Студенттердің өздігінен дайындауға арналған бақылау
сұрақтары:
1.Дағдыны қалыптастыру жолдарын психологиялық
тұрғыда дәлелде, мысал келтір
2.Оның іс-әрекетте атқаратын рөлін дәлелде.
3.Дағдының қалыптасу кезеңдерін сипатта.
Пайдаланылатын әдебиеттер::
1.Зимняя И.А. Педагогикалық психология.- Алматы, 2005.
– 368 б.
2.Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық. – Алматы:
2007. – 236
3.Лук А.Н.Мышление и творчество. – М.: Политиздат,
1976. – 144с.
4.Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 2006
23
4. Әліппенің құрылысы мен мазмұны
Дәрістің мақсаты: с
туденттерге
Әліппенің құрылысы мен
мазмұны туралы түсінік қалыптастыру. Әліппенің кезеңдері,
мақсат, міндеттері, атқарылатын жұмыс түрлерін меңгерту.
Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер
Жоспары:
1. Әліппенің құрылысы мен мазмұны
2. Даярлық кезеңіндегі оқу материалдарының жоспарлану
үлгісі.
3. Әліппенің кезеңдері, мақсат-міндеттері
1.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларға арналған
«Әліппе» оқулығы бойынша сауат ашу дәстүрлі үш кезеңге
бөлініп, жүзеге асырылады.
1. Әліппеге дейінгі кезең.
2. Әліппе кезеңі.
3. Әліппеден кейінгі кезең.
Әліппеде берілген оқу материалдары сауат ашудың осы
үш кезеңінің ерекшеліктеріне қарай орналасқан.
Әліппеге дейінгі кезең.
Әліппеге дейінгі кезеңнің мақсаты
–
оқушыларды сауат
ашуға даярлау. Сондықтан да оны «даярлық кезеңі» деп те атайды.
Жалпы сауат ашудың нәтижелі болуы даярлық кезеңінде
жүргізілетін жұмыстардың мейлінше сапалы болуына
байланысты. Демек, сауат ашуға даярлық жұмыстарын дұрыс
ұйымдастырып, ұқыпты жүргізуге баса назар аударылады.
Республика мектептерінде жүргізілетін эксперимент нәтижелері
балаларды оқу жұмысына төселдіру мен машықтандырудың ең
бір қиын тұсы
–
сауат ашудың даярлық кезеңі екенін көрсетеді.
Мұның өзі мұғалімнен үлкен педагогтік шеберлік пен ұстаздық
ұстамдылықты талап етеді.
Сауат ашудың даярлық кезеңіне оқу бағдарламасы бойынша
екі апта (14 сағат) бөлінеді. Аталған мерзім ішінде сауат ашудың
кезеңінде орындалуға тиісті міндеттер түгел жүзеге асырылуға
тиіс. Мұның ең алғашқысы – 1-сыныпқа оқуға келген балаларды
мектеппен таныстырып шығу. Ол мынадай тәртіппен жүргізіледі:
а) мектеп үйін, ондағы сынып бөлмелерін, оқушыларға
арналған ойыншықтар бөлмесін, спорт залын, шеберхана,
кітапхана, асхана, мектеп ауласы т. б. осы сияқты орындарды
көрсетіп, олардың өтейтін қызметін айту;
24
ә) Мектептегі оқушыларға қойылатын талаптар мен
ережелерді, күн режимін түсіндіріп, оларды бұлжытпай
орындауға баулу; мектеп мүлкін ұқыпты және таза ұстау туралы
алғашқы түсініктер беру; мұғалімдер мен мектептің басқа да
қызметкерлерін құрметтеу, оларға сәлем беру, ізеттілік пен
сыпайылық көрсету дәстүрлерін сақтауға үйрету;
б) оқу бөлмесі
–
сыныппен таныстыру; сынып мүліктері:
парта, үстел, тақта, орындық, шкаф, көрнекі құралдар мен
дидактикалық материалдар, техникалық құралдар, оларды күтіп
ұстау, сақтау;
в) оқу құралдарымен таныстыру: «Әліппе» оқулығымен
таныстырып, оқушылардың алғашқы кітабы
–
Әліппе екендігі
туралы айтып, оны жыртпай, кірлетпей күтіп ұстау жайында
түсінік беру; дәптер, қалам, қарындаш т. б. оқу құралдарымен
таныстыру;
г) сабақ туралы түсінік: мұғалім және оқушылар; олардың
өзара қарым-қатынастары; сәлемдесу, қоштасу тәртібі; сабақта
мұғалім берген сұрақтарға анық, естілетін дауыспен жауап
беру; қол көтеріп, мұғалімнің рұқсатымен сөйлеу; берілген
тапсырмаларды ұқыпты орындау; сабаққа белсенді қатысу;
мұғалім сөзін көңіл қойып тыңдау;
ғ) партада дұрыс отыру, дәптер мен қалам, қарындашты
дұрыс пайдалану ережелерімен таныстыру; оқушылардың
саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу;
д) мектептегі тазалық гигиенасын сақтауға үйрету;
е) сыныптағы, мектептегі оқушылар ұжымы туралы алғашқы
мағлұматтар беру;
ж) оқушылардың физиологиялық-психологиялық ерек-
шеліктері мен сауат ашуға дайындық дәрежесін есепке алу.
Сауат ашудың даярлық кезеңінде қойылатын негізгі
бағдарламалық талап оқушылардың тілі мен жалпы ой өрісін
дамыту арқылы оларды сөзге дыбыстық талдау – жинақтау жасау
жұмысына, яғни сауат ашуға даярлау, іс жүзінде баланы оқу
жұмысына баулу міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Бұл міндеттер оқушыларды ауызша сөйлеуге үйрету
барысында «сөйлем», «сөз», «буын», «дыбыс» деген ұғымдарды
нақты мысал арқылы практикалық жолмен түсіндіру негізінде
орындалады.
«Сөйлем» деген ұғымды оқушыларға түсіндіріп, саналы
25
түрде меңгертудің өте қиын мәселе екендігі белгілі. Алайда, онсыз
болмайды. Өйткені сауат ашуға даярлық мектеп табалдырығын
алғаш аттаған баланы ауызша сөйлеуге үйретуден басталады.
Ондай білім – мұғалім мен оқушының тілдік қатынасының құралы.
Ал «сөйлемді» сапалы меңгермейінше, ауызша сөйлей білу де
мүмкін емес - сөйлеу өзара байланысты сөйлемдерден тізіледі.
Сауат ашу кезінде, әсіресе оның даярлық кезеңінде,
оқушыларға мейлінше оңай, аз сөзді сөйлем құрылымдары
үйретілуі тиіс. Басқаша айтқанда, сөйлемді түсіндіру «жеңілден
ауырға қарай» деген дидактикалық принцип негізінде жүргізіледі.
Осыған орай, алдымен – екі сөзді сөйлемдер, одан әрі үш, төрт...
сөзді сөйлемдер үйретіледі.
«Сөйлемді» практикалық жақтан үйретудің тиімді тәсілдері
көп. Ондай тәсілдердің аса ұтымды түрлері ретінде төмендегілерді
ұсынуға болады:
1. Балаға таныс үй жануарларының, құстардың т.б. дыбыстау
ерекшеліктерін білдіретін, бастауышы – зат есімнен, баяндауышы
етістіктен жасалған екі сөзді сөйлемдерді құрастырып, айтқызып
үйрету.
Қой маңырайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Түйе
боздайды. Ит үреді. Мысық мияулайды. Қасқыр ұлиды. Қарға
қарқылдайды. Қаз қаңқылдайды. Тышқан шиқылдайды.
Аталған сөйлемдерді тиянақты меңгерту үшін негізінен
сұрақ-жауап (диалог арқылы әңгімелесу) әдісін қолданған жөн:
- қой қалай дыбыстайды?
- қой маңырайды.
- ит қалай дыбыстайды?
- ит үреді.
Қарамен жазылған сөйлемдер хормен жеке-жеке қайталанып
айтылады. Дәл осы тұста мұғалім «сөйлем» деген терминді
қолданады. «Қой маңырайды» деген – сөйлем, «Ит үреді» деген
де – сөйлем екенін айтады. Бұдан кейін балаларға осы үлгі
бойынша сиыр, жылқы, қасқыр т.б. туралы өздігінен сөйлем
құрастыру тапсырылады.
Мұндай жұмыс түрлері орындалғаннан кейін, оқушылар
«сөйлем» деген ұғымды түсініп, одан әрі пайдалана бастайды.
Сөйлемдерді түсіндіру барысында сұрақ қою мәселесіне
мұқият қарау керек болады. Бұл жерде «Не істеді?», «Не не
істеді?», «Не не қылды?», «Не қайтті?» сияқты грамматикалық
сұрақтарды қоюға болмайтыны ескерілуге тиіс.
26
Бұл сөйлемдерді үйрету оңай деп, сабақта көрнекі құралдарды
пайдаланбау дұрыс болмайды. Дәл бұл тұста көрнекілік баланың
бұрыннан қабылдаған заттық, құбылыстық түсінігін нақтылап,
жаңғыртып елестетеді. Ал мұның өзі оқушыны жаңа білім
алуға итермелейді. Сондықтан сөйлем жасау барысында оған
тікелей қатысты көрнекілік құралдарының (дыбыс шығарған
жануарлардың суреттері, ойыншықтар т.б.) көрсетіліп отырғаны
жөн.
Берілген сөйлем құрылымдарын оқушылар толық меңгерген
соң, солар типтес мынадай екі сөзді сөйлем түрлерін үйретуге
болады.
Достарыңызбен бөлісу: |