Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет3/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
Бірінші бөлім


ҚАЗАҚСТАННЫҢ XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУЫ


& 1. XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Қазақ хандығының құрылғанын естеріңе түсіріңдер. Қазақ хандығының XV-XVII ғасырлардағы аса көрнекті мемлекет қайраткерлерінің аттарын атаңдар. Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңын енгізуінің мақсаты не еді?

  1. Қазақ хандығының ішкі жағдайы. Тәуке хан билік еткен жылдары Қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында саяси тұрақтылық орнады, заңдар қатаң сақталды, ішкі алауыздық азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. XIX ғасырдағы орыс зерттеушісі И. Крафт: «Ол ... ру-тайпалар жерінің аумағын нақты белгілеп, жер пайдаланудың тәртібін енгізді» деп атап өтеді. Барымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндегі алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік қабілеті күшейді.

Аталмыш кезеңде қазақтар көшпелі тұрмыс салтымен қатар, егіншілік және қолөнершілік кәсіппен айналысты. Көшпелі мал шаруашылығы егіншілікті және қалалық орталықтармен тығыз байланысты болды.
Ішкі ауызбірліктің арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзенінің төменгі аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамына қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер енген билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл халықтың және хандықтың бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, парасатты шешім қабылдап отырды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды.
Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А. И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазды: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылға созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарған әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет