Оқулық Алматы, 012 ббк 65. 29 К 68


Меншікті капиталдың рентабельділігі



бет91/179
Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#96156
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179
Байланысты:
mihel-korporativtik-karjy

Меншікті капиталдың рентабельділігі. Таза пайданың меншікті капиталдың орташа мөлшеріне қатынасы ретінде анықталады. Атал-мыш көрсеткіш меншікті капиталдың бір теңгесіне пайданың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.
МКП = ТП : МК.

Дюпон теңдеуі (сондай-ақ Дюпон үлгісі немесе Дюпон формула-сы) рентабельділіктің қай факторға байланысты өзгергенін анықтауға мүмкіндік беретін түрлендірілген факторлық талдау болып табылады. Ежелгі құрылым түріндегі факторлық үлгінің негізі – меншікті капи-тал рентабельділігінің көрсеткіші (ROE), ал белгілері – кəсіпорынның өндірістік жəне қаржы қызметтерін сипаттайтын факторлар. Қарапайым тілменайтқанда,ROE-геəсерететінфакторлар:қайфакторларменшікті капитал рентабельділігіне көп не аз деңгейде əсер ететіндігін анықтау мақсатында бөлшектенеді. Негізгі үш фактор:


операциялық рентабелділік (пайда мөлшері ретінде өлшенеді); активтерді пайдаланудың тиімділігі (активтердің айналымдылығы


ретінде өлшенеді);
қаржы тұтқасы (капиталдандыру коэффициенті ретінде өлшенеді).
Үш факторлы үлгі төмендегі формула түрінде көрсетілген:
ROE = (таза пайда / түсім) х (түсім / активтер) х (активтер / капитал)



  • (пайда мөлшері) х (активтердің айналымдылығы) х (капиталдандыру коэффициенті).




    • пайда мөлшері (ROS) = таза пайда : түсім;

    • активтердің айналымдылығы = түсім : ВБ;

    • капиталдандыру коэффициенті = ВБ : МК.

Дюпон теңдеуін қолдану

Қарапайымдылығынақарамастан,əдістемедеүшмаңыздықұрамдас бөлік көрсетілген:



187


  1. Бизнес тəуекелдіктерінің құрылымы.




  1. Тəуекелдіктердің өзгеру қарқыны.




  1. Капитал құнын қосымша бағалау.

Мəселе мынада, есеп бағасы мен нарықтық құн өте қатты айрықшаланады. Нарықтық құнмен – құрылымдық тəуекелдіктер жəне ішкі факторлардың бір бөлігін көрсететін пайда қарқынының есебімен салыстырғанда ROE қосымша баға береді. Жəне бұл бизнес иелері мен əлеуетті инвесторлар үшін өзекті. Сондықтан Дюпон əдістемесі талдаудың қосымша құралы ретінде инвестициялық жобалардың тəуекелдіктерін бағалау үшін де пайдаланылады.


Ұйымның қаржы жағдайының ең маңызды сипаттамаларының бірі – ұзақ мерзімді болашақтағы оның қызметінің тұрақтылығы. Ол ұйымның жалпы қаржы құрылымымен, оның кредиторлар мен инвесторларға тəуекелдік деңгейімен байланысты.


Ұйымның қаржы тұрақтылығы экономикалық көрсеткіштердің тұтас жүйесімен сипатталады. Сондықтан осы көрсеткіштерді кешенді түрде қарастырғаннан кейін ұйымның қаржы тұрақтылығының деңгейін объективті бағалауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет