ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Э. Михель, Р. А. Əмірханов,
КОРПОРАТИВТІК ҚАРЖЫ
Оқулық
Алматы, 2012
УДК 336
ББК 65.29
К 68
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
экономика ғылымдарының докторы, профессор Ұ. М. Искаков; экономика ғылымдарының докторы, профессор А. Қ. Тұрғұлова; экономика ғылымдарының докторы, профессор Н. Н. Ибришев
Михель Э. Э.
68 Корпоративтік қаржы: Оқулық. / Э. Э. Михель, Р. А. Əмірханов,
А. Жолмырзаева, Ж. С. Мұхаметжанова – Алматы. 2012. – 316 б.
ISBN 978-601-80311-7-5
Ұсынылып отырған оқулықта корпоративтік қаржының базалық тұжырым-дары баяндалып, қазіргі уақыттағы корпорация қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері, функциялары, қаржы категориясының мəні, маңызы ашылып, қаржы-кредит шешімдерін қабылдау кезіндегі қаржы-экономикалық есептердің математикалық негіздері келтірілген.
Корпоративтік қаржы – арнаулы курс жəне корпорация қаржысының маңызын зерделейтін бұл пəннің мақсаты – қаржылық категорияларды, ұғымдарды, терминдерді ұғып алу, олардың əлеуметтік-экономикалық үдерістегі орны мен рөлін білуде студенттердің теориялық жəне практикалық жағынан əзірлігін қамтамасыз ету.
Оқулық қаржы мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер-ге, магистранттарға, сондай-ақ осы пəннен сабақ беретін оқытушыларға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |