Пән бойынша
тәжірибе жетекшісі _________________ Жакупова Шнар Аскаровна
қолы) (аты-жөні)
ОҚУ-ТАНЫСУ практика кезіндегі алынған
іскерліктер мен меңгерілген дағдыларды қорытындылау
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.
Н.Ә.Назарбаев
Әрбір елдің болашағы, қазіргі жастардың қолында, яғни білімді жастардың қолында. Мен Руслан Пангерейұлы Хамза _ курсы 1, 2021 ж. 12.04. – 01.05.аралығында, . аралығында 1 – курстағы Оқу-танысу практиканы Атырау қ. орналасқан № Х. Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектепте өткіздім. Практика жетекшісі, педагог-модератор Жакупова Шнар Аскаровна болып бекітілді. 10 «В» сыныппен тиянақты түрде жұмыс істеуге тырыстым. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Маған ұнағаны, мектептгеі іс-тәжірибе жетекшім болған Жакупова Шнар Аскаровна оқушыларға сабақ беру методикасы, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білуі. Мен өз мүмкіншілігім мен қабілетімді тексере отырып, яғни университетте алған теориялық білімдерімді іс-тәжірибеде жан-жақты пайдалана алдым деп ойлаймын. Оқушыларға еңбек, қоғамдық, саяси іздену қабілетерін арттыру үшін әр түрлі педагогикалық әдістерді қолдандым. Өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Алғашқы күннен бастап, мұғалім ретінде сезініп, мен осы қызмет түрінің барлық жауапкершілігі мен маңыздылығын түсіндім.
10 «В» сыныбының оқу-тәрбие жұмысымен таныстым. Сынып жетекшісі әдістемелік көмек көрсетті. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, оқушылардың міндеттері және құқықтарымен толық танысып шықтым. Мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. Оқушының даму деңгейіне диагностика жасаумен де айналыстым. Оқушылардың күнделіктерін, дәптерлерін тексеріп, кемшіліктерін айтып, олардың дұрысталуына ат салыстым. Осы практикадан өткен барлық уақыт ішінде мен коммуникация дағдыларын жақсартып, сабақты дайындау және ұйымдастыру тәжірибесіне ие болдым. Жетекшімнің сабақтарын қызығушылықпен тыңдадым. Сабақ жүргізу барысында сөйлеген сөздеріне көңіл аудардым. Осы өткізілген тәжірибе мынадай іс-шара негізінде жүрілді.. Тәжірибе өту барысында мұғалімнің сабақтарына қатыстым, сол мұғалімдермен сабақты талдау нәтижесінде өзім білмейтін жаңа мағлұматтармен таныстым. Болашақ маманға қажетті білімдер мен дағдылардың қалыптасуына педагогикалық қабілеттілікті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүргізілді. Бұл тәжірибеден тұтас педагогикалық үрдісті бақылау мен талдау, кәсіптік үлкен тәжірибе әдіс тәсілдері меңгеріледі.
Университетте алған теориялық білімдерді тереңдетіп, іс жүзінде ұштастыра қолдана білдім. Тәжірибе барысында тағайындалған жетекші, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болды. Олардың сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтадым. Соңғы күні тәжірибе жұмыстарын аяқтап, оны есеп беруге енгізу тіркелді. Менің жұмысымда жетекшім көп көмектесті. Танысу тәжірибесі теориялық білімді практикалық біліммен байланыстыру көмегі өте зор.Тәжірибе кезінде мен мұғалімнің сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмысына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым, практика теориялық білімді тәжірбиелік біліммен байланыстыру кезінде көмегі өте зор. Практика барысында оқытушылоардың сабақты беру кезіндегі өзіндік бір амалдарымен таныстым. Жетекшімнің берген барлық тапсырмаларына аса жауапкершілікпен қарадым.
Практика кезінде мен оқытушылардың сабақ беруін бақыладым. Жетекшімнің жұмыстарына көмектесіп, жұмыс жоспарымен таныстым. Тәжірбиені өту кезінде педагогикалық қарым-қатынастың білімдері мен біліктерін дамыттым.
Ұстаз – өз ойын тиянақты жеткізу керек деп ұғындым. Мен педагогтің қалай көрінуі керектігі туралы, оның балалармен жұмысы туралы өз ой-пікірімді толықтырдым. Іс жүзінде алынған тәжірибе маған пайдалы. Тарих пәнінің қызықты әрі керек пән екенін оқушылардың көздерін жеткізуге тырыстым және мамандығым бойынша жұмыс атқаруға асықтым, осы уақыт аралығында болашақ мұғалім ретінде біршама тәжірибе жинақтадым.
Студент-тәжірибеші : __________________ Хамза Р.П.
(қолы) (аты-жөні)
Пән бойынша
тәжірибе жетекшісі _________________ Жакупова Шнар Аскаровна
қолы) (аты-жөні)
Достарыңызбен бөлісу: |