Оқулық Алматы, 013 1-8683 Әож 005 (075. 8) Кбж 65. 290-2 я 73 м 45



Pdf көрінісі
бет50/126
Дата06.02.2023
өлшемі3,69 Mb.
#167541
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126
Байланысты:
mendebaev-sapany (1)

Байланыс диаграммасы
Бұл негізгі идея, проблемалар немесе әртүрлі деректердің ара-
сындағы қисынды өзара тәуелділіктерді анықтауға мүмкіндік беретін 
құрал.
Зерттеудің міндеті – шешімін табуы қажет мәселелері бар үдерістің 
бұзылуының негізгі себептерінің қисынды байланысын анықтау. Осы 
диаграмманың Исикаваның диаграммасымен ұқсастығы көп. Осы әдіс 
мына жағдайларда қолданылады:
– мәселе соншалықты күрделі болғандықтан, әртүрлі идеялардың 
арасында байланысты кәдімгі талқылаудың көмегімен анықтау мүмкін 
емес;
– егер қарастырылып отырған мәселе неғұрлым маңызды жаңа 
мәселеге себеп болса.
Сондай-ақ ұқсастық диаграммасы үшін жұмыс шығын топта 
жүргізілуі тиіс.
Мысал.
 
Мәселе − жиһаз өндірісі, элементтерді жинаған кезде 
олардың қисық болып шығуы, жиһаздың жалпы нысанының сызбалар-
дан ауытқуы бар.
Себептер:
1. Бұрғылап тескенде көлемнен ауытқу.
2. Тақтайларды тегіс емес кесу.
3. Фурнитураны қате орнату.
4. Конструкциядағы бекіткіштердің элементтері нашар.
5. Жұмысшылардың төмен біліктілігі.
6. Қате конструкция.
7. Тасымалдау.
8. Қаптау.
9. Құрастыратын құрал.
10. Бояу, лактау.
11. Белгілеу.
12. Фурнитура.
13. Жабдықтау.
14. Құрастыратын стенділер.
15. Цехтауға ахуал.
Барлық фактордың ішінен 5 негізгі факторды (5.1-кесте) анықтай-
мызбұл қате конструкция, жұмысшылардың төмен біліктілігі, цехтағы 


105
ахуал, құрастыратын стенділер, жабдықтау. 4, 12, 1, 2, 3, 7, 8, 10, 11 се-
бептер екі, яғни 6 және 5 cебептің салдары болып табылады.
5.1-кесте
Қисық
6. Қате кон-
струкция
4. Жұмысшылардың төмен 
біліктілігі
15. 
Цехтағы 
ахуал
14. Құрас-
тыратын 
стенділер
13. 
Жаб-
дықтау
4
12
1
2
3
7
8
10
11
9
Ағаш сияқты диаграмма
Диаграмма маңызды проблеманы, басты идеяны шешетін немесе 
әртүрлі деңгейдегі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттанды-
ратын тұрақты тәсілді қамтамасыз етеді. Бұл Исикаваның диаграммасы-
на өте ұқсайтын мақсатқа сай құжат. Ол ірі проблеманы оның шешіміне 
ықпал ететін неғұрлым нақтыланған себептер түрінде көрсетуге 
мүмкіндік береді. Диаграмма мына жағдайларда пайдаланылады:
– тұтынушының өнімге қатысты айқын емес қалыптастырылған та-
лаптары олардың тілектерінде айқындалғанда;
– егер проблеманың барлық ықтимал элементтерін зерттеу қажет 
болғанда;
– қысқа мерзімді мақсаттар бүкіл жұмыстың нәтижелерінен бұрын 
іске асырылуға тиіс болғанда.
Мысал.
 
Мәселе − студенттерді оқыту сапасын арттыру. Диаграм-
маны жалпы проблеманы, осы проблеманы шешетін нақты себептерге 
бөліп құрамыз. Бұл келесі төрт негізгі бағыт: ынталандыру, оқытушы-
лар, оқыту әдістері мен материалдық база. Бұдан кейін неғұрлым нақты 
бағыттар белгіленеді (5.2-кесте).
5.2-кесте
1
2
3
4
ынталандыру
материалдық
степендиялар
гранттар
оқытушы
біліктілікті арттыру
семинарлар
курстар
ынталандыру
сыйақы
конкурстар
туристік сапарлар
әкімшіліктің бақылауы
ректор
кафедра


106
1
2
3
4
Оқыт
у с
апасын ар
ттыр
у
оқыту әдістері
кредит жүйесі
ОӘК басылымы
жұмыс 
бағдарламалары
қашықтан оқыту
Ресейдің жоғары 
оқу орындарына 
қосылу
сыныптарды 
жабдықтау
дербес білім алу
оқу сағаттарын 
көбейту
материалдық база ғимараттар мен аудито-
рияларды жақсарту
бөлмелерді жөндеу
сантехника ауыс-
тыру
кітапхана
кітап сатып алу
электрондық ката-
лог енгізу
компьютерлер
интернет
бағдарламалық 
қамтамасыз ету
жаңғырту
Матрицалық диаграмма
Бұл әртүрлі байланыстардың маңызын айқындайтын, сапа 
мәселелері бойынша бүкіл талдаудың негізі болып табылатын диа-
грамма. Ол әртүрлі элементтердің арасындағы қисынды байланыстың 
графикалық суреттер бар орасан көп деректерді өңдеуге мүмкіндік 
береді. Онда мәселелердің, функциялардың және олардың салыстырма-
лы маңызы жеке бөлінген сипаттамалардың арасында байланыстардың 
сұлбасы мен корреляциясы көрсетіледі.
Матрицалық диаграмма белгілі бір факторлар мен құбылыстардың 
олардың пайда болу себептері мен салдарды жою құралдарының 
сәйкестігін айғақтап, осы факторлардың пайда болу себептері мен 
оларды жою шараларының тәуелділігінің дәрежесін байқатады. Ма-
трица деп көлденең жолдарында факторлар, ал тік бағандарында се-
бептер көрсетілетін кесте аталады. Жол мен баған қиылысқан жерде 
тәуелділік дәрежесінің белгісі, мысалы, күшті (С), орташа (СР), әлсіз 
(СЛ), тәуелсіздік (бос) қойылады.
Мысал. Жиһаз өндірісі, оған ықпал ететін бірқатар фактор мен се-
беп бар. Енді тәуелділіктің шамасын анықтаймыз (5.3-кесте).


107
5.3-кесте
Факторлар
Себептер
Тақт
ай к
ес
у Р
а 
Ойық бұрғыла
у
Ж
аб
дықт
ау
Қа
пт
ау
Жұмысшылар- дың білік
тілігі
Це
х жаб
дығы
Қас бет
С
СЛ
СЛ
СР
С
С
С
Бояу
СР
СР
С
С
Фурнитура
СЛ
СР 
С
СР
Дизайн
СЛ
СЛ 
СЛ
СЛ
Жинастыру
С
С
СР
СР
Қолайлылық
СР
СР
Тасымалдау
СЛ
С
СЛ
Төзімділік
СР
СР
С
СР
СЛ
СР
С
Есіктің жұмыс 
істеуі
С
С
С
СР
Стрелкалы диаграмма
Осы диаграмма қойылған мәселені тез әрі ойдағыдай іске асыру 
үшін қажетті жұмыстар орындалатын оңтайлы мерзімді жоспарлауға 
көмектеседі. Іс жүзінде бұл баған ережесі бойынша жасалатын желілік 
график болып табылады. Желілік графикте стрелкалармен жұмыс 
тәртібі, оның реті мен қатарластығы, әрбір жұмыс сатысының орында-
лу мерзімі көрсетіледі.
Мысал ретінде компьютерде есеп шығару үшін қажетті жұмыстар-
дың желілік графигін құруды қарастырамыз. Желілік кесте құруға 
арналған бастапқы деректер 5.4-кестеде келтірілген.
5.4-кесте
Жұмыс
Мазмұн
Жұмыстан 
кейін
Ұзақ-
тығы
Белгі
а1
Компьютер алу
-
1
1-2
а2
Мәселе таңдау
-
2
1-3
а3
Компьютерді құрастыру мен реттеу
а1
4
2-3
а4
Пайдаланушыларды дайындау
а1
3
2-4
а5
Мәселені шешу
а2, а4
6
3-4


108
Келтірілген деректер бойынша желілік кесте 5.1-суретте көрсе-
тілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет