нақты және салмақты көрсеткіш болып табылады. Институт ғылыми-білім беру мекемесі болғандықтан, басылым деңгейі ғылыми ізденістер көрсеткішінің бірі.

Басылымдар жайында мәліметке келер болсақ, халықаралық, республикалық және басқа да конференцияларда баяндамаларын жариялап, сондай-ақ, монография, оқу құралдары мен оқулықтарын баспадан шығарып,

факультеттер арасында салыстырмалы түрде басқа да басылымдар жайында анықтамаларға тоқталар болсақ, олар келесі кестеден көрініс тапқан:




Рет №

Жарияланымдар

Факультеттер

Барлығы

ЖҒФ

ФФ

ПФ

ТГФ

ШМФ




1

Монография

-

1

2

4

-

7

2

Оқу құралы

-

9

4

6

2

21

3

Оқулық

4

-

8

2

3

17

4

Әдістемелік құрал

2

-

24

-

7

33

5

Оқу орнында конференцияларда

-

-

13

-

-

13

6

Шетел басылымдарында

20

32

57

10

1

120

7

Республикалық басылымдарында

1

8

56

-

20

85

8

Республикалық конференцияларда

3

9

18

10

3

43

9

Халықаралық конференцияларда

35

41

77

42

3

198

10

Аймақтық басылымдарында

5

4

8

2

-

19

11

ЖОО басылымдарында

1

-

5

16

16

38

12

Оның ішінде ТарМПИ-де, кафедраларда ұйымдастырылған

1

2

51

18

15

87

13

Басқа басылымдарда

-

-

39

8

5

52




Барлығы

72

106

362

118

75

733

Көріп отырғандарыңыздай, институт бойынша есепті жылы барлығы 733 мақала жарияланған.

Студенттерді ғылымға тарту,оларды заманауи зерттеу жұмыстарының принциптері мен әдістеріне, оның ішінде зерттеуді дайындау және жүргізуге, ғылыми жұмыстарды жазуға және жариялауға дайындауға үйрету, сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін презентациялау және ғылыми пікірталастың ұтымды әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру – креативті маман даярлаудың негізгі аспектілерінің бірі болып табылатыны сөзсіз.

Осы орайда,жылдағы үрдіс бойынша институтта «Жас талап – 2014» атты білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өткізілді. Барлық 5 факультет бойынша байқауға 200 білімгер белсенді қатысты. Байқауға қатысқан 200жұмыстан 71 жұмыс 1-5 орындарға ие болды. Осы 71 жұмыстың ішінен І-ІІІ орын алған 29жұмыс Республикалық байқауға жіберілді. Слайдтан жүлделі орын алған студенттердің факультетке шаққандағы салыстырмалы санын көруге болады:



Факультет

1-5 орын алғандар

1-3 орын алғандар

4-5 орын алғандар

Филология

10

4

6

Тарих-география

11

5

6

Педагогика

20

8

12

Жаратылыстану

20

8

12

Шығармашылық

10

4

6

Барлығы

71

29

42

Жоғарыда аталған білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына жіберілген 29 жұмыстың ішінен ең үздік 6 жұмыс жүлделі орындарға ие болып, ҚР Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіповтың атынан берілетін дипломдармен марапатталды. Студенттердің ғылыми әлеуетін толықтай ашуға қолайлы жағдай жасаудағы бағыттардың бірі – жарияланым деңгейін көтеру. Осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, байқауға қатысып, жүлделі орын алған білімгерлерге мақаласын тегін шығару құқығын беретін«Білімгер-зерттеуші» куәлігінтабыстау - оларды ғылыми-басылымдық ізденіске жетелейтіні анық. Осылайша, білімгерлердің жарияланым деңгейі едәуір арта түседі. Есеп беру жылындағы білімгерлердің басылым көрсеткішіне тоқталар болсақ, алдыңғы жылдармен салыстырғанда есеп беру жылындағы көрсеткіш арта түскен.



ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША

ХХІ ғасыр - қоғам мен оның әрбір мүшесі үшін жаңа жетістіктер мен қажеттіліктердің игілікке айналар мыңызды кезеңі. Бұл кезең - әлеуметтік және рухани құндылықтарды тәрбие процесінде шебер және жүйелі түрде енгізбесе, адамзат болашағы үшін де аса жауапты кезең.Жаһандану кеңістігіне еркін және ерекше қарқынмен шығуы да ұрпақ тәрбиесі мәселесін маңызды фактор ретінде мемлекет тірегі екендігін дәлелдеп отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы білім мен тәрбиені тең ұстаған кемел жастар. Кемел келешек – жаңа қазақстандық жастар моделін құру арқылы ғана жүзеге асады. Ежелден адамзат баласы жақсылыққа, сұлулыққа іңкәр болып, дүние жүзі данышпандары адам өмірінің бірінші сатысында тәрбиені бірінші кезекке қоюы тегін емес.

2014-2015оқу жылыТараз мемлекеттік педагогикалық институтында арнайы бекітілген жоспарға сәйкес қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өз деңгейінде өткізіді.

Өткізілген іс-шаралар Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдардағы білім беруді дамыту стратегиясы мен«Қазақстан 2020: болашаққа жол» атты тұжырымдаманы негізге ала отырып Стратегиялық даму жоспарын әзірлеген және студенттерді еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмылдыру бағытында жұмыс жүргізілді.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында алға қойылған мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттерді іске асыруды болжайды, оның ішінде:

- қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- құқықтық мәдениетті арттыру және жастар бойында мемлекеттіліктің негіз қалаушы құндылықтарына деген құрмет қалыптастыру;
- жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;
- жастарды мәдени құндылықтарға тарту;
- жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуын ынталандыру;
      - жастар ортасында моральдық-рухани сабақтастықты қамтамасыз ету;
      - жастарды «Қазақстан-2050» 
стратегиясын іске асыруға тарту.

2014-2015 оқу жылында институтта күндізгі бөлімде жалпы 3704 студент білім алды, оның 1175 мемлекеттік грант, ал қалған 2529студенті ақылы негізінде оқыды.

Института студент жастардың тәрбиесі білім жүйесінің ажырамас бөлігі болғандықтан қоғамның интеллектуалдық, шығармашылық қуатын сақтау мен дамыту, жастардың дербес шығармашылық дамуына жағдай жасау, жас таланттарды қамқорлыққа алу, жастардың шығармашылық, жаңашылдық қызметіне қолдау көрсету арқылы институтымыздың жастарының әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатына зейін қойылып келеді.

Тәрбие мәселелерінің маңыздылығы мен мәнін ұғына және ескере отырып қазіргі күні, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтта тәрбие үрдісін тиімді қамтуда барлық жағдай жасалынып, оқу орнымыздың қоғамдық-саяси және мәдени-кешенді жұмыстарын ұйымдастыратын көптеген құрылымдық бөлімшелер іс-шаралар жүргізуде. ТарМПИ-да оқу-тәрбие үрдістерінде және сабақтан тыс уақытта студент жастардың әр түрлі салаларда жан-жақты дамуы мен белсенділігін арттыру үшін Жастар ұйымдары құрылған, олар:



  • Жастар ісі жөніндегі комитеті;

  • Студенттік ректорат;

  • Студенттік кәсіподақ ұйымы;

  • «Жас Отан» Жастар қанаты;

  • Студенттер Альянсы;

  • «Бәйтерек клубы»;

  • «Айша» қыздар тәлім-тәрбие отауы;

  • «Жұлдызды үміт» студенттер театры;

  • «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс жасақтары;

  • «Раян Нұр» көңілді тапқырлар клубы;

  • «Оныншы планета» қыздар тапқырлар клубы;

  • «Талап» пікірсайыс клубы;

  • «Томирис» бишілер ансамблі,

  • «Эстрадалық әншілер» үйірмесі,

  • спорт клубы және т.б.

Тәрбие жұмысында студенттік жастардың адамгершілік, азаматтық, шығармашылық және отансүйгіштік секілді тұлғалық қасиеттерін дамытуға және жүзеге асыруға үлкен мән берілуде.

Осы мақсатта 2014-2015 жылдары институтта азаматтық-патриоттық тәрбие бағыты бойынша жалпы 225 түрлі іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде: Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Парыз» қоғамдық бірлестігімен бірге «Тарихи шайқастағы жамбылдықтар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Онда майдангер ұрпақтары мен облыстық қорғаныс департаментінің өкілдері қатысты. ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «ТарМПИ жастары Елбасымен бірге» атты флеш-моб акциясы және «Елбасы жолы – тығырықтан тапқан жол» атты кино-эпопеясы студенттерге көрсетілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Кәрібаев Берекет Бақытжанұылының «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты жана монографиялық еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ауесбек Бекболатовты институт өз қамқорлығына алып, мерекелік іс-шараларда құрмет көрсетіліп отырды.

«Тараз-Арена» спорт сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» республикалық шарасы аясында «Қазақстан береке мен бірліктің отаны» атты форумы өтті.

Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша 145 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Олар: Білім күні мерекесі, Наурыз, Халықаралық әйелдер күні, Жаңа жыл кеші, Бітірушілерге арналған «Жас маман», Қазақстан халқының бірлігі күні, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелері.

Мәселен, ТарМПИ тарапынан жылда Тараз қаласындағы Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі мен Қарттар үйлеріне қайырымдылық шараларын ұйымдастыру әдетке айналған және биыл Қ.Сарымолдаев атындағы №1балалар үйінің тәрбиеленушілерін өзімізге шақырыпинститутта бір күн бойы«Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қуанышты отбасылық мереке сыйға тартылды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері белгілі күйші, композитор Шәміл Әбілтаймен кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, үш айға созылған «ТарМПИ көшбасшы» шеберлік мектебі қызмет етіп, сертификаттар табысталды.

Жазушы Ильяс Есерберлиннің туғанына 100 толуына арналған «Ұлт рухын тірілткен ұлы қаламгер» атты оқу мерекесі ұйымдастырылды.

«Тәлімді тұлға» атаумен Б.О.Мырзабеков, К.Ж.Жолдасова, П.Сағымбекова сынды институт ғалымдарымен студенттерге кездесу ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері агенттігі өкілдерінің қатысуымен «Қоғамда діни сана қалыптастыру, өңірлік діни ахуал және діни білім беру мәселері» және «Дәстүрлі діни таным және қазақ мәдениеті» тақырыптарында семинарлар, «Имандылық – қастерлі қасиет» атты «дөңгелек үстел» отырыстарыөтті. Сондай-ақ, факультеттерде «Діни экстремизмнің алдын-алу жүйесін жетілдіру» тақырыбында дәстүрлі діни сана мен ұлттық идеологияның қалыптасыуына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

2014-2015 оқу жылдары институттағы діни қағидаларды ұстанатын 8 қыз баламен жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының аптасына бір рет көрсетілетін «Иман нұры» бағдарламасына сұхбат беріліп, бейнеролик түсірілді.

«Отбасы күні» мерекесіне орай Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен ТарМПИ жанынан «Отбасым» ұлттық құндылықтар» орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты: отбасын құру және жоспарлау аясында көптеген жанұя өкілдерімен кездесулер өткізіп, жастарға ақыл беру, жол көрсету.

Құқықтық тәрбие бағыты бойынша - жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тең құқықтық әлеуметтік жағдайды жақсарту, студенттердің жемқорлыққа деген жағымсыз көзқарастарын қалыптастыру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағыты бойынша институтта 71 түрлі іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде: құқыққорғау органдары өкілдерімен кездесулер, студенттердің психолог мамандардардан кеңес алуы, сонымен қатар оқытушылардың жатақхана мен оқу кешендерінде өткізілген іс-шаралары мен кезекшіліктер атқаруы ұйымдастырылған.

30 тамыз – ҚР Конституциясы күні мерекесіне арналған «Конституция – кемелдік кепілі» атты конференция,«Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, «Құқықтық бұзушылық пен жемқорлықты болдырмаудың алдын алу» тақырыбы бойынша Жамбыл облысы ішкі істер департаменті қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы мен бірге ҚР Президентін кезектен тыс сайлауына арналған ең алғаш рет саяси науқанға қатысып, дауыс бергелі тұрған студенттер үшін«Мен алғаш рет дауыс беремін» атты жастар форумы өткізілді.

«Елбасымен бірге кемел келешекке» атаумен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында флешмоб акцисы өтті. Шараға аталған оқу орнының 200-ге жуық студенті қатысты. Қатысушылар Елбасының ҚР Президенті сайлауындағы жеңісін айшықтай, егемендігімізбен егіз ұғым атанған сөздерді айтып, би биледі.

Институттағы мәдени-көпшілік, эстетикалық тәрбие бағыты бойынша студенттердің эстетикалық, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шығармашылық студиялар мен көркем-өнер үйірмелері өз жұмыстарын атқарып, институтта осы бағытта 47 іс-шара өткізілді.

Мәселен, 1 курс студенттеріне арналған «Біз таланттыларды іздейміз» атты байқау өткізілді және оның марапаттары «Студенттерді қатарға қабылдау» кешінде салтанатты түрде табыс етіліп, «Қызықты студенттік күндер-ай» атты факультет аралық көңілді тапқырлар клубының маусымашар ойындары, «ТарМПИ ханзадасы мен ханшайымы» атты факультет аралық күзгі бал байқауы өтті.

Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Өнер ата дәстүр мұрасы» атты облыстық көрме залында көрме ұйымдастырылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесі бойынша институтта 84-ке жуық іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, жатақхана студенттері арасында спорттық эстафета, «Нашақорлық – ғасыр індеті» атты семинар-тренинг және темекіге қарсы бағытталған флеш-моб, «Бәріміз бірге СПИДті жеңеміз» атты ашық сұхбат алаңы, алты спорт түрінен профессор оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің факультет аралық спартакиадасы өтті.

Сонымен қатар, еңбек тәрбиесі бойынша оқу жылында институт оқытушылары мен студенттері, қалалық «Таза қала», көріктендіру және санитарлық-тазалық жөніндегі сенбілік жұмыстарына 38 рет белсенді түрде қатысып отырды.

Еңбек күні мерекесіне орай «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» деген атаумен еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Университет оқытушылары мен студенттері, қалалық «Таза қала», көріктендіру және санитарлық-тазалық жөніндегі сенбілік жұмыстарына 38 рет белсенді түрде қатысып отырды. 2015 жылдың жазғы еңбек маусымына «Жасыл Ел» - 50 студент, СҚО - 80 студент қабылданды. Осы жылы ТарМПИ СҚО-2015 жасағы Жуалы аудан Ертай ауылында және Т.Рысқұлов ауданы Юбелейный ауылында орта мектептерінде құрылыс нысандарында жұмыс жасады.

Оқу жылында кураторлық жұмысқа институт бойынша289 куратор тартылды.

Құрамында 9 ұйымы бар Жастар комитетінің тарапынан 102іс – шара атқарылды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтта 1 студенттік үй бар. Студенттер үйі тұрғындарының тұрмысын және бос уақытын ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізіледі. Өткен оқу жылында жатақханада 437 студент тұрды. Студенттер үйінің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы негізінде тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсартылған. Студенттердің бойында ұлттық-мәдени құндылықтарды қалыптастыру және рухани-адамгершілік дамуын жетілдіру мақсатында, институт әкімшілігінің қолдауымен «Бәйтерек» клубы мен «Жан сыры» психологиялық кабинетінің бірлесе өткізілген өнегелі-эстетикалық мәдени, саяси, мерекелік іс-шаралар деңгейі өте жоғары. Студенттерге әр бағытта тәрбие беретін «Айша тәлім-тәрбие отауы», сызу және сурет мамандықтарында оқитын студенттерге тұрмыстық қызмет көрсету кабинеті, жаттығу залы, медициналық пунк, шахмат клубы, компьютер класы арнайы талаптарға сай жабдықталған.



Студенттер үйінде орналасқан «Бәйтерек» клубы мен «Жан сыры» психологиялық кабинеті мен «Айша» тәлім-тәрбие отауында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты поэзиялық кеш, «Алты алаштың айбары» тақырыбында оқу марафоны, «Қыз қылығымен сүйкімді», «Тәрбие отбасынан басталады» және т.б тақырыптардла ұлттық салт-дәстүріміздің және отбасылық құндылықтардың беделін арттыруға арналған семинар-тренинг өткізіліп, студенттер үшін құтты ұясына айналған «Студенттер үйінің өзіндік логотипінің ашылу салтанаты және де «Үздік бөлме», «Үздік қабат» номинациясы бойынша конкурс өтті.
Соңғы жылдары ТарМПИ имиджі айтарлықтай жоғары дәрежеге қол жеткізді. Оның дәлелі ретінде:

  • Алматы облысының, Талдықорған қаласында «Жасыл ел» еңбек жасақтары Х маусымының республикалық жабылу салтанатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Жаратылыстану-ғылымдары» факультетінің 4 курс студенті Ыбырай Данияр Бектасұлы «Үздік жасақ командирі» номинациясын жеңіп алды.

  • ҚР Президентінің баспасөз қызметі мен «Айқын» газеті бірлесіп шығарған туынды «Президент пен перзент» атты Елбасы туралы жаңа кітап жарық көрді. Кітапқа 32 автордың шығармасы енген. Аталған кітапқа Жамбыл облысынан Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Филология» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Ербол Байтұрсыновтың «Халқын сүйген көшбасшы» атты туындысы еніп, ерекше марапатқа ие болды.

  • Астанадағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогына арналған ХІІ Республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша орыс лигасында жеңіске жеткен Жамбыл облысынан Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Филология» факультетінің 4 курс студенті Маратова Диана І орынды иеленді.

  • Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінде сұңқар ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл толуына орай «Жүрекке ыстық, көзге сүйік өз елім» атты республикалық мүшәйра ұйымдастырылды. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Филология» факультетінің 3 курс студенті Жолдасбек Нұрболат ІІ орынды жеңіп алды.

  • Қарағанды қаласында елге еңбегі сіңген жаттықтырушы Елтай Балтабековты еске алу құрметіне кикбоксингтен ҚР Кубогына арналған турнир өтті. Турнирде 51 келі салмақ дәрежесінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Филология» факультетінің 3 курс студенті Ералиев Нұрділда алтын медаль иеленді.

  • Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері ХІ жастар дельфийлік ойындарында өзгелерден мерейлері үстем болып, дәрежелі дипломдармен марапатталды. Облыстың талантты жастарын қолдау, жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында аталған шара бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Биылғыдодадаатапайтарболсақ І орынмен:

  • «Театр» номинациясыбойынша: «Жұлдыздыүміт» студенттер театры

  • «Халықтық биі» номинациясы бойынша - «Томирис» бишілер ансамблі

  • «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша -  Шарипова Ноиля

  • «Ұлттық аспаптар, домбыра» номинациясы бойынша - Тауасаров Ерболат

  • «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша – Өміртай Біржан

  • «Халық әні» номинациясы бойынша ІІ орынмен Мұхамедияров Сәбит марапатталды.

  • «Оныншы планета тұрғындары» жайдарман тобы 2015 жылы республикалық премьер лига ойындарында жартылай финалға І орынмен жолдама алды.

  • 2015 жылдың 2 наурыз күні факультетаралық «ТарМПИ аруы-2015» байқауының жеңімпазы филология факультетінің 2 курс студенті Лесбекова Наргиз.

  • Жамбыл облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Тараз Иновоциялық Гуманитарлық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үкілі Ару» сұлулық байқауына белсене қатысып, ерекше өнерімен танылған филология факультетінің 1 курс студенті Зейнебекова Нұргүл.

  • «Күз ханшайымы мен күз ханзадасы – 2015» атты факультетаралық байқауында филология факультетінің 1 курс студенті Атабек Нұрбол мен Зейнебекова Нұргүл Бас жүлде иегері атанды.

  • 2014жылы Оралхан Бөкей атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің қалалық байқауында Қарашолақова Айгерім 2орын иеленді

Жыл сайын институттың мәдени-қоғамдық өміріне белсене атсалысқан және қоғамдық мамандықтар факультетінің студияларына қатысатын студенттерге емтихан сессиясына қосымша рейтингтік балл беріледі.

Сонымен қатар, материалдық көмек ретінде институт студенттеріне оқу төлем ақысынан жеңілдіктер берілді. 2014–2015 оқу жылы бойынша: 135 көп балалы отбасы студенттеріне, 43 спортшыларға, 15 белсенді студенттерге 50 пайызға дейін жеңілдіктері берілген. Ал 51 жетім, 2 мүгедек студенттер - 100 пайыздық жеңілдік бойынша білім алуда.2014-2015 оқу жылында ата-аналары жоқ 6 студенткежатақханада тегін тұру мүмкіндігі берілген.



Сонымен бірге, атқарылған жұмыстарға қарамастан әлі де өз шешімін табуды қажет ететін мәселелерге тоқталып өтсек. Әсіресе бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан заманауи саяси жағдайлар жастар ұйымдарының жұмысы жоспарлы түрде бағытталып, жетекшілердің үйлестіріуімен жүргізілуді қажет етеді. Жастар ұйымдары дұрыс бағытта жұмыс істеу үшін оларға ақпараттық, әдістемелік және т.б. көмек көрсету үшін жастар ұйымдарының жұмысын жетілдіру мақсатында заманауи Жастар Орталығын салу қажет, институтта тек 1 ғана акт залы бар. Ал шығармашылық факультеті студенттерінің контингенті жыл сайын артуда.

Сондай-ақ білімгерлер санының 12 пайызы ғана жатақханамен қамтамасыз етілген. Жатақхананың мәселесі де бүгінгі таңда өте өзекті болып отыр. Біздің институттің тәрбие жұмысы рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, жоғары азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, толерантты, шығармашылықты, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасауымыз қажет.

Олай болса, студент жастардың бойында корпоративтік рухты қалыптастыруға; институттік қауымдастықпен бірлесу сезіміне тәрбиелеуге; институттің дәстүрлерін құрметтеуге, сақтау мен молайтуға; білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекеттің Рәміздері - ҚР Елтаңбасын, Туын, Әнұранын мақтаныш етіп, оларға құрметтеп және қастерлеп қарауға; қоғамдық-саяси сауаттылық негіздерін қалыптастыруға; студенттерді заңдылықтарды, қоғамдық және ұжым өмірінің нормаларын құрметтеу рухында тәрбиелеуге; ұлтымыздың өткені мен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге; Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің мәдениетіне толерантты түрде қарауға; әр түрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге және үн қосуға даяр болу сияқты иммунитет қалыптастыруға бар күш-жігерімізді салуымыз керек.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты Жолдауын студенттер арасында түсіндіру мақсатында арнайы әзірленген жоспар бекітілді, оқытушылардан құралған облыстық ақпараттық топ пен лектролар тобы қүрылды, барлық топтарда лекциялар тыңдалды, облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп институттың белсенді жастарының қатысуымен Тараз қаласы мен аудандарға автокеруен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Сенатанының депутаты Ертарғын АстаевпенТарМПИ студенттеріне Жолдауды насихаттау бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаевтың жастарға «Қазақстан - 2020» болашаққа жол» атты лекциясы өтті.

Елбасы өз Жолдауында атап өткендей 2015 жылы айтулы мерекелерге толы жыл болғандықтан,Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілді.



Мәселен, «Ұлы бабалар тағылымы» атты соғыс, тыл ардагерлерімен кездесу, «Ынтымағы жарасқан – Тәуелсіз ел» ақындар мүшайрасы, «Қазақстан: бір ел-бір отбасы» атты фестиваль, «Бірлігі мықты ел озады» факультетаралық фестиваль, 550 түп ағашын отырғызу, «Өнер ата дәстүр мұрасы» атты көрме, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып онлайн желіде ашық лекция сабағы және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.
Облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасындағы бірқатарбағдарламаларында:

  • «Сіз не дейсіз?» бағдарламасында «Құмар ойынға құмартпа», «Азаматтық неке» атты тақырыптарында тәрбие орталығының қызметкерлері және студенттар қатысып, құмар ойындардан арылту, уақытын тиімді бағытында өз ойларын ортаға салды;

«Студенттер күніне» орай тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор О.К.Джолдасова, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Б.Ускембаев «Рауан» бағдарламасына қатысып, облыс жастарын мерекемен құттықтады. Тәрбие жұмысының негізгі басты мақсаты – тәрбие үрдістерінің бағыттары бойынша, әр түрлі іс-шаралар мен әдістерді қолдана отырып, студенттерді қоғамдық жұмысқа тартып, бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымдастыру. Осы бағытта өзін-өзі басқару және көшбасшы мектеп ретінде жастар ұйымдары тәрбие үрдісінде айтарлықтай роль атқара алады.
Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет