Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс тезистері «Компьютерлік модельдеу технологиялары»



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата01.03.2023
өлшемі1,24 Mb.
#170705
түріПрограмма
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
Дәріс тезистері Комп.модел.техн. 2018-2019

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ҧлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
ЕҰУ Ф 703-08-17. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым 
21
4.
Власов, М.П. Моделирование экономических систем и процессов: Учебное пособие / М.П. Власов, 
П.Д. Шимко. - М.: НИЦ ИНФРА-М, 2017. - 336 c. 
 
Дәріс 8.
Тақырыбы: Модельдеудегі интерактивті оқу қҧралының ролі. 
Дәрістің мақсаты: 

Модельдеу кезінде интерактивті оқу құралын қалай қолдану жолдарымен 
таныстыру. 
Тҥйін сӛздер: 
интерактивті оқу құралы, математикалық модельдеу, ӛшетін тербелістерді модельдеу. 
Жоспар:
1.
Физикалық есептерді математикалық модельдеудегі интерактивті оқу құралының ролі.
2.
Электрлік тербелмелі контурдағы ӛшетін тербелістерді модельдеу. 
Физикалық есептерді математикалық модельдеудегі интерактивті оқу құралының ролі. 
Компьютерлік технологиялардың дамуы мен жаңа технологиялардың ғылымда пайда 
болуы жаңа бағыттардың бастамасын ашты. Қысқа уақыт аралығында микроэлектроника 
және кибернетиканың дамуынан ғылымда кӛптеген ӛзгерістер болды. Осы технологиялардың 
қарқынды дамуы, оқу ҥрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қазіргі кезеңдегі 
маңызды мәселелердің бірі және оны білім беру жҥйесінде пайдалану әлемдік білім беру
кеңістігіндегі негізгі қарқынға сай ҧмтылыс десе де болады. 
Компьютерді құру және оны мейілінше жетілдіру ғылыми және тәжірибелік қызметтің 
әртүрлі салаларында жаңа технологияларды құруға алып келді. Осындай салалардың бірі 
интерактивті білім беру саласы, яғни, бір буыннан екінші буынға жүйеленген білім, дағды және 
шеберлікті беру үрдісі.
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық – компьютерлік математикалық модельдеу негізінде 
даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет барысында пайда болатын мәселелерді 
формальды сипаттау дағдыларын, яғни ақпараттық - компьютерлік математикалық әдістері туралы 
кәсіби білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге, негізгі 
алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу және бұл білімдерді есептерді 
моделдері бойынша шешу, ЭЕМ және оның құрылғыларымен, ақпараттық технология құралдарымен 
жұмыс істеу және құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арнап бағдарламалау тілдерінің кӛмегімен 
бағдарлама құру және компьютерлік математикалық моделін жасау үшін қолдана алады. 
Қазіргі таңда әртүрлі ғылыми есептерді шығаруда жаңа технология кең қолданылуда және 
интерактивті оқу құралдарының ролі жоғары.
Интерактивті оқу құралы (ИОҚ) педагогикалық программалық құралдарға жатады. ИОҚ
оқытудың барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыруға сәйкестендірілген – оқу материалын 
мазмұндаудан бастап білімді бақылауға және қортынды бағаларды қоюға дейін. 
ИОҚ – оқыту программасы, яғни интерактивтік оқу процесін және білім деңгейін бақылауды 
қамтамасыз етуші, оқыту процесінің дидактикалық циклін жүзеге асырушы программа. Ережеге 
сәйкес мұндай оқулықта жүйелендірілген теориялық оқу материалы глоссарий (сӛздік), практикалық 
жұмыстар үшін тапсырма, пән бойынша тестік тапсырмалар және оны оқып білу нұсқауы болады.
Материалды мазмұндау үзіліссіздігі және толықтығы, қазіргі таңдағы ақпараттық құралдарды 
қолдану арқылы жұмыстардың жаңа дидактикалық сұлбаларын жүзеге асыру, мультимедиалық 
технологияларды кешендік қолдану, навигациялық мүмкіндіктер, ИОҚ – ның негізгі сапалық 
жүйелерінің тізімін құрайды. 
ИОҚ – дидактикалық құрал ретінде дәстүрлі оқулыққа қарағанда үлкен функциональдық 
мүмкіндіктерге ие. Осындай оқулықтардың дәстүрлі оқулықтармен оқу құралдарынан артықшылығы 
мынада: үлкен кӛрнектігі, мультимедиалық ақпараттарды кӛрсету мүмкіндігі, ақпаратты 
динамикалық тез іздеу мүмкіндігі, яғни жылдам ӛзгерту және толықтыру мүмкіндігі, 
интерактивтілігі.
Оқу процесінде ИОҚ – ын қолданғанда жас ерекшеліктерін ескере отырып ЭЕМ – ді 
қолданушының іс-қимылына психологиялық табиғилықты, қолданушының ЭЕМ - мен жұмыс жасау 
ыңғайлылығын және оның денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету керек.
ИОҚ кӛмегімен оқыту әдісі оқыту процесінің жаңа моделін жасауға мүмкіндік береді. Оған 
оқыту тәртіптерінің тізімін жасау және оқушының ағымдық күйі негізіндегі кезекті тапсырмасын 
генерациялау кезеңдері, жауаптарды эталонмен салыстыру енеді, сәйкес келмеген жағдайда қателерді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет