240
ЗЕРТÕАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
1-зертханалық жұмыс.
Тірі ағзалар үшін судың қасиеті мен маңызын
сипаттау.
Жұмыс мақсаты:
тәжірибе негізінде судың кейбір қасиеттеріне көз
жеткізу, оның тірі ағза үшін маңызы туралы қорытынды жасау.
Құрал-жабдықтар:
су, мұз түйірі, су термометрі, сынауық,
жандырғы, 5Х5 см дәптер қағазы, әртүрлі монеталар, шыны капилляр
түтікшесі,
өлшеуіш стақан немесе колба, Петри табақшасы.
Орындауға арналған тапсырма.
1. Ыдысқа су құйып, оған мұз салыңдар. Не байқалады? Мұз жеңіл
ма әлде су жеңіл ме? Оның ағза үшін қандай маңызы бар?
2. Сынауыққа су құйып, оны қайнағанша қыздырыңдар. Қайнаған
су температурасын өлшеңдер. Судың бөлме температурасына дейін суу
уақытын анықтаңдар. Судың жылусыйымдылығы туралы не айтуға
болады? Оның тірі ағза үшін қандай маңызы бар?
3.Суы бар стақанға немесе колбаға капилляр түтікшені сал. Не
байқалады? Егер түтіктің бос ұшын саусағыңмен жауып, стақаннан
алса, не болады? Судың қандай қасиетін байқадыңдар? Оның тірі ағза
үшін қандай маңызы бар?
4. Петри табақшасына су құйыңдар Судың бетіне абайлап, 5Х5
см дәптер парағын қойыңдар. Қағаздың ортасына ең кішкетай моне-
таны қойыңдар. Не байқадыңдар? Ол монетаны алып, оның орнына
үлкендеуін қойыңдар. Судың беттік керілу күші туралы не айтуға бо-
лады? Эксперименттердің қайсысынан су молекуласының когезия және
адгезия құбылыстарын байқадыңдар? Осы қасиеттердің тірі ағзалар
үшін қандай маңызы бар?
Достарыңызбен бөлісу: