3.Курстың саясаты мен форматы.
Аудиториялық сабақтар курсты оқу бойынша методикалық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі. Әрбір тақырыпты оқу кезінде жұмыс дәптерінде зерттелген тақырыптың мақсаты, тапсырмасы, шешімі және қорытындысы көрсетілуі керек. Сабақтың бағасы сабаққа келуі бойынша 1 балл, жауап беруі және қатысуы бойынша 1- ден 3 баллға дейін есептеледі. СОЖӨЖ аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді. Аудиториялық толық өңделген бақылау жұмысы түрінде жұмыс дәптерінде және реферат түрінде орындалады.
Сабаққа қатысу: Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу керек. Дәріс кезінде түсінбеген материалдарды оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрауға болады. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап беруі тиіс.
Үй жұмысы: үй жұмысы өткен материалды бекіту үшін және міндетті түрде орындау үшін арнайы жасалған. График бойынша әр тақырыпытың соңында тапсырылуы керек.
Тәртіп: Сабақ үстінде үнемі тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылып, жіберіледі және барлық курс бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады. Сабаққа кешігіп келуге болмайды, сабаққа кешіккен студент дәрісханаға кірмейді. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |