Дәріс 13.
Тақырыбы:
Өндірісті жоспарлау. Сызықты оптимизациялау есебі
Дәрістің мақсаты:
Ӛндірісті жоспарлауды есептің шешімін іздестіру процедурасы арқылы талдау
және программалық пакеттерді қолданып математикалық модельдер құруды үйрету.
Тҥйін сӛздер:
Windows қосымшаларында қолданылатын мәзірлер, математикалық пакеттер, есептің
шешімін іздестіру,қолданылатын параметрлер.
Жоспар:
1.
Есептің шешімін іздестіру процедурасын талдау және программалық пакеттерді қолданып
математикалық модельдер құру.
Қазіргі кезде компьютермен модельдеу және талдау имитациялық модельдерді қолдануға
негізделген ақпараттандырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты болып табылады және
экономикада, ӛнеркәсіпте, экологияда, қойнауларды пайдалануда және басқа да адам қызмет ететін
салаларда кеңінен қолданылады.
Ғылымда, техникада және экономикада қолданылатын модельдерді екі топқа, яғни
физикалық және математикалық модельдер тобына бӛлуге болады. Математикалық модельдеу деп,
берілген процестерді зерттеу үшін физикалық тәні әр түрлі болса да, ұқсас математикалық
ӛрнектермен бейнеленетін құбылыстарды қарастыру әдісі аталады. Мысалы, сызықтық теңдеулер
немесе теңсіздіктер жүйелері, кәсіпорынның, транспорт мекемесінің жұмысын жоспарлайтын модель
ретінде қарастырыла алынады. Ӛзінің универсальдылығымен қолдануға біршама жеңілдігі арқасында
математикалық модельдеу әртүрлі зерттеулерде кӛп қолданылады.
Жоспарлау-ӛндірістік және экономикалық есептердің кӛбісін шешу қандайда бір
ресурстардың таралуымен байланысты. Мұндай таралымды бір ғана тәсілмен шешіп қоюға
болмайды.
Сызықтық бағдарламалау есептері
таралымның кӛптеген тиімді нұсқаларын іздеумен
айналысады.
Мұндай есептердің қатарына:
|