241
2. Сынауыққа йодтың ашық қоңыр түсті ерітіндісін дайындаңдар.
Йод ерітіндісі крахмал көмірсуымен әрекеттескенде көкшіл түс пайда
болады. Йод ерітіндісін әртүрлі өнімдері бар сынауыққа құйыңдар.
Қандай өнімде крахмал бар екені туралы қорытынды жасаңдар.
3. Сутек асқын тотығы белгілі бір нәруызбен әрекеттескенде 1–2
минут көпіршік түзіледі. Сутек асқын тотығын әртүрлі өнімдері бар
сынауыққа құйыңдар. Қандай сынауықта сутек асқын тотығымен
әрекеттесетін нәруыздар бар екені туралы қорытынды жасаңдар.
4. Нәруыз болса, сынауықты шайқағанда, су ерітіндісінде көбік
түзіледі. Әртүрлі өнімдері бар сынауыққа су құйып, шайқаңдар. Қандай
өнімде нәруыз бар екені туралы қорытынды жасаңдар.
5. Сүзгі қағазын ортасынан бүктеңдер. Оның ішіне зерттелетін
өнімнен салып, келсаппен езіңдер. Өнімді алыңдар. Сүзгі қағазда май
дақтары байқала ма? Қандай өнімде май бар екені туралы қорытынды
жасаңдар.
6. Әртүрлі тамақ өнімдерінде органикалық заттар бар екені туралы
жалпы қорытынды жасаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: