2.2 Пәнді оқыту міндеттері: -әлеуметтану мен саясаттану, мәдениеттану мен психология ғылымдарының негізгі бөлімдері мен өзекті тақырыптары бойынша білім беру;
-білім алушылардың саяси және әлеметтік, мәдени сана сезімін және жоғары саяси мәдениеті белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
- білім алушыларды әлеуметтік, сыни ойлау мен саяси талдауға үйрету;
- саяси әдіс пен тұжырымдамалар негізінде кәсіби мәселелерді шығармашылықпен шешудің жолдарын үйрету;
- білім алушылардың шығармашылық ойлау мен ғылыми зерттеу-жұмыстарға икемділігін қалыптастыру.
- ғылыми психологиялық бiлiмдер негiзiн қалыптастыру;
жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйеciн оқытып үйрету;
адамды ic-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектiсi ретiнде зерттеу үшiн психологиялық бiлiмдсрдi ғылыми негiзде қолданa бiлуге дағдылар қалыптастыру.
адамзат баласының тарихи-мәдени дамуының жалпы заңдылықтарын оқып-білу, оның басты бағыттарын айқындап көрсету;
мәдениеттану ғылымының қоғамдағы орны мен рөліне баға бере отырып, мәдениеттің теңдесі жоқ тарихы мен этноаймақтың феномендеріне сараптама жасау;
мәдениеттану ғылыми саласында қалыптасқан түрлі мектептердің ілімдерін игеру, олардың өзіндік бет-бейнесін айқындау, одан қалды үлгі боларлық мәдени құрылымдарды өзара салыстыру арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;
бүгінгі таңдағы мәдениет дамуының өзекті мәселелеріне мәдениеттанулық тұрғыдан ғылыми сипаттамалар беру және олардың мәнді, мәнсіз жақтарын айқындау.
2.3 Пән бойынша оқыту нәтижелері: Тиімді оқыту нәтижесінде білім алушы:
- адамның әлеуметтік өміріндегі саясаттану ғылымының орны туралы білімін көрсетеді;
- әлеуметтану мен саясаттану, мәдениеттану мен психология пәндерінің гуманитарлы білім жүйесіндегі маңыздылығын сипаттайды;
- әлемдік әлеуметтану мен саясаттану, мәдениеттану мен психологияның оқу пән ретінде даму кезеңдері мен негізгі парадигмалары туралы білімін көрсетеді;
-әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі категорияларын атайды;
- қоғам және саясат туралы теорияларды салыстырмалы түрде жіктейді;
- психология мен мәдениеттану теорияларын салыстырмалы түрде жіктейді;
- қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси және мәдени мәселелерді талдап, оларды шешудегі қосымша тәсілдерді, альтернативтік гипотезаларды атайды;
- психологияны оқып-зерттеудің әдістерін қолдана алуы;
психологияныңқазіргітеорияларынбілуі;
кәсіптік іс-әрекет жағдайында психологиялық алған білімін қолдану туралы түсінігі болуы қажет.
тақырыптар бойынша баяндама, реферат презентацияларын дайындау және сабақтар мен конференцияларда, дөңгелек үстелдерде сауатты қорғау;
нақтылы мәдениет контекстіндегі дүниетанымдық ахуалдарды анықтай білу;
адамзат тарихындағы дүниетанымдық мәселелерді қою мен шешудің альтернативтік тәсілдерін анықтай білу;
өмірлік мән мен мағынаны айқындау және өз позициясын қалыптастыру;
өз ойын тиянақты, қисынды жеткізе білу.
әлем мәдениетін ұғыну және дұрыс бейнелей білу;
мәдениеттану ғылымының негізгі категориялырын орынды пайдалану.