Қосылғанқұнсалығы–тауар немесе қызмет өндірісінің үрдісінде қосылатын құн салығы (қосылған құнды қара.)
Құрылымдық ассиметрия – рыноктың əртүрлі сегменттерінің біркелкі емес негізде дамуы (тауарлар, қызметтер, еңбек, капитал, жер рыноктары).
Құрылымдық жұмыссыздық –жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының сəйкессіздігенен туындаған жұмыссыздық.
Құрылымдық саясат – ұлттық мүддеге қызмет ететін немесе ішкі жəне сыртқы рыноктарда бəсекеге қабілетті салаларды қорғау мен ынталандыру мақсатында халық шаруашылығының қайта құрылуы мен тұрақты ұзақмерзімді экономикалық өсу үшін жағдайларды құру мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары.