129
Бақылау парақтары
Бақылау парақтары сапа белгілерін бақылау,
сондай-ақ сан
белгілерін бақылау кезінде қолданылуы мүмкін, осы құжатта белгілі
бір уақыт кезеңіндегі ақаудың белгілі бір түрлері тіркеледі. Бақылау
парағы өндіріс проблемаларын одан әрі талдау мен зерттеу және ақау
деңгейін азайту үшін жақсы статистикалық материал болып табылады,
5.9-сурет.
Парето талдауы
Парето талдауы капиталдың көп бөлігін (80%)
шамалы адам
санының (20%) қолында екенін көрсеткен итальяндық экономист
Вилфредо Паретоның (1848-1923) атымен аталады. Парето осы біркелкі
емес үлестірімді сипаттайтын логарифмдік модельдерді құрастырады,
ал математик М. О. Лоренц графикалық суреттерді,
атап айтқанда
кумулятивті ауытқыманы ұсынады.
Парето ережесі − көп жағдайда және әсіресе сапа проблемасын
шешкенде қолдануға болатын «әмбебап» принцип. Д. Джуран Парето
принципін сол немесе басқа салдарға әкеп соқтыратын кез келген себеп
тобына «әмбебап» қолдануға болатын, салдарды көп бөлігін аз себеп
саны туындатқанын атап өтті. Парето талдауы жекеленген салаларды
маңыздылығы немесе маңызы бойынша саралайды және ең бірінші ке-
зекте проблемалардың (сәйкессіздіктердің) ең көп санын туындататын
себептерді жоюға шақырады.
9–8683