Оқу жылының I жарты жылдық бойынша биология кабинетінде жүргізілген жұмысының қорытынды есебі



Дата13.09.2023
өлшемі12,3 Kb.
#180955
Байланысты:
Жылдық есеп Камшат (1)

103 жалпы орта білім беретін мектебі




2022-2023 оқу жылының I жарты жылдық бойынша биология кабинетінде жүргізілген жұмысының қорытынды есебі

Зертханашы: Кушерова К.З

2022-2023 оқу жылының I жарты жылдығында биология кабинеті зертханашысының атқарылған жұмысының есебі.

Мектептің биология кабинеті зертханашысының функционалдық міндеттері мен таныстым. Өзімнің өзекті мәселемді анықтадым 2022-2023 оқу жылына биология кабинетінің жұмыс жоспарын құрдым. Сабақ кестесіне сәйкес биология пәні болатын күндерін кестеге салып жазып қойдым. Биология кабинетіне келген кезде оқушыларға зертханалық құрал-жабдықтарын таза, ұқыпты ұстауын ескертіп, үнемі қадағалап жүремін. Графопроектордың, теледидардың дұрыс жұмыс істеп тұруын қадағалап, бөлмені тазартып қажетті бағдарламаларды уақытылы орнатып, техникалық қауіпсіздігін бақыладым. Сарамандық сабақ кезінде қажетті бағдарламалармен жұмыс істеулерін қадағалап отырамын. Кабинетті санитарлық гигиеналық талапқа сай ұстап отырмын. Биология кабинетінің еден жуушысын кабинетті пайдалану ережесімен таныстырып, кабинеттің кезекшілік кестесін құрдым. Күн сайын бөлме жабдықтары тексеріліп, қадағалап отырамын.
Қауіпсіздік ережесі бойынша компьютер жабдықтарын сабақ сайын қатаң түрде тексеріп отырамын. Қатаң түрде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін басшылыққа алып отырмын. Кабинетті көгалдандыру мақсатында бөлме гүлдерін ектім. Зертханалық тәжірибе жүргізу мақсатында оқу талабына сәйкес жетіспейтін препараттарды, құрал-жабдықтарды, көрнекіліктерді анықтауды ойластырдым.
Мектептің 7-11 сынып оқушылары мен мұғалімдеріне кабинетті, теледидарды пайдалану ережесі таныстырылды және үнемі басшылыққа алынып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет