Оқу-өндірістік машықтанудың міндеттері



Дата07.02.2022
өлшемі14,42 Kb.
#83133
Байланысты:
ОКУ ТАЖРИБЕ КИРИСПЕ


Кіріспе
Оқу-өндірістік машықтанудан колледж студенті үшін оқу үрдісінің өте маңызды бөлігі. Себебі теориялық білімді бекіту мен тереңдетуге, мамандыққа қажетті іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға қызмет етеді.
Оқу-өндірістік машықтанудан өту оқу жоспарындағы өз мамандығы бойынша теориялық арнайы пәндерді оқып үйрену сияқты міндетті болып табылады.
Оқу-өндірістік машықтанудың міндеттері:
Студенттердің мамандыққа байланысты теориялық, білімдерін бекіту, жүйелеу, алған білімді нақты кәсіби міндеттерді шешуде пайдалану;
Машықтану туралы есепке қажетті материалдарды жинау, талдау;
Өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуде дағдылану.
Оқу-өндірістік машықтанудан өтуге теориялық сабақтарды оқу жоспары бойынша үлгеретін студенттер ғана жіберіледі.
Машықтануға дайындық кезеңінде студенттер алдағы жұмыстың бағдарламасымен, мазмұнымен танысып, керекті әдебиеттерді жинап, жетекшіден жұмыс әдістемесі жайлы консультация алуы керек.
Машықтану туралы есеп есеп машықтанудың бағдарламасы мен жетекшінің нұсқауына сәйкес құрылады.
Есепте төмендегі сұрақтар қамтылады:
Машықтану базасы, мерзімі, тәртібі туралы жалпы мәлімет;
Жұмыстардың мақсаты мен міндеттері;
Жұмыстың тәсілі;
Жеке тапсырманың мазмұны туралы қысқаша мәлімет;
Басқа істер туралы хабарлама, талдама.
Машықтану соңында 3 күннен соң жетекшіге мына құжаттар тапсырылуға тиіс.
Күнделік.
Оқу машығы туралы есеп.
Машықтану өткен жердегі мінездеме

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет