4-зертханалық жұмыс. Пішен таяқшасы бактериясының сыртқы
түрін қарау.
Жұмыс мақсаты: Пішен таяқшасы бактериясының құрылысының
ерекше екеніне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар мен материалдар : 1) пішен таяқшасы; 2) кол-
ба, пішен, мақта тығын; 3) микроскоп, көк сия, лупа, шыны таяқша,
заттық шыны, жабын шыны, тамшуыр.
Орындауға арналған тапсырма. Пішен таяқшасы себіндісін дайындап қою керек. Суы бар колбаға
пішен таяқшасын алу үшін азғантай пішен салыңдар. Басқа бак-
терияларды жою үшін колбаны мақта тығынмен жауып, 30 минут
қайнатыңдар. Қайнатқан кезде пішен таяқшасы тіршілігін жоймайды.
2. Алынған тұнбаны сүзіп, ерітіндіні бөлме температурасында
(20–25°С) бірнеше күнге қалдырыңдар. Біраз уақыттан кейін пішен
таяқшасының бактериялары көбейе бастады. Сөйтіп судың бетін тұтас
бактерия қабаты жауып қалады.
3. Пішен таяқшасын көру үшін сынауыққа аздаған су құйыңдар.
Оған пішен таяқшасы бар ерітіндіден шыны таяқшамен алған сына-
мамен араластырыңдар. Пішен таяқшасы бар сынауыққа 2-3 тамшы
көк сия тамызыңдар. Сосын бактериясы бар боялған ерітіндіні заттық
шыныға тамызыңдар. Оны жабын шынымен жабыңдар. Микроскоппен
қарағанда түссіз пішен таяқшалары, айналасында көк ерітінді көрінеді.
4. Пішен таяқшасының суретін салып, сипаттаңдар.