Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет64/325
Дата15.05.2023
өлшемі1,31 Mb.
#176786
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   325
Байланысты:
dogalov-makroekonomika

жиынтық сұраныс теориясы
деп атайды.
Кейнстің пікірінше, дағдарыстық экономика жағдайында 
тұ 
тынуға деген шекті бейімділіктің деңгейі өте төмен бола-
ды, сұраныс өзінің тиімді сұраныс шамасына жетпейді. 
Тиімді 
сұ раныс
– бұл өзінің жиынтық ұсынысын тапқан жəне соған 
сəйкес келетін жиынтық сұраныстың көлемі. Бірақ бұл жерде 
Кейнс толық жұмысбастылыққа сəйкес келетін тиімді сұра ныс -
ты кез дейсоқ жағдай деп есептейді. 
Экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жиынтық 
сұранысты ынталандыру үшін жүзеге асырылатын 
нақты (іс 
жүзіндегі) инвестициялар
жоспарланған
жəне 
жоспарлан-
баған
инвестициялар болып бөлінеді. Жоспарланбаған инвести-
циялар тауарлық-материалдық қорларға (ТМҚ) салынатын инвес-
тициялардың алдын ала қарастырылмаған өзгерістерін əрда йым 
туындатып отырады. Мұндай инвестициялар экономикаға жи-
нақтар мен инвестициялардың нақты шамаларын тепе-теңдік 
қалпына келтіріп отыру үшін жəне макроэкономикалық тепе-
теңдікті қалыптастыру үшін қажет.
Жиынтық жоспарланған шығындар
(АЕ) – бұл ашық эко-
номикада үй шаруашылықтарының, фирмалардың, үкіметтің 
жəне сыртқы əлем субъектілерінің тауарлар мен қызметтерді са-
тып алуға жоспарлаған жалпы шығындары. Жоспарланған шы-
ғындар функциясы:
E = C + I + G + X
n
4.5-сурет.
Автономды, туынды жəне таза инвестициялар


94
Нақты шығындар
– бұл фирмаларға сату деңгейінде тосын-
нан болған өзгерістер болған жағдайда ТМҚ-ға жоспарланбаған 
инвестициялар салуға мəжбүрлейтін қосымша шығындар. 
Жоспарланған шығындар функциясын I + G + X
n
шамасына 
жоғары жылжыған C = a + b (Y-T) түріндегі тұтыну функциясы 
ретінде график арқылы сипаттауға болады. Бұл жерде талдау-
ды жеңілдету үшін таза экспорттың көлемі Y жиынтық табыс-
тан автономды деп алынады. Соған байланысты таза экспорт 
толығымен автономды шығындардың құрамына қосылады: а + I 
+ G + X
n
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет