Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Білім мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім



Pdf көрінісі
бет4/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
пед менеджмент

 1.1. Білім мен басқаруды жетілдіру факторы ретінде білім 
жүйесінің заманауи жағдайы жəне даму келешегі
Индустриалдық қоғамнан ақпараттық (постиндустриалдық) 
қоғамға ауысу білімнің адам тіршілік əрекетіндегі алатын басты рөлін 
анықтайды. Білім сапасы тек бір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның 
да табыстылығының маңызды факторы болатындай қоғамдық өмірдің 
аясында қалыптасуда. Квалиметрия саласындағы белгілі маман 
А. И. Субетто: «XXI ғасырдың адам жəне қоғамының жаңа онтология-
сында адам қасиеттерінің, қоғам парасатының сапасы жəне қоғамдағы 
білім беру жүйесі сапасының озық даму заңы тұрақты даму шарты бо-
лып табылады» деген [99, 44 б.]
Осының салдарынан, бүгінгі таңда бүкіл білім беру жүйесінің да-
муымен қатар, оның бөлек мекемелерінде де даму стратегиясының 
бағыттарын анықтау маңыздылығы едəуір өсуде. Осы саладағы ма-
мандар мақұлдағандай [16], стратегиялық менеджменттің мəні – үш 
маңызды сұраққа жауап беруінде:
– Қазіргі таңда кəсіпорын қандай жағдайда?
– Бірнеше жылдан кейін ол қандай жағдайда болғысы келеді?
– Күтілетін жағдайға қалай жетуге болады?
Менеджерлер бірінші сұраққа жауап беру үшін кəсіпорынның 
ағымдағы жағдайын ұғынумен қатар, осы кəсіпорын құрауышының 
бірі болатын жүйенің ерекшеліктерін де жақсы түсінуі тиіс. Мұнда 
стратегиялық көру, əлеуметтік өмірдің тиісті саласының даму келешегін 
түсіну қажет. Осы себептен кез келген саладағы басқару, сонымен 
қатар, білім беру жүйесінде ерекше деңгейдегі басқару болжамдық 
(келешектік) сипаттағы ақпараты бар негізгі нормативтік-құқықтық 
құжаттарға негізделуі тиіс.
Осы нормативтік-құқықтық актілерді əрекет ету саласы, олар-
ды шығаратын субъектілері жəне басқа көптеген белгілері бойын-
ша жіктеуге болады. Заңдық күші бойынша нормативтік-құқықтық 
құжаттар 2 топқа бөлінуі мүмкін:
1) жоғары заңдық құқыққа ие заңдар - актілер; 
2) заңға тəуелді актілер - заңдарға негізделген жəне оларға қарама-
қайшы келмейтін актілер. 
Білім беру қызметін жəне басқаруды реттейтін құжаттардың бірінші 
тобына Қазақстан Республикасының Конституциясы жəне 2007 жылғы 
ҚР-ның «Білім туралы» Заңы жатады. Екінші – аса кеңейтілген топ, 


8
мысалы, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 12 жылдық 
орта білім туралы тұжырымдамасы жəне Қазақстан Республикасының 
үздіксіз педагогикалық білімінің тұжырымдамасы, ҚР Үкіметінің 
қаулысымен бекітілген білім бағдарламаларын іске асыратын Білім 
ұйымдары қызметінің типтік ережелері сияқты құжаттар ұсынылған.
Қазақстан Республикасындағы білім жағдайы жəне дамуы тура-
лы Ұлттық баяндамада (2008 ж.) «білім беруді дамытудың заманауи 
кезеңінде тұрғындар үшін білім беру қызметтерінің жоғары сапасына 
қол жеткізу айрықша маңызды. 2000 жылы Нью-Йоркте ең дамыған 
елдер, Мемлекеттер Басшылары Саммитінің Декларациясымен 
қабылданған мыңжылдықтың даму мақсаттарының бірі – жалпы баста-
уыш білімге қол жеткізу, білім беру жүйелерінің бағытында ең жоғары 
сапасын белсенді жетілдіру [66, 4 б.]. 
