Оқу жылындағы жүргізілген жұмыстардың тиімділігі Мектеп мамандарыныа сараптама


Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі



бет13/20
Дата21.04.2017
өлшемі2,77 Mb.
#14412
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
3. Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі.

Ортағаш орта мектебі бойынша қыркүйек айынының екінші онкүндігінде «Тілдер күні» мерекесіне «Тіл -тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз » атты онкүндіктің болып өтті.

Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы заңында» «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты», - делінген. Осы қағиданы жадымызға сақтай отырып, мектебімізде «Сөз мерген» тақырыбында қыркүйек айының 16-26 аралығында тіл онкүндігі өтілді.

Онкүндік өз ана тілін мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа ұлттардың тілдерін құрметтеу мақсатымен өтті.Осы мақсатты көздей отырып жоспарланған іс – шарамызда тіл мен ел тақырыбына жиі оралып, бала жүрегіне өркен жаяр елімнің тілінің нәрін беруге тырысып бақтық. Жоспарланған іс – шаралар дер кезінде өтіліп отырды.

Онкүндік «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты салтанатты жиынмен ашылды. Жиынды ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Ш. Жүсіпбекова: Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың, әр ұлттың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса соншама тіл бар. Тіл тағдыры –ел тағдыры. Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қасиетті, құрметті. Өйткені тілсіз ел, қоғам болмайды. Тіл – халықтың байлығы, қазынасы екендігін айтып өтті. Жиын «Тілге құрмет – елге құрмет» атты кітапханашы Ш.Балташқызының ұйымдастырған көрмесімен ұласты. Мемлекеттік тіл мәселесі ең маңызды рөл атқарып тұрған кезеңде тіл тұнығы кітапта екенін шәкірттер санасына ұялату, зердесіне құю мақсаты көзделді. Көрме кітапханаға саяхат жасаумен жалғасын тапты.

«Ана тілі – жүрек үні», «Ана тілі - ардағым», «Ана тілім – ар тілім», «Тілім менің - тұғырым» тақырыптарында Г.Қалымтайқызы, Р.Қойкенқызы, Ф.Жангелдіқызы тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаттары оқушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі туралы түсінігін, оның қоғамдық өмірдегі алатын орнын, мәртебесі жайлы ойларын тереңдету болды.. Сонымен бірге тақырып төңірегінде ой-өрістерін қалыптастырып, ойын ашық айтуға баулуды және ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту мақсаты көзделді.

«Туған тілім – анам тілі» тақырыбында Г. Жанайқызының басшылығымен сауалнама өтті. Казақстан - көпұлтты мемлекет. Әр елдің өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, тілі болатыны белгілі, атаның қасиетті сөзінен, ананың ақ сүтінен бастау алатын тәрбиеміз адамдыққа, достыққа үндейді. Халықтардың әдет-ғұрпын, дәстүр-тарихын біліп, қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру - әрқайсысымыздың басты борышымыз екенін оқушыларға ұғындыру сауалнаманың басты мақсаты болды.

«Өнер алды – қызыл тіл» атты тақырыпта Т.Алкенқызының ұйымдастыруымен ойын өткізілді. Оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге үйрету, шексіз сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсаты көзделді. Оқушылар өздерін еркін ұстап, ана тілі туралы өлең-тақпақтарын, әндерін айтты.

Оқушылар көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында өнер-білім сайысына түсті. Сайыста әр оқушы өздерінің сүйікті өлеңдерін мәнерлеп оқып, тіл тақырыбында білетін мақал-мәтелдерін айтуда тапқырлық таныта білді.

«Қасиетті ана тілім » тақырыбында Н.Қазтайқызы пікірталас өткізді. Қазақ тілі – ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір-қасиетін өлең – сөздер мен шешендік сөздер арқылы түсіндіру. Ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін мәліметтерге сүйеніп пікір таластыру, өз ойын қорғай білуге үйрету мақсаты бойынша өткізілді. Пікірталаста мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің қаншалықты деңгейде дамып келе жатқанын, қоғамдағы орнын нақты дәлелдермен келтіре отырып, айтып өтті.

Өткізілген онкүндікке басшылық жасаған Ш.Жүсіпбекованың және жауапты мұғалімдердің ерен еңбектерінің арқасында ерекше деңгейде өтті деуге болады.

17.10. «Ұлттық дәстүр» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларының арасында сынып сағаты болып өтті. Сынып сағатында оқушы балаларға қазақ халқының ұлттық дәстүрлері жайлы әңгіме етілді. Оқушыларға ұлттық сана сезім, ұлттық рухтарын жоғары ұстау негізінде бұл сынып сағатының мазмұны зор болды.


21.11. Бастауыш сыныптар арасында «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» атты сынып сағаты болып өтті. Бұл сынып сағатында бастауыш сынып оқушыларына үлкен адаға құрмет көрсету, тәлім-тәрбие алу, өздерінен кіші балаларға қамқор болу бағытынды жұмыстар атқарылды. Оқушыларға әртүрлі жағдаяттар айта отырып, олардың шешу жолдарын оқушылар айтып отырды.



.
21.11. «Қазақ халқының мәдени мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге 6-8 сыныптар оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты қазақ халқының мәдени мұралары туралы әңгіме етті. Мәдени мұралар біздің дініміз, тарихи ескерткіштер, қазіргі заманда табылып жатқан археологиялық қазбалардың жемістері, мысалы «Алтын адам», Түркістан қаласындағы кесенелер және олардың шығу тарихтары айтылды. Оқушылар осындай тың деректерді тыңдай отыра өздеріне керекті естеліктерді ала алды деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет