2.2 Пәнді оқыту міндеттері: -әлеуметтану мен саясаттану, мәдениеттану мен психология ғылымдарының негізгі бөлімдері мен өзекті тақырыптары бойынша білім беру;
-білім алушылардың саяси және әлеметтік, мәдени сана сезімін және жоғары саяси мәдениеті белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
- білім алушыларды әлеуметтік, сыни ойлау мен саяси талдауға үйрету;
- саяси әдіс пен тұжырымдамалар негізінде кәсіби мәселелерді шығармашылықпен шешудің жолдарын үйрету;
- білім алушылардың шығармашылық ойлау мен ғылыми зерттеу-жұмыстарға икемділігін қалыптастыру.
- ғылыми психологиялық бiлiмдер негiзiн қалыптастыру;
жалпы психологиялық категориялар мен ұғымдар жүйеciн оқытып үйрету;
адамды ic-әрекет, таным, қарым-қатынас субьектiсi ретiнде зерттеу үшiн психологиялық бiлiмдсрдi ғылыми негiзде қолданa бiлуге дағдылар қалыптастыру.
мәдениеттану ғылымының қоғамдағы орны мен рөліне баға бере отырып, мәдениеттің теңдесі жоқ тарихы мен этноаймақтың феномендеріне сараптама жасау;
мәдениеттану ғылыми саласында қалыптасқан түрлі мектептердің ілімдерін игеру, олардың өзіндік бет-бейнесін айқындау, одан қалды үлгі боларлық мәдени құрылымдарды өзара салыстыру арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету;
бүгінгі таңдағы мәдениет дамуының өзекті мәселелеріне мәдениеттанулық тұрғыдан ғылыми сипаттамалар беру және олардың мәнді, мәнсіз жақтарын айқындау.
2.3 Пән бойынша оқыту нәтижелері: Тиімді оқыту нәтижесінде білім алушы:
- адамның әлеуметтік өміріндегі саясаттану ғылымының орны туралы білімін көрсетеді;
- әлеуметтану мен саясаттану, мәдениеттану мен психология пәндерінің гуманитарлы білім жүйесіндегі маңыздылығын сипаттайды;
- әлемдік әлеуметтану мен саясаттану, мәдениеттану мен психологияның оқу пән ретінде даму кезеңдері мен негізгі парадигмалары туралы білімін көрсетеді;
-әлеуметтану мен саясаттанудың негізгі категорияларын атайды;
- қоғам және саясат туралы теорияларды салыстырмалы түрде жіктейді;
- психология мен мәдениеттану теорияларын салыстырмалы түрде жіктейді;
- қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік, саяси және мәдени мәселелерді талдап, оларды шешудегі қосымша тәсілдерді, альтернативтік гипотезаларды атайды;