Белгілі болғандай, тұрғындардың білімділік сапасының межелері, 
адам денсаулығы, ұзақ өмір сүруі, ІЖК мөлшері əртүрлі интегралдық 
ел аралық өлшемдерінің көрсеткіштері болады. Олардың ішіндегі, 
ең танымалдарының бірі – əртүрлі елдер мен өңірлердің өмір сүру 
деңгейлерін салыстырмалы талдаудың стандарттық құралы болатын 
адамның даму индексі. Тұрғындар білімділігі екі параметрдің негізінде 
- ересек тұрғындардың сауаттылығы жəне білім берудің негізгі 
деңгейлерімен (бастауыш, орта жəне жоғары) тұрғындардың қамтылуы 
дəрежесі арқылы анықталады. Қазақстан Республикасындағы білім 
беру жағдайы жəне дамуы туралы Ұлттық баяндамада (2008 ж.) 
айтылғандай, соңғы 12 жылда адам даму индексінің (АДИ) артуы бо-
йынша елдердің тиісінше рейтингісінде Қазақстан 20 орынға жоғары 
көтеріліп, Беларусь жəне Ресейден басқа, ТМД-ның барлық елдерін 
артта қалдырып, 2007 жылы 73-ші орынды иеленді [66, 5 б.].
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі реформалардың 
қарқындылығы, кең көлемде дамуы мен динамикасы осы салаға едəуір 
назар аударылғанын растауда. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-
2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы мемлекет дамуының жеті негізгі 
басымдылығынан, оның ішінде əлеуметтік өмір саласымен байланыс-
ты мына пункттерден тұрады:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Саясат ішіндегі тұрақтылық жəне қоғам консолидациясы.
3. Шетел инвестицияларының жəне ішкі жинақтаулардың жоғары 
деңгейі мен ашық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен əл-ауқаты.
5. Инфрақұрылым, əсіресе, көлік пен байланыс.
6. Кəсіби үкімет.


9
7. Негізгі функцияларға дейін шектелген кəсіби мемлекет.
«Білім беру жүйесі» деп аталатын кеңінен қолданылатын термин 
нені ұқтырады? Білім беру жүйесі 2007 жылғы ҚР «Білім туралы» 
Заңында өзара əрекет етушілердің жиынтығы ретінде төмендегіше си-
патталады:
1) білім деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білімнің 
мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары жəне білім берудің оқу 
бағдарламалары;
2) меншіктік нышанына, типі мен түріне қарамастан білім беретін, 
оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдары;
3) білімді басқару органдары жəне тиісті инфрақұрылым, оның 
ішінде білім сапасының мониторингісін жүзеге асыратын ғылыми 
жəне оқу-əдістемелік қамту ұйымдары.
ҚР «Білім туралы» Заңының (2007 ж.) 2 тарауы өз баптарында 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, білім саласындағы уəкілетті орган 
құзыреттілігінің, білім саласындағы жергілікті өкілетті жəне атқарушы 
органдары құзыреттілігінің сипаттамасын ашуда.
«Білім туралы» заңында көрсетілгендей, білім саласындағы 
мемлекеттік реттеу білімге деген конституциялық құқықтардың іске 
асыруын қамтамасыз ететін жағдайларды қалыптастыруға жəне білім 
беру ұйымдарымен ұсынылатын білім қызметтерінің жоғары сапасын 
қамтуға бағытталған (8 тарау, 54-бап).
Соңғы жылдардағы білім берудегі реформалар білімнің əртүрлі 
деңгейлері мен бағыттарын қамтитын инновациялардың тұтас 
жүйелерін енгізуімен байланысты. «Білім туралы» заңында білім 
берудің оқу бағдарламаларындағы үздіксіздік пен сабақтастықты 
көздейтін деңгейлерге келесілер жатқызылған: 
1) мектепке дейінгі тəрбие мен оқу;
2) бастауыш білім;
3) негізгі орта білім;
4) орта білім (жалпы орта білім, техникалық жəне кəсіби білім);
5) орта білімнен кейінгі білім;
6) жоғары білім;
7) жоғары білімнен кейінгі білім.
Балалардың мектепке дейінгі сапалы білімге қолжетімділігін 
қамтамасыз ету, мектепке дейінгі білім мен оқу жүйесінің мазмұнын 
білім берудің бүкіл жүйесімен жаңғыртуына сəйкес келісу қажеттілігі 
мектепке дейінгі мекемелер желісі сан жағынан ғана емес сапа жағынан 
да өзгере бастағанын анықтады. Дəстүрлі балабақшалар, балабақша-
бөбекжайлармен қатар, оның ішінде баланың бастауыш жалпы білім 
алуына мүмкіндік беретін балабақша-мектептер құрыла бастады. 


10
5 жастан 6 жасқа дейінгі мектепалды топтары мен сыныптар жал-
пы білім беретін орта мектептерде де ашылуда. Мұнда білім берудің 
осы деңгейлерінің арасында сабақтастық қағидатын жүзеге асыруға, 
олардың қызметін үйлестіруге жағдайлар жасалуда.
Мектептерде білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін 
басшылыққа алған білім беру мекемелері даралап-саралап оқытуды 
көздейтін бейіндік оқытуды енгізді [1]. Осы педагогикалық жүйе жəне 
білім беру үрдісін ұйымдастыру нышаны да оқушылардың кəсіби 
бейімделуі үшін жағдайлар құруға, олардың кəсіби білім бағдарламасын 
игеру дайындығына бағытталған. Осының арқасында білімдік пара-
дигма шектеулігін еңсеру, оқушылардың базалық құзыреттіліктерін 
қалыптастыру, олармен жеке оқу траекторияларын жобалау жəне 
жүзеге асыру мүмкіндігін құрастыру, оқушылардың сапалы білімге 
қолжетімділігін қамтамасыз ету, жалпы орта жəне жоғары кəсіби білім 
деңгейлерінің сабақтастық мақсаттарына қол жеткізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының əлемнің 50 бəсекеге қабілетті 
елдерінің қатарына кіру міндеті 12 жылдық мектепке есептелген жал-
пы орта білімнің белгілі халықаралық стандарттарына бағдарлауды 
негіздеді. Осыған байланысты елімізде балалар білімінің жаңа мерзімін 
қамтамасыз ететін білім беруге ауысуға деген дайындығы белсенді 
жүргізілуде. 12 жылдық білімнің құрылымдық-мазмұндық үлгісі, 
қажетті нормативтік құжаттары əзірленген, бірқатар қазақстандық мек-
тептерде осы үлгіні енгізу бойынша эксперимент жүргізілуде.
Қазіргі таңда, қатаң орталықтандырылған сипатқа ие болады деп 
күтілетін орта білім берудің мониторингтік жүйесі əзірленуде. Осы 
жүйеде ҚР Білім жəне ғылым министрлігі тұтынушыларға сапалы білім 
беру қызметінің кепілгері рөлін атқарады. Қазақстан Республикасын-
дағы кəсіби білімнің барлық деңгейлеріне де түбегейлі өзгерістер тəн. 
Орта кəсіби білімді мамандардың тапшылығы техникалық жəне кəсіби 
білім беру үлгілерін жаңғыртуды талап етеді. ҚР-ның Білім жəне ғылым 
министрі Республикалық педагогикалық форумдағы өз сөзінде, білім 
берудің осы деңгейінің қызметін жетілдіру бойынша бірқатар шара-
ларды айқындап, олардың қатарына бизнес-ассоциациялар өкілдерінің, 
жұмыс берушілердің, Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 
кадрларды даярлау бойынша 4 өңіраралық орталықтан жəне əлемдік 
деңгейдегі колледждерден, салалық жəне өңірлік кеңестерден тұратын 
«Кəсіпқор» Холдинг» АҚ-ның қатысуын, Ұлттық кеңестің құрылуын 
атап өткен еді.
Бұл өзгерістер жоғары білім беру жүйесінде, құрылымында, 
мазмұнында, білім беру технологияларында, жоғары оқу орындары 
мəртебелерінің санатында орын алды. «Жоғары білімді реформалаудың 


11
маңызды нəтижелерінің бірі болып табылатын əр типті жоғары оқу 
орындарының желісі – университеттер, академиялар, институттар, 
филиалдар, шетелдік жоғары оқу орындары, Қазақстанның жəне өзге 
мемлекеттердің біріккен күштерімен құрылған жоғары оқу орындары, 
сондай-ақ мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының желісін дамы-
ту» – деп көрсетілген [108, 18 б.].
Мұның бəрі, сөзсіз, білім берудегі қызмет нарығының дамуы-
на, бəсекелес ортаны құруға ықпал етеді. Нəтижесінде жоғары білім 
жүйесінің ілгері қарыштап дамуын қамтамасыз етуге қабілетті сыни 
көпшілік қалыптасады.
Сонымен, жоғары кəсіби білім реформаларының негізгі 
бағдарының қатарына оны нарықтық экономикаға сəйкестендіру жəне 
білім жүйесінің əлемдік білім беру кеңестігіне енуі жатады, яғни 
ҚР-ның жоғары мектебі əлемде өтіп жатқан жаһандық өзгерістерден 
тыс қала алмады. Мысалы, ΧΧΙ ғасыр үшін жоғары білім туралы 
Дүниежүзілік декларацияда (Париж, 1998 жылғы 9 қазан) [59, 91 б.] 
«тарихы бірнеше жүзжылдықтан тұратын жоғары білім өзінің өмірге 
икемділігін, өзгерістерге, қоғамдағы қайтадан жаңару мен өрлеуге де-
ген өзінің қабілеттілігін дəлелдеп көрсетті» делінген. Қайта жаңарудың 
ауқымдылығы мен қарқыны зор болғандықтан, қоғам білімге негізделіп 
отыр. Қазіргі таңда жоғары білім жəне ғылыми зерттеулер адамның, 
қоғамдастықтар мен ұлттардың мəдени, əлеуметтік-экономикалық 
жəне экологиялық тұрақты дамуының маңызды құраушылары ретінде 
көрсетіледі. Сондықтан да жоғары білім алдында түбегейлі өзгерістер 
мен жаңаруды талап ететін орасан зор міндеттер тұр, ... терең 
дағдарысты басынан өткізіп жатқан біздің қоғамда, экономикалық 
пайымдаудың шегінен шығып, адамгершілік пен имандылықтың аса 
терең аспектілерін түсінуге мүмкіндігі болса», - делінген.
Білім берудің заманауи жүйесіне ұсынылатын талаптар 
Қазақстанның Болон процесінің кеңестігіне кіруіне негіз болды. Бо-
лон декларациясының қағидаттарына сəйкес 2004 жылдан бері ҚР-ның 
жоғары оқу орындарында жоғары жəне жоғары оқу орыннан кейінгі 
білімнің көп деңгейлі құрылымы жүзеге асырылуда: бакалавриат – ма-
гистратура – докторантура (PhD).
Жоғары білімнің Еуропалық аумағына кіру елдің зияткерлік, мəде-
ни, əлеуметтік жəне ғылыми-техникалық əлеуетінің қалыптасуын жəне 
бекітілуін, əлемде қазақстандық білімнің беделінің артуын, студент-
тер мен оқытушылардың жəне басқалардың ұтқырлығын қамтамасыз 
етуі тиіс. Еуропалық білім беру жүйесінің қызмет етуінің маңызды 
ұйымдастырушы-құрауышы кредиттер болғандықтан, қазақстандық 
жоғары оқу орындары да оқытудың кредиттік жүйесіне ауысты. Осы 


12
жүйе оқушы тұлғасы рөлінің артуын, ол үшін жеке білім траектория-
сын икемді құру мүмкіндігін қарастырады.
Білім беру жүйелерін жақындастыру жəне үйлестіру үрдісі ретінде 
Болон процесі, сондай-ақ, еуропалық ынтымақтастыққа ықпал ету 
қажеттілігіне жəне салыстырылатын межелер мен əдіснамаларды 
əзірлеу мақсатымен білім сапасын қамтамасыз етуге əкеп соғады. Са-
пасын бақылаудан сапамен басқаруға ауысуға болады, бұл пайдаланы-
латын көрсеткіштер, рəсімдер, технологиялармен қатар, осы бағалау 
субъектілерінің аясын кеңейтетін тармақталған жүйенің құрылуын 
негіздейді. Білім сапасының мониторинг саласындағы халықаралық 
ынтымақтастығын кеңейту тек жоғары кəсіби білім жүйесіне қатысты 
болмай, сонымен бірге жалпы орта білімнің білім беру мекемелерін де 
қамтыды, ең алдымен, оқушылардың нақты жетістіктері PISA, TIMSS 
жəне басқа салыстырмалы зерттеулер арқылы анықталады.
Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы жоғары білім жүйесін 
реформалауына қатысуы, сөзсіз, əртүрлі сипатқа ие. Егер Азиаттық 
даму банкі жəне Дүниежүзілік банкі сияқты ұйымдар Үкіметпен 
бекітілген келісімдер аясында онымен үйлестірілген бағыттар бо-
йынша жұмыс істесе, басқа ұйымдар (Сорос-Қазақстан қоры, ЮСА-
ИД) өздерінің жеке бағдарламаларын жүзеге асырады. Еуропалық 
Кеңес комиссиясы (ТАСИС, ТЕМПУС), Академиялық алмасулардың 
неміс бағдарламасы (ДААД), Білім жəне тілдерді үйрену саласындағы 
ынтымақтастық бойынша американдық кеңес (ACSELS), Халықаралық 
алмасу бағдарламасы (IREX) жəне басқа ұйымдар Қазақстандағы білім 
бағдарламаларының дамуын қаржыландырды [108, 18-19 б.]. Сонымен 
қатар, Қазақстанның жоғары оқу орындары шетел университеттерімен 
оқу барысын жетілдіру бойынша, оның ішінде оқытудың, ғылыми-
зерттеу қызметінің жəне басқалардың кредиттік жүйесін əдістемелік 
қамтамасыз етуін əзірлеу мақсатында жемісті байланыстарды орнатты. 
Басқару үдерісін жаңғырту саласында білім жəне институционалдық 
аккредиттеу сапа менеджментінің жоғары оқу орындары жүйелерін 
сертификаттаумен ынтымақтастықта үдемелі жүргізілді. 
Білім жүйесін жетілдіру үшін білім қызметтерінің тұтынушылармен 
өзара əрекеттесуінің маңыздылығын жəне санаттық дифференциация-
сын (оқушылардың, олардың ата-аналарының, жұмыс берушілердің, 
қоғам мен мемлекеттің)
 
нақты түсіну қажет. Бұл – жоғары оқу орындары 
үшін маңызды. «Білім жүйесі инновациялық нарықтық экономиканың 
сұраныстарына барабар ықпал ету қажеттілігінің алдында тұрған 
жағдайларда, жоғары білім жүйесінің жұмыс берушілермен серіктестігі 
жөніндегі мəселе ерекше мəнге ие болады. Қазіргі таңда серіктестік 
қатынастары тиісінше жүйеге рəсімделмеген, тұрақталмаған. Түлек-


13
мамандардың жəрмеңкелеріндегі эпизодтық кездесулер, жоғары оқу 
орындарының кəсіпорындармен ынтымақтастық туралы шарттары 
бастамашыл-жеке сипатта көрінеді жəне жалпы реформалар саясаты-
на елеулі ықпал етпейді. Өкінішке орай, жұмыс берушілер жоғары оқу 
орындарының білімін дамыту міндеттерін шешуден босатылған. Осы-
дан келіп екі параллельді əлем – білім берудің жоғары оқу орны жүйесі 
жəне еңбекпен қамту саласы бар сияқты көрінеді. Бұның дұрыс шешімі 
диалог арқылы мүмкін болатын білім берумен қатар, əлеуметтік про-
блемаларды тудырады» [108, 21 б.].
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да үлкен назар аударылуда, 
оның ұйымдастырылуы сандық өзгерістермен қатар, сапалы да өзгеретін 
болады. Келешекте мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу уақыты 3 
айға дейін артады, оның базасында біліктілікті арттыруды жүргізетін 
оқу мекемелерінің тізімдері де өзгереді, - бұл жерде педагогтардың 
біліктілігін арттырудың ұлттық орталығы мен Назарбаев зияткерлік 
мектептері маңызды рөл атқаруы тиіс. Білім беру қызметкерлерінің 
біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жұмыстарында облыстық 
институттардың қызметтері біршама өзгереді. 
Соңғы жылдары білім берудің барлық деңгейлерінде мазмұнды 
жаңарту бойынша едəуір қадамдар жасалды, бұл жаңа мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім стандарттарын əзірлеуде жəне енгізуде 
іске асырылған. Білім стандарттарын енгізу өз уақытында білім 
кеңестігінде білім беру мекемелерінің, оның ішінде, мемлекеттік жəне 
мемлекеттік емес (жеке) мекемелер типтерінің сан алуандығымен си-
патталатын бірыңғай міндетті нормаларын (ең аз талаптарын) тапсы-
ру қажеттілігіне негізделген болатын. Нормативтік құжаттар ретінде 
стандарттарды енгізу анархияға жол бермей, қарама-қайшылыққа 
позитивті ауысуы мектептің демократияландыру үрдістерін реттеуге, 
білім қызметтерінің барлық тұтынушылары құқықтарының сақталуын 
қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Білім жүйесін технологиялық 
қамтамасыз ету барысында компьютерлік техника, мультимедиа 
құралдарын қолдану сияқты инновациялық өзгерістер кеңінен өріс 
алып келеді. 
Инновациялық білім технологияларын, оның ішінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану білім үрдісіне 
қатысушылар қызметінің сипаты мен мəнін өзгертеді. Соңғы уақытта 
оның үлесі, əсіресе, жоғары кəсіби білім беруде едəуір артқан, 
қашықтықтан оқытуда студент пен оқытушының қызметі, оқу барысын 
ұйымдастыру түбегейлі өзгеруде.
Білім беру барысын ұйымдастырудағы жəне білім мазмұнын 
жетілдірудегі жаңа көзқарастар білім беру сапасын бағалау межелерінде 


14
бағалаудың əдістері мен технологияларын жəне т.б. өзгерту қажеттілі-
гіне əкеп соқты.
ҚР-ның білім беру жүйесінің даму динамикасын талдау оның өткен 
жолын хронологиялық құрылымдауға мүмкіндік береді. Азиаттық даму 
банкімен жоғары білімге қатысты басталған жобада келесі мерзімділік 
əзірленген [дəйексөз бойынша: 108, 10-11 б.]:
Бірінші кезең (1991-1993 ж.ж.) – Қазақстанның білім беру 
жүйесінің нормативтік-құқықтық базасының құрылуы – Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңын (1992 ж.) жəне «Жоғары білім 
туралы» Заңын қабылдаумен сипатталады (1993 ж.). Осы заңдар білім 
беру мен басқаруды демократияландыру, əсіресе, жоғары оқу орнының 
ашықтығының негіздерін қалады.
Екінші кезең (1993-1995 ж.ж.) – жоғары білімді қосқанда, білім 
беру мазмұнын барлық деңгейде тұжырымды қайта қарастыру. ҚР 
Президентінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық 
актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» (1995 
жылғы 30 тамыз), «Кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен 
толықтыруларды енгізу туралы» (1995 жылғы 5 қазан) Жарлықтары 
заңнамалық негіз болды. Осы кезең, біздің ойымызша, білім беруді 
орталықтандыруды күшейтумен жəне мемлекеттік бақылауды артты-
румен ерекшеленеді. 
Үшінші кезең (1996-1997 ж.ж.) – білім беру мəнінің тұжырымды 
жаңартылуы жəне ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалардың іске 
асырылуының басталуы. Осыған басқаруды орталықсыздандыру жəне 
білім беру жүйесін қаржылдандыру, оқу мекемелері типтерін жəне 
олардың меншік түрлерін диверсификациялау жөніндегі шаралардың 
жүзеге асырылуын жатқызуға болады. Оған ҚР Президентінің 
«Қазақстан Республикасының білім мəселелері жөніндегі кейбір 
заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» 
Жарлығы негіз болуда (1996 жылғы 27 қаңтар).
Төртінші кезең (1998-2007 ж.ж.) – білім беру саласында болған 
өзгертулерді бекіту, жоғары білімді қосқанда стратегиялық даму 
негіздерін бекіту жəне енгізу.
ҚР «Білім туралы» (1999 ж.) Заңы, «Білім» Мемлекеттік 
бағдарламасы (2000 ж.) «Қазақстан Республикасында 2005-2010 жыл-
дарда білім беруді дамыту» (2004 ж.) бағдарламасы қабылданған. 
«Білім туралы» жаңа Заң қабылданды (2007 жылғы 27 шілде). 
Жоғары оқу орнының əлемдік білім беру кеңістігіне енуіне ықпал 
ететін халықаралық келісімдерді, оның ішінде Лиссабон конвенция-
сын, Сорбон жəне Болон декларациясын жүзеге асыру үрдісі бастал-
ды. Жоғары оқу орындары студенттерді кредиттік технология бойын-


15
ша оқытуға жəне бакалавр академиялық дəрежесін беру мен жоғары 
білімді жүзеге асыруға, сондай-ақ магистрлерді, философия докторла-
рын (PhD) жəне бейін бойынша докторларды дайындауға ауысуда.
Білім сапасының менеджменті - білім жүйесінің, оның кезеңдерінің 
ажырағысыз құрылымдық элементі, сонымен қатар, «уақыттың нақты 
ауқымында» оның жемісті қызмет етуі жəне көз жетерлік болашақта 
дамудың негізі бағыттарын болжау факторы.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 
жетілдірудің негізгі бағыттары Қазақстан Республикасында білім 
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында көрсетілген.
Осы Бағдарламада басты мақсат болып білімнің бəсекеге 
қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға 
арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ада-
ми капиталды дамыту көзделген. Бағдарламалық мақсаттардың ішінде 
мыналар көрсетілген:
– білім беру қызметіне тең қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағыт-
талған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
– педагог кəсібінің беделін арттыру;
– білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалып-
тастыру;
– жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының 
интеллектуалды, дене жəне рухани жағынан дамыған азаматын 
қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз 
ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің 
экономикалық əл-ауқаты үшін бəсекеге қабілетті адами капиталды да-
мыту; 
– қоғамның жəне экономиканың индустриалдық-инновациялық 
даму сұраныстарына сəйкес техникалық жəне кəсіби білімнің (əрі 
қарай ТжКБ) жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру кеңістігіне кіргізу;
– еңбек нарығының, еліміздің индустриалдық-инновациялық даму 
міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын 
жəне білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай келетін 
жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу;
– өмір бойы білім алу жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
– жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік 
жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне 
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Аталмыш бағдарламаның мақсаттары бірқатар міндеттерді 
көздейді:
– жоғары білімнің еуропалық аймағына кіргізуді қамтамасыз ету;


16
– білімнің, ғылымның жəне өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, 
зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерциялан-
дыру үшін жағдайлар жасау; жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми-
педагогикалық кадрларды дайындау;
– өмір бойы білім алу, баршаға арналған білім үшін жағдай жасау;
– жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық 
белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу тетіктерін 
қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;
– білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік 
басқару қағидаттарын енгізу;
– білім беруде мемлекеттік жеке серіктестік жүйесін (əрі қарай – 
МЖС) қалыптастыру; 
– білім беру дамуының мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде 
халықаралық талаптарды есепке алумен ұлттық білім беру статистика-
сын құру жəне басқалары [2, б.3].
Негізін қалаушы құжаттар деректерінің бастапқы мақсаттық 
бағдарының талдауы заманауи менеджменттің енгізілуі ҚР-ның 
білім беру аясында реформалардың тиімділігін қамтамасыз ететін 
инновациялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады деген 
қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы инновациялық бағыттың 
жүзеге асырылуы барлық деңгейлердегі жəне типтердегі білім беру 
мекемелері басшыларынан тиімді басқару құзыреттіліктерін талап 
етеді. Осы құзыреттіліктерді қалыптастыру қажеттілігі Бағдарламада 
айтылғандай, 2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарында нəтижеге 
бағытталған жоспарлау жүйесі енгізіледі, бұл жайт басшылар мен педа-
гогтардан басқарудың, қайта даярлаудың жəне біліктілігін арттырудың 
жаңа дағдыларын талап етеді.
«Білім туралы» Заңда əлдеқашан (2007 ж.) білім беру жəне білім 
беру мекемелері мен басқару субъектілерінің аясын кеңейту үшін 
негізгі алғышарттар бекітілген болатын. Сонымен, мысалы, «Білім 
беру ұйымдарын басқару» 44-бабында «білім беру ұйымның тікелей 
басқаруын оның басшысы жүргізеді» дегенімен қатар «білім беру 
ұйымдарда алқалы басқару органдары құрылатыны» көрсетілген. 
Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау 
тəртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім 
беру саласындағы уəкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының 
кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, əдістемелік 
(оқу-əдістемелік, ғылыми əдістемелік), кеңестер жəне басқа да нысан-
дар бола алады.
«Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері 
мен жауапкершілігі» заңның 47-бабында олардың білім беру ұйымын 


17
басқаруындағы қатысы; сондай-ақ «кəмілетке толмаған балалардың 
ата-аналары жəне басқа заңды өкілдерінде» келесі құқықтары бар 
екендігі көрсетілді:
1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере оты-
рып білім беру ұйымын таңдауға;
2) ата-аналар комитеті арқылы білім беру ұйымдары мен басқару 
органдарының жұмысына қатысуға» (49-бап «Ата-аналардың 
жəне өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері»).
Педагог қызметкердің мəртебесі оның білім беру ұйымдары мен 
басқарудың алқалық органдарының жұмысына қатысуға құқығы 
бар екендігін көздейді (51-бап «Педагог қызметкердің құқықтары, 
міндеттері мен жауапкершілігі»).
Мектеп пен мемлекеттік-қоғамдық басқару жүйесін құру білім 
беру ісінің басқару үдерісінің мəнін түсіндіру үшін қамқоршылық 
кеңестер құру арқылы білім беруді дамытуда белсенді қоғамдық 
жұмыс жүргізеді, кеңестердің жұмысына жұмылдырылатын адам-
дар кең жұртшылықтың өкілдері болады. Білім беру сапасының жаңа 
түсінігі бүкіл əлеммен қатар, Қазақстан Республикасының да білім 
беруінің заманауи жүйесінде жүріп жатқан едəуір өзгертулер білім 
беру мекемелеріне сəйкес келуге тиіс уақыттың «жаңа шақыруларын», 
білім беру субъектілерінің қызметін, білім беру үдерісінің нəтижелерін 
негіздейді. Экономикалық өсу жəне демографиялық құлдырау 
жағдайларында білім берудің жаңғыртылуы ЖОО қызметінің негізгі 
бағыттары мен басқару жүйесі жəне тəжірибесін қайта ойлану жəне 
өзгерту қажеттілігін анықтайды. Сонымен, мысалы, жоғары білімде 
бірінші кезектегі назарды талап ететін келесі факторлар айқындалады:
– жедел демографиялық құлдырауды болжауда, əсіресе, студенттер 
контингентінің азаюы, білім беру нарығында бəсекелестіктің өсуі – 
тұрақты бəсекелес ұстанымдарды іздеуге ынталандырады; 
– кəсіпорындар мен ұйымдардың ЖОО түлектеріне қажеттілігінің 
артуы, осының салдарынан оларда «тапсырысқа» мамандарды даяр-
лауды қаржыландыруға қызығушылықтың пайда болуы;
– ересектердің білімін келешек жəне ЖОО қызметінің қарқынды 
даму секторына ауыстыру;
– мамандар даярлауда мемлекеттік тапсырыстарды жаңғырту жəне 
оларды ЖОО-да конкурстық, яғни бəсекелес, нарықтық негізде орна-
ластыру [97, 20-26 б.].
Көп аспектілі, қарқынды жəне үдемелі жүріп жатқан едəуір 
өзгерістер білім беру жүйесімен де білім мекемелерімен басқаруда да 
инновациялық көзқарастарды, менеджменттің ең тиімді стратегияла-
рын жасауды талап етеді.
2–7420


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет