Байланысты: ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
1869 - Ақтөбе қаласының салына бастауы.
1870 - Маңғыстау қазағының патша үкіметі отаршылдық саясатына қарсы күресі.
- Қостанай қаласы негізінің қалануы.
1880 - Патша үкіметінің қазақтардың Томск губерниясының Құлынды даласына көшуіне рұқсат етуі.
1881 - Семей облысының аумағында Қазақ миссиясы қызметінің құрылуы.
1881 - Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісуға қоныс аудару жөнінде Ресей мен Қытай арасында Санкт-Петербург келісіміне қол қойылуы.
1881-1884 - Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына жаппай қоныс аударуы.
1883 - Патша үкіметінің сенімді деген шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуға ресми түрде рұқсат етуі.
1890 - «Закаспийск облысын басқару жөніндегі уақытша Ереже» бекітілді.
1891 - «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереженің» бекітілуі және Дала генерал-губернаторлығының құрылуы.
1896-1903 - Ф. Щербина басқарған экспедицияның Ақмола, Семей және Торғай облыстарының 12 далалық уезін зерттеген жылдары.
1897 - Ресей империясындағы Бүкілресейлік алғашқы халық санағы өткен жыл.
1901-1905 - Орынбор-Ташкент теміржолының салынуы.
- Қазақстанда шаруа бастықтары лауазымды қызметінің енгізілуі.
- Дала генерал-губернаторлығында ауыл мектептерінің ашылуы.
1903 - «Сырдария, Ферғана және Самарқан облыстарындағы қазыналық жерлерге ерікті түрде қоныс аудару туралы жаңа Ережелердің» қабылдануы.
1904-1906 - Қазақстан аумағында қоныс аударушы шаруаларды орналастыру үшін – Торғай - Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аудандарының құрылуы.
- Бірінші орыс революциясы.
- Ресейдегі азаматтық бостандықтар туралы Манифест.
- Қазақтың I Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы.
1907 - Қазақтың II Мемлекеттік Дума жұмысына қатысуы.
1911-1915 - «Айқап» журналының шығып тұрған жылдары.
1913-1918 - Жалпыұлттық «Қазақ» газетінің шығып тұрған жылдары.
1914 - Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.