Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45


сарапшылық әдіске негізделген дәстүрлі қолмен жоспарлау



Pdf көрінісі
бет102/126
Дата06.02.2023
өлшемі3,69 Mb.
#167541
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126
Байланысты:
mendebaev-sapany (1)

.
сарапшылық әдіске негізделген дәстүрлі қолмен жоспарлау;
.
компьютермен жоспарлау;
.
автоматталған компьютермен жоспарлау.
Жоспар нәтижесінде өнімді күткен дәлдікпен алу ғана емес, со-
нымен қатар оны жасаудағы барлық нормативті және конструкторлық-
технологиялық құжаттар болуы тиіс. 
Өнімнің талабына негізделген жоспарлау кіріс деректері анықталуы 
керек, ал жазбалар жұмыс деңгейіне сәйкес болуы керек. Кіру деректері 
келесілерден тұрады:
.
функционалды және эксплуатациялы талаптар;


213
.
заңды және басқа да міндетті талаптар;
.
басқа жобалардан алынған ақпараттар;
.
жоспарлауға қажет басқа да талаптар.
Өндіріс үдерісі көбіне жоспарлаудың сапасымен бағаланады. Өнімді 
жоспарлау үдерісіндегі сапасын бағалауда қолданылатын жағдайлар 
сол өндірістің дамуында да қолданылуы тиіс. 
Өнім өндіріліп болған соң әртүрлі тәсілмен тұтынушы қолына 
жетеді. Содан кейін барлық үдеріс жоспарланады: өнімге тапсырыс 
түскен уақыттан бастап, өнім шыққанға дейін. 
6.6.7. Эксплуатациялау үдерісі
Эксплуатациялау кезіндегі өнімді эксплуатациялауды және 
тұтынушыны қолдауды қамтамасыз етеді. Содан кейін өнімді қолда-
нудан кейінгі қайта өңдеу және утилизация үдерісіне өтеді.
Қазіргі таңда өнімнің сатылғаннан кейінгі қызмет көрсетуі – 
тұтынушы үшін ең маңызды үдеріс. Тұтынушы бағалы өнімді ала 
отырып, өндіруші оны эксплуатациялауға көмек көрсететінін және 
жөндеу жұмыстарын жасауға кепілдік беретініне көзін жеткізуі керек. 
Тұтынушы құнды өнім ала отырып, өнімді қолдануда, әсіресе ғылыми 
сыйымды өнімді қолдануда өндірушінің көмегі болатынына сенімді 
болу керек, ал қажет жағдайда оның қолданысқа енгізілуін, талап 
етілген жөндеуді және кепілді қызмет етуі тиіс.
Өнімнің толық физикалық және моральды тозу кезінде қолдану 
үдерісі өнімді қайта жасау немесе утилизациялау үдерісіне көшеді. 
Соңғысы өнімді жасау кезіндегі пайдаланылған материалдарды 
қолданумен байланысты экономикалық мәселе ғана болып қоймай, со-
нымен қатар бүгінгі күннің басты мәселесі – қоршаған орта мәселесі 
болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет