6-зертханалық жұмыс. Антибиотиктерді, антисептиктер мен залал-
сыздандыратын заттарды пайдалану.
Жұмыс мақсаты : бактерияларға антибиотиктердің, антисептиктер
мен залалсыздандыратын заттардың әсерін зерттеу.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: 1) алдын ала дайындалған
пішен таяқшасы;
2) колба, пішен, мақта тығын, 6 сынауық; 3) микроскоп, көк сия,
бензилпенициллин ерітіндісі (10 мл-ге 1000000 бір.), йод, зеленка, хлор-
ка, сұйық сабын, лупа, шыны таяқша, заттық шыны, жабын шыны,
тамшуыр.
Орындауға арналған тапсырма 1. Пішен таяқшасы себіндісін алдын ала дайындап қою керек. Суы
бар колбаға пішен таяқшасын алу үшін азғантай пішен салыңдар. Басқа
бактерияларды жою үшін колбаны мақта тығынмен жауып, 30 минут
қайнатыңдар. Қайнатқан кезде пішен таяқшасы тіршілігін жоймайды.
2. Алынған тұнбаны сүзіп, ерітіндіні бөлме температурасында
(20–25°С) бірнеше күнге қалдырыңдар. Біраз уақыттан кейін пішен
таяқшасының бактериялары көбейе бастады. Сөйтіп судың бетін тұтас
бактерия қабаты жауып қалады.
3. Пішен таяқшасын көру үшін сынауыққа аздаған су құйыңдар.
Оған пішен таяқшасы бар ерітіндіден шыны таяқшамен алған сынама-
мен араластырыңдар. Алынған ерітіндіні 6 сынауыққа бөліп құйыңдар.
Бірінші сынауыққа 2–3 тамшы йод, екіншісіне – зеленка, үшіншісіне
– хлорка, төртіншісіне – пенициллин, бесіншісіне – сұйық сабын
тамызыңдар. Алтыншы сынауыққа ешнәрсе қоспайды. Зеленка және
йоды бар сынауықтан басқа пішен таяқшасы бар барлық сынауыққа 2–3
тамшы көк сия тамызыңдар. Сосын бактериясы бар боялған ерітіндіні
заттық шыныға тамызыңдар. Оны жабын шынысымен жабыңдар.
Микроскоппен барлық 6 сынауықты кезек-кезек қараңдар.
4. Сынауықтардан не көргендеріңді сипаттаңдар. Алған білімге,
оқулық материалына және бақылауға сүйеніп, қандай қорытынды
жасауға болады?
5. Интернетті пайдаланып өз нәтижелеріңді осыған ұқсас виртуалды
зертханалық жұмыс нәтижесімен салыстыруға бола ма?