Оқу жылының қорытындысын педагогикалық талдау талдау мақсаты



бет6/14
Дата28.11.2022
өлшемі403,01 Kb.
#160078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Әдістемелік кеңесінің отырысында келесі мәселелер бойынша шешімдер талқылап қабылданды: ҰБТ, ОЖСБ дайындық бойынша жұмыс ұйымдастыру, 1, 2, 5, 7 сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі, оқушылардың олимпиадаларға дайындық жүйесі, «Дарынды балалар» бағдарламасын іске асыру үшін жағдай жасау.
Жыл бойы ашық сабақтар өткізумен әдістемелік апталықтар өткізілді:
«Пед.шеберліктің шыңы» (аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің ашық сабақтары),
«Білім беруді жаңарту» (ашылған 1-2, 5-7 сыныптар),
«Алғашқы қадам» (пед.шеберлік форматындағы жас мамандардың ашық сабақтары),
«Сабақтың симфониясы» (пед.кеңеске орай өткізілетін ашық сабақтар).
Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы
Мектепте мұғалімдердің 6 әдістемелік бірлестігі құрылған.Мектептің әдістемелік тақырыбы әдістемелік бірлестіктер жұмысында айқын көрінеді.
Мектептің әдістемелік қызметі тақырыбына, мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес құрылған әр әдістемелік бірлестіктің өз жұмыс жоспары бар. Әдістемелік бірлестіктегі мұғалімдердің әрқайсысы өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс жасайды. ӘБ жетекшілері әр мұғалімнің өз білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жасалған жеке жоспарларына бақылау жүргізеді.
Оқу – тәрбиелік үдерісінде мектеп мұғалімдері мынадай заманауи технологияларды қолданды: ақпараттық-коммуникациялық, жеке бағдарлап оқыту технологиясы, жобалық әдістеме, Step by step,АКТ қолдану. Аталған технологияларды жүзеге асыру үшін 28 мұғалім тартылған (52%).
Мектеп мұғалімдерінің ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысуы
Мектеп мұғалімдері ғылыми –тәжірибелік конференцияларға қатысты:
2017 жылы мұғалім Л.В.Березина «Үздік баяндама» үшін грамотамен марапатталды. Облыстық тамыз конференциясында мұғалім А.В.Резник өз жұмыс тәжірибесін ұсынды. Мұғалім К.А.Фалеева "Болашаққа бағдар:Қазақстанның индустриалдыинновациялық дамуындағы қоғамдық сананы модернизациялау" облыстық конференциясына қатысты.
Қала деңгейінде қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Ж.Маманова өз педагогикалық тәжірибесін жалпылады.
Мұғалімдер өз тәжірибе жұмыстарын республикалық және облыстық басылымдарға ұсынды.



Басылымдар

Мұғалімнің Т.А.Ә.

Мақала атауы

«Қазақ тілі мен әдебиет»

Аманова Б.А

«Мен мақтан ететін әрекетім»

«Ұстаз еңбегі»

Жантемірова А.А.

Қазақ тілі сабақтарында АКТ технологиясын пайд.

«Ұстаз ұлағаты»

Жантемірова А.А.

«Казақстан қалалары» Грамматика.
Сын есім.

«Қазақ тілі мен әдебиет»

Макатова Г.З.

Қазақ тілі мен әдебиет

«Педагогика хабаршысы»

Аманова Б.А.

«Ұстаздық еткен жалықпас»

«Маман»

Жантемірова А.А.

«Жеңіл атлетикасы»

«Маман».журнал

Абылхаирова Г.Т.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модем...»

«Педагогика хабаршысы»

Маманова С.Ж.

«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

«Қазақ тілі мен эдебиеті орыс мектебінде»

Байдильдина Б.С.

Ахмет Байтұрсынұлы «Акку,шортан һәм шаян»

2017 – 2018оқу жылында Е.А.Ушакова жетекшілік еткен жас мұғалімдер мектебінде 7 мұғалім жұмыс жасады. Мектеп жұмысының жоспары құрылып, тәлімгер мұғалімдерімен бірге дидактика, оқу үдерісінің әдістемесі және оқушыларға жеке көзқарас мәселелері талқыланды. Жас мамандар тәлімгер мұғалімдердің сабақтарына қатысты. ЖММ жұмысының қорытындысы болып «Алғашқы қадамдар» әдістемелік апталығы өткізілді. Апталық барысында жас мамандар мектеп мұғалімдері үшін ашық сабақтар жүргізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет