ОҚу курстарының каталогы



бет1/4
Дата05.01.2017
өлшемі2,52 Mb.
#6388
  1   2   3   4
Ф.7.06 – 32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
КАФЕДРА «Мектепке дейінгі және бастауышта оқыту теориясы мен әдістемесі»





ОҚУ КУРСТАРЫНЫҢ КАТАЛОГЫ
Мамандығы: 050101-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Шымкент 2010



Құрметті студенттер!
Кредиттік оқыту жүйесінің ең басты ерекшелігінің бірі әрбір студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастыру болып табылады. Студенттің жеке жоспары міндетті пәндер мен таңдау пәндер компонентінен тұрады. Студент эдвайзер мен факультет администраторының көмегімен белгілі бір пәндерді таңдай отырып, өзінің жеке оқу жоспарын жасайды. Студент жеке оқу жоспарын 128 кредит көлемінде қалыптастырады, оның ішінде бір семестрде 18-21 кредит көлемінде өтеді.

Пәндерінің оқу каталогында барлық пәндердің сипаттамасы келтіріліп, оны жетік меңгергеннен кейінгі дағдысымен анықталады. Пәндерді таңдау және оған курстарға жазылу ЖОО АЖ жүйесіне автоматты түрде келесі кезеңдерде:

1 курс студенттері үшін-25 тамыз бен 31 тамыз аралығында

2,3,4 курс студенттері үшін-15 наурыз бен 15 сәуір аралығында жүзеге асырылды.


050101-Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

мамандықтарының оқу жұмыс жоспары




1 семестр

2 семестр

3 семестр

4семестр

5семестр

6 семестр

7 семестр

8 семестр


Қазақстан тарихы 2 лек. 1пр.

3 кредит




Философия

2 лек.


1 пр.

3 кредит

Педиатрия негізері және балалар гигиенасы 1 лек. 1пр.

2 кредит

Мемлекет

тік тілде іс-қағаздар жүргізу 1 пр. 1кредит



Саясаттану 1 лек. 1пр.

2 кредит




Шетел тілі 6 пр.

6 кредит

Саясаттану 1 лек. 1пр.

2 кредит

Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару 2 лек. 1пр.

3 кредит

Әлеумет

тану 1 лек. 1пр.



2 кредит




Қазақ (орыс)тілі

6 пр. 6 кредит



Саясаттану 1 лек. 1пр.

2 кредит

Экология және тұрақты даму 1 лек 1пр 2 кредит




Дефектоло

гия негіздері және логопедия 1 лек. 1пр.



2 кредит

Экономика

лық теория негіздері

1 лек. 1пр.

2 кредит





Информа

тика 1лек.

2 лаб.

3 кредит


Экономика

лық теория негіздері

1 лек. 1пр.

2 кредит


Әлеумет

тану 1 лек. 1пр.



2 кредит

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі 3 лек. 2 лаб.

5 кредит

а)Матема

тиканы оқыту әдістемесі

б) Кіші жаст.оқушылардың математиканы оқыту теориясы мен практикумы

в) Матем.оқытудың теориясы мен тәжірибесінің дамуы

4 лек. 2 пр.

6 кредит

Шешендік өнерге үйрету әдістемесі

2 лек.2пр.



4 кредит






Құқық негіздері 1 лек. 1пр.

2 кредит


Абайтану 1лек. 1пр.

2 кредит

Мемлекет

тік тілде іс-қағаздар жүргізу 1 пр. 1кредит



а)Дүниетанудан дидактика

лық материал дайындау әдістемесі

б)Дүниет.дид.матер. қолдану жолдары

в)Дүниетану

дан көрнекілік дай. тех.

2 пр.

2 кредит

Педагогикалық психология 1 лек. 1 пр. 2 кредит

Математ.дидакалық материал дайындау әдістемесі 2пр.

2 кредит




Адам өмірі қауіпсіздк негізері 1пр. 1 кредит

Балалар психологиясы 1лек. 1пр 2 кредит

Мектепке дейінгі педагогика 3 лек. 2 пр. 5 кредит

Қазіргі қазақ (орыс) тілі 1 лек. 1пр. 2 кредит

Қазақ тілінен дидактика

лық мат.дайын тех.2пр. 2кредит






Жалпы психология 1 лек. 1пр.

2 кредит

Педагогика 1 лек. 1 пр. 2 кредит

Бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі

2 лек. 3 лаб. 5 кредит



Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері

1 лек. 1 пр. 2 кредит



Балалар әдебиеті 1 лек. 1пр.

2 кредит




Мамандық

қа кіріспе 1 лек. 1кредит






Дүниетану теориясы мен әдістемесі 2 лек 3 лаб 5 кредит

Оқу таным әрекетін ұйымдастыру 1 лек. 1 пр.

2 кредит

Практика

лық психология 1 пр.



1 кредит










Мектепке дейінгі балалардың қарапайым матем. түсініктерін қалыптастыру 2 лек. 3 пр.

5 кредит

Музыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі 1лек. 1лаб.

2 кредит

Жазуға үйрету тех. 2пр.

2 кредит













Қазақ (орыс ) әдебиеті 1 лек. 2 пр. 2 кредит

а)Қазақ (орыс) тілінен арнайы курс және семинар

б) Мектепке дей,мекемеде қазақ тілін.оқыту тарихы

в)Мектепке дей. Мекемеде қазақ тілін оқыту тех.2 лек. 1 пр.3 кредит




Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы 2 лек. 3 лаб. 5 кредит

а)Математика

б)Математикалық логика

в)Математикадан есеп шығару практикумы

4 лек. 2 пр.

6 кредит













Мектепке дейінгі педагогика тарихы 1 лек. 1пр. 2 кредит






















Педагогикалық шеберлік 1 лек. 1пр. 2 кредит







































Таныстыру практикасы 2 апта

Өлкетану практикасы 2 апта






Сәби шақ топ пед.практика 4 апта

Психологиялық-пед.практика 2 апта

Мектепке дейінгі топтағы пед. 5 апта




Әдістемелік (өндірістік) практика

4 апта


15кредит

18кредит

18кредит

21кредит

19кредит

19кредит

19кредит




7 емтихан

8 емтихан

11емтихан

11емтихан

11емтихан

11емтихан

9емтихан





1 курс

1 семестр


Пәннің аталуы

Шетел тілдері

Қысқартылған атауы

ShT1103-2103

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 1,2,3,4

Оқытушының Т.А.Ә.

Кафедра

Доцент/оқытушы

Кафедра

Жұмыс тілі

Шетел тілі / казақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖББ Міндетті компоненті

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45./ Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Жоғары оқу орнында белгіленген бағытта жалпы білім беретін блоктың пәні ретіде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты шетел тілін ауызекі және тұрмыстық тіл ретінде меңгеру және шетел тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста да белсенді қолдану үшін мамандық тілі ретінде меңгеру болып табылады.

Мазмұны

Шетел тілдерін меңгерудің жалпы еуропалық хабардарлығы бойынша (2001 ж.) шетел тілін оқып-білудің бастапқы және жетілген деңгейлерін игеру (А1, А2 және В1). Сөйлеу қызметінің басты түрлері мен формаларын игеру үшін фонетикалық және лексика-грамматикалық минимумдарын меңгеру. Фонетика: әріп және әріп тіркесін оқу мен айтудың негізгі ережелері. Тілдің орфоэпиялық нормалары. Сөйлеудің интонациялық-ырғақтығы бейнесі. Орфографиялық: тілдің дыбыс-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасамдық моделдер; базалық тілдің 3500 бірлік көлеміндегі лексикалық минимумы, сонымен қатар мамандық саласына сәйкес терминдер; қолданылу саласы бойынша лексиканың дифференциациясы. Грамматика: базалық тілдің негізгі грамматикалық жәнен мамандыққа жақын тілдің неғұрлым жиі кездесетін құбылыстары.

Сөйлеу қызметінің түрлері мен формалары.

Оқу. А 1. Таныс есімдерді, сөздерді, сондай-ақ жай сөйлемдерді хабарландырудан, каталогтан, плакаттардан түсіну.

А 2. Күнделікте тұрмыста қолданылатын қарапайым мәтіндер: жарнамалар, проспектілер, мәзірлер, кестелерден қысқа және жеңіл мәтіндерді, айтып бере алатын нақты мәліметтерді таба білу. Өзіндік жеке сипаттағы қарапайым жазбаны түсіну.

В 1. Жиі кездесетін сөздері мен конструкциялары бар күнделікті және кіші кәсіптік саладағы мәтіндерді түсіну. Өзіндік жеке сипаттығы жазбадан оқиға, сезім, ниет қалыбын түсіну.

Аудиториялау. А 1. Адамға, оның отбасына, тікелей қоршаған ортаға қатысты таныс сөздер мен жиі қолданыстағы мағынаны түсіну.

А 2. Адам мен оны қоршаған ортаға қатысты (мысалы, отбасы, сатып алу, жақын араласатын орта, жұмыс) жиі пайдаланылатын сөздер мен мағыналарды түсіну. Жалпы сипаттығы қысқа анонс пен жеңіл хабарларды түсіну.

В 1. Тұрмыстық тақырыптағы (жұмыс, оқу, демалыс және т.б.) түсінікті және әдеби нормаларды сақтап құрастырылған мағыналарды түсіну. Егер сөйлеу анық және баяу болса, радио және телехабардың, сондай-ақ өзіндік жекеге немесе кәсіптік қызығушылыққа қатысты бағдарламалардың көпшілігін түсіну.

Айту, Монолог. А 1. Тұрып жатқан жері мен таныстары туралы мәліметті жеңіл сөйлемдермен айтып беру.

А 2. Өзінің отбасы, өмірі оқуы, жұмысы және әр түрлі адамдар туралы айта білу.

В 1. Күрделі емес сөйлемдерді пайдалана, отырып өзінің көзқарастарын қысқаша баяндау және дәлелдей білу; өз пікірін айта от ырып, кітаптар мен фильмдердің мазмұнын бере білу.

Сұхбат. А. 1 Егер әнгімелесуші сіздің өтінішіңіз бойынша өз сөздерін ақырындап қайталап немесе өзінің ойын қайта түсіндіріп берсе, онда сұхбатқа қатысу. Қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға оқып жатқан тақырып шеңберінде жауап беру.

А 2. Белгілі бір тақырып немесе қызмет түрі шеңберінде тікелей ақпарат айырбасын талап ететін жай және күнделікті жағдайларда сөйлесе білу.

В 1. Оқып жүрген тілге қатысты мемлекеттердің біріне сапар шеккен кезде пайда болуы мүмкін қарапайым жағдайлардың көпшілігінде сөйлесе білу. Әр түрлі тақырыптағы сұхбаттарға дайындықсыз – ақ қатыса білу (мысалы, отбасы , бос уақыт, жұмыс, саяхат, т.б.).

Хат. А 1. Қарапайым сәлемдемелерді жаза (мысалы, құттықтау), бланкті толтыра және қонақ үйге тіркеле білу.

А 2. Қарапайым қысқа сәлемдемелер мен хабарламаларды, сонымен бірге жеке хаттарды жаза білу (мысалы, бір нәрсе үшін алғыс білдіру).

В 1. Таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға жеңіл байланыстырылған мәтінді, сонымен бірге толғаныс пен әсерлері туралы жеке хаттарды жаза білу.



Оқу жұмысының нәтижелері

Емтихан



Пәннің аталуы

Орыс тілі

Қысқартылған атауы

ОТ 1104

Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр

Семестр 1,2

Оқытушының Т.А.Ә.

Сералиева А., Рахымжанова Г.

Доцент/оқытушы




Жұмыс тілі

Орыс тілінде

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Практикалық-45; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/ Практикалық-45; ОСӨЖ-45; СӨЖ-45/

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -135/135

Кредиттер/ сынақ бірліктері

3/3

Модульаясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизит: Школьный курс русского языка

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Студенты бакалавриата, совершенствуя речевые навыки и умения, формируя новые, связанные с научной сферой коммуникации, овладевают дополнительным по отношению к родному языку средством общения, получают в конечном виде глубокое и качественное профессиональное образование.

Мазмұны

Практические: Структурно-смысловое членение текста

Тема текста. Структура и смысл текста. Тема как предмет или явление, которые рассматриваются в тексте. Обозначение темы в тексте существительным, встречающимся в различных падежах.



Коммуникативные задачи текста. Смысло-речевые ситуации.

Микротемы текста. Данная и новая информация текста. Смысловое деление текста. Развитие мысли от какой-либо исходной, известной информации к неизвестной. Данная и новая информация как элементы развития мысли и связности текста. Роль предложения в тексте. Текстообразующие функции предложены Механизмы действия этих функций. Прогрессия текста как увеличение его объема и количества информации. Предложения, выполняющие функции прогрессии текста. Способы развития информации в тексте. Параллельный способ развития информации. Цепной способ развития информации. Научный стиль речи, его основные особенности. Общее понятие о научном стиле речи, его отличие от других функциональных стилей. Жанры научного стиля. Условия функционирования научной речи: научная сфера общения, преобладание письменной формы над устной, монологической речи над диалогической Характерные черты научного стиля: логичность, точность, обобщенность и отвлеченность, насыщенность терминами. Лексика научного стиля речи.

Основные пласты лексики научной речи: общеупотребительные слова, общенаучная и терминологическая лексика. Употребительность слов с обоб­щенным и отвлеченным значением. Распространенность слов иноязычного происхождения. Дискуссия с использованием научной лексики. Формулирование научных тем и проблем с использованием специальной лексики. Составление текстов по опорным словам, относящимся к научной лексике. Терминологическая лексика русского языка. Понятие о терминах, их особенностях. Терминология как основной при­знак научного стиля. Узкоспециальная и общенаучная терминология. Одно­значность терминов. Терминологические словари. Морфология научного стиля речи

Морфологические особенности научного стиля. Высокая частотность существительного. Отвлеченные, отглагольные существительные, насыщенность текста существительными среднего рода. Глагол в форме настоящего времени совершенного вида со значением постоянного действия. Употребление кратких прилагательных для выражения постоянного свойства предмета. Краткие страдательные причастия в научной речи. Синтаксис научного стиля речи. Синтаксические особенности научного стиля: преобладание сложных предложений, широкое употребление причастных и деепричастных оборотов, однородных членов предложения с характером перечисления. Составные подчинительные союзы со значением обусловленности в научной речи: вследствие того что; несмотря на то что; ввиду того что; в связи с тем что; тогда между тем как. Слова и словосочетания в качестве средств связи предложении и частей текста: рассмотрим; необходимо подчеркнуть, что. Вводные слова и словосочетания как средства связи частей текста. Подстили научного стиля. Понятие о подстилях научного стиля. Выделение подстилей: собственно научного, научно-учебного, научно-популярного. Сфера употребления, осо­бенности изложения, цель, характер, адресата разных подстилей.

Оқу жұмысының нәтижелері

После изучения данного курса студенты казахского отделения овладеют основами научной речи. Изучение текста, его особенностей и коммуникативных задач даст возможность правильно формулировать мысли, фигурировать средствами общения. Сосотавление текста по опорным словам поможет в овладении терминологией научного стиля. Морфология научного стиля преследует цель не только усвоить особенности употребления частей речи в научном тексте, но и некоторые новые их признаки. Синтаксические средства связи также необходимы для освоения научной речи и развития практических навыков их умелого употребления.



Пән атауы

Информатика

Қысқартылған атауы

Inf 1105

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

1

Оқытушының аты-жөні




Доцент/ оқытушы




Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-30, лабораториялық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбеккөлемі

135сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер:

Білім беру мақсаты:

Жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемдегі білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.

Мазмұны

Дәрістер: Информатика негізі және есептеу техникасының архитектурасы мен программалық жабдықталуы. Алгоритмдер

Информатка пәні, объектілері және оның құрамдас бөліктері.Дискретизация түсінігі, тілдер – объектілерді және процесстерді бейнелеу әдістері. Суреттерді форматизациялау. Компьютерлік графика түсінігі. Информатиканың геометриялық түсінігі. Компьютерде акпаратты бейнелеу. Буль алгебрасы және компьютердің логикалық схемасы. Компьютердің негізгі блоктарын ұйымдастыру элементтері. Процессордың архитектуралық ұйымдастырылуы. Компьютедің жадысын ұйымдастыру. Командалар және адрестер жүйесін жүйесін ұйымдастыру. Ақпаратты сақтаудың техникалық құралдары. Жадыны басқару, мильтипроцессорлық есептеу жүйелері: есептеу процесі ажырату, программаларды ажырату, қабатты-параллельдік формалар, гипераудандар өрісі. Қазірг замандағы программалық құралдар. Программалау жүйесінің программалық, тілдік және информациялық жабдықталуы. Компиляторлар және интерпретаторлар. Стандартты программалар.

Программалауға кіріспе. Алгоритмдер (типтері, қасиеті, бейнелеу әдістері). Алгоритмдік құрылымдар. Программалауды үйрететін тілдерді шолу, жалпы бағыттағы программалау тілдері.

Негізгі алгоритмдер. Есеп шығарудың негізгі программалық нәтижелі схема. Массивтерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Тізбектерді өңдеудің негізгі алгоритмдері. Деректердің ақпарттық құрылымдары туралы жалпы мағлұмат. Есепті тиімділеу. Программаларды өңдеу және тестілеу әдістері. Модульдік және құрылымдық программалаудың концепциясы. Объектіге бағыталған программаларды шолу.



Қолданбалы программалық жабдықтау. Ақпаратты өңдеу құралдары.

Мәтіндік редакторлар. MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау .

MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану.

Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS

Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазу.

Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілері. Кестеаралық байланыс. Кесте құру режімдері. Сұраныс. Қалып түрлері. Есеп. MS Access-те беттермен жұмыс. Макрос және модульдер

Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point құжатының құрылымы. Слайд құру режімдері.

Компьютерлік желілер, желілік және телекомуникациялық технологиялар.

Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік туралы жалпы мағлұмат, алдын-ала жағдай және компьютердің желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру.

Ауқымды және жергілікті желілер. Негізгі технологияларды, деректер тасымалдау әдістерін шолу. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері.

Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері. Жергіліті компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау, антивирустық қорғаныс. Жасанды интелект жүйелері.

Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: қысқа мінездеме, негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау технологиясы.

Практикалық: Санау жүйелері. Бүтін және бөлшек сандарды бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне аудару. Есептерді алгоритмизациялау. Сызықты, тармақты және циклдік алгоритмдер. Жүйелі программалық алгоритмдер. Архиваторлар, антивирустық программалар, утилиттер. Windows ОЖ орнату. Жұмыс үстелінде объектілерді құру, жою және қалпына келтіру. Мәтіндік редакторлар.MS Word программасында мәтіндік құжат даярлау. MS Word-та кестелермен жұмыс. Графикалық объектілерді пайдалану. MS Word-та диаграммаларды орнату. MS Word программасында формулаларымен жұмыс.

Windows жүйесіндегі EXCEL программасы (программаны іске қосу, ұяшықтарға мәліметтер, мәтін енгізу және т.б.). MS Excel-де функциялар мәнін кестелеу. Ұяшықтар мен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстармалы және аралас түрде жазуды қолдану. Windows жүйесіндегі EXCEL программасында диаграмма тұрғызу мүмкіндіктері. EXCEL программасының математикалық қосымшалары. Деректер қорын басқару жүйесі. ДҚБЖ-нің негізгі объектілеріндегі кестеаралық байланыс. Кесте құру, сұраныс. Қалып түрлерін қолдану. Есеп беру. MS Access-те беттермен,макрос және модульдер құру. Презентация даярлау құралы - MS POWER POINT. Power Point-та слайдтар құру. Компьютерлік желілер, желілік және телекоммуникациялық технологиялар. Желілік әрекеттестік қажеттігілі. Ақпараттық және сәйкес программалық қамсыздандыру. Ауқымды және жергілікті желілер. Негізгі технологияларды қолданып, деректер тасымалдау әдістері. Ақпараттық сақтандару және оның құрамдастыру. Ақпарат қауіпсіздігіне қауіптер және олардың топталуы. Ақпараттық процеске рұқсатсыз кірісуден сақтану. Ұйымдастыру шаралары, инженерлі және де басқа ақпаратты сақтау әдістері.

Қазіргі замандағы жоғарғы деңгей тілдері: мінездеме және негізгі түсініктер. Объектіге бағытталған программалау.


Оқу процесінің нәтижесі

«Информатика» курсын оқу барысында студенттерде компьютерді жатық меңгеру және бағдарламалау тілдерінде есептерді шешу біліктіліктері мен дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, информатиканың басты идеялары мен дербес компьютердің жұмыс істеу принциптері баяндалады.

Әрбір зертханалық жұмыстар сәйкес тақырыпқа арналған сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады. Келтірілген мағлұматтар түсініктемелер және оларға қажетті суреттермен жабдықталады.





Пән атауы

Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ОП

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Дәрістер, семинар, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

1,2

Оқытушының аты-жөні

Қозыбақова С

Доцент/ оқытушы

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Дәріс-15, семинар-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30

Еңбеккөлемі

90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Білім беру мақсаты:

«Құқық негіздері» пәнін оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.

Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқытудың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекеттік-құқықтық механизмнің жетілдіруінің саяси-құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірбиені жинақтауға үйрету.



Мазмұны

Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынандай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін: мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық-құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Семинар сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін: мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық қағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студенттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық-құқықтық көзқарас пайдасына шешу. Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет. Құқық негіздері әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі-әртүрлі қоғамдық қатынастар. Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу процесінің нәтижесі

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынандай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін: мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.



Пәннің аталуы

Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы

Қысқартылған атауы

ТDАМОР1213

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 1,2,3

Оқытушының Т.А.Ә.

Құдайбергенова М.Б.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, лабораториялық -45, ОСӨЖ-75, СӨЖ-75.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 225

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

5 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курстың пререквезиттері: Пәнді оқу нәтижесінде студенттер – дыбыстау мүшелері, олардың қызметін; мәнерлеп оқудың-амал тәсілдерін; шағын фольклор жанр шығармаларын оқып, талдау; көркем шығарманы кейіпкерлендіре білуі және талдау, тіл дамыту әдістемесінің міндеттерін, әдіс-тәсілдерін; тіл дамыту әдістемесінің міндеттері бойынша сабақ өткізу әдістемесін; әр топ балаларының тіл ерекшеліктерін; әдістемелік жұмыстың формаларын білуге тиіс. Жоғары оқу орындарының бағдарламасына сәйкес көлемде білім алу үшін студент әдебиеттермен, оқу құралдарымен, сөздіктермен, интернетпен жұмыс істей білуі қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сай, болашақ тәрбиешілердің жоғары педагогикалық кәсіптік білімін жетілдіру. Пәннің мазмұнына - пән міндеттері, баланың сөздік қорын молайту әдістемесі, тілін дамыту әдіс-тәсілдері, дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу, грамматикалық дұрыс және байланыстырып сөйлеу, сөйлеу техникасы, мәнерлеп оқудың бейнелік құралдары, көркем шығарманы талдау және орындау, өлеңдер мен көркем шығармаларды кейіпкерлендіру т.б. жатады.Пәнді оқытуда баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылады.

Мазмұны

Дәрістер: «Мәнерлеп оқу практикумы» тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі.Көркем сөз өнерінің мәні. Көркем сөз оқу мен актер өнерінің айырмашылығы.

Сөйлеу техникасы.Тыныс алу, оның сөйлеудегі мәні. Дауыс сапасы, оған дауыс биіктігі, дауыс күші, дауыс нақышы, дауыс икемдігі жататындығы.

Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері. Кідіріс және оның түрлері.

Көркем шығарманы талдау.Көркем шығарманың тектері мен түрлері. Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу. Ертегінің түрлері. Өлең оқу.

Өлең өлшемдері: шумақ, тармақ, бунақ, ұйқас. Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану. Мақал-мәтел, нақыл сөздер халықтың ұзақ ғасырлар бойы адамдардың жасаған іс-әрекетінен, мінез-құлқына сай жасаған бақылауларынан туған даналық сөздер тобы.Көркем шығарманы кейіпкерлендіру.

Сценарий құрастыру. Бала тілін дамыту әдістемесі және курс міндеттері. Тіл дамыту әдістемесінің маңызы. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу әдістері. Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылым салаларымен байланысы. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы. К.Д. Ушиский, Е.Н. Тихеева, А.М. Бородич және т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты еңбектері.

Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері.Сөздің диалогтік формасының қалыптасуы. Монологты сөзге үйрету әдістері. Әңгімелеудің әдістері. Балалардың сөздік қоры молайту әдістемесі.

Сөздік жұмысының принциптері. Көркем шығарманы кейіпкерлендіру.



Практикалық: Мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсілі. Сөйлеу техникасы, оның мәнерлеп оқудағы маңызы. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.Көркем шығарманы талдау.Шағын фольклор жанры шығарманы талдау.№1 Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану. №1 Көркем шығарманы кейіпкерлендіру.Бала тілін дамыту әдістемесі және курс міндеттері. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу әдістері.Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы. Сөздік қорды дамытудың негізгі әдістері

Сабаққа қойылатын талаптар.Әңгімелеудің түрлері.Сөздікті молайту сабақтарының түрлері. Дидактикалық ойындардың маңыздылығы



Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері.Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі. Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі.Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі. Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.Балаларды кітаптың мұқабасымен таныстыру

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы курсын толық меңгерген студент мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жүргізуде, яғни олардың білімін, дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады



Модуль аталымы

Жалпы психология

Молдульдің қысқаша аталымы


ZhP1206


Тақырыпша

ЖП пәні мен міндеттері, студент және оқытушы психологиясы, қарым -қатынас психологиясы, танымдық және оқу іс-әрекет психологиясы, психологиялық қызмет.

Оқу пән курсынан оқу іс-шаралар


Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру.

Семестр

1 семестр

Модульге жауапты


Арымбаева К.М.

Доцент/ оқытушы

п.ғ.к, доцент;

Жұмыс тілі

Казақ тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Міндетті компонент (МК)

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Дәріс–30сағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–45 сағат, СӨЖ– 45 сағат

Еңбек сиымдылығы

135 сағат

Кредиты/ зачетные ед иницы

3 кредит


Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Курс пререквизиті Философия, Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс - әрекетінің физиологиясы, жоғарғы матиматика, социология

Білім беру мақсаты/ хабардарлылық

Студенттердің жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру. Оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамыту; Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныстыру.

Мазмұны

  1. Психологиялық ғылымдар және практиканың пәні мен міндеттері. Психология пәні. Жалпы психологияның пәні. Жалпы психологияның әдіснамалық қызметтері. Психологияның принциптері

  2. Іс-әрекетті психологиялық талдау. Психиканың пайда болуы және эволюциясы. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекет құрылымның психологиялық ерекшелерін зерттеу.

  3. Адам психикасының дамуы және пайда болуы. Психикалық құбылыстардың жалпы құрылымы. Адам психикасының қоғамдық тарихи табиғаты. Адамзаттың тарихи дамуға өтуі. Сананың нақты психологиялық сипатттамасы. Саналы бейненің құрылымы. Мидың психо – физиологиялық қызметтері (сенсорлы сезгіштік, минимикалық, вербалды логикалық, психомоторлық.

  4. Сезімдік таным психологиясы. Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану ретінде. Қозғалысты ретеудегі түйсіктің ртөлі. Түйсік психикалық дамудың көзі ретінде түйсіктің танымды еңбекке қарым – қатынаста дамуы. Синестезия.

  5. Түйсіктің жекелеген түрлерінің сипаттамасы. Түйсік жөнінде жалпы түсінік. Түйсік түрлері. Түйсіктің атқаратын қызметі.

  6. Қабылдау және елес. Қабылдау сезімдік ьейнелеудің негізгі процесі. Қабылдауды зерттеудегі екі бағыттың жалпы ипаттамасы: обьектипті және субьектипті – бағдарлаушы бағыттар. Елестердің эмперикалық сипаттамалары: жалпылау, күңгірттену елестердің сезімдік заттық, сипаты есту, көру, иіс сипап сезу елестері, бірізді бейнелер. Эидетикалық бейнелермен түс көру.

  7. Ойлау психологиясы. Ойлау туралы ұғым. Ойлау және таным. Ойлаудың тікелей сезімталдық танымнан айырмашылығы. Ойлаудың түрлері. Ойлау іс әрекетінің мотивациясының ерекшелігі. Аффекті мен интеллектінің бірлік принципі.

  8. Ес. Ес өткен тәжірибені сақтау, тану, қайта жаңғырту ретінде. Естің түрлері, есте қалдырған материал мазмұнына және қайта жаңғыртуға тәуелділігі. Естің жеке адамның маңызды өмірлік міндеттерді шешуіне қатысуы, оның мотивациялық сфераның динамикасымен, құрлысымен шарттануы.

  9. Сөйлеу психологиясы. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Лингивистикалық салыстырмалық болжамы, оның психологиялық аспектілері. Зейін алдындағы процестер, объектіні қабылдауға ішкі ыңғайлану.Ерікті, белсенді зейін. Зейіннің дамуы, жас ерекшелігі факторлары.

  10. Эмоция психологиясы. Эмоция психологиясының күйі. Эмоциядағы психикалық бейнелеу ерекшелігі. Эмоцияның функциялары. Эмоцияның таным процестеріне ықпалын эксперименттік зерттеулер. Эмоциялық қүбылыстардың түрлері.

  11. Мотивация және эмоция психологиясы. Қажеттілік мотивациялық процестердің негізі ретінде. Мотивацияның биологиялық және әлеуметтік деңгейлерінің арақатынасы.

  12. Жалпы психологиядағы тұлға. Тұлға түсінігі. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

  13. Тұлға құрылымы. Тұлға қүрылымы жайлы түсінік. Тұлға қүрылымының негізгі блоктары. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет - рөлдері, әлеуметтік жүріс - түрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі. Тұлға құрылымындағы интеллект және қабілеттілік.

  14. Тұлға және даралық. Тұлғалық - жеке даралықтың ішкі әлемі туралы түсінік. Мінез-тұлғаның дара-өзіндік және әлеуметтік-типтік бірлік ретінде. Темперамент - мінездің табиғи негізі ретінде. Қабілет туралы түсінік.

  15. Тұлғаның әлеуметтік мінез -құлқы және дамуы. Әлеуметтік мінез - құлық туралы түсінік тұлғаның белсенділігі оның адамдарға, еңбекке, қоғамға, әлемге қатынасының формасы ретінде көрінеді.

Оқу іс ірекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы


Оқыту іс-әрекет нәтижесінде оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіруді. Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамытады. Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныс болады.



Пәннің аталуы

Мамандыққа кіріспе

Қысқартылған атауы

МК1304

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, ОСӨЖ, СӨЖ


Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Жораева С.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-15.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы 45

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиті (курсты оқып үйрену үшін студент нені білу керек). «Мектепке дейінгі педагогиканы» курсын меңгеру үшін студенттің мектеп қабырғасында мектепке дейінгі педагогика ғылымының зеріттеу әдістерін, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқытудың теориялық негіздерін және мектепке дейінгі балалардыңойын әректінің ерекшеліктерін білу. Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында университет қабырғасында оқытылып отырған «Математика», «Психология», және т.б. пәндермен тығыз байланысты

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Педагогикалық зерттеу әдістері, Балалардың және дамуы және тәрбиелеу, Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы, Тәрбиешінің тұлғалық бейнесі, Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдіс, Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу бағдарламасы, Сәби шақтағы балалардың дамуы және тәрбиелеу, Нәрестелік шақтағы балалар тәрбиесі, Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, Ақыл-ой тәрбиесі теориясы және әдістемесі, Сенсорлық тәрбие, Адамгершілік тәрбиесі теориясы және әдістемесі.

Мазмұны

Педагогикалық кәсіптің дамуы мен қалыптасуы. Білім беру іс-әрекет ретінде.

Білім беру жүйесіндегі педагог мамандығының маңызы. Тұлғалық бағдарлық білім беру тұжырымдамасы.

Педагогикалық әрекет мәні. Педагог еңбегінің әлеуметтік маңызы. Педагогикалық әрекеттің негізгі түрлері (тәрбие, оқыту, дамыту). Педагогтік кәсіптің гуманистік міндеттері. Педагог кәсібінің пайда болуы мен қалыптасуы.

Мектепке дайінгі ұйымдардығы тәрбиешінің кәсіби шеберлігі. Студенттердің болашақ мамандықтарының маңызына қызығу және түсіну негізінде тәрбиеші кәсіпті таңдау. Педагогтың мектеп жасына дейінгі балалармен бірлескен әрекеті. Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеші еңбегі және жағдайлары. Педагогтың балалармен жұмыс жасау ерекшелігі.

Тәрбиеші қызметінің педагогикалық құрылысы. Педагогикалық прогресс-мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеші әрекеті. Педагогикалық кәсіптік-белгілері: балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогикалық процесті жүйелі сезіну, байқағыштық, педагогикалық құбылысты дұрыс түсіну, педагогикалық ойдың біртұтастығы, ұжымшылдық, шығармашылық, ашықтық және т.б.

Педагогикалық дағдылар және білік: ұйымдастырушылық, басқарушылық, дидактикалық, преспективалық, конструктивтік, экспресивтік, қолданбалы т.б. Тәрбиешінің қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жағдайы. ҚР «Білім туралы» Заңында көрсетілген құқықтары мен міндеттері.

Шығармашылық ұғым. Шығармашылық мәдени-тарихи құбылыс. Қиялдау және шығармашылық. Шығармашылық-ойлау ұғымы. Таным құрылымындағы шығармашылық. Жеке-дара белсенділік. Шығармашылық проблемасы. Шығармашылықтың табиғаты және шығармашылық іс-әрекеттің критерийі.

Шығармашылық орта, шығармашылық ахуал жөнінде ұғым. Педагог жеке басының шығармашылық мүмкіншілігі және психикалық денсаулығы. Болашақ маманның шығармашылығын дамыту. Бірігіп еңбек етудегі шығармашылық мәні. Қазіргі технологиялар – болашақ маман шығармашылығының жаңа формасы.

Педагогикалық қарым –қатынас – шығармашылық ретінде. Педагогикалық қарым-қатынастың түрлері: құрлым, қарым-қатынастың стилі. Халықаралық қатынас мәдениеті жеке тұлғаның қалыптасуының факторы.

Педагог тұлғасы және оның қарым-қатынас техникасы, стилі: демократиялық, либеральды, авторитарлы. Педагогикалық қатынас білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекетінің формасы.

Қазіргі қоғамдағы педагогикалық маман кадрларға жалпы және кәсіптік білім беретін талаптар. Кридиттік оқыту жүйесінде білікті маман кадрлар дайындау ісі. Тәрбиеші мамандығын дайындаудағы жоғары оқу орындарында жалпы білім беретін пәндерді оқыту құрылысы.

Студенттер жұмысының әдістерімен формалары. Болашақ маман дайындауды арнайы дайындықтың алатын орны. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарға араласуы. Студенттерді дайындаудың психологиялық-педагогикалық жүйесі.

Арнайы пәндар. Тәрбиеші мамандығын дайындаудың педагогикалық практикалардың ролі. Оқу еңбегінің мәдениеті. Студенттердің өз бетімеғн орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру. Студенттердің оқытушылармен орындалатын жұмыстарын дайындау.

Өз бетімен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымдары және олардың ерекшеліктері. Педагогтың кәсіптік өздік білімі. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ ұзтаз даярлаудың алғы шарты. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен формалары: өзін-өзі сынау, өз-өзіне риза болмау, өз-өзіне міндеттеу, т.б. Өз бетімен білім алу жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіншілігін қалыптастырудың және дамытудың қайнар көзі.



Студенттердің ғылыми еңбектерін ұйымдастыру. Әдебиеттермен, анықтамалармен, библиографиялық баспалармен жұмыс.Тезис,аннотация, мақала жазу,конспект құру, т.б.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді игеру қажет: Мектепке дейінгі педагогика курсында ұғымдар педагогикадағы түсініктемелерімен байланысын, педагогиканы оқытудағы негізгі зерттеу әдістемелерін білу және Мектепке дейінгі педагогиканың мазмұнын және оқу бағдарламасының міндеттерін түсіну керек.


2 семестр


Пән атауы

Қазақстан тарихы

Қысқартылған атауы

ҚТ1101

Оқу іс-шаралар/ оқу пәндерінің курсы

Лекция, практикалық, СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр

2

Оқытушының аты-жөні

Шакаева Мариям Жаңбырбайқызы

Доцент/ оқытушы

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ тілінде

Оқу жоспарына сәйкестігі

Жалпыға бірдей білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағат саны

Лекция-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбеккөлемі

135 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль көлімінде оқуға қабылдау шарттары

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы

Білім беру мақсаты:

Курстың мақсаты: Халықтық тарихи сананың қайта жаңғыруының негізгі болып табылатын еліміздің өткен тарихын кеңестік идеологиялық қасаңнан арылта отырып шындық тұрғысынан зерттеу және оқып-үйрену.

Курстың міндеттері: Болашақ мамандарды азаматтық пен патриотизмге тәрбиелеу. Тарихи білім жас ұрпақты халқымыздың тарихы мен мәдениетінің бастауларымен сусындата отырып, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Бұл курсты оқыту барысында студенттерге нақтылы тарихи материалдарға методикалық талдауды игеруге және тарихи процестердің объективті заңдылығын ашуға көмектесу.«Қазақстан тарихы» пәнінде болып жатқан коннцептуалды өзгерістер және оның маңызын түсіндіру. Деректік материалдармен жұмыс жасау әдісін үйрету. Тарихи сананы қалыптастыру.Курсты оқуда студенттердің таным дүниесін оятып, қалыптастыру.



Курстың құрылымы: Қазақстан тарихын оқу нәтижесінде студенттер меңгеруге тиісті материалдар: қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдері; Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістер; қазақ хандығының құрылуы; қазақ хандығының әлеуметтік-саяси тарихы; Қазақстан Ресей империясының құрамында; Қазақстан азаматтық қарсыласық жылдарында; Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан; тәуелсіз Қазақстанның көп векторлық сыртқы саясатының негізгі басымдықтары мен бағыттары.

Мазмұны

Лекциялар: «Қазақстан тарихына» кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан.

Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит (ерте тас ғасыры). Мезолит (орта тас ғасыры). Неолит (жаңа тас ғасыры). Энолит (мыстытас ғасыры). Қола дәуірі (б.з.б. ХVIII-IХ ғғ.). Ерте мемлекеттік құрылымдар.Сақтар (Б.з.б. VII-III ғғ.). Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. ІІ- б.з.V ғ.ғ.). Ғұндар. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VІ-Х ғғ.). Түрік қағанаты (552-603 жж.). Түркеш қағанаты (704-756 жж.). Қарлұқ мемлекеті (776-940 жж.). Оғыздар. Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ. басы). Қимақ қағанаты (ІХғ. соңы -ХІғ. басы). VІ-Х ғ. Қазақстанның экономикалық және мәдени өмірі Дамыған ортағасырлардағы мемлекеттер (XI ғ. басы - XIII ғғ.).Қарақан мемлекеті (942-1210 жж.). Қарақытай (1128-1213 жж.). Найман мен кереит ұлыстары (ХПғ. басы - ХІПғ.). Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1224). XI ғ. басы мен XII ғ. Қазақстанның экономикасы мен медениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде (ХШ ғ.) Алтын Орда (1243 - XV ғ. ортасы). ХIV-ХVғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. Көк Орда және Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан (XIV ғ. ортасы - XVI ғ. басы). Кешпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468жж.) Ноғай ордасы (Манғыт үйі) - XIV ғ. соңы - XV ғ. Сібір хандығы (XV ғ. соңы - XVI ғ.). Қазақ халқының құралуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері ХV-ХVIII ғғ. Қазақ хандығы Қазақстанның XIV ғасырмен XVIII ғғ. бас кезіндегі мәдениеті.

Жаңа замандағы Қазақстан (ХVIII-ХХғғ.).Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында. Қазақстан және Ресей жаңа заман жағдайында Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы. Қазақстанда отаршылдық кезеңінің басталуы Қазақстан мәдениеті. (XVIII ғасыр - XX ғасырдың басы) . ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.1917 ж. Қазан төңкерісі, оның алғышарттары. Азамат соғысы (1918-1920 жж.). халық трагедиясы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақстандағы «Соғыс коммунизм» саясаты (1918-1921 ж. наурыз). Қазақстандағы ЖЭС Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру - Қазақстан шаруаларының трагедиясы. Индустрализациялау: сипаты, қарқыны, масштабы. Қоғамдық-саяси ситуация. Қазақстан 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы дәуірінде. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.) Қазақстан «Хрущев декадасы» жылдарында (1953-1964 жж.). Қазақстан 1960 ж. екінші жартысы мен 1980 жылдар – бірінші жартысында Қазақстандағы «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.) ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД). Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы. Экономикалық даму. Қоғамдық-саяси даму. Рухани даму. ҚР сыртқы саясаты.

Практикалық сабақ: Қазақстан тарихына кіріспе. Ерте замандағы Қазақстан. Қазақстан территориясындағы тас ғасыры. Қола дәуірі және ерте көшпенділер. Қазақстан территориясындағы сақтар мен савроматтар. Қазақстан орта ғасырларда. Қазақстанның ҮІ - ХІІ ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетінің дамуы. Қазақстан монғол жаулаушылығы дәуірінде. Жаңа замандағы Қазақстан. Қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілістері. Қазіргі замандағы Қазақстан. Қазақстан өміріндегі социализм. Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан территориясында мемлекеттік эволюция. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік өркендеуі. Қазақстан Республикасының суверенитеттік-этаптық даму. Қазіргі Қазақстанның негізгі даму ерекшеліктері. Қазақстанның ішкі экономикалық және ішкі саяси инициативасы және байланысы. Қазақстанның қазіргі этаптағы ішкі және сыртқы саясаты. Қазақстандағы ұлттық қауіпсіздік мәселелері.

Оқу процесінің нәтижесі

Қолдағы ақпараттармен салыстыра отырып өз халқының тарихында болған оқиғаларға анализ жасай білу, басты бағыттарды жіктеп, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы, тарихтың барлық кезеңдері Қазақстанның өзге мемлекеттердің сыртқы саясатында алатын орны және өзара қалыптасып отырған қатынастары. Тарихи білімін шығармашылық түрде қолдана білу, құндылықтары мен сенімін, гуманизмін көрсете білу, қазақ халқының және біздің республикада өмір сүретін барлық халықтардың тарихи мұраларын құрметтеу.



Пәннің аталуы

Экономиқалық теория негіздері

Қысқартылған атауы

ETN 4110

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Мауленбердиева Г.А.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау.

Мазмұны

Дәрістер: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Практикалық сабақтар: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету



Пәннің аталуы

Абайтану

Қысқартылған атауы

АВ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Мазмұны

Дәрістер: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай - қазақ әдебиетінің классигі. Абай — ұлттық жазба әдебиеттің негізін салушы. Ақынның шығыс шайырларына қатысы. Абай — қазақ поэзиясындағы жаңашылдығы. Абай дәстүрі және оның ұлттық әдебиеттің дамуындағы рөлі. Абайдың ақын шәкірттері. Абай — өз заманының жыршысы. Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Абайдың ағартушылық қызметі. Ақынның сыншылдық көзқарастары. Абайдың лирикасы. Абай мұрасындағы табиғат тақырыбы. Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы. Абайдың эстетикалық тағылымы. Ақын өлеңіндегі даналық дәрістері. Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары. Абайдың қара сөздері. М.Мырзахметовтың зерттеуіндегі Абайтану мәселелері.

Семинар сабақтар: Абайдың өмірі мен шығармашылығы. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі.Абайдың ағартушылық қызметі. Әлеуметтік теңсіздік, кедей жалшының мүшкіл халі. Махаббат тақырыбына Абай әкелген жаңа леп. Махаббат сезімінің баяндылығын, қазақ әйелінің бойына біткен табиғи ұстамдылығын ақынның суреттеуі. Қазақ жастарын адал сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелейтін Абайдың махаббат лирикасының ұлттық поэзиямызда алатын орны.Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғатын Абайдың түсінуі. Абайдың ұстаздық тағылымы, оның өнерпаз жастарға қалдырған өсиеті. Көркемдік талғам туралы ұғым.Батыс пен Шығыс даналығын 6ip басына жинақтаған, өз заманының әpi ғұлама ғалымы, әpi кемеңгер ойшылы, әpi данышпан ақыны. Лирикалық қаһарманның көңіл күйін, жан дүниесін ашатын туындылары. Абайдың шығармашылық мұрасындағы оның поэмаларының орны. Абайдың жазба әдебиетімізде көркем аударма саласын дамыту жөніндегі еңбектері, жаңашылдық бастамасы. .Абайдың шығармашылық мұрасында оның қара сөздерінің алатын орны, ұлттық көркем прозаны дамытудағы маңызы.Қара сөздердің ақынның өлендерінде өрбітілген пікірлермен үндестігі. Автор тұрғысынан алғандағы мұның себептері.Абайтану ілімінің тарихы.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ауызша емтихан





Пәннің аталуы

М.Әуезовтің шығармашылық қызметі

Қысқартылған атауы

М.Ә.Ш

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ әдебиеттану ғылымының дербес бір саласы болып қалыптасқан Мұхтартану ғылымы – бұл күндері жан-жақты дамыған, өсіп жетілген іргелі саланың бірі. М.Әуезов творчествосы жүйелі түрде оқытылып, терең мазмұнда таныту үлкен мақсатты көздейді. Ғасырлар бойы арманы болған азаттыққа енді ғана қолы жеткен өскелең ұрпағының санасына ұлы жазушының сан қилы өмір жолын, әлемдік деңгейге көтерілген шығармашылық сапарын оқыту арқылы ұлттық болмыс, тәрбиелік тағылым беру жүзеге асырылады. Әуезов мұрасы – ұлттың рухани байлығы. Мұхтартану курсының басты мақсаты айқын міндетінің бірі де осы рухани байлықты игеру, игілікке жарату болып саналады.

Мазмұны

Дәрістер: М.Әуезовтың «Абай Құнанбаев» монографиясы. Мұхтартану ғылымы және оның міндеті мен мақсаты. М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық қызметі. Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармалары. М.Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме повестеріндегі тарихи шындықтар. Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. М. Әуезов - Абайтану ғылымының негізін салушы. М.Әуезов романдарының жанрлық сипаты. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің "Өскен өркен" романының жазылу тарихы, романның тақырыбы. М. Әуезовтің драмалық шығармалары. Жазушының әңгіме жанры.

М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші. М. Әуезов және әлем әдебиеті. Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов туралы естеліктері.



Семинар сабақтар: М.Әуезов – Абайтанушы. Әуезов туралы сөз. Әуезов - ұлы суреткер .Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезов шығармашылығы. М. Әуезовтің әңгімелерінің әдеби прцестің дамуына әсері. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының қазақ әдебиетіндегі орны. Мұхтар Әуезовтің 30 жылдардағы әңгіме-повестеріндегі тарихи шындық. «Қилы заманның» жазылу тарихы, тағдыры. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. М. Әуезов жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. М.Әуезовтің "Өскен өркен" романындағы дәуір шындығы. М.Әуезовтің драмалық шығармалары.М. Әуезов туралы естеліктерге шолу. Әуезов және оның шәкірттері М. Әуезов - әдебиет тарихын зерттеуші.Мұхтартанудың өзекті мәселелері. М. Әуезов және әлем әдебиеті. М.Әуезов шығармаларындағы жанрлық ерекшеліктері.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ауызша емтихан



Пәннің аталуы

Абайдың әлем әдебиетінен алатын орны.

Қысқартылған атауы

Ә Ә А О

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар,ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Өмірзақов С., Оразалиев С., Қалдыбаев Т.

Доцент/оқытушы:

ф.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -15. практикалық-15, ОСӨЖ-15, СӨЖ-30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -75 сағат.

Кредиттер/сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары




Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығы университеттердің филология факультеттерінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін типтік оқу бағдарламасы негізінде XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті курсының құрамында оқытылады. Онда Абайдың өміpі мен шығармашылығы төңірегінде белгілі-бір дәрежеде кең мағлұмат беріледі. Абайтану пәнін студенттердің игеру барысында алған білімдерін одан ары тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ұлы ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін кең ауқымда игертуді мақсат етеді. Сонымен қатар Абай шығармашылыгының зерттелуі, ақын мұрасының игерілу, жариялану тарихы жөнінде мағлұматтар беру.

Мазмұны

Дәрістер: Қазақ әдебиеттану ғылымы және Абай шығармашылығы. Ақынның әлем әдебиетіндегі орны. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетіндегі төл туынды. М.Әуезов-Абайтану ғылымының негізін салушы. Абай жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі.Абайдың шығыс әдебиетіндегі «нәзирагөйлік» үлгісі. Абай және Батыс әдебиеті. Абайдың әлем әдебиетіндегі орны. Абай туралы пікір айтқан шетел ғалымдары мен ақын-жазушылары. Абай шығармашылығының әлем әдебиетіндағы орны. М. Әуезов – Абай есімін әлемге танытушы.

Семинар сабақтар: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай бейнесі. М. Әуезов - Абай ғылымының негізін салушы. Абай жайлы көркем туындылардағы ұлы суреткер бейнесі. Гете және Абай. Абай туралы естеліктерге шолу. Абайдың түркі халықтары ақындарына ықпалы. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай және әлем әдебиеті. Абай шығармаларының маңызы. Абайтану ғылымының қалыптасуы. Абайтану ғылымын зерттеген қазақ ғалымдар. Мұхтар Әуезовке байланысты жазылған ғылыми еңбектер. Көркем әдебиеттегі Абай бейнесі. Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі. Абай шығармаларының жазушыға әсер ықпалы. Ақынның жазушылық, ғалымдық, қайраткерлік қызметі.

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Ауызша емтихан





Пәннің аталуы

Балалар психологиясы

Қысқартылған атауы

БП

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Балалар психологиясы пәніне кіріспе. Балалар психологиясының даму кезеңдері№

Семестр:

3 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Тусеев М.Ө.

Доцент/оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби компонент (КК)

Оқу түрі/академиялық сағаттардың саны

Дәріс–15сағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–30 сағат, СӨЖ– 30 сағат

Еңбек сыйымдылығы

90 сағат

Кредиттер/сынақ бірліктері

2


Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Курс пререквизиті студенттерге мектеп жасына дейінгің балалардың психологиялық ерекшеліктері, психологиялық сапаларының қалыптасу ерекшеліктері, әрекеттің психологиялық қалыптасуы,

Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі

Студенттерге мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімдерін дамыта меңгертіп, мамандыққа сәйкес білім-біліктілік дағдыларын қалыптастыру. балалар психологиясы студенттерді психологиялық кәсіби білімдермен қамтамасыз етеді. мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуын, қалып-күйлерін, қасиеттерін жас ерекшеліктерімен салыстыра отырып меңгертеді оқыту мен тәлім-тәрбие істерін жүргізудегі әдіс-тәсілдердің өзекті мәселелерін психологиялық тұрғыда негіздеу студенттерді мектеп жасына дейінгі балаларды жас ерекшеліктеріне сәйкес, психикалық даму жайында қажетті мағлұматтармен қаруландыру студенттерді бала психикасының ерекшеліктерімен таныстырып, өзін-өзі тани білуге баулу

Мазмұны

Дәріс:Балалар психологиясы пәніне кіріспе

  1. Балалар психологиясы мәселелері, пәні мен міндеттері

  2. Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері

  3. Психологиялық даму заңдылықтары

  4. Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама

  5. Бала өмірінің алғашқы жылында кездесетін дағдарыстар

  6. Сәбилік кезең

  7. Үш жас кезеңінде жаңадан пайда болатын заттық әрекеттер. Жетекші әрекет

Балалар психологиясының даму кезеңдері

  1. Заттармен әрекет етуге көшудің түрлері

  2. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері

  3. Баланың ақыл – ойын дамыту

  4. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың сенсорлық дамуы

  5. Мектепке дейінгі кезеңде балалардың ойлауының дамуы

  6. Мектепке дейінгі кезеңдегі зейіннің, естің дамуы

  7. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың қиялының дамуы

  8. Баланың мектепке психологиялық дайындығы

Практикалық сабақтың:Балалар психологиясы пәніне кіріспе

  1. Балалар психологиясының пәні мен міндеттері. Балалар психологиясының даму тарихы

  2. Бала психикасының дамуын зерттеудің негізгі және қосалқы зерттеу әдістері

  3. Баланың психикалық дамуындағы факторлар

  4. Нәрестелік және бөбектің кезеңдегі баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері

  5. Бала өмірінің алғашқы жылында пайда болатын психологиялық дағдарыстар

  6. Сәбилік кезеңдегі бала психикасының дамуы (сөйлеу, ес, ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.)

  7. Үш жас кезеңіндегі баланың жетекші әрекеті. Өзін - өзі бағалау мен сана сезімін дамыту

Балалар психологиясының даму кезеңдері

  1. Сәбидің заттарды пайдалану әрекетінен ақыл – ойының дамуы

  2. Мектеп жасына дейінгі балаларды ЖЖЖ дамуы және темпараментіне сипаттама

  3. Мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуінің дамуы

  4. Мектеп жасына дейінгі балаларда түйсік, қабылдау процестерінің дамуы

  5. Мекетеп жасына дейінгі балаларда ойлаудың дамуы

  6. Мектеп жасына дейінгі балаларда зейін мен естің дамуы

  7. Мектеп жасына дейінгі баларда қиялдың дамуы

15 Баланы мектепке психологиялық тұрғыда дайындау мәселелері

Оқу жұмысының нәтижелері/ Қорытынды бақылау түрлері

Берілген пән бойынша қазіргі кездегі педагогикалық-психологияның теориялық және методологиялық мәселелерін қарастырып, педагогикалық психологияның ғылымының негізгі қағидалары және категорияларымен танысып, жеке адамның дамуындағы оқу-тәрбие процесінің субъект, субъектілік қарым-қатынастағы мұғалім мен оқушының психологиялық өзара іс-әрекет аспектісіне ерекше назар аударылып, «Балалар психологиясы» курсын меңгеру нәтижесінде қазіргі кездегі оқу-ағарту саласындағы педагогикалық іс-әрекетті психологиялық білімдерді және тәжірибелік дағдылары қолдануды үйреніп, болашақ мамандарға мұғалімнің оқу-тәрбие процесінің сапасы мен қарым-қатынасында жоғары жетістіктерге жетуге, сонымен қатар педагогикалық қарама-қайшылықтарды шешудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.



Пәннің аталуы

Мектепке дейінгі педагогика тарихы

Қысқартылған атауы

МDРТ1306

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2,3

Оқытушының Т.А.Ә.

Наркулова Б.А.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық -15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредитттер / сынақ бірлестіктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквезиттері:Пәнді оқу нәтижесінде студенттер- шет елдегі және еліміздегі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізін; қазіргі заман жағдайында отандық және шетелдік мектепке дейінгі педагогиканың тарихына талдау жасауы; мектепке дейінгі педагогикадан меңгерген теориялық қағидаларын ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қолдануды; балабақшалардың даму және қалыптасу тарихын білу; меңгерген іс-тәжірибелерін кәсіби қызметінде қолдануды білуі қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Педагогика тарихы пәні, міндеттері, мазмұны. Ежелгі қайта өрлеу дәуіріндегі тәрбиелеу және оқыту тарихы. Білім беру жүйесі, оқыту және тәрбиелеу туралы ой-пікірлердің пайда болуы. Қазақстандағы ағартушы ғалымдардың педагогикалық көзқарастары. Педагогика ғылымының қазіргі даму жағдайы. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің алғашқы жүйесі және дамуы. Кішкене балаларға арналған қоғамдық тәрбие мекемелері. Қазақстанда және шет елдерде мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің дамуы. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларының қалыптасуы және жетілуі. Педагогикалық кадрларды даярлау тарихы. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі педагогика ғылымының болашағы

Мазмұны

Мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы. Тәрбие - қоғамдық құбылыс. Алғашқы қоғамдағы тәрбие. Алғашқы қоғамдық құрылыс тұсындағы балаларды өмірге даярлау тәсілдері. Антикалық Грецияда мекгепке дейінгі балаларды спартандық және афиналық жүйемен тәрбиелеу ерекшеліктері.

Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель мен Рим педагогі Марк Квинтилиан. Құлдық қоғамдағы мектепке дейінгі тәрбие. Феодалдық қоғамдағы мектепке дейінгі тәрбие. Қайта өрлеу дәуіріндегі балабақша және педагогикалық ой-пікірлер. Мектепке дейінгі тәрбиенің қажеттілігі жөніндегі идеяларды алғаш тұжырымдаған социалист-утопистер (Томас Mop, Т.Компанелла).



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

«Мектепке дейінгі педагогика тарихы» курсын толық меңгерген студент мектеп жасына дейінгі балалардың жұмыс жүргізуде, яғни олардың білімін, дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда методикалық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.



Пәннің аталуы

Педагогика

Қысқартылған атауы



оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстарв (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ӨСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 2

Оқытушының Т.А.Ә.

Битабаров Е.А.

Доцент / оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ тілі

Оқу жоспарымен сәйкестілігі

Міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30,

СӨЖ – 30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

1

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Психология», «Философия», «Тарих», «Мәдениеттану»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Болашақ мұғалiмдердi бүгiнгi педагогика ғылымның теориялық-әдiснамалық бiлiмдерiнiң негiздерiмен қаруландыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамның-экономикалық жағдайларының динамикалық өзгеру жағдайында оқушының жеке басын қалыптастыруда тұтас педагогикалық процестi тиiмдi ұйымдастыра бiлу икемдiгiн қалыптастыру болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Педагогика пәні және оның міндеттері. Даму, тәрбие, әлеуметтендіру. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі. Мектептегі педагогикалық процестің мәні. Тәрбие теориясы. Тәрбие принциптері. Тәрбиенің әдістері, формалары және құралдары. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушылардың жеке тұлғасына әсері. Дене тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиесі. Еңбек тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Дидактика. Оқыту принциптері. Оқыту әдістері. Сабақ – мектепте оқытудың негізгі формасы. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің байланысы.

Практикалық сабақтар: Педагогика пәні және оның міндеттері. Даму, тәрбие, әлеуметтендіру. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі. Мектептегі педагогикалық процестің мәні. Тәрбие теориясы. Тәрбие принциптері. Тәрбиенің әдістері, формалары және құралдары. Ұжымды қалыптастыру және оның оқушылардың жеке тұлғасына әсері. Дене тәрбиесі. Ақыл-ой тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиесі. Еңбек тәрбиесі. Эстетикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Дидактика. Оқыту принциптері. Оқыту әдістері. Сабақ – мектепте оқытудың негізгі формасы. Бала тәрбиесіндегі отбасы мен мектептің байланысы.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі

«Педагогика» курсын оқып үйрену нәтижесiнде студенттерде педагогикалық дағды мен тұтас педагогикалық процестi ұйымдастыру және басқару жүйесi қалыптасуы қажет.


3 семестр


Пәннің аталуы

Саясаттану

Қысқартылған атауы

пол

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Байқонысов Е.Р.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. «Саясаттану» пәнін оқып білу студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. «Саясаттану» курсын оқып үйретудің қорытындысы бойынша жоғарғы оқу орнының түлегі білу қажет:

-саяси ғылымының пәні мен әдісі туралы білім алу, саясаи ойдың негізгі бағытына көңіл бөлу;

-билік, мемлекет, азаматтық қоғам, саяси қарым-қатынастар және процестер саяси мәдениет жөнінде хабардар бөлу;

-саяси жүйелер мен саяси тәртіптерді ажырату, саяси партиялар мен белсенді топтарды, сонымен қатар саяси жетекшілерді білу қажет;

-өзіндік қорытынды жасауға;

-жазба жұмыстарды жазуға;

-рецензия жазуға;

-баяндамалар жасауға баулу:

-күнделікті өмірде және өзінің кәсіби іскерлігінде, саяси мәдениеттің жаңалықтарын иелену арқылы саяси білімді де меңгеруі қажет.


Мазмұны

Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.

Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты



Қоғамның саяси жүйесі .Мемлекет және азаматтық қоғам.Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстарСаяси режимдер, мәдениет, саяси элита, саяси идеология мен процестер және ҚР проблемалары.Саяси режимдерСаяси процесс және саяси қызмет Саяси сана және саяси мәдениет.Саяси элита және саяси көшбасшылық.Саяси технологиялар мен саяси идеология.Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар мен саяси болжамдар. Егемен Қазақстанның, саяси проблемалары

Семинарлық сабақтар Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және Қазақстан саяси ойларының тарихы.Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Салыстырмалы саясатттану.Билік саяси феномен ретінде.Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар және ұлт саясаты



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.



Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

соц

Оқу-ісі шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 3

Оқытушының Т.А.Ә.

Қорғанова С.С.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредитттер / сынақ бірлестіктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері. Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация. Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.Отбасы әлеуметтануы. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары.Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары Девиация және әлеуметтік бақылау.Саяси әлеуметтану.Мәдениет әлеуметтануы. Экономикалық әлеуметтану.Білім әлеуметтануы.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.Семинарлық сабақтар Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері1)М.Вебердің социологиялық тұжырымы 2) А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов т.б қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары. 1)Девиациялық мінез құлық және әлеуметтік бақылау2) Діни экстремизм құндылықтық қайшылық ретінде3) Қақтығыстар әлеуметтануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент әлеуметтің объектісі мен субъектісінің ұғымын, әлеуметтанудың алатын орнын анықтау қажет. Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасын әлеуметтанулық талдау. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын білу. әлеуметтік институттардың типтерін және әлеуметтік функцияналды ролін түсіндіру.Мінез құлықты ретке келтіруші институттар отбасы және отбасылық туысқандық байланыстар . Студент тақырыпты толық игеру үшін ҚР-дағы білім жүйесін және жастар әлеуметтануын оның құрамдас бөліктерін толық меңгеруі керек.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет