235
Нормативтік талаптарға сəйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық
базаның сақталуын жəне толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек
тəртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау жəне
техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды жəне қосымша қызметкерлерді іріктеуді жəне
жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлер-
дің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың
кəсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық
кеңесті басқарады. Белгіленген тəртіп бойынша қызметкерлерді ат-
тестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен
оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің
құзыретіне қарай марапаттауға жəне көтермелеуге ұсынады жəне өз
құзыретінің аясында жаза белгілейді.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы-
лармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік жəне басқа да
ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын
дайындауды жəне ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті
: Қазақстан Республикасының Конституция-
сын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы», «Неке жəне отбасы туралы», «Қазақстан Респу-
бликасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу
жағдайы бойынша жəне жасына байланысты берілетін мемлекеттік
əлеуметтік жəрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды əлеуметтік
жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»,
«Арнайы əлеуметтік қызмет туралы», «Кəмелетке толмағандардың
арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз
жəне панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын жəне басқа
да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын
нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология
негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандар-
тын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық
ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін,
қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек тура-
лы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі жəне өртке қарсы
қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен
нормаларды.
Достарыңызбен бөлісу: