11
қасқыр, түлкі, арыстан, жолбарыс т.б. жатады. Өлген жануарлардың
қалдықтарымен немесе басқа ағзалардың зақымдалған бөліктерімен
қоректенетін ағзалар бар, оларды
өлексежегіштер
немесе сапрофит-
тер деп атайды. Басқа ағзалармен қоректенетін, бірақ оларды бірден
өлтірмейтін жануарлар бар, олар –
паразиттер
. Өсімдіктердің паразит
жануарларына көптеген жұлдызқұрттар, жапырақжегіш қоңыз, біте т.б.
жатады. Жануарлардың паразиттері – бүрге, бит, маса, қандала, сондай-
ақ әртүрлі паразит құрттар. Кейде экологтар өсімдіктердің паразиттерін
шөпқоректілермен, ал жануарлардың паразиттерін сүтқоректілермен
(жыртқыштармен) біріктіреді. Сондықтан жануарлардың үш не төрт
қоректену типін ажыратады (2-сызба).
2-
сызба
Әртүрлі қорекпен, өсімдікті әрі жануартекті қорекпен қоректенетін
жануарлар да бар. Оларды
талғаусыз қоректенетіндер
деп атайды.
Оларға аю,
егеуқұйрық, шошқа, шимпанзе т.б. жатады.
Қорек неғұрлым қолжетімді болса, ағзаға тіршілік ету соғұрлым
оңай. Ағзалардың барлығы қорек табуға ұмтылады, сондықтан олардың
арасында
бәсекелестік
туындайды. Ең күшті қоректік бәсекелестік
қажеттіліктері ұқсас ағзалар – бір тұқымтоп, үйір т.б. мүшелері арасын-
да болады. Бәсекелестікті азайту үшін жәндіктердің көптеген түрлері
тіршілігінің әртүрлі кезеңінде түрлі қорекпен қоректенеді. Инеліктің
дернәсілдері тұщы суқоймада тіршілік етіп, ұсақ су жануарларымен
қоректенеді, ал ересек инелік ұшатын жәндіктерді жейді (3-сурет).
Басқалар жемейтін қорекпен қоректенетін жануарлар да бар. Мысалы,
ағаш сүрегін қорытатын термиттер немесе басқа тұяқтылар жей алмай-
тын жантақты жейтін түйелер.
Достарыңызбен бөлісу